тар сатып алынған. Қазіргі кезде қазақтың
жатыр. Оған қоса ш
сатып алынған. Бірақ бұл сиырлар аздық
етіп отыр. Сондықтан әлемдік іріктеуден
алу жағы қолға алыныпты. Мәселен, өткен
тапсырыс беру жүйесін енгізген жөн.
алға тартуда. Қазірде Үкімет ауру малдың
№185 (867)
18.10.2012 жыл,
бейсенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
Басы 1-бетте
ҚОҒАМ
КӨКЕЙКЕС
ТІ
ТҮЙТКІЛ
Еліңе кел деп шақырып, еңіреткеніміз қалай?!
Судың да сұрауы барын ұмытпайық
Дау, негізінен, қалада біртіндеп бос үй
қалмай бара жатқанынан шығып отыр.
Өйткені «Нұрлы көш» бағдарламасы қа-
был данған шақта келетін қандас тарымызға
қарастырылған қадамдардың бірі осы
баспанамен қамтамасыз ету бо латын. Ал
оның жайы бағдарламада бы лайша баян-
далған: «Тұрғын жайлар жергілікті ат-
қарушы ор гандардың ком мунал дық мен-
шігіндегі тұрғын үй есебінен үлес тіріледі.
Кейбір аймақтарда оралман дарды шоғыр-
ландырып қоныс тандыратын қалашықтар
салынбақшы. Олардың қарызын қайтару
үшін оралмандарға «Қа зақстанның тұрғын
үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық
мөлшерде несие беріледі. Оны қайтару
үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен
шұғылдануға қар жы бөлінеді».
Алайда, басқа өңірді қайдам, Кур-
чатовтағы қандастарымызға осыдан екі-үш
жыл бұрын келгенде айтылған мұндай
мүмкіндіктердің көбі орындалған жоқ.
Мәселен, алғаш келгенде балабақшадан
жұмыс берілген Тасқын Ербақтың отбасы-
лық жағдайы қандай екендігіне жергілікті
атқарушы органдардың назар аударма-
ғаны көрініп тұр. Бес баласы бар отба-
сының отағасы әкелетін 15 мың теңге жа-
лақымен жан бағып отырғанына қарап,
«Жаны ашымастың қасында басың ауыр-
масын» деген мәтелдің мағынасына қаныға
түсесің. Бұл табыстың (табыс деуге болса,
әрине!) 5 мың теңгесі жарық төле міне жұм-
салғанда, қалған ақшаның қайда жететінін
ойлаудың өзінің қажеті шамалы. «Мұндай
жағдайда отырып, несиеге берілген бас-
панасын меншікке айнал
дыруы мүмкін
бе?» деген сұраққа жауап іздеудің өзі ақыл-
ға сыймайды. Ал отырған үйінің жалпы
құны – 4 млн 500 мың теңге.
Бір ғана отбасындағы осынау ахуалдың
өзі оралмандардың жан күйзелісінің орын-
сыз еместігіне дәлел. Разигүл Мақаш есімді
қандасымыздың сөзіне сүйенсек, «Тұрғын
үй құрылысжинақ банкі» арқылы берілген
баспанасының 1,5 млн теңгесі бір жылда
төленуі тиіс екен. «Бұл қалай?» деп себебін
білуге барсақ, бізді адам екен деп отырған
не банк, не әкімдік жоқ», – дейді қандасы-
мыз ашынып.
Баспанадан басталған дау-жанжалдың
астарына үңілсеңіз, әлдебір сұмдықтың
тұмсығы сығалай бастайтындай. Салынған
үйлерге деген сұраныстың артуы әкімдікті
оралмандарға берілген үйлерді сатуға
итермелеген сыңайлы. Яғни күйі келіп
тұрған жанның ғана үй сатып ала алатыны
белгілі. Ал оны қарызға беріп, мемлекет
қазынасына қайтарылуын пәленбай жыл-
дап күту банкке де, әкімдікке де тиім сіз.
Жергілікті биліктің желеу ететіні –
Курчатовта «Нұрлы көш» бағдар ламасы-
ның орындалу мерзімі 2011 жылы аяқта-
лып қойған.
Достарыңызбен бөлісу: