Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Нұрлан ерімбетов



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата31.01.2017
өлшемі3,64 Mb.
#3072
1   2   3   4   5   6   7

Сұхбаттасқан 

Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

ДАТ!


Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, 

тарих ғылымының докторы, профессор:

Жалпыхалықтық қасіретті 

естен шығару қоғамның 

өзі үшін де қауіпті

ҚАЛАМ МЕН ЗАМАН



Қаншама қиын кезеңдерді 

қиып өткен қабырғалы қазақ 

әдебиеті қылышынан қан 

сорғалаған кеңес дәуірінде де 

қазақ тың жанына үңіліп, санасын 

оятуға талпы ныс жасаған талай 

тамаша туындыларды өмірге 

әкелді. 

Алайда 70 жыл бойы Қызыл Кремль 

төрінен басқарылған бұғаулы қа 

зақ қо-


ғамын да нағыз шынайы шығар ма ның жа-

рық көруіне айтарлықтай тос қауыл бол-

ғаны аян. Әсіресе голощекиндік сола қай 

саясаттың қолдан жасаған ашаршы лығы 

мен сталиндік геноцид тақырыбы ұлты-

мыздың ой-санасына серпіліс әкелетін 

рухани құндылықтарымызды насихаттап, 

көрсетуге тіпті тыйым салынды. Әйтсе де, 

бірқатар қазақ қаламгерлері осы бір 

жабық тақырыпты айналып өтуді өздеріне 

ар санап, астарлап болса да шындықтың 

шы 


мылдығын түруге әрекет жасағаны 

белгілі. Ол кездері ұлт тақырыбын қаузап, 

тарихи кітаптар жазу ерлікпен пара-пар 

еді. Бірақ әрідегі тарихта елеулі орны бар 

би, батыр, шешендерімізді айтпағанның 

өзінде, саяси қуғын-сүргін құрбандарының 

ұрпақтары коғамның көзқұртына айналып, 

көрінгеннің түрткісі мен тепкісінде жүрсе 

де, кеңестің теріс идеологиясы оларды 

ақтауға ықыласты бола қоймады. Уақыт 

өте келе, әр қазақтың жүрек түкпірінде 

булығып жатқан ащы шындықтың зары 

ақыры бұлқынып шығып, Азаттықтың үні 

болып, Алты Алашты дүр сілкіндірді. Осы-

лайша қаһарлы Желтоқсаннан кейін Тәуел-

сіздікке қол жеткізген қазақ қоғамы бұған 

дейін архивтерде шаң басып жатқан 

ақтаңдақтар ақиқатын аршып, жоғалғанын 

іздеуге кірісіп кетті. Тәуелсіздіктің алғашқы 

жылдары қазақ қаламгерлерінің көбі үл-

кен-үлкен тарихи шығармаларды дүние ге 

әкеле бастады. Мұндай шығармалар өзін-

дік ұлттық болмысынан ажырап қала жаз-

даған халқымыздың ұлттық жадын оятуға 

айтарлықтай септігін тигізгені анық. Деген-

мен сол кездегі көптеген шығармалар, не-

гізі нен, белгілі бір тарихи тұлғаларымыз-

дың жекелеген тағдырына байланысты 

дүниелер болды. Ал Алаш жұртын аяусыз 

қырған нәубет жылдарының жылнамасы 

ұлт әдебиетінде жан-жақты әрі терең зер-

деленіп, анық ашылмағандықтан, қанды 

тарихымыздың осы бір қатпарына әлі де 

болса толыққанды тарихи, саяси баға 

бері ле қойған жоқ. Қазіргі қазақ әдебие-

тінде осы тақырыпта қалам тербеп жүрген-

дер баршылық. Олардың атын атап, түсін 

түстеуді, шығармаларын талдап, жіктеуді 

әдебиетші, тарихшы мамандардың енші-

сіне қалдырайық. Біздікі тек қазақтың иы-

ғына батпандай салмақ түсіріп, жаншы ған 

тарихымыздың қасіретті кезеңдері көркем 

әдеби шығармаларға көптеп арқау бола 

түссе екен деген ниет-тілек қана. Бол маса, 

тарихты зерделеу – тарихшы ғалым дар-

дың ғана шаруасы емес қой.



Нұрдәулет АҚЫШ, 

жазушы, әдебиетші ғалым:

– Қуғын-сүргін тақырыбы біздің әде-

биетімізде кешеуілдеп жазылды. Тарихи 

шындыққа негізделген шығармалар, әсі-

ресе, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін өз 

оқырманына жете бастады. Осыдан соң 

бізге ой еркіндігі келіп, тың шығармашылық 

мүмкіндіктерге жол ашылды. Дей тұр-

ғанмен де осы бір қиын да күрделі тақы-

рыпты  арқала ған  туын ды лардың  алғашқы 

ұшқындары кеңес дәуірінің өзінде-ақ 

қылаң бере бастаған. Қазақ оқырманына 

таныс көрнекті жазу 

шы 

ларымыз Ғабит 

Мүсіреповтің «Шұғыла» әңгімесі, Сафуан 

Шаймерденовтің «Мез гіл» хикаяты, Шер-

хан Мұртазаның Тұрар Рысқұлов жайын-

дағы «Қызыл жебе» ро маны қазақ рухына 

бірден-бір дем берген шығармалар болды. 

Деректі дүниелерді көркем шығармаға 

арқау еткен бұл туын дыларда қуғын-сүргін 

ақиқатының бір парасы баяндалған. Бұған 

қоса, зұлмат жылдарының суық бейнесі 

жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» 

романында да кеңі нен көрініс тапқан. Ал 

деректі публи цистика жанрында жалынды 

журналист Армиял Тасымбековтың еңбегі 

орасан болды. Ол Карлаг пен АЛЖИР 

қасіретін жазуда көптеген ақиқаттың бетін 

ашуға ұмтылыс жасады. 

Жалпы, қуғын-сүргін, ашаршылық та-

қырыбы қазіргі қазақ әдебиетінде, әсіресе, 

проза жанрында бұрын 

ғыға қарағанда 

көптеп жазылып келеді. Осы бір зар заман 

кезеңдерді кітабына өзек етіп алғысы 

келмейтін жазушы жоқ та шығар. Алайда 

аталған тақырыпқа орай жазылған туын-

дылардың кейбіреуі оқырманға толық 

жет 

пей жататын тұстары да жоқ емес. 

Мысалы, танымал сәулетші, әдебиет сала-

сында да біршама еңбек етіп жүрген Шот-

Аман Уәлиханов «Геноцид» деген атпен 

көлемді пьеса жазып шығарды. Осы сияқты 

әлі де қаншама жақсы кітаптар жарық 

көруде. Ендігі мәселе – ұлт тағдырына қа-

тысты жазылған дүниелерді халық ара-

сында жан-жақты насихаттауды күшейтуді 

қолға алсақ. Өйткені бүгінгі ұрпақ кешегі 

тарихын білуге міндетті.

Алмат ИСӘДІЛ

Әдебиетке арқау 

болған қасірет

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№92 (544) 31.05.2011 жыл, сейсенбі           



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

ЖІГЕР

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Мағлұматтарды қайдан 

іздеуге болады?

Репрессия құрбаны деп тану үшін 

қандай құжаттар талап етіледі?

Мемлекеттік басқару ор ган дары-

ның актілері негізінде Қазақ стандағы 

тұрақты мекенінен айы рылған аза-

матты саяси репрессия құрбаны ре-

тінде тану үшін дәл уақыты мен мер-

зімін айғақтайтын құжаттарды жинау 

керек (мысалы, туу туралы куә лік, 

актілік жазбалар көшірмесі т.с.с) және 

мекенжайы бойынша саяси репрес-

сияны заңды факті ретінде бекіту 

туралы өтінішпен сотқа бару қажет. 

Өтінішті қараған соң, сот саяси 

репрессияны заңды факті ретінде 

бекітуді қанағаттанарлық деп тапса, 

ары қарай прокуратураға тұлғаның 

қатарға қосылу дәрежесін қалыпқа 

келтіру туралы өтінішпен барады. 

Өтінішке сот шешімінің көшірмесі мен 

өтініш берушінің куәлігінің көшірмесі 

тігіледі. 

Қазақстандағы тұрақты мекенінен айырылған азаматты саяси 

репрессия құрбаны деп тану үшін қандай құжаттар талап етіледі?

Мағжан ИБРАЕВ, Шығыс Қазақстан облысы

Сот және сот органдарынан тыс 

сотталған азаматтар сот болған уа-

қыт пен сот болған жерді көрсете 

отырып өтініш беруі керек. Ал про-

куратура органдары осы мәліметтер 

бойынша материал

 

дардың шын дық 



негізін бекітеді. Өтініш қанағат-

танарлық деп та 

былса, азаматқа 

оның саяси репрессия құрбанын 

мойындаған оны қатарға қосу тура-

лы анықтама береді, сол бойынша 

саяси репрес сия құрбаны ретінде 

ақшалай өтемақы бері леді.

Көрсетілген орындарда болған 

уақыты мен оңалту туралы құжат-

тары негізінде саяси репрессия 

құрбандарына бір реттік ақшалай 

өтемақы беріледі. 

Қазақстан Республикасының ар найы 

мемлекеттік мұрағаты азамат 

тардан 


 

олар дың тұрақты тұрғын жеріне, азамат-

тығына, қуғын-сүргінге ұшыраған немесе 

Ұлы Отан соғысы кезеңінде тұтқында 

болған тұлғалар жайлы мәліметтерді 

іздестіру жөніндегі өтініштерді қарас-

тырады.

Азаматтардың және ұйымдардың сұ-



раулары бойынша ақпараттар мұрағат 

анықтамасы, мұрағат көшір месі, мұра ғат 

үзіндісі ретінде беріледі. 

Егер де іздестіріп жатқан құжаттар 

бас қа министрлікте болса, онда сұра-

нымдар бағыты бойынша жіберіліп, 

өтініш берушіні хабардар етеді.

Арнайы мемлекеттік мұрағаттың 

көрсетілетін қызметтері тегін.

Өтінішті қарастыру мерзімі –1 айға 

дейін. 

Өтініштерге жауаптар пошта және 



электронды пошта бойынша жіберіледі.

Қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар туралы мағлұматтарды қайдан 

іздеуге болады? 

Құрбанай ӨТЕМҰРАТОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Басы 1-бетте

ЖЕЛТОҚСАН – 25 ЖЫЛ



Түрмеде қиылған некелер

Бұл ретте осы бір сын сәттердегі жағ-

дайларды өз басынан қалай өткергені мен 

қалайша сезінгені турасындағы Розаның 

өзінің төмендегі қысқаша естелігі оқыр-

манға қызғылықты болар деген ойда-

мыз.

«Тобымыз өте ұйымшыл, барлық іске 



бір адамдай араласатын. Мен үшін өз 

тобымда оқитын Расылханның орны бө-

лек болатын. Көбіне ойымыз да, пікіріміз 

де бір жерден шығатын. 16 желтоқсан 

күні тобымыздан біраз жастар алаңға 

шықтық, ондағы болған қырғынды өз 

көзімізбен көрдік. Сол күні Расылхан 

соққыға жығы 

лып, оны қала сыртына 

апарып тастады. Бірнеше күннен соң оның 

үстінен қыл мыстық іс қозғалып, бес жылға 

бас бостан 

дығынан айырылды. Қимай 

қоштастық. Келер жылы біз оқуымызды 

бітіріп, мен ауылға келіп, жұмысқа 

орналастым. Студент 

тік өміріміздің ең 

қызық кезеңін бірге өткізген Расылхан 

екеуміз хат жазы 

сып тұрдық. Біз бірге 

шаңырақ құру туралы шешімге келдік. Бұл 

ойымды мен ата-анама айттым. Әрине, 

менің бұл шешімім олар үшін тосын 

жағдай болғаны анық. Қай ата-ана 

болмасын өз баласына тек жақсылық 

тілейді ғой. «Ата-ананың ақылы қазулы 

қара жолмен тең» деп баба ларымыз текке 

айтпаған болар. Ойласа келе анам Гүл-

майрам мен әкем Мұрат ақ батасын беріп, 

мені шығарып салды. Сөйтіп, 1989 жылы 

Расылханның артынан Ресейдің Чита 

қаласына қарасты Макка веева стансысына 

жол тарттым. Баз біреу лердің «Сотталған 

адамның артынан кет кені несі, ата-анасы 

қалай жіберді?» де ген сөздері мені тоқтата 

алған жоқ. Менің ше, адамның ең үлкен 

бақыты – күресе білу, басқалардан 

қалыспай, өмірге ілесу. Менің өмірден 

түйгенім: ең қиын маман дық – адам бола 

білу. Біз Расылхан екеуміз Маккавеевада 

отау құрдық. Осы жылы Мұхтар Шаханов 

ағамыздың араласуымен Расылханның 

жазасы қысқартылып, ақтал ды. Біз елге 

оралдық. Бүгінде шаңы 

рағымызда үш 

бүлдіршініміз өсіп келеді. Тәуелсіз елде 

өмір сүріп жатқан олардың бақытты 

болатынына менің сенімім мол».

Иә, Расылхан мен Розаның ел Тәуел-

сіздігін алуы жолындағы орнатқан ең 

еңселі ескерткіштері – кеңестік тоталитар-

лық жүйеге қаймықпай қарсы тұрып, сол 

«ұлтшылдық» үшін алған жазаны бірге 

абыроймен өткізгендерінде болса керек. 

Дегенмен де еліміз Тәуелсіздігін алып, 

тәубе еткеннен кейінгі уақыттан бері 

Расылханды азамат ретінде мазалап 

жүрген жайттың бірі – желтоқсандықтар 

рухына арналған лайықты ескерткіштің 

бой көтеруі еді. Оның ойынша, желтоқсан-

дықтар ерлігі қандай дәріптеуге де, 

марапат қа да болсын лайық. Бұл ретте 

Желтоқсанның жиырма жылдығы қар-

саңын 


да құтты орнына қондырылған 

(Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің 

қиылысы) «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші 

қазақ рухына айбын беріп, жалпы, бұл 

тақырыпқа жаңа тыныс, соны серпін 

әкелгендей әсер еткені бар. Ал осы игілікті 

істі атқаруға Расылханның басқаруындағы, 

кезінде желтоқсандық жігіттердің 

бастамасымен құрылған «Азамат – 

құрылыс» компаниясының үлесін қосқаны 

өзінше үйлесімді. Өйткені күні кеше 

Расылхандар тікелей бастан өткерген 

Желтоқсан көтерілісінің маңызын терең 

сезіну арқылы осы ескерткіш көпшіліктің 

көңілінен шыққаны анық.

ЖАМБЫЛ МЕН ШОЛПАН

Жамбыл Тайжұмаев – алғашқы болып 

сотталған желтоқсандықтардың бірі. Оны 

жазасын өтеуге Құсмұрын түрмесіне 

жібереді. Бұл кезде сөз байласпағанымен, 

көңілі жарасқан қызы Шолпан (оның 

фамилиясын еш жерден кездестіре 

алмадық) шалғай ауылында жүреді. Жам-

был 

дың басындағы жағдайды естіген 



Шолпан бар жұмысын тастап, Жамбылдың 

туысқандарына жолығып, түрмеде жатқан 

оның өзіне барып, мән-жайды біледі. 

Содан ешқандай кінәсі жоқ, нақақтан-

нақақ күйген Жамбылды қайткенде қара 

күйеден арашалап, түрменің ауыр 

азабынан құтқаруды алдына мақсат етіп 

қойған Шолпанның қадамын құптаға-

нымен, оның таңдап алған тағдырымен 

және жолымен жүруге көптеген қыздың 

батылы жетпесі анық. Айталық, он төрт 

жылға сотталған жігіті Жамбыл Тайжұмаев 

түрмеде отырса да, оның ауылы – Жамбыл 

облысы Жамбыл ауданы «Пионер» 

совхозындағы Тайжұмаевтар әулетінің 

босағасына келін болып түсіп, дәстүр 

бойынша бетін ашып, сосын Жамбыл 

Тайжұмаевпен Қостанайдағы Құсмұрын 

түрмесінде некесін қиған Шолпанның бұл 

таңдауын екінің бірі жасай қояр ма екен? 

Талайлардың тәуекелге барып, батылы 

жете қояр ма екен? Әсілі, мұндай таңдау 

жасау бір бөлек. Таңдау жасағаннан кейін 

де әділетсіздікке қарсы тұра алатындай 

қайрат пен жігер, намыс пен жанкештілік, 

төзімділік пен сабырлылық қажет екендігін 

Шолпанның әрекетінен байқар едік. 

Жазушы, желтоқсан тақырыбын зерттеп 

жүрген қаламгер Қайым-Мұнар Тәбеев ол 

турасында «Қазақтың желтоқсаны» 

кітабындағы «Махаббат жыры» атты 

мақаласында былай дейді:

«...Алғашқы қиындық – Шолпанның 

ата-анасының ештеңеден хабарсыздығы 

өткел бермес құз-шыңырау тәрізді еді. 

Қай әке-шеше күн тигізбей әлпештеп 

өсірген бойжеткен қызын түрмедегі 

қайдағы бір танымайтын көлденең көк 

аттымен некелесуге қияды? Қимайды, 

әрине!.. Оларды қалай көндіргені Шолпан-

ның бір өзіне ғана аян. Әйтеуір, көп 

ұзатпай үлкендердің келісімін алды. Енді 

темір тордың арғы жағындағы торыққан 

дәрменсіз жігіттің бар үміті, бар сүйеніші 

өзі екенін жан-жүрегімен ұғынып, сезіне 

білген ол Астанадағы заң кеңселері орна-

ласқан иір-қиыр дәліздерді аралауға 

кірісті. Ондағы ойы – Жамбылға төлқұжат 

алу еді. Екінші алдынан кездескен терең 

шыңырау осы болды. Біріншіден, біздің 

елімізде жүз жерден өртеніп ғашық болсаң 

да, төлқұжатсыз тірі адамды некеге 

отырғызбайтынын екінің бірі білуге тиіс. 

Екіншіден, күн сайын, аяғыңызды аттап 

басқан сәтіңізде алдыңыздан шырмауық-

тай шұбатылып шыға келетін тамыры 

тереңге кеткен әкімшіліктің, қағазбас-

тылықтың жүрек айнытар мысалдарын 

бастан өткермеген жан аз шығар. Міне, 

осындай етектен тартқан ескі тоталитарлық 

жүйенің небір қиындықтарынан әупірім-

мен өтіп, келер жылдың күзінде, яғни 

1988 жылдың 21 қазанында Құсмұрын 

азаматтық хал актілерін тексеру бюросынан 

Жамбылдың төлқұжатын алды-ау. Бір 

жылы осылай күреспен өтті...»

Міне, бұл Шолпанның таңдап алған 

тауқыметті жолының бір көрінісі ғана. 

Бұдан кейін де Алматыға келіп, Жамбылды 

және жанында жатқан желтоқсандықтарды 

ақтау жолында талай саяси шараларға да 

қатысады. Сол кездегі Жоғарғы Кеңес 

жанында аштық жариялаған желтоқсан-

дықтарға дем беріп, қолдау білдіреді. 

Ақыры Жамбылмен бірге оның серіктері-

нің ақталуына қол жеткізеді. Осы қым-

қуыт үміт пен күдік арпалысқан шара-

лардың арасында жүрген Шолпан Жам-

был бектің қайғы жұтып, қамыққан ата-

анасын қуантып қоюды да ұмытпайды. 

Бұл ретте Павлодар облысы Май ауданы 

Ақшиман селосында туып-өскен, Қыздар 

педагоги калық институтының 1-курсында 

оқыған, бүгінде С.Торайғыров атындағы 

Павлодар педагогикалық институтының 

қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 

оқытушысы Маржан Баймұханованың 

(Сарыарқа самалы, 1996 жыл 28 қараша) 

пікіріне құлақ түрсек:

«Тайжұмаевтың жүрген қызы жайлы 

айтпақпын. Өкінішке қарай, аты-жөнін 

ұмытып отырғаным. Тайжұмаев түрмеде 

жатқанда қызы іздеп барады. Сонан соң 

Тайжұмаевтың ауылда аңырап жылап 

отырған ата-енесінің қолына барады, 

үйлену тойын өткізеді. Ауылдастары 

жылап жүріп «Тайжұмаев пен әйелінің 

тойын» жасайды. Қыз шымылдық ішінде 

жалғыз отырады. Сөйтіп, сол үйде Тай-

жұмаев түрмеден шыққанша жолдасының 

келуінің ақ тілеуін тілейді». 

Ал жазушы, желтоқсан тақырыбын 

зерттеп жүрген қаламгер Қайым-Мұнар 

Тәбеев ол турасында «Қазақтың желтоқ-

саны» кітабындағы «Махаббат жыры» 

атты мақаласында былай дейді:

«Сол жылдың 15 қыркүйегінде ол ата-

баба дәстүрімен Жамбыл облысы Жамбыл 

ауданы «Пионер» совхозындағы Тай-

жұмаевтар әулетінің босағасына келін боп 

түсті. Бұл өзі халықтық тұрмыс-салты-

мызда сирек кездесетін оқиға болған-

дықтан ба, жоқ, әлемді дүр сілкіндірген 

желтоқсан жаңғырықтары алыстағы ауыл 

адам дарының да ой-санасын оятты ма – 

үлкен-кішінің бәрі күйеу жігітсіз өткен сол 

беташар тойға аса бір ынтазарлықпен 

қатысып, ең бастысы, түсіністікпен қарады. 

Ауласында қазаны көтеріліп, төрінде 

дастарқаны жайылған қара шаңырақтың 

табалдырығынан оң аяғымен аттаған 

келіндеріне ауыл-аймағының ерекше 

ыстық ықыласын аңғарған Қожамжар 

ақсақал мен Күлшан апайда да ес жоқ. 

«Қадамың құтты болғай, құтты болғай!..» 

деп күбірлеп, шашу шашып жүрген 

жеңгелері де қуаныштан біресе жылайды, 

біресе күледі»...

Бұл бір өкініш, бір үмітті арқалаған, 

шынында да, елге айтса сенгісіз оқиға еді. 

Ол тек Шолпанның ғана қолынан келді. 

Әділетсіздікке қарсылығын қазақ қыздары 

Желтоқсан көтерілісінен соң осылай 

білдіріп жатты.

 

БАҚЫТБЕК ПЕН САПАРГҮЛ

Бақытбек Жұмабекұлы Иманғожаев 

1961 жылы 10 наурызда Жамбыл облысы 

Қордай ауданы Қызылсай ауылында 

дүниеге келген. 1964 жылы Бақытбек үш 

жасқа толғанда ата-анасы Алматыға кө-

шіп келеді. Әмин Тұяқовтың тәрбиесінде 

№6 спорт мектебінде оқыған ол 1979 

жылы әскер қатарында болып қайтады. 

1981 жылы көркемсурет училищесінде 

Әмен Қайдаровтың мультипликация 

сыныбында екі жыл оқиды. Одан кейін 

Театр және көркемсурет институтына 

оқуға түседі. Үш жыл институттың режис-

сурасында оқып, кейін музыкатану 

факультетіне ауысады.

1986 жылы желтоқсан көтерілісінің 

ұйымдастырушысы ретінде ұсталып, үш 

жарым жылға сотталып, екі жыл түрмеде 

отырып келеді. 1989 жылы Х.Қожахмет, 

А.Нәлібаевтармен бірігіп, «Желтоқсан» 

ұйымын құрады. 1991 жылы оқуды 

бітіріп, Павлодар облысында Қазақ музы-

калық драма театрын ашуға атсалысып, 

Павлодар театрында 12 жыл жұмыс 

істейді. Қазір республикалық «Желтоқсан 

рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Бақытбектің Павлодардағы Ж.Ай-

мауы 

тов атындағы Қазақ музыкалық 



драма театрының актрисасы болып істеген 

жолдасы Сапаргүл Құлдәулетовамен отау 

құруы оның түрмеде отырған кезімен 

арнайы орайластырылды десе де болады. 

Бұл оқиғаның қалай өрбігенін Сапаргүл 

Құлдәулетованың (Сарыарқа самалы, 

1996 жыл 28 қараша) өзі былайша 

баяндайды:

«Бақытбектен ұзақ уақыт хабар 

болмады. Ол кезде мен Торғай облыстық 

драма театрында актриса едім. Оқуды 

бітіріп, осында қызмет етіп жүргенмін. 

Торғай қаласында да Желтоқсанның 

ұшқыны бой көтерді... Кейіннен Алматыда 

Бақытбектің ұсталғанын, лекцияда отыр-

ған жерінен алып кеткенін білдім. Кейіннен 

соты болып, сотталды да, Қызылжар 

(Петро 


павловск) қаласына жіберілді. 

Мен Торғай қаласында жүргенде Бақыт-

бекпен хат алысып тұрдым. Желтоқсан 

оқиғасынан бұрын көңіл қосып, үйленсек 

деген ойын айтып, тойымызды жоспарлап 

та жүрген бола 

тынбыз, аяқ астынан 

түрменің ішінде өтеді деп кім ойлапты, 

құдай-ау?

Бір күні Бақытбектен хат алдым. Ол 

менің келісімімді сұрапты, ЗАГС-тің 

қағаздарын жіберіпті. Бір жақ бетін өзі 

толтырып, екінші бетін маған қалдырған 

екен. Жібердім толтырып... Сонымен, 

ақпан айында жолға шықтым. Мұның 

алдында Ташкентте тұратын анама, 

ағаларыма барып, алдарынан өтіп 

қайтқан едім. Біз шет жерде жүрсек те, 

қазақтың ата-баба салтын сақтайтын 

халықпыз ғой, анам сонда маған батасын 

бермей, жай ғана «жолың болсын, қызым, 

басыңды не қатерге тігіп тұрғаныңды 

білемісің?» деп жылап шығарып салды. 

Ағаларым рұқсатын берді. Жеңгелерім 

күңкілдеп сөйлеп жатты.

Қыс ішінде Қызылжарға келдім. ЗАГС-

та қызмет ететін әйел жап-жас менің 

түрімді көріп, басын шайқап, мұндай 

шешімге келгеніме аяушылық білдіріп, 

таңғалып жатыр. Таксимен Бақытбек 

жатқан түрмеге жеттік. Түрме... Сұп-суық 

темір есіктер сықырлап, шатыр-шұтыр 

ашылып жатыр. Міне, қыстың қақаған 

суық күндерінің бірінде түрмеде, №4 

бөлмеде Бақытбек екеуміздің үйлену 

тойымыз өтті. Түрмедегілер қайнатып 

ішетін чефир деуші ме еді, соны ішіп, 

түрмедегілер және олардың артынан іздеп 

келген туған-туысқандарының қаты суымен 

той өтті. Айтуға оңай... Одан кейін мен 

Бақытбекті бір-ақ рет көрдім. Желтоқсан 

оқиғасына қатысқан Бақытбек кейін 

түрмеден босап, елге оралды. Албырт 

көңілмен бір-бірімізді аңсап қосылған 

махаббатымыз берік болсын деп 

тілеймін». 

Желтоқсан көтерілісі кезінде үш жарым 

жылға сотталған жігіті Бақтыбек Иман-

қожаевпен қақаған қыста Қызылжардағы 

түрмеде некесін қиған Сапаргүл Құлдәу-

летованың аталған ерлігі, сөз жоқ, бүгінгі 

қазақ қыздарына үлгі.



ҚҰРМАНҒАЗЫ 

МЕН АЛМА

Құрманғазы Айтмұрзаев 1963 жылы 

7 қаңтарда Түрікменстанның Ташауыз, 

Тельман деген жерінде дүниеге келген. 

1967 жылы ата-бабасы қоныс тепкен 

жері Жарқамысқа, яғни Қазақстанға 

қайтып көшіп келеді. 8-сыныпты сол 

ауылда бітіріп, ал 10-сыныпты Ақтөбе 

қаласында тамамдаған. 1980 жылы 

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық драма театрының жанын-

дағы 2 жылдық театр студиясына оқуға 

түседі. 1981-1983 жылдары әскер қата-

рында азаматтық борышын өтеп қайт-

қаннан соң, Т.Жүр генов атындағы көр-

кем сурет және театр институтына оқуға 

тапсырады. 1986 жылы Желтоқсан кө-

терілісін ұйым 

дастырушылардың бірі 

ретінде ұсталып, сол жылы төрт жылға 

сотталып кетеді. 

Төрт жылға сотталып, жазасын Ресей-

де өткерген жолдасының жанында болып, 

екінші ұлдарын түрмеде босанған Алма 

Ашықбаева мен Құрманғазы Айтмұрзаев 

екеуі де Ақтөбе облысы Байғанин ауданы 

Ақжар ауылында өскен. Бір-бірін 

кішкентайларынан біліп, бірге өскен екеуі 

сезім сырларын да сол ауылдарында 

бастаған. 1986 жылы Алма Алматыдағы 

шет тілдер институтын бітіріп, ауылына 

қайтады. Құрманғазы 3-курста Т.Жүр-

генов атындағы көркемсурет және театр 

институтында оқып жүрген кезінде Жел-

тоқсан көтерілісі басталады. Құрманғазы, 

Бақытбектер Мемлекеттік қауіпсіздік 

комитеті қызметкерлерінің қолына ал-

дымен түседі. Құрманғазының алаңда 

жүрген суреті олардың қолындағы бұл-

тартпас дәлел болып табылып, Құрман-

ғазы төрт жылға сотталып кете барады. 

Әуелі Құрманғазы Мәскеу түбіндегі 

Потьма деген жердің түрмесіне жіберіледі. 

Осы уақытта жолдасы Алма ауылда 

босанып, дүниеге ер бала келеді. Ата-

анасы ұлдарының аман келуін тілеп, 

Ақниет деп ат қойды. Ақниет бір жарым 

жасқа толғанда Алма мен ата-енесі үшеуі 

түрмеде жатқан Құрманғазыға жолығып 

қайтады. Содан Алма Ақниетті ата-

енесіне қалдырып, өзі Мәскеу түбіндегі 

түрмеде жатқан жарының қасына барады. 

Бір жылдан кейін Құрманғазыны Мордова 

АССР-інің шағын қаласына ауыстырады. 

Осы қалада Алма мен Құрманғазының 

Арытұр атты ұлдары дүниеге келеді. Ары 

бәрінен биік тұрсын деп ырымдап 

Құрманғазы ұлының атын өзі қояды. 

Аталған тауқыметті күндерді жолдасының 

жанында өткерген Алма Ашықбаева 

(Сарыарқа самалы, 1996 жыл 28 қараша) 

былай дейді:

«...Желтоқсанның Құрманғазы екеуі-

міздің өмірімізге салып кеткен ызғары – 

осындай, айтуға бәрі жеңіл сияқты, – 

қиыншылықтың бәрі артта қалды. Енді 

балаларымыз, еліміз аман болса екен деп 

тілеймін. «Қыздар, махаббаттарыңа берік 

болыңдар. Қиындыққа қарсы тұрыңдар» 

дегім келеді!..».

Қазақ қыздарына аналық өсиетін 

айтуға толық құқы бар Алма Ашықбаева 

Ресей тарихынан өз орындарын алған 

«декабристердің» әйелдерін еске салады. 

Отағасы ойламаған жерден нақақтан 

жаза басқанда, Алма мұңаймапты да, 

мұқалмапты. Бүгінгі күн тұрғысынан 

қарағанда, қайта отының шырағын 

сөндірмей, жолдасы Құрманғазының 

жанынан табылғаны – кісі сүйсінерліктей-

ақ іс. 

Міне, бұл 1986 жылғы Желтоқсан 



көтерілісінің бүгінгі 25 жылдығында 

жадымызда мақтанышпен сақталатын әрі 

қазіргі жас ұрпақ үлгі тұтатын тағылымның 

бірі – осы қазақ қыздарының қай сар-

лығы.

Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, 

«Дарын» мемлекеттік жастар 

сыйлығының лауреаты, 

ҚР Мәдениет қайраткері

БОКС


Биылдан бастап Данияның Saxo Bank-

SunGard деп аталатын клубының намысын 

қорғайтын, бірнеше жыл «Астананың» атын 

шығарып, абыройын асқақтатқан Аль берто 

Контадор биылғы Италия көп күн дігінде 

ешкімді шаңына ілестірмеді. Ол жалпы 

есеп 

тің қорытындысы бойынша екінші 



орын 

ға ие болған италиялық Ми 

келе 

Скарпонидан (Lampre-ISD) 6,10 ми нут озып 



кетті. Үшінші орынды Ита лия ның тағы бір 

тарланбозы Винченцо Нибали (Liq uigas-

Cannondale) еншіледі. Ол Кон 

та 


дордан 

6,56 минут қалып қойды. Кон 

тадор 

мұнымен қоймай, спринтерлік сайыс та да 



бірінші орынды иеленіп, таулы-қыратты 

жол дар сынының қорытындысы бойынша 

екінші орынға ие болды. Сөйтіп, екі номи-

нацияда топ жарып, екі жейденің иегері 

атанды. Әрі 21 кезеңдік жарыстың екеуінде 

бірінші орынды иеленді. Яғни Альберто 

«Астанасыз» да жеңіске жете алатындығын 

көрсетті.

Ал «Астана» ше? Қазақстандық клубтың 

басшылары да «ұпаймыз түгел» деген 

сыңай танытуда. Жалпы есепте осы аламан 

бәйгедегі сенім артқан серкеміз Роман 

Кройцигер (Чехия) 6-орынға ие болды 

(Контадордан 11,28 минут кейін қалды). 

Есесіне, Кройцигер жас велошабандоздар 

сынында бірінші орынға ие болып, ақ жей-

денің иегері атанды. Ал «Астана» ко ман-

далық сайыста бірінші орынға қол жет кі зіп, 

басшылары бөріктерін аспанға атты. Енді 

ше, Контадорда да – екі жеңіс (жалпы есеп 

және спринтерлік сайыс), «Астанада» да – 

екі жеңіс (жас велошабандоздар сыны жә-

не командалық сын). 

Айтпақшы, «Джиро-2011» көп күн ді-

гінің 19-кезеңдік жарысында астаналық 

Пао ло Тиралонго (Италия) мәре сызығын 

бірін ші болып қиып, жеңімпаз атанды. Алға 

ұзап кеткен Тиралонгоны соңғы ша қы рымда 

Альберто Контадор қуып жеткен-ді... Бірақ 

көмбеге тақағанда «Астана»  ве ло шабан-

дозын алдына жібере салды... «Астана» 

осылай Контадордың арқасында бір 

кезеңде жеңіске жетті. Сөйтіп, «құда да 

тыныш, құдағи да тыныш»...



Нұрғазы САСАЕВ

ВЕЛОСПОР


Т

Контадор «Астанасыз» 

да – Контадор

Осымен 94-рет ұйымдас-

тырылған «Джиро д'Италия» 

көпкүндігі аяқталды. Мәртебесі 

жоғары аламан бәйгеде испан 

дүлдүлі Альберто Контадор 

жеңімпаз атанды.

Мұның алдында WSB сериясында сегіз 

айқас өткізген Әбутәліпов бірінші раундта 

аса белсенділік танытқан жоқ. Тек фран цуз-

дың шабуылдарына жауап қатумен бол ды. 

Ал Оубали, керісінше, Қанаттың өзі айт-

қандай, жөні жоқ алға ұмтыла береді екен. 

Екінші кезеңде де сол сценарий қай та-

ланды. Алайда бұдан кейін жерлесіміз ай-

қас соңына дейін үстемдік құрды. Тіпті қа-

бағы жарылып, соңғы раундта беті қан-

жоса болғанына қарамастан, басын бұқ пай, 

алға ұмтыла берді. Айқастан кейінгі Қа-

наттың сезімін сөзбен айтып жеткізе ал май-

тын  шығармыз.  Ұйым дас ты ру шы лар дың 

жазып берген 20 мың доллардың чегіне 

мән берген де жоқ. Көк Туымызды иы ғына 

желбегей жамылып, жас балаша шаттанып, 

секірумен болды. Жеңімпазға бәрі де 

жарасады. 

Ержан да Қанаттың тактикасын қол дан-

ғысы келген. Бірақ жайбарақат жүруі тым 

ұзаққа созылып кетті. Тек бесінші раундта 

ғана Олимпиада жолдамасы есіне түскен 

сияқ ты. Бірақ бұл кезде бәрі кеш еді. Оның 

үстіне, Жимин Ванг та осал емес екен. Әрі 

қап талдағы үш төреші де – Вангтың «туыс-

та ры». Бір төреші Қытайдан болса, екіншісі 

– жапон, үшіншісі – кәріс.

Қазақстан Олимпиада 

жолдамасын алғаш 

болып иеленді

WSB сериясының жекелей 

сынында чемпион атанған 

жер лесіміз Қанат Әбутәліпов 

Қазақстанға Лондон Олимпиа-

дасының алғашқы жолдамасын 

алып берді. 

ФИНАЛДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

50-54 келі: Қанат Әбутәліпов 

(Қазақстан) – Нор дин Оубали (Франция) 

– 2:1 (68:65, 66:67: 67:66)



57-61 келі: Ержан Мусафиров 

(Қазақстан) – Жимин Ванг (Қытай) – 1:2 

(66:67, 66:67, 67:66)

68-73 келі: Сергей Деревяченко 

(Украина) – Султан Мигитинов 

(Әзірбайжан) – 3:0 (68:64, 68:68, 69:63)

80-85 келі: Абделхафид Бенчбала 

(Алжир) – Людовик Грогю (Франция) – 

3:0 (69:64, 68:65, 68:65)

91+ келі: Клементо Руссо  (Италия) 

– Могамедрасул Меджидов (Әзірбайжан) 

– 3:0 (67:66, 67:66, 67:66)

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Құрманғазы мен Алма

Расылхан мен Роза


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№92 (544) 31.05.2011 жыл, сейсенбі           



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№92 (544) 31.05.2011 жыл, сейсенбі            



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Әзиз ЖҰМАДІЛ



Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


АЕВ  – 

ж

а



уапты х

а

тшының орынб



ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т  


минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар 


қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi 



көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты 



алынып, г

азе


тк

е сiлт


еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №951

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1052

Шымк


ент қаласы «Оңтүс

тiк по


лигр

афия» б


аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 

8

 (7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №5198

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

й

на



сы» г

аз

ет



е ж


аз

ы

лу



 и

нд

екс



i: 6

42

59



Ре

да

кц



и

ян

ы



ң ме

ке

нж



ай

ы



А

лм

ат



ы

 қ

ал



ас

ы

,05



0

0

51



, Б

ег

ал



и

н кө


ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:



 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


БҮГІН:

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

МАМЫР

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

Мамырдың 31-і

Алаштың атаулы күні

• Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн 

Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіледі.

• Дүниежүзілік темекісіз күн. Халықаралық темекі тартумен 

күрес күні.

• Дүниежүзілік аққұба қыздар күні. Ғалымдардың есептеуі 

бойынша таза аққұбалар өмірде аз болып келеді, 2202 жылға дейін 

аққұбалар жер бетінен мүлдем жоғалып кетеді.



Туған күн иелері

Нұрман Хатиев (1956) – «Казгеодезия» республикалық 

мемлекеттік коммуналдык кәсіпорны директорының 

орынбасары;

Баубек Есімбеков 

(1961) – «Толғау» ЖШС көлік жүргізушісі;



Айгүл Забирова (1962) – әлеуметтану ғылымының докторы;

Жомарт Мұратов (1965) – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан 

ауданының әкімі; 



Марат Зайыров (1968) – «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы;

Қайрат Орынханов (1969) – Статистика агенттігі стратегиялық 

даму департаментінің директоры;



Іңкәр Төреқожаева 

(1971) – «ТеңізСервис» ЖШС даму 

бойынша директоры;

Нұржан Қалендеров (1976) – Жамбыл облысы әкімдігінің 

қаржы басқармасының бастығы.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 05:16 

 

            15.08 

 

           20:24    

ЖҰЛДЫЗ

-

ЖОРАМАЛ

 

ТАРАЗЫ

Әрбір іске ойланып 

барып кіріскен жөн. Егер 

жұмысты жоспарлы түрде 

істесеңіз, ұтылмайсыз. Бүгін 

сізге батылырақ қимылдау 

қажет. Уақыт пен мүмкін дігіңізді 

тиімді пайдаланып қалыңыз.



САРЫШАЯН

Жағымды  қасиет тері ңізді 

ашып көрсететін күн. Сіз 

ерекше бір сәтті бастан 

өткеруіңіз мүмкін. Жақын 

адамдарыңызға жәрдемдесіп, 

бір үлкен мәселені шешуіңіз де 

ықтимал. Ол сіздің беде ліңізді 

биіктетеді. 

МЕРГЕН

Отбасыңыздың бюд-

жетін еселеп өсіруге мүм-

кіндігіңіз мол. Әрі қолайлы 

сәттерді қалт жіберіп ал-

мағайсыз. Сүйіктіңізбен бірге 

ойласып, әрекет еткеніңіз жөн. 

Осы күннен жақсы жаңа лықтар 

күтіңіз.

ТАУЕШКІ

Сіз үшін жайлы күннің 

бірі. Бойыңызға қуат қосыл-

ғандай тың істерге құл шыныс 

пайда болады. Іскерлік 

байланыстар орнату 

ға да аса 

қолайлы күн. Жұмы сыңыз өзіңіз 

күткендей нәтиже береді.

СУҚҰЙҒЫШ

Соңғы кезде мазалап 

жүрген мәселелер осы күні 

оңды шешімін тапқалы тұр. 

Сонымен қатар жақын 

да-


рыңыздан жағымды жаңалық 

күте беріңіз. Табиғат аясына 

шығып, демалып тұрғаныңыз 

жөн.


БАЛЫҚТАР

Бұл күні мүмкіндігіңізше 

белсенді болуға тыры сы ңыз. 

Қомақты қаржы ие 

леніп 

қалуыңыз мүмкін. Қо лыңыздан 



іс келетінін бәріне дәлелдеуіңіз 

керек. Сол үшін барынша батыл 

әрекеттер жасаңыз.

ТОҚТЫ

Қандай шаруа атқар-

саңыз да, ол жұрт назарынан 

тыс қалмайды. Сөз бен істе 

мұқият болыңыз. Бұл күн сізге 

а й та р л ы қ та й   та б ы с 

сыйлағалы тұр. Қолайлы 

сәттерді қалт жіберіп алмауға 

тырысыңыз. 

ТОРПАҚ

Сәтті күндер жалғасын 

табады. Тек туған-туысқан-

дарыңыздың көңіл күйіне 

назар сала жүргейсіз. Сонда 

олардың қолдауын сезініп, 

көңіліңіз өседі. Айтарлықтай 

қомақты қаржыға ие бо-

ласыз.

ЕГІЗДЕР

Осы күні өз біліктілігіңізді 

арттыруға күш салыңыз. 

Шет тілін үйреніңіз. Жақын 

күндері сізге оның пайдасы 

тигелі тұр. Басшыдан жаны-

ңызды жадыратар мақтау сөз 

естуіңіз ғажап емес.



ШАЯН

Еңбекқорлығыңыздың 

пайдасын көресіз. Сізге аса 

маңызды іс жүктелуі ықти-

мал. Қарбалас істер қатар 

келсе, абыржымаңыз. Аздап 

шаршайсыз, ал есесіне ақ-

шаңыз біршама көбеймек.



АРЫСТАН

Егер осы күні қызықты 

ұсыныстар естісеңіз, таңғал-

маңыз. Себебі бүгін көпшілік 

назарындағы бір игі іске 

бастамашы болғалы тұрсыз. 

Әрі қуанышты хабар естуіңіз 

мүмкін.


БИКЕШ

Ойыңыздағы жоспар-

лардың біразы орындалады. 

Бірақ онымен шектеліп 

қалмай, тек алға ұмтыл-

ғаныңыз абзал. Бұл күні не 

істесеңіз де, жолыңыз ашық. 

Сүйіктіңіз де көңіліңізді кө-

тереді.

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Бір студент жазғы каникулға ауылына кеткелі жа тыр. 

Досы:

– Осылай бара бересің бе, ең болмаса киім-кешегіңді бір 



сөмкеге салып алмайсың ба?

– Киімдерімді салып алсам, үстіме не киемін?

***

Түрмеде:


– Сен мұнда қалай түсіп қалдың?

– Аллергиям бар еді.

– Оның не қатысы бар?

– Ұрлық үстінде түшкіріп қалып, күзетші оянып кетті емес 

пе?

***


Хабарландыру:

«Қара дипломат жоғалды. Тауып алғандар болса, Нигерия 

елшілігіне хабарлассын».

***


Сот залында. Жәбірленуші:

– Ол мені «мал» деп айтты.

– Мүмкін, бұл ашумен аяқастынан айтыла салған жай сөз 

шығар?


– Жоқ, ол бұл сөзді айтпас бұрын маған анықтап қарап 

алып, көз жеткізіп барып айтты емес пе?..

Алматтың әзілдері

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz

 

 

  



СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Ерлі-зайыптылар жылына орташа есеппен 2450 рет 

жанжалдасып, күніне жеті рет ұрсысады. Мұндай мәліметті eSure 

компаниясының статистикалық мәліметтер жөніндегі сарапшылары 

жария етті.

«ИТАР-ТАСС» агенттігі жариялаған 

хабарламаға қарағанда, статистика 

ерлі-зайыптылардың көбіне ақша 

мен үй шаруасы төңірегінде айқай-

ласатынын көрсетіп отыр. Сарап-

шылардың талдауынша, әйелі мен 

күйеуінің арасындағы кикілжіңге 

телеарналарды таңдау, ас мәзірі мен 

түнгі ұйқыдағы қорыл да жиі себеп 

болады. Ал еркек пен әйел арасында 

төсектегі қатынасқа қанағаттан-

баудың салдарынан жылына 88 рет 

ұрыс болатын көрінеді. Балалардың 

бойындағы жағымсыз қылықтар үшін 

ата-аналар тағы 79 рет сөзге келеді 

екен. Сарапшылар мұндай мәлі-

меттерге 3000-нан астам адам 

қатысқан зерттеу нәтижесінде қол 

жеткізді.

Еркек пен әйел орташа есеппен 

күніне жеті рет керіседі



Ұлыбританияда автокөлік рулін тізесімен басқарған адам 

полицияға ұсталды. Жылдамдықты шамадан тыс асырып 

жүйткіген ол ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқан кезінде 

тәртіп сақшыларының көзіне түскен.

Daily Mail-дың хабарлауынша, 

оқиға Норфолк графтығындағы 

Блофилд елді мекені маңында 

болған. Полицейлер 110 шақы-

рым/сағат жылдамдықпен келе 

жатқан Opel Tigra жүргізушісінің 

ұялы телефонмен сөйлесіп 

отырғанын көріп, көлікті тоқтатады. 

Сөйтсе, бір қолымен телефонмен 

сөйлесіп, екінші қолымен тағы бір 

телефонмен хабарлама жазып 

отырған жүргізуші көліктің рулін 

тізесімен қысып басқарып келеді 

екен. Полицейлер оның ісін сотқа 

жөнелтті. Енді аяғымен машина 

айдаған азамат бірнеше мәрте 

айыппұл төлеуі мүмкін. 

Көлікті тізесімен жүргізіп, 

көп шаруа бітірмекші



Ауа райы

Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Белгілі есімнің белгісіз сыры 

ІҢКӘР – қазақтың төл есімі. «Құштарлық, ынтызарлық» дегенді білдіреді. 

Қазақ қыз балаға бұл ныспыны «өмірге құштар, нәзік те сұлу, жан дүниесі бай 

болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін есімнің 

бірі.


 +20+22

о

 

  +10 +12

о

+26+28

о

 

 

+13+15



о

+23+25

о

 

 

+8+10



о

 +28+30

о

 

 

+13+15



о

 +27+29

о

 

 

+15+17



о

 

+24+25



о

 

+9+12

о

 

+18+20



о

 

+10 +12

о

+18+20

о

 

  +9 +11

о

+25+37

о

 

+14+16

о

+23+25 

о

 

 +10+12

о

+25+27

о

 

 

+15 +17



о

 +16+18

о

 

   +10 +12

о

  

+25+27

о

 

 +13+15

о

 

 +25+27

о

 

 +13+15

о

 

+22+24

о

 

 

+13+15



о

  

+22+24

о

 

+14+16

о

+29+31

о

 

+18+20

о

        


+16+18

о

 

+11+13

о

 

 



  

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫНДЫСЫ



ҚАСІРЕТТІ АЛЖИР

«АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінің 

құрылысы Елбасының тапсырмасымен 2007 жылдың 

сәуір айының 2-сінде басталып, екі ай ішінде 

салынып бітті. Ал мамырдың 31-і – Саяси қуғын-

сүргін құрбандарын еске алу күні Мемлекет басшысы 

келіп, осынау тарихи ескерткіштің ашылу рәсіміндегі 

лентасын қиды. 

Мұражай кешені «Аза тұту аркасы» немесе 

«Қасірет қақпасы» деп аталатын, биіктігі 18 метрлік 

еңселі композициялық нысаннан басталады. Авторы 

– суретші-сәулетші Сәкен Нарынов. 

«Қасірет қақпасының» сол қапталында 

«Сталиннің вагоны» мен тікен сыммен қоршалған 

лагерь көрінісі бейнеленген (бұл нысандар кейінірек, 

2009 жылы қойылған).

Одан әрі сақ дәуірінің қорғанына ұқсайтын, 

қоңыр түсті еңселі нысан – мұражайдың ғимараты. 

Мұражайға барар жолда оң жақта қоладан 

құйылған  «Күрес және үміт» композициясы,  сол 

жақта «Түңілу мен әлсіздік» композициясы берілген.  

Бұл композициялардың авторы – белгілі мүсінші 

Жеңіс Молдабаев. Ал мемориалды мұражай 

кешенінің сәулетшісі – профессор Сәкен Нарынов.

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №91(543)  санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 

Жүйке. Ауа. Ілік. Әдемі. «АМО». Храм. «Алатау». Скетч. Шарбы. Дуа. Өлке. Ажар. Анод. Тон. Па. Ерке. «Алаш».  



ТІГІНЕН: 

Дүлдүл. Аужар. Акр. Үкімет. Бөрте. Елі. Асыл. Хук. Кана. Дакар. Еден. Марту. Опа. Паром. Чардаш.

Құрт 

қалдығы


Көйлек

Қасиетті 

бұқа 

(Мысыр 


миф.)

Қазіргі 


кездегі 

қолданыс-

тағы 

күнтізбе 



Әнші, ақын, 

сазгер


Ақпарат 

мөлшерін 

өлшеу 

бірлігі


Желке

Мұхаммед-

Қанафия

Крит 


аралын-

дағы тау


Техника-

лық сода


Одағай 

сөз


Аласа

Бас


Құдайлар 

суы


(Гр. миф)

Медеу, 


сүйеніш

Бет


бөлігі

Ар,


намыс

Жеке, 


бөлек

Маврита-


ния ақшасы

Салмақ 


өлшемі

Мұң, 


нала

Аумақтық 

бірлік, 

әкімшілік 

бөлініс

Тау құсы


Ұрмалы 

муз. аспап

Ағашты 

алқап


Бухгалтер-

лік тексеріс

Ісмер 

құралы


Діни атақ

Латвия 


қаласы

Бөгет


Мадақ 

жыр


Футбол 

термині

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет