Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет66/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
 
Баимбетова А., Мейірманова Г.С.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценттері 
 М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 
 
СІЛТЕУ МӘНДІ ЕСІМДІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫНАН ТУЫНДАЙТЫН 
ТЕРМИН СӨЗДЕР
Аңдатпа. Ғылыми мақалада функционалды грамматикадағы тілдік терминдердің дискурстық 
қолданыстары сөз болады. Есімдіктердің синтаксис аясында дейксистік, эгоцентристік, анафоралық қызметте 
жұмсалуының, сондай-ақ, есімдіктердің құрмалас сөйлемдерді байланыстырушы қызметі тілдік материалдар 
негізінде нақтылы сөз болады. Жұмыста есімдіктердің синтаксистік жүйедегі қызметінен туындайтын сілтеу 
ұғымымен байланысты субституция, эгоцентризм, дейксис, анафора, катафора сынды терминдер талданады. 
Мақалада сілтеу қызметінен туындайтын тілдік терминдердің қолданыстары кеңінен айқындалған.  
Түйін сөздер: субституция, эгоцентризм, дейксис, анафора, катафора 
Тіл білімінде соңғы жылдарда теориялық лингвистика мен типологиялық зерттеулердің 
негізгі объектісі ретінде көбіне есімдіктер қарастырылып жүр. Бұл кездейсоқтық емес. Себебі 
есімдіктер сілтеуіштік, орынбасарлық қызметте кеңінен жұмсалады.
Ал сілтеу, орынбасу коммуникативтік актіні іске асыруда, мәтін құрауда, тілдің когнитив-
тік жүйесінде маңызды қызмет атқарады. Есімдіктер мағынасы абстрактылы сөздер болып 
келеді, олардың семантикасы сөйлемде нақтыланып анықталады. Олардың мағыналарының 
жалпылығы өзге сөз таптарындағы жалпылық мағыналардан мүлде басқа. Олар мағынаны 
жеке-дара тұрып бермейді, контексте өзінің алдында немесе өзінен кейін келетін тұлғаны, 
затты, оқиғаны, құбылыс пен жағдайды сілтеп көрсете отыра, солардың жалпы мағыналарына 
иелік етеді. Сонда олардың мағыналары мен ерекшеліктері сөйлемдердің құрамында, мәтінде 
тұрақталып нақтыланады, содықтан да оларды осы қолданыстары тұрғысынан сөз ету орынды 
болмақ.
Есімдіктер субъектімен байланыста анықталады және субъектінің субстанцияларға, құбы-
лыстарға және олардың сапалары мен қасиеттеріне қатынасын көрсетеді. Мұның бәрі есімдік-
терді синтаксис аясында қараудың қажеттілігін белгілейді. Синтаксис аясында қарағанда да 
оларды көптеген еңбектерде сөз болып жүрген сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесінің 
қызметін атқаруы сияқты мәселелер төңірегінде емес, жай және құрмалас сөйлемдердегі сіл-
теу қызметін іске асыра отыра, коммуникативтік актінің жүзеге асуы барысындағы дейксистік 
(тура сілтеу), эгоцентристік, анафоралық (айтылғанды сілтеу) байланыс құралының қызметін 
атқарып, сөз үнемдеуге септігін тигізуі тұрғысынан зерттеу қажеттігі туындап отыр. 
Сондықтан да есімдіктердің синтаксистік жүйедегі қызметін саралау өте маңызды. 
Есімдіктердің синтаксистік жүйедегі қызметін олардың сілтеу функциясы белгілейді.
Сондықтан да біз есімдіктерді зерттеуге функциональды грамматика тұрғысынан келген 
болатынбыз. Функциональды грамматика аясында белгілі бір семантикалық қызметті атқару, 
яғни сілтеу қызметін (жақтық, темпоральды қатынастарды белгілеу қызметін) іске асыру үшін 
жіктеу және сілтеу есімдіктерінің өз антецеденттерімен өзара әрекет жасауы анықталады. 
Функциональды грамматика қызметтен құралға деген бағытпен жүреді десек, сілтеу қызметін 
көрсететін құралдар ретінде біз жіктеу және сілтеу есімдіктерін қарастыруды жөн көрдік. 


115 
Сілтеудің түрлі бірліктері қазіргі лингвистикада дейксис пен эгоцентризм, анафора 
теорияларының негізінде қарастырылуда. Ал осы сілтеу ұғымы есімдіктердің ішінде, әсіресе, 
жіктеу және сілтеу есімдіктеріне тән болып келеді.
Бұл есімдіктердің синтаксистік жүйедегі қызметін олардың сілтеу функциясы белгілейді 
десек, осы сілтеу функциясымен бірге орынбасу субституция, дейксис, эгоцентризм, анафора, 
катафора ұғымдары анықталмақ. Есімдіктердің басқа сөз табының орнына жүруімен олардың 
орынбасарлық қызметтері, орынбасу, субституция ұғымы енгізілген.
Сол сияқты басқа топтардағы есімдіктер де өзі тұрған контексте белгілі бір мағынаға ие 
болып, бірқатар жағдайларда, тіпті, белгілі бір нәтиженің жалғыз белгілеу тәсілі болып та 
келеді. Мұндай жағдайда олар субститут бола алмайды. Жалпы есімдіктердің бәрі субститут 
болады деген ой олардың мағыналарының жалпылығынан шығады, алайда олардың 
мағыналарының контексте нақтыланатындығын ұмытпауымыз қажет.
Eсімдіктердің дейксистігі (тура сілтеу) туралы ерте кездерден бастап айтылған. Алайда ол 
кездегі дейксис ұғымы қазіргі дейксис ұғымымен сай келмейді. Ол кездегі дейксис ұғымына 
жалпы есімдіктердің сілтеу мағынасын беруі сәйкес келген. «Дейксис» ұғымын кең және тар 
көлемде пайдалану олардың түрліше түсіндірілуіне негіз болады. Кең көлемде дейксис зат, 
белгі, жағдай тағы басқаларға ситуациялық немесе контекстік сілтеуді қамтиды, ал тар көле-
мде бір функцияны айтады және екі элементті қамтиды: дейксистік белгі мен оның референті.
Жіктеу есімдіктері сілтеу есімдіктерімен қатар дейксистік сөздер типінен басты 
орындардың біріне ие болады, олар негізгі дейксистік (тура сілтеу) сөздер болып табылады. 
Жалпы дейксистік (тура сілтеу) сөздерді тікелей сілтеу, анафоралық (айтылғанды сілтеу) 
сілтеу, катафоралық (алдын алушы) сілтеу деп үш топқа бөлеміз.
Дейксис туралы айтқанда, бұл, сол, осы, мұнда, онда, сонда, осында, міне, әне сияқты сілтеу 
есімдіктері алғаш тілге оралады, сондай-ақ, олардың осыдан, содан, мұнан, бұдан т. б. тәрізді 
семантикалық туындылары да еске түседі. Бұл сілтеу есімдіктері мен олардың семантикалық 
туындыларының әрқайсысында эгоцентристік белгілер көрініс береді. Эгоцентризм үш түрлі 
өзара байланыстағы категорияларға негізделеді. Олар жақ, уақыт, мекен болып табылады. 
Сөйлесім сөйлеуші тарапынан іске асқан кезде тілдік ситуация эгоцентристік болады. 
Эгоцентризм – сөйлеушіге қатысты тілдік форма арқылы жүзеге асатын сілтеу ұғымы бар 
тілдік құбылыс.
Есімдіктердің эгоцентристігі туралы тіл білімінде ертеден-ақ сөз қозғалуда, эгоцентризм-
нің есімдіктердің категориалды мағынасы болып табылатынын айтушы Л. Я. Маловицкий 
былай дейді: «... Система Бругмана была преобразована К. Бюлером в систему ориентиро-
вания относительно собственного «я», что позднее было удачно названо эгоцентризмом 
местоимений. Если эгоцентризм оказывается категориальным значением местоимений, то и 
дейксис присущ только местоимениям» [1, с. 88].
«Дейксис» ұғымының ежелгі грек ғалымдарынан басталғандығын, онда жалпы сілтеу мәні 
берілгендігін біз жоғарыда айтып өттік. Алғашқы кезде бұл терминмен тек сілтеу есімдіктері 
аталып келсе, кейін келе олардың аясы кеңейіп, жалпы сілтеу ұғымына сәйкес келе бастады. 
Мәселен, К. Бюлер бойынша дейксистік (тура сілтеу) сөздер – қатынас ситуациясында мағы-
налық толықтыруға ие бола отыра көрінген затқа сілтеуді іске асыратын сөздер болса, бұл 
туралы орыс ғалымы Н. Д. Арутюнова былай дейді: «Дейктические слова, своего рода «под-
вижные определители» приложимые к любому референту, содержание этих слов всецело 
обусловлено признаками денотата, выбор которого завист от конкретного речевого акта [2, с. 
42].
А. Уфимцева «Неназывающие словесные знаки довольно своеобразные по функции и 
многочисленные по числу микросистемы, общей чертой которых является относительный 
характер их семантики и функция внутриязыкового, внутриструктурного их использования. 
Среди них – как одна из микросистем – выделяются дейктические слова, которые 
рассматриваются как знаки относительного указания» – дейді [3, с. 46].
Дейксис ретінде, әдетте, ситуацияның сөйлеуші, пікірлесуші, уақыт пен орын, сөйлеу 
актісіне тікелей қатысы бар тұлғалар мен заттар сияқты элементтеріне сілтеу түсініледі, ал 


116 
анафора ретінде контекстің элементтеріне сілтеу, яғни бір сөйлеу актісінің элементтерінің 
екінші бір сөйлеу актісінің элементтерімен сәйкестігіне сілтеу түсініледі. Дискурс туралы сөз 
еткенде біз көбіне сілтеу есімдіктерінің анафоралық қызметіне тоқталамыз.
Дейксистік есімдіктер дискурсивті анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыста кеңінен 
жұмсалып, мәтін, сөйлем элементтерін байланыстырады және де мәтіндегі керексіз 
қайталауларды ауыстырады. Бұл қызметінде олар өзіндік анафоралық (айтылғанды сілтеу) та, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет