мақұлданды. Құжатты әзірлеуге Елба сының
болуы. Осының өзі өнімнің түпкі бағасы на,
етеді. Ал бұл норманы енгізсек, өнеркәсіп
ы.
ол. Бұл ретте сатып алынатын шикізаттың
қарастырылады. Атап ай
басымдық берілмек. Өйткені мұндай
саналып отыр.
лады. Сонымен бірге ауыл тұрғын-
Әділжан ҮМБЕТ
Оқушы дәптерлерінің мұқабасына оқу үдерісіне қатысы жоқ суреттерді салуға қалай тыйым саламыз?
Ерғали БАҚАШ,
Халықаралық
«Бөбек» қоры
орталығының баспа
ісі-редакциялау
бөлімінің жетекшісі:
Дарья ГАЙДЕНРАЙХ,
Қазақстанның
балалар өнімдері
индус триясы
қауымдас ты ғының
президенті:
? А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
– Бұл мәселені қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мәжіліс де пу таты
Бекболат Тілеухан ағамыз Парламент мінберінен бірнеше мәрте көтер гені
анық. Бірақ оң нәтиже бермеді. Шынымен де, кіршіксіз ақ қағаздың бе тінен
жалаңаш қыздардың не болмаса басқа да мән-мағынасы жоқ сурет тердің
тұрғаны дұрыс емес. Егер міндетті түрде сурет қою керек болса, өзіміздің Қыз
Жібек, Әлия, Мәншүк секілді есімі дара аталатын апала ры мыз дың суретін неге
салмасқа? Ұлы жазушы М.Әуезов «Ел боламын десең, бе сі гіңді түзе» дегенді
тектен-текке айтпағанын әлі күнге жете түсінбейтін сияқ ты мыз. Еңсесін енді
тіктеп, мектеп партасынан бойын түзейтін оқу шы ларға жала ңаш қыздардың
суреті басылған дәптермен сабақ беріп, қалай ұлтжанды ұрпақ тәрбиелей
аламыз? Мұны өзгерту қиын емес, ол біздің қолы мыз дан келеді. Тауарды сатып
алушы, яғни тұтынушы өз тарапынан сұраныс біл дір месе, тапсырыс та, өндіріс
те болмайды. Тұтынушының талап қоюға мүм кін дігі мол.
– Білуімше, еліміздегі оқушы дәптерлерінің көпшілігі
Қытай сынды көршілес елдерге тапсырыс беру арқылы
елге жеткізіледі. Ал Қытай ойына келген суреттерді
тапсырыс берушінің тауарына жапсыра бермейді, бұл –
оқушы дәптерлерінің мұқабасына оқу үдерісіне қатысы
жоқ суреттерді салуға біздің кәсіпкерлердің өздері
тапсырыс береді деген сөз. Бұл жерде, әрине, баласына
тап сондай оқу құралдарын сатып алып беретін ата-
ананың да кінәсі бар. Әйтпесе мән-мағынасы түзу суретті
дәптерлер сатылымда жетерлік. Жалпы, қоғамда мұндай
проблема болса, балалардың сана сезіміне дәптер
мұқабасындағы суреттер кері әсер етіп жатқан болса,
Стандарттау мен сертификаттау органдары мен білім
басқармалары бірігіп қадағалау шараларын қатаң қолға
алып, бақылау жүргізуі тиіс деп есептеймін.
Маргарита
ӨСКЕМБАЕВА,
Қазақстандағы тең құқық
пен мүмкін дік тер
институтының директоры,
балалар психологі:
Дайындаған Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА
– Жасыратыны жоқ, менің сертификаттау орталық та-
рына көңілім толмайды. Себебі дәптерлердің басым
бөлігі өндіріс шығыны төмен Қытайдан келіп жатса да,
қолданысқа рұқсат беретін құжаттарды кәсіпкерлерімізге
бере береді. Еліміз бай, сапалы тауар шығаруға қаржысы
жетеді, бірақ біздің бизнесмендер ақша үнемдеу
мақсатында дизайнермен жұмыс жасап, шығынға
батқысы келмейді. Кәсіп иелерін балалардың психикасы
қайдан қызықтырсын, пайда көзі болса болды. Әйтпесе
оқушы дәптеріне «барби» мен өрмекші адамның
қорқынышты суреттерін салудың не қажеті бар? Бала
сабақ оқымай алданатыны былай тұрсын, сапасыз сия
езіліп, қолына жағылып, көзіне түседі, эстетикалық
тұрғыдан да қарап тұрып көңіліңе түрпідей тиеді, ал біздің
қадағалаушы органдардың шара қолданар түрі жоқ.
Озонотерапияның
артықшылығы көп
Ең алғаш озонотерапия әдісі ҚР Пре зи-
ден ті істері жөніндегі басқармасы меди-
цина орталығының клиникалық ауру ха-
насы – Совминнің экстра кор по рал ды
ге мотүзету бөлімінде енгізілді. Бүгінгі күнде
озонотерапия сауықтыру мен емдеудің
әлемдегі ең кең тараған дәрі-дәрмексіз
тәсіліне айналуда.
Жолымбет ТІЛЕУОВ, Экстракорпоральді
гемо түзету бөлімінің меңгерушісі:
– Осы уақытқа дейінгі іс-тәжірибе
озон газының көмегімен көптеген ауру-
лар ды емдеп, жазуға болатынын көр-
сетіп келеді. Бірқатар жағдайларда тек
озон ғана күшті әсер ететін дәрілерді
тиімді түрде ауыстыруға қабілетті екенін
дәлелдеді. Ең маңыздысы, озонның
ешқандай қосалқы әсері жоқ. Сонымен
қатар озонмен ұштастыра жүргізгенде,
емдеудің өзге тәсілдерінің тиімділігі
бірнеше есе артады. Микробты жасу-
ша лардың, вирустың, сүйелдің ішіне
оңай ене отырып, озон озонидтердің
мембранаға қышқылдандырушылық
әсер ететін, солайша олардың қабық-
ша ларының бүтіндігін бұзатын биоло-
гия лық белсенді топтарын түзеді. Озон-
ның өте жоғары антисептикалық
тиім ділігі оның дәл осындай қасиетіне
негізделген, ол антибиотиктерге төзімді
герпестің, А, В, С гепатиттерінің вирус-
та рына және басқа да күшті вирустарға
да әсер етеді.
Маманның айтуына қарағанда, озо-
нид тер, сондай-ақ бүкіл ағзадағы фер-
мент
тердің және жасуішілік құры
лым-
дардың белсенділігін күшейтетін
ката
лизатордың да қызметін атқарады.
Осыған орай адам ағзасында қышқылдану-
қалпына келу үдерістері жанданады.
Ағзаға озон енгізу қанда оттегінің күрт
көбеюімен қоса жүреді және биологиялық
белсенді заттардың түзілуі жақсарады.
Соған сәйкес, қанның қызыл түйір шік те рі-
нің – эритроциттердің оттегі тасымалдау
қабілеттілігі артады. Озон сфероциттердің
пішінін өзгерту арқылы және эрит ро цит-
тер дің жабысқақтығын болдырмау жолы-
мен тамырдағы қанның аққыштығын арт-
ты
рады, соның есебінен барлық дене
мү шелерінің және бұлшықеттердің, соның
ішінде оттегімен жеткіліксіз қоректенетін
тұстардың, қанмен қамтамасыз етілуі жақ-
сарады. Сондай-ақ озонидтер иммундық
жүйенің жасушаларын, әсіресе олардың
фаго цитарлық қызметін жандандырады,
оның қорғаушылық белсенділігін 10 есе
арт тырады. Простагландиндерді – қабы-
ну шылық реакцияларға қатысатын биоло-
гия лық белсенді қосындыларды қыш қыл-
дан дыра отырып, озонидтер зақымданған
еттердегі қалпына келтіру үдерістерін
орнына келтіреді, бұл қабыну құбы лыс та-
ры ның жойылуына әсер етеді. Озонның
төменгі дозаларын алғанның өзінде-ақ
көмірсутегінің қышқылдану үдерістерін
жыл дамдататын ферменттердің, липид-
тер дің және белоктардың бел сен ді лігін
тежеп, оның орнын жігерлілік, жұмыс істеу
қабілеті қалпына келушілік сезімі басады.
