Экологиялық мәселеге
байланысты «Оян, қазақ!»
дейтін кез жетті
ДАТ!
Хайрулла ЖАНБЕКОВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің химия және биология факультетінің деканы, профессор:
– Хайрулла Нышанұлы, білуімізше,
сіз жоғары оқу орнын химия саласы
бо йынша бітіріп, бірақ экология мә се-
лесі бойынша ғылыми-зерттеу жұ мы-
сын жасап жүрсіз. Мұның себебі неде?
– Расымен де, 1981 жылы қазіргі Қазақ
ұлттық университетінің химия факультетін
бі тіргенмін. Оқу орнын тамамдаған соң,
Ғы лым академиясының органикалық ка-
тализ және электрохимия институтында
қыз мет атқарып жүргенде ғылыми жұ мы-
сым ды қорғадым. Ол кезде мұғалім болу
туралы еш ойламаппын да. Бір күні «Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
уни верситетінде ер мұғалімдер өте азайып
кет ті, университеттің химия факультетіне
қыз метке келсеңіз» деген ұсыныс түсті. Уни-
вер ситетке келіп, кафедра меңгерушісіне
жо лықтым. Ол кісі бірден «өтінішіңді жаз»
деді. Сол күні өтініш жаздым да, бір күнде
мұғалім болып шыға келдім. Кафедра
меңгерушісі Әзімхан Фазылұлы Сейітжанов
ағамыз «сен таза ғылымнан келдің, мұғалім
болдым деп ғылымды тоқтатып қоймай,
одан әрі жалғастыру керек» деп кеңес
берді. Бір жылдай оң-солымды бағдарлап,
сонан соң ғылыми-зерттеу жұмыстарына
кірісуге бел байладым. Содан студент кез-
дегі ҚазМУ-дегі жетекшім Мұсабеков Қуа-
нышбек ағама барып ақылдасып, жа-
сайтын ғылыми еңбегімнің ауылдағы
аға йынға шарапаты тисе екен деген ойым-
ды жеткіздім. Ол кісі де оңтүстік өңірге нәр
бе
ріп отырған Сырдария өзенінің эко-
логиясы өзекті мәселе екенін айтып, сол
ба ғытта жұмыс істеуге жол сілтеді. Жа сы-
ратыны жоқ, алғашында бұл тұста не із де-
ніс жасауға болады деп біраз ойланып
жүрдім. Өзім сол Сыр өңірінде туып-өсіп,
бұл аймақтың экологиялық мәселесіне
жастайымнан қанық болғандықтан,
тәуекел деп жұмысты осы мәселеге қатысты
материалдар жинаудан бастап кеттім.
Басты мақсат Сырдария өзеніндегі су
құрамының минералды тыңайтқыштармен,
ауыр металдармен ластануын зерттеу еді.
Өзен суының құрамындағы ауыр метал-
дардың мөлшерін зерттеп жүргенде, «неге
өзен суының құрамындағы ра
дио
ни
ку-
лидтердің мөлшерін зерттемейміз» деген
ой келді де, осы бағытта іске кірісіп кеттік.
Сырдария жағалауындағы Шалқия елді
мекені тұсындағы су құрамын тексерген
кез
де сынамадан адам денсаулығына
зиян ды радионикулидтердің 20-30 есеге
артық екені анықталды. Өзен суының құра-
мын дағы қорғасын мен мырыш мөлшері
де шектен тыс артық екені белгілі болды.
«Мұн дай дәрежеде ластанудың сыры не-
де?» деген сауал туындады. Сырдария өзе-
ні Тянь-Шаньнан бастау алып, Тәжік, Қыр-
ғыз, Өзбек елдерін басып өтіп, бізге келетіні
бе лгілі. Сондықтан алғашқы кезде ластану
сол жақтан басталған болар деген де күдік
бол ған. Алайда Шардараға құяр тұстағы
өзен суының сынамасында ауыр металдар
мен минералдардың рұқсат етілген мөл-
шер ден аса көп артық емес екені аны қ тал-
ды. Содан «Жаңақорған, Шиелі, Бәйгеқұм
ел ді мекендерінің тұсында өзен суындағы
зиян ды заттар неге көп?» деген сауалдың
жауабын іздеуге кірістік. Бірден «бұл осы
аумақтағы уран өндірісінің салдары болар»
деген күдік пайда болды. Соңынан зерттеу
қорытындысы сол күдігімізді растады. Сол
бір 1995 жылдан басталған зерттеулеріміз
әлі де жалғасып келеді.
– Жаңа бір сөзіңізде «бұл аймақтың
экологиялық мәселесіне жастайымнан
қа нықпын» дедіңіз. Жас кезіңізде өңір-
дің экологиялық мәселесімен бет пе-
бет келген кезіңіз болып па еді?
– Мен туған ауыл Оңтүстік Қазақстан
об лысы Отырар ауданