н.
қарай шығатын жолдан тапты. Көп ұзамай оны ұрлап
кеткен 25 жастағы қыз да қолға түсті. Шағымдану шы-
қашады. Полицейлер оның ұсталған кезде мас бол-
ғанын айтып отыр. Дәл осындай оқиға таңға қарай
тағы тіркелді. Шымкенттің 35 жастағы тұрғыны өзінің
айтқан. Ішкі істер қызметкерлері күдіктіні кешке қарай
сырып қойыпты. Қылмыс жа
қозғалды.
-3.. -5
кет тің қоржынына әжептәуір жүк. Біз
ақтай ма, мәселе – сонда. Мысалы,
ес.
ген.
сапасыз медициналық қызмет көрсетуден болған.
еліп соқтырған.
көзбояушылық етек жайыпты. Жаңа
сүруін тоқтатқан. «Made in
бо л ып шықтық. Мәселен, 2011 жы-
лан ған болатын. Содан бері бар бол-
әдіптелгенін қайтерсіз. Алай
белгілі. Қарағандыдағы ұшпайтын
сынынан кейін белгілі болды. Осыдан
мет-тұғын. Кәсіпор
ма ды.
№195 (1106)
7.11.2013 жыл,
бейсенбі
www.alashainasy.kz
2
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз
мәслихатына күні кеше ғана Премьер-министр Серік Ахметовтан сөгіс
алған орынбасар Альберт Рау мырза да келді. Ол да журналистердің
сұрағына жауап беріп, өзіне берілген сөгіспен толығымен келісетіндігін
жеткізді. Енді одан нақты бір нәтиже шықса болғаны.
Исекешев проблемалы жобалардан құтылып,
сапалы жобаларға іздеу жариялайды
БРИФИНГ
Вице-премьер һәм министр Исекешев-
тің сөзіне сенсек, Ақордадағы Үкіметтің
ке ңей тілген мәжілісі өткелі бері индустрия-
лан дыру саясатын салмақтайтын ведомст-
во өзекті мәселелерге ерекше ден қойып,
оны шешудің «алгоритмін» де ойлап тап-
қанға ұқсайды. «Уау!» (бәрекелді дегеніміз
ғой) дестік. Әйтсе де әлгі «алгоритмнің»
сыры сол күйі ашылмай кетті. Сөйтсек, тас-
түйін келген министр бұқаралық ақпарат
құралдары алдында «бүгулі бармағын»
ашпауға бекініпті. Дегенмен министр Үде-
мелі индустриялық-инновациялық даму
бағ дарламасын қорытындылауға арнал-
ған жиында Президентке әлгі «алгоритмді»
жеке өзі айтып беретін көрінеді. «Бопты»
дестік. Сөйтіп, әзірше Әсет Исекешев мыр-
за сапасыз жобалардың негізгі себебін тү-
сін діріп, тек алға қойылған мақсат-міндет-
тер
мен ғана бөлісіп құтылды. «Шыны
ке рек, Үдемелі индустриялық-иннова ция-
лық бағдарламасы қолға алынған алғаш-
қы 2010 жылы бизнес пен инвесторлар
да йын болмай қалды. Әлем бойынша қар-
жы дағдарысы әлі басылмай тұрған кезде
біз ел экономикасына қыруар қаржы са-
лып, ескі өндірістерді жаңарту және жаңа
кәсіп орындарды құру жұмысына күш сал-
дық. Міне, сол кезде түскен жобалар бүгін-
де проблемалы жобалардың қатарына
еніп отыр. Соның ішінде планшет пен
ұшақ
тарды шығару сияқты бастамалар
бар», – дейді Әсет Өрентайұлы. Алайда он-
дай жобалардың өтіп кетуіне тек бизнестің
ғана емес, министрліктің де жауапты
екендігін ескерген жөн. Себебі кәсіби
сарап тама болған жерде сапасыз жоба-
лардың өтпейтіні айдан анық.
Әрине, бас кезінде шенеуніктерге есеп
беріп, жоғары жаққа бір нәрсе көрсетіп
құтылу керек болған шығар. Дегенмен қазір
сол проблемалы жобалардан мемлекет
бюджетіне келген шығынның нақты көлемін
министрдің өзі дөп басып айта алмайтын
сыңайлы. Келген шығынның қайту-
қайтпасы да екіталай дүние.
Жалпы, Үдемелі индустриялық-иннова-
ция лық даму бағдарламасы аясында нақты
872 жоба тіркелген. Оның ішінде ірі 43
жобаға министрліктер мен ұлттық холдинг-
тер жауапты болса, облыс әкімдіктеріне
872 жоба тиесілі. Бүгінде Исекешев
мырзаны сапалы жобалардың тапшылығы
мазалап отырғаны да байқалады. Себебі
бағдарламаның талаптары күшейтілгеннен
кейін сапасы жоғары жобалардың саны
күрт азайған. Мәселен, биыл комиссияның
қарауына 200 жоба түссе, оның жартысы-
нан көбі бірінші кезеңнен-ақ өтпей қалыпты.
«Шынымен де бүгінде жоғары сапалы
жоба лардың тапшылығы маңызды мәсе-
леге айналды. Өйткені облыстар, ұлттық
ком паниялар мен бизнес іске асырып жат-
қан жобалардың ішінде жоғары сапалы
бастамалар аз. Олардың нақты стратегия-
лары жоқ. Сондықтан алдағы уақытта
жобалардың сапасына жоғары талап
қойылады. Әсіресе Үдемелі индустрия-
лық-инновациялық даму бағдар
ла-
масының екінші бесжылдығы барысында
осы мәселеге ерекше көңіл бөлінбек», –
дейді Исекешев мырза. Министрдің
айтуынша, қазір Үдемелі индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасының
екінші бесжылдығына (2015-2020)
дайындық жұмыстары басталып та
кеткен. Онда бірінші бесжылдықтың
барлық кемшіліктері ескерілетін болады.
Қазіргі жоспарға сәйкес, Индустриялан-
дыру картасынан шағын және орта биз-
нес
тің жобалары шығарылып, кәсіп
-
керлікті дамытудың аймақтық
бағ дар ла маларына ауыстырылады. Со дан
бастап оның барлығына Өңірлік даму
министрлігі жауапты болмақ. Осы лай ша
Әсет Исекешев қазіргі «пробле
ма
лы»
деген айдары бар «сақалды» жо балардан
біржолата құтылмақшы.
Айта кеткен жөн, іскерлігімен көзге
түскен министр Исекешевтің де қазақшасы
онша емес. Содан болар, ол журналис тер-
дің сұрағына қазақ тілінде жауап беру ден
бас тартып, орысша көсілді. Министр
мырзаның мемлекеттік тілге деген құр метін
тұп-тура бағдарламалардың орын далуы на
қатысты сынмен де теңеуге бо лар лықтай.
Баспасөз мәслихатында ми нистр дің бар
айтқан қазақшасы «Пре зи дент айтқан сын
ескеріліп, олқы тұстар жойы лады» ғана
болды. Тәуба ғой дестік.
МӘЖІЛІС
Қазақтан шыққан тұңғыш елші кім?
Шенген келісіміне неше мемлекет мүше?
Шенген келісіміне қанша мемлекет мүше екенін білгім келеді.
Нұрділдә, Көкшетау қаласы
Нәзір Төреқұловты қазақтан шыққан тұңғыш дипломат деп білеміз. Десек те, бұл
тұлғаның нақты қай елдерде елшілік қызметте болғаны жайлы мәлімет берсеңіздер екен.
Күлпәш, Қызылорда қаласы
Нәзір Төреқұлов 1928-1932 жылдар
аралығында Кеңестер Одағының Хиджаздағы бас
консулы болды. Ал 1932-1936 жылдар
аралығында Нәзір Төреқұлов КСРО-ның Сауд
Арабиясындағы өкілетті елшісі болып қызмет
етті. 1932 жылы маусымда Сауд Арабиясы
королінің мұрагері Фейсал әл-Саудтың КСРО-ға
ресми сапарын ұйымдастырды. Нәзір Төреқұлов
елші болған жылдары араб тілін жетік меңгеріп,
бірнеше мәрте кіші және үлкен қажылық рәсімін
орындады. 1936 жылы КСРО Ұлттар кеңесінің
жанындағы Орталық тіл және жазу ғылыми-
зертханалық институтына қызметке орналасып,
1937 жылы шілдеде «халық жауы» деген
айыппен ату жазасына кесілді. 1958 жылы КСРО
Жоғарғы сотының шешімімен ақталды. ҚР
Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы №57
қаулысымен дипломаттарға арналған «ҚР
сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» Нәзір
Төреқұлов атындағы медаль берілетін болып
шешілді. Бүгінде бұл медаль мемлекетіміздегі
жоғарғы наградалардың бірі болып саналады.
«Еуропа Одағына мүше кейбір
елдердің арасында кедендік
паспорттық тексеруді алып тастау»
туралы Шенген келісімі 26
мемлекетті қамтиды. Олар:
Австрия, Бельгия, Венгрия, Греция,
Дания, Германия, Исландия,
Испания, Италия, Латвия, Литва,
Лихтенштейн, Люксембург,
Нидерланд, Норвегия, Мальта,
Польша, Португалия, Словакия,
Словения, Финляндия, Франция,
Чехия, Швеция, Швейцария және
Эстония. Қысқа мерзімді шенген
визаларының қолданылу тәртібі
Шенген аймағына кіретін барлық
елдерде бірдей. Бір мәртелік
визамен Шенген аймағына визаны
берген консулдық мекеменің елі
арқылы ғана кіруге рұқсат етіледі.
Мысалы, сіз визаны Францияның
консулдығынан алсаңыз, онда кез
келген Шенген еліне тек Франция
арқылы бара аласыз.
САЯСИ БЮРО
Атқарушы билік атқару ісіне
салғырттықпен қарап отырған жоқ па?
Коммунистер коммуналдық
төлемдердің қымбаттауына алаңдайды
Шетелде кадр даярлау мәселесі талқыланды
Мемлекет басшысының қазан айының басында Үкіметке кемшіліктерге
жол бермеуге қатысты айтқан сыны депутаттар үшін тосын жаңалық
болудан қалған көрінеді. Мәселен, Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы
фракциясының төрағасы Азат Перуашев мұндай сынды қолдап, Үкіметтің
халық алдындағы жауапкершілігін нақты қамтамасыз ету керек деп
санайды. Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар
қызметіне келген Мәжіліс депутаты Үкімет қабылдаған бағдарламалар-
дың аяқсыз қалуына қатысты өз уәжін алға тартты.
5 қараша күні ҚХКП-ның Қарағанды қаласындағы Қарағанды обкомы
және 6 қараша күні Орал қаласындағы ҚХКП-ның Батыс Қазақстан
обкомының коммунистері «Тарифтерді және бағаларды көтер, ал өмір
сүру деңгейін төмендет» тақырыбында рұқсат етілген митинг өткізді.
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық комиссиясының отырысы өтті. Бұл жөнінде akorda.kz сайты
Достарыңызбен бөлісу: