САЛЫҚ ТА ҚАМЫТ БОЛДЫ
Бұған қоса, 1928 жылы 27 тамызда
Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Ке-
ңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай
шаруашылықтарын, жартылай фео дал-
дарды конфискелеу және жер аудару»
дек ре тін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай
жер аударылып, олардан 145 мың мал са-
лық ретінде алынды. Десек те, мұндай
салық салудан қара халық та қалтарыста
қал мады. Мысалы, 1931-1932 жылдары
Шұбартау ауданында малдың 80 пайызы
халықтан салық ретінде алынып, етке өт кі-
зілді. Бұл ретте бір ғана Балқаш ауда нының
халқына 297000 малға салық салынса, ал
Балқаштың барлық малы 173 000 ғана
болған. Сондай-ақ Торғайдағы 1 млн мал-
дың 98 мыңы ғана қалған. Бұл жайында
өзін дік пікір білдірген, қазірде осы мәселені
зерт
теп жүрген экономист-ғалым Үсен
АМАН БАЕВ былай деді:
– Халыққа орынсыз салық салудың
ақы ры ірі байлардың, «жартылай фео дал-
дар дың» ең әуелі малын, сосын еңбек құ-
ралын, одан кейін олардың тұратын үй-
лерін тартып алып, жер аударып жіберуге
ба
ғыт алды. Науқанның қорытындысы
бойынша, іс жүзінде 696 шаруашылық
тәр кіге салынды, олардың 619-ы тұрған
округінен тыс жерлерге айдалды. Тәр кі лен-
гендерден ірі қараға шаққанда салық
ретінде 145 мыңдай мал және ауыл ша руа-
ОЙТҮР
ТКІ
Тарихтың ақтаңдағына көндігіп кетсек
те, жазықсыз азапталып, өлімге кесілген
арыс тардың рухани мұраларының кел мес-
ке кеткенін, сол жылдары тұтас елдің да-
муына адам айтқысыз қиянат жасалғанын
өкі нішпен еске аламыз. Зобалаң жалмаған
арыстар сүйегінің құпия жерлерде қалып,
әлі күнге дейін беймәлім болып жатуы да
өзекті өртейді. Сондықтан «Ешкім де, еш-
теңе де ұмытылмайды» деген қағиданы
ста линдік репрессия құрбандарына қа тыс-
ты қолданатын уақыт жеткендей. Туған ел-
ден топырақ бұйырмай, жендеттердің өзі
ұмытып қалған беймәлім түкпірлердегі
сүйектерді неге іздемеске?! Ұлы Отан со-
ғысы өткен жерлерде іздестіру экс пе ди-
ция сын жүргізетін арнайы жасақтар хабар-
сыз кеткен мыңдаған майдангердің қаң қа-
сын тапқан болатын. Соның арқасында
бұ рынғы КСРО-ның, қазіргі Ресейдің Қор-
ғаныс министрлігінің Орталық мұрағат қо-
ры жаңа мәліметтермен толықты. Ең бас-
ты сы, аталары мен туысқандары соғыстан
орал маған қалың жұрттың өшкені жанып,
өлгені тірілді. Биыл ғана Ақтөбе қала сын-
дағы «Боевое братство» іздестіру жасағы
Ресейдің фашист басқыншыларымен сұм-
дық сұрапыл өткен өңірлерінің бірі –
Ярославль облысы аумағынан қара ған ды-
лық жауынгердің қаңқасын тапты. Қазір
оның медальоны мен жеке бас мәліметтері
Қа рағанды қаласына жіберіліп, марқұмның
туыс тары іздестірілуде. Бұл жасақ 1988
жылдан бері Ұлы Отан соғысының 30-ға
жуық жауынгерінің мәйітін тауып, аты-
30-жылдардағы саяси
қуғын-сүргін жүрек ауыртар
зұлмат болып қана қалған
жоқ, жылдар жылжыған
сайын бізді өткенге қайтадан
зер салуға итермелейді.
Жазықсыз қырылған талай
арыстың тағдырына жауап
беру – әлі де болса НКВД мұ-
ра ғатының мойнында. Құр-
бан дар жаппай атылған,
кө міл ген және басқа да жұм-
бақ орындар мен бұрынғы
ГУЛАГ ғимараттары іздестіру
экспедицияларын күтіп жат-
қандай. Отан соғысы да-
ласынан мыңдаған май дан-
гердің мәйітін тапқан арнайы
жасақтарды енді арулап
көмілмей қалған арыстар
сүйегін іздеуге жұ мыл ды-
ратын кез келген сияқты.
Көмусіз қалған арыстарымыз экспедицияны күтіп жатыр
жөндерін анықтап, сүйектерін туыс қан да-
ры на табыс еткен. Майдан даласына іздес-
тіру жүргізетін жастардан құралған
еріктілер жасағы елімізде үшеу. Олар:
Астана қала сын дағы «Майдан», Пет ро-
павл дағы «Поиск» және ақтөбелік «Боевое
брат ство». Бұрын Ақтөбеде «Ирбис» ата-
латын тағы бір жасақ болды, бірақ көп
ұзамай ыдырап кеткен. «Майдан» Ле нин-
град облысында экспедиция жүргізсе,
«Поиск» пен «Боевое братство» жасақтары
Новгород облысында жұ мыс істейді. Тарих
пен адамзат тағ ды ры на бейжай қара май-
тын мұндай бір
лес
тік
тер саяси қуғын-
сүргін құрбандарының шашылып қалған
сүйектерін іздеуге де мүдделі. Бірақ әзірше
ТМД көлеміндегі із дес тіру жасақтарының
басын біріктіретін Ресей Іздестіру
жасақтары одағы тек соғыс кезінде із-түссіз
жоғалған кеңес әскерлері қалдықтарын
табуды ғана басты мақсат етіп отыр. Ал
күллі Кеңес Одағы бойынша репрессия
құрбандарының мәйіті қалған жерлер өте
көп. Басқаны айтпағанда, бұ рын ғы АЛЖИР
орналасқан Ақмол ауылы ау
мағында
қаншама әйелдің, қарттар мен балалардың
сүйегі көмусіз қалғаны бел гі сіз.
Гумер ГАЛЕЕВ,
«Бое вое братство»
қо ғам дық қоры ди-
рек то ры ның орын-
ба са ры,
із дес тіру
жасағының ко
мис-
сары, та рих шы:
– Жауын гер-
лер сүйегінің қал-
дық та рын тауып,
туыс қан дарына табыс еткен кезде олар
шексіз қуанышқа бө ле неді. Осындай
сәтке куә болу қандай бақыт десеңізші?!
Егер мемлекеттік ор ган дар саяси қу-
ғын-сүргін құр бандары қаза тапқан
жерлерге із дестіру жа сақ тарын бағыт-
тап жатса, ешқашан қарсы болмаймыз.
Бірақ бір мәселе бар – бұл жағдайда
бізге НКВД мұрағатымен жұмыс істеуге
тура келеді. Өйткені, айталық, құр-
бандар жаппай көмілген жерлер бар,
сонымен бірге, мә селен, 50 адамды
атып көміп, кейін ол туралы мүлдем сөз
етілмей қалған, еш қандай құ жатта жоқ
жерлер бар. Қиын дығы сол – мұрағат
құжаттары жария етілмей жатыр.
Сондықтан Отан со ғысынан орал ма-
ған дарды іздеу оңай, олардың өзде рі-
мен бірге меда льон дары, құ жат тары
болды. Ал 30-жылдардағы саяси қу-
ғын-сүргін құр бан дары жаппай атыл-
ған уақытта не месе түрмеде басқаша
әдіс пен өл ті ріл ген кезде олардың өз-
дерімен бірге еш қандай құжаттары не-
месе меда льон дары болмады.
Болатбек МҰХТАРОВ
ОЙ-ТАЛҚЫ
Алаш арыстарының
тарихы аз оқытылуы
алаңдатады
Саяси қуғын-сүргін құр бан-
дарының тарихы – жас ұрпақ
оқуы қажет құнды дүние. Әйтсе
де бүгінгі күні қазақ халқының
ұлт ретінде ұйысып, мемлекет
ретінде қалыптасуына ықпал
ет кен айтулы тұлғалардың оқу-
тәр бие үрдісінде жеткілікті түрде
қам тылмауы өкінішті-ақ.
ТАҒЫЛЫМ
Содан бері мұражай концепциясындағы
негізгі мақсат пен міндет – сталиндік реп-
рес сиялар тарихы жайында қоғамның көзін
ашу, естеліктерді сақтап, өткен ке зең нің
негізгі құнды жәдігерлері арқылы сол дәуір-
дің рухани ахуалын жаңғыртып, көп шілікке
көрсету.
АЛЖИР мемориалды мұражай ке ше ні-
нің қасиетті аумағына аяқ басып, суретші-
сәу летші Сәкен Нарыновтың туындысы, 18
метрлік «Аза тұту аркасы» немесе «Қасірет
қақпасынан» өткен кезіңізде басыңызды
иіп, аруақтарға тағзым етесіз. Оның ірге сін-
де Польша, Грузия, Украина, Әзірбайжан
ел де рінің 1930-1950 жылдары Карлагтың
26-нүктесі, кейін Р-17 еңбекпен түзеу
АЛЖИР лагерінде (Акмолинский лагерь
жен из мен ников Родины) тұтқында болған
отандас әйелдерге қойған белгі тастар сап
түзейді. Қақпаның сол қапталында шұ бы-
рын ды заманның елестері – «Сталиннің ва-
гоны» мен тікен сыммен қоршалған лагерь
көрінісі орын алған.
Мұражай ғимаратына қарай жүр ге ні-
ңіз де жол екі гүлзарға жалғасады. Оң жа-
ғы ңыздағы қоладан құйылған «Күрес және
үміт» композициясы осы өмірден үмітін
үзбей, бостандықты аңсаған әйел бейнесін
сом даса, сол жағыңыздағы «Түңілу мен әл-
сіздік» композициясы шарасыздық пен
азап тан қажып әлсіреген, бостандықтан кү-
дерін үзіп, ты ғырыққа тірелген тұтқын ер
адам ның об разын бейнелейді. Бұл ком по-
зи
циялардың авторы – белгілі мүсінші
Жеңіс Мол дабаев. Ал мемориалды мұра-
жай ке ше нінің сәу летшісі – профессор Сә-
кен Нарынов.
Мұражай ғимаратына кіргенде суретші
Сем біғали Смағұловтың тарихи оқиғалар
желісімен сомдаған суреттер галереясын
зер делей отырып, еңселі экспозиция за-
лынан келіп шығасыз. Еңсесі биік үш қабат-
тан тұратын мұражай ғимаратының дөң ге-
лен ген залы ақ тастан қаланған он екі қа-
нат ты киіз үй ішіне енгендей әсерге бө лей-
ді. Ортасындағы түңлігі түрілген ақ ша ңы-
рақ тан күн нұрының сәулесі түсіп, жан-жа-
ғынан айналдыра сүйеп тұрған бетон ақ
уықтар ақ түспен әрленген керегелер ба сы-
на сүң гіген. Оның бірінші қабатының ор-
тасындағы «Өмір гүлі» атты композиция
қара тасты қақ жарып шыққан гүлдің кө-
рінісін бейнелейді.
Мұражай ғимаратын сыртынан қарап,
ішіне кіргенде, расында, құпия сыр жа сыр-
ған сандықшаның қақпағын ашқандайсыз.
«Өмір гүлінің» аспанында «Еркіндік және
еркінсіздік» композициясы шырмалған те-
мір торлар ішінде бостандықты аңсап 15 ақ
көгершін аласұрады, бірқатары талық сып
құлап, қалғаны үмітін үзбей еркіндікті аңсап
алысуда.
Мұражайдың бірінші қабаты әді лет сіз-
дік тің қалпына келуі 1993 жылы 14 сә уірде
Президент Н.Ә.Назарбаев қол қой
ған
«Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ту ра лы»
Заңынан бастау алады. XVIII ғасырда бас-
талған пат шалық Ресейдің отарлау саясаты,
Кенесары ханның ұлт-азаттық соғысы,
Алаш қозғалысының бой көтеруі, Азамат
со ғысы, 1920-1930 жыл дардағы кәмпеске
мен аштық, 1937-1938 жылғы жаппай
қуғын-сүргін тарихи кезеңдерін қамтиды.
Екінші қабатқа көтерілер сатыда АЛЖИР
лагерінде болған әйелдердің тұт қын дал-
ған ға дейін түскен фото жинақтарымен
безен
дірілген фото-коллажды көресіз.
Мұндағы жәдігерлер АЛЖИР тақы ры бы на
тереңдей үңіл
діреді. Екінші қабатқа
көтерілгенде «Құр сау» инсталяциясы ойың-
ды қыспаққа алады.
Лагерьдің жалпы аймағының көрінісі
мен тұтқын әйелдердің күннің суығында
Жа лаңаш көлінің жағасынан қамыс ору жұ-
мыс тарына айдап апарылуын АЛЖИР дио-
ра масы бейнелейді. Диорама темір тормен
қор
шалған «Тігін барағына» жал
ға
сып,
кейбір келушілер аңдаусызда тірі тұтқын
тігін шіні көргендей үркіп қалған жағдайлар
да болған. Сол сұрапыл зұлмат жайлаған,
жа зықсыз жандардың тағ дыр ла ры тәлкек
етіліп, ар-намыстары аяққа тап талып, бел-
сен ді содырлардың жем тік те рі болып кете
бер ген заманды қайта тіріл тетін көрініс
«Жа зық сыз жандарды тергеу бөлмесінде»
бей не ленген.
Жанбота КӘРІПБАЕВ,
аға ғылыми қызметкер,
Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм
құрбандарының АЛЖИР мемориалды
мұражай кешені
Сол зұлмат енді
қайталанбасын деп...
АЛЖИР мұражайы 2007 жыл-
дың 31 мамырында Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен
са лынып, саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу күнінің 10
жылдығына, жаппай қуғын-сүр-
гіндердің басталуының 70 жыл-
ды ғына, Алашорда үкі ме тінің 90
жылдығына орай ашыл ды.
Іле аңғарының бойы ертеден
қазақ тардың қонысы болғаны бел-
гілі. Бірақ Цин империясы тұсында
бұл аймақ Қытайға қарады. Бұл
жер де қалған ат төбеліндей қазаққа
1916 жылы орыс патшасының оз-
быр саясатынан, окоп қазуға мәж-
бүр леу жұмыстарынан қашқан жүз
мыңдаған қазақ барып қосылды.
Ұжым дастыру мен бай-кулактарды
тәркілеу кезінде Іле аңғарына тағы
бір шама қазақ ауылы қоныс ау дар-
ған. 1930 жылдары жүз мыңдаған
қазақ тың ендігі бір толқыны, сон-
дай-ақ ұйғыр, татар, өзбек және
бас қа халықтар да осы жаққа қарай
Елдің басына небір нәубет пен саяси зұлмат төнгенде халық
амандық іздеп, бас сауғалап кетті ғой. Қытайдағы Іле-Қазақ
ауданы сол кезеңде құрылды. Бүгінде бұл жерде қанша қазақ
тұрады?
Нұрболат МЕДЕТҰЛЫ, Шымкент қаласы
ауды. Олар «халық жауы» деген айып
тағылғандар, дін ұстанғандар мен
ашаршылықтан азған топ болатын.
1954 жылы қазақ халқының өңірдегі
үлес салмағының артуына бай ла ныс-
ты Қытай Халық Республикасында
Іле-Қазақ автономиялық округі құ ры-
л ды. Бүгінде бұл өлкеде 3 900 000-ға
жуық халық тұрып жатыр, олар дың
25,4 пайызы – қазақтар. Жалпы,
Шыңжаң Ұйғыр авто но мия лық ау-
данында 1 300 000-ға жуық қан да-
сымыз өмір сүруде.
Балқаштағы мыс кеніші зобалаң жылдары игерілді
Балқаш маңында мыс кені барын
ең алғаш ағылшын ғалымдары білген.
Бірақ КСРО-ның Бас концессиялық
ко митеті кен орнына дереу зерттеу
жүр гізіп, 1928 жылғы барлаудың нә-
ти жесінде Қоңырат мыс кеніші ашы-
лады. Арада үш жыл өткенде бұл
жер де мыс балқыту комбинатының
құ
рылысы басталды. 1932 жылы
Ауыр металлургия жөніндегі Халық
комиссариатының Бертіс айлағынан
қала салу туралы қаулысы шықты.
Осы жылы қабылданған бесжылдық
жос парға сәйкес, Балқаш маңы мыс
бал қыту комбинаты құрылысы же-
дел детілді. Мысқа деген қажеттілік
жо ғары болғандықтан, Одақ қазы на-
сы нан құрылысқа 100 млн рубль бө-
лін ді. 1938 жылы комбинат алғаш қы
кен байыту фабрикасын іске қо сып,
тұң ғыш концентрат алынды. Бұ дан
соң алғашқы Балқаш мысы да на рық-
қа жол тартты. Бірақ саяси қу ғын-сүр-
гін мен соғыс өнеркәсіптің ке шендерін
дамытуға кедергі келтірді. Зауыт бас-
тығы Василий Иванов 1938 жылы тұт-
қындалып, атылып кетті. Ал өн дірісте
2,5 мыңға жуық әйел адам ға ауыр
жұмыс атқаруға тура кел ді. Жан қияр-
лық ерліктің арқасында 1942 жылы
ком бинат майданға молибден өнімін
бе ре бастады. Бүгінде бұл кә сіп орын
«Балқаштүстіметалл» деп аталады.
Шын мәнісінде, қазақ халқының азат ты-
ғын, бостандығын, елдігін көргісі кел ген,
асқақ армандарын ұлт мүддесімен ас тас-
тырған азаматтардың өмірлерін қу
ғын-
сүргінде өткізіп, тіпті сол жолда өмірін қиюы
жас ұрпаққа үлгі етерліктей дүние ретінде
оқулықтарда кеңінен қамтылуы керек-ақ.
Алайда бүгінгі күні мектеп оқу лық тары түгіл,
ЖОО-ларда бұл мәселенің жеріне жеткізе
оқытылмауы тарихшыларды да, алаш та ну-
шыларды да алаңдатып отыр.
Әр ұлттың тарихында «ұлт әкесіне» ай-
нал ған халқының даму жолын, болашағын
өз жүрегінен өткізе отырып қабылдаған аза-
маттар болады. Ал қазақ халқы мұндай ұлт-
жан ды Алаш азаматтарынан кенде емес.
Алаш арыстарының тарихын кеңінен оқыту
болашақ ұрпақты отансүйгіш, ұлт
жан
ды
азамат етіп тәрбиелеуде баға жет пес мол
мұра болып табылады. Алайда әлі күнге
дейін олардың ел үшін сіңірген ең бегін ба-
ғалап, өз деңгейінде дәріптей ал май отыр-
мыз. Осы орайда Республикалық саяси
қуғын-сүргiнге ұшырағандар қауым дас ты-
ғының төрағасы Жұмабек Ашуұлы ағамыз:
«Шыны керек, ол құрмет қуғын-сүргінге
ұшы раған ардақтыларымыздың ешқай сы-
сына керек емес. Олардың ке ңінен наси хат-
талуы, ең алдымен, қазаққа, жас ұрпаққа
керек», – дейді.
Жұмабек АШУҰЛЫ, Республикалық саяси
қу ғын-сүргiнге ұшырағандар қауым дас ты-
ғы ның төрағасы:
– Саяси қуғын-сүргінге ұшы ра ған дар
жайлы мәліметтер мектеп оқу
лық
та-
рында өте аз, жеткіліксіз жазылған. Негізі,
Тәуелсіз ел тарихында ең ал
ды
мен
оқылатын нәрсе репрессия құр бан дары
жайлы мәліметтер болуы керек еді. Ке-
зін де қазақ халқының 70 пайызы сая-
саттың сойқанынан зардап шеккен. Ал
бүгінгі күні мұны неге ашып көрсетпеске?
Болашақ ұрпақ қазақ хал қының басынан
қандай қиын кезеңдер өткенін оқулық
арқылы ғана таниды. Сон дықтан келе-
шек те мектеп оқу лық тарындағы саяси
қуғын-сүргін құр
бан
дары жайлы мә-
ліметтерді барынша то лықтыру керек.
Қайыркен КУНАПИНА, тарих ғылымының
кандидаты, ұстаз:
– Бүгінде біз тест, ҰБТ деп қосымша
көркем әдебиет, әдеби тарих оқу дегенді
ысырып тастадық. Балалар тек жаттап
оқуға бейімделіп кеткендіктен, дұрыс
сөйлей алмайтын дәрежеге жет тік. Бұрын
балалар қосымша хрес то ма тия оқу лық-
та рынан көп нәрсеге қа нығатын. Сон-
дық тан мектеп оқу лық тарынан бө лек,
хрес томатия оқу лық тарын шығарып,
бал аның білім көк жиегін кеңейтіп, ру-
хани байлығын арт тыратын мә лі мет тер-
мен толықтыру ке рек. Оның ішінде саяси
қуғын-сүргін құр
бандары жайлы да
кеңінен қам тылса, нұр үстіне нұр болар
еді.
Шәмек ТІЛЕУБАЕВ, тарихшы:
Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін
құрбандары жайлы мәліметтер мектеп
оқулықтарында да, ЖОО-ның оқу лық та-
рында да, оқу процесінде дұрыс қам тыл-
май келе жатыр. Барлық жерде қысқаша
ғана мәліметтер бе ріледі. Саяси қуғын-
сүргін құр бан дары жай лы оқулықтарда
да санаулы адам дардың аты-жөндері
жазылған. Шын дығында, олардың саны
көп. Мысалы, Алаш қайраткерлерінен он
шақты адам ның ғана аты айтылады, ал
мұрағат қор ларындағы деректерде Алаш
бел сенділерінің 520 адамнан тұ ратын
тізімі кездесті. Олардың Қазақ станның әр
өңір леріндегі белсенділері туралы біз дер
әлі толық біле бермейміз. Саяси қуғын-
сүргіннің себептері, сал
дар
лары, ке-
зеңдері туралы мәселелер дұрыс қам-
тылмаған. Өйткені қуғын-сүргін тарихын
зерттеу жұмыстары басқа ел
дер
мен,
мысалы, Ресеймен, Украинамен салыс-
тыр ғанда өз деңгейінде жүр гізіліп жатқан
жоқ. Сондықтан зерттеу жұ мысы әлі де
өз деңгейінде жүр гізіл месе, олардың
оқу лықтарда дұрыс қам тылуы туралы не
айтуға болады. Зерт
теу жұмыстарын
мем ле кеттік тап сы рыс арқылы кешенді,
жүйелі түрде қолға алу қажет. Бұл мә се-
ленің зерттелуіне алды
мен мемлекет
мүд делі болу керек, қоғам қу ғын-сүр-
гіннің ақиқатын мүмкіндігінше дұ рыс бі-
луі керек.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№92 (544) 31.05.2011 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
5
e-mail: info@alashainasy.kz
АРЫС
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Алматыға Мәскеуден жер аударылған маман
Ұжымдастыру саясатының
зобалаңы қанша?
Ашаршылық кезінде екі миллион қазақ қырылғаны айтылады. Менің білгім келетіні,
КСРО бойынша жалпы адам шығыны қанша?
Сәрсен НҰРЫМБЕТ, Алматы
Жалпы, Иосиф Сталиннің билігі кезінде ой лап
та
былған түрлі трагедиялардан Совет үкі
меті
бойынша қаза болғандар санын дөп басып айта
қою қиын. Себебі ол туралы тарихи де рек терді
Мәс кеу әлі де жабық ұстап отыр. КСРО құрамында
болған халықтар өзінің шығынын әртүрлі көр сетіп
жүр. Мысалы, бір ғана ук раин дердің өзі «Хо ло до-
моры» құрбандары туралы әртүрлі де рек тер кел-
тіріп, аштықтан қы рыл ған дардың санын 3 мил лион
мен 10 миллионның ара сында деп көрсетеді. Де-
генмен көптеген деректерде «ұжым дастыру сая са-
ты ның кесірінен Кеңес ода ғының 14 мил лион дай
хал қы қырыл ған» деп жа зылған. Сталин бұй ры-
ғымен мың даған Қы рым татарлары мен қал мақ тар,
ше шен дер, ин гуштер, балқарлар, түрік мес хет тері
жер ау да рылып, қыр ғынға ұшыраған бо латын.
Кейбір та рих шы лардың есебінше, ұжым дас тыру
сая са тынан бас тап 1950-ші жылдардың ор та сы на
дейін со веттік жер аударуларды қос қан да, ке мін де
50 мил лиондай кеңес азаматтары қы рыл ған.
Тәубе, режиссер Сламбек Тәуекелдің
«Жерұйық» фильмін көргеннен кейін
қазақ тың рухы көтеріліп қалатын болды.
«Адам
заттың бәрін сүй бауырым деп»
деген Абай сөзі біздің елдік ұстанымымыз
екенін режиссер дөп басып, киноның эпиг-
ра фына ұтымды қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: |