Озон ұйқысыздықтан, күйзелістен және
сонымен бірге созылмалы шаршаңқылық
синдромынан айықтырады.
Экстракорпоральді гемотүзету бөлі мін-
дегі ерекше ем әдісінің тағы бірі – плаз мо-
ци таферез. Мамандардың айтуынша, бұл
тәсілдің тиімділігі мол.
Д.М.ҚАЛТАЕВА, жоғары санатты дәрігер:
– Плазмоцитаферез – экстра кор-
поральді гемо-қалпына келтірудің
емдік мақсатпен қанда (плазмада)
эндо
гендік және экзогендік ток
син-
дердің, айналыста болатын иммундық
кешендердің, аллергендердің, пато ло-
гиялық жат денелерді, холестеринді,
қанның ұйығыштығы факторларын
немесе пішінді элементтердің (эрит ро-
цит тердің, тромбоциттердің, лей ко цит-
тердің) қанығуын арылтуға немесе
азайтуға негізделген әдіс. Плаз мо ци та-
фе рез аллергиялық аурулар (асқынған
және созылмалы есекжем, квинке
ісінуі, маусымдық поллиноз, аллер гия-
лық дерматиттер, бронхылық астма),
аутоиммундық аурулар (асқынған гло-
мерулонефрит, ревматоидты артрит,
жүйелі қызыл жегі, склеродермия,
жүйелі васкулит және т.б.), ішкі мүше-
лер дің эндотоксикозбен (панкреатит,
гепатит, холецистит, холангит және т.б.)
қосарланған созылмалы және асқынған
аурулары. Тері аурулары (экзема,
нейродермит, теміреткілер және т.с.с.),
зат алмасуының бұзылуы (гипер
хо-
лестеринемия, подагра, порфирии
және т.с.с.), тиреотоксикоз, аутоим мун-
дық тиреоидит, қант диабеті, жүкті
әйелдердің резус – қиыншылықтары,
эритроцитоз, тромбоцитоз, гипер лей-
ко цитоз, кез келген себептен уыттану
жағ дайларында қолданылады.
«Мың естігеннен бір көрген артық»
дейді халық даналығы. Сөзіміздің рас ты-
ғын білудің еш қиындығы жоқ. Ол үшін
Совмин ауруханасына бас сұғу жеткілікті.
Есіктен кірген сәтте-ақ тіркеу бөлімінде
отырған мамандардың жылы шырайы мен
жүректі жылытар сөзі-ақ дертіңді жеңіл де-
теді. «Дәрігер тек емімен ғана емес, сөзі-
мен де дертке дауа береді» деген сөздің
шындығына Совмин ауруханасына бар-
ған да өзіңіз куә боласыз.
Қалдар КӨМЕКБАЕВ
ДЕНСАУЛЫҚ
Қолданыстағы көптеген дәрі-дәрмектердің қосалқы
әсері болатыны белгілі. Сондай-ақ мамандар үзбей дәрі
пайдаланудың кей жағдайда адам ағзасына зиян екенін де
айтады. Сондықтан да соңғы кездері медицина саласында
табиғи емдік шөптерді, адам ағзасына зиян келтірмейтін ем
тәсілдерін қолдану өркендеп келеді. Сондай зиянсыз ем тәсілінің
бір түрі – озонотерапия.
ОЙ-КӨКПАР
Басы 1-бетте
Дайрабай ҮСІПБАЕВ,
«Қазимпэкс Ақтау»
қорының директоры, экономика ғылымының
кандидаты
Халықты солтүстік өңірлерге тарту үшін жалақыға
аймақтық үстеме коэффициент белгілеу керек пе?
ИƏ
ЖОҚ
Ерболат МҰСАБЕКОВ,
ҚР Статистика
агенттігінің Әлеуметтік және демографиялық
статистика департаменті директорының орынбасары
Ал көшіп баратындарға біздің талабы-
мыз осындай деп түсіндіріп, іріктеп, алалап
отыру қиындық әкеледі. Сондықтан халық-
ты солтүстік өңірге тарту үшін жалақысына
аймақтық коэффициент қосудың нәтижелі
болатынына сенбеймін.
Негізі, қазір біршама уақытқа оралман-
дар көші тоқтап тұр. Біз осы бағытта нәти-
жеге жеткіміз келсе, оралмандарды сол-
түс тік өңірге көшіріп әкелу жұмыстарын
тоқтат пауымыз керек еді. Олар, бірінші-
ден, қазақтілді, жалақыларына қанша ай-
мақ тық коэффициент қоссаң да, қоспасаң
да орыс тілінде сөйлемейді. Дәл қазір сол-
түс тік өңірдегілердің жалақысына үстеме
коэф фициент белгілесек, одан кім ұтады?!
МӘСЕЛЕ
География саласына қашан көңіл бөлеміз?
Өткен ғасырдың басына дейін Қазақ-
стан аумағындағы табиғат бөліктері жеке-
жеке зерттеліп келген. 1920 жылдан бас-
тап біздің елімізде физикалық география
бойы нша деректер жүйелі түрде жинала
бас тады. Алайда бұл орайда арнайы зерт-
теу мекемесі ұзақ жылдар бойы құрылған
жоқ. География ғылымдарының одан әрі
дамуы на сүбелі үлес қосып келе жатқан
Қа зақ стан Ғылым академиясының Геогра-
фия институтының тұсау кескеніне биыл
тұп-тура 30 жыл толып отыр. Сонда біз
қан шама жылдар бойы өзге жұрттың ға-
лым дарының зерттеуін місе тұтып келгені-
міз жасырын емес. Оның құрамында гля-
цио логия, ландшафттану, геоморфология
және топономика, таулы аймақ геоэко ло-
гиясы лабораториялары жұмыс істеді.
Аттарынан көрініп тұрғандай, аталмыш
орындар өз салалары бойынша жемісті
еңбек ете білді. Дегенмен біз сол еңбек-
терді көп біле бермейміз. Оны насихаттауға
келгенде кежегеміз кейін тартып, мүлдем
ескерусіз қалады. Көршілес Ресейді алып
қа расаңыз, онда бұл бағытта қаншама ға-
лымдар мен мамандар жұмыс жасап келе-
ді. Олар бір-бірімен бәсекелестік деңгейде
ең бек етеді. Ресейдің географиялық кел-
бе тін кеңінен насихаттауға мән береді. Бұл
мақсатта талай кітаптар жазылып жатыр.
Га зет-журналдар санынан адам жаңылы-
сады. Телебағдарламаны былай қойған-
ның өзінде, сол тақырыпты қаншама
арнайы телеарналар насихаттап жатыр.
Теле дидар тетігін қосып, ресейлік арналар-
ды тамашалай қалсаңыз, аталмыш тақы-
рыпта жан-жақты әңгімеге құлақ түруге
әбден болады. Өкінішке қарай, бізде оның
бірі де жоқ. География саласы бойынша
арнайы мерзімдік басылымдар бар шығар.
Бірақ оған халықтың қолжетімділігі төмен.
Қазақ шалғайдағы шет мемлекеттердің
географиясы жайында жатқа соғатын
шығар. Өкініштісі, іргеде тұрған нысан жа-
йын да ештеңе қақпайды. Өйткені өрке-
ниет ке қадам басқан елдер өздерінің тау-
тасын, керемет табиғат көріністерін және
өзге де дүниелерді насихаттауға құлық
танытады. Соның арқасында өздерінің
табиғи әлемін кеңінен насихаттауға жол
ашып отыр. Бізде де содан бір мысқал да
кем түспейтін табиғи байлықтар бол-
ғанмен, оны өзге түгіл, өзіміз де әрең біле-
міз. Тіпті әлі де зерттеуден тыс қалып жүр-
ген жерлер де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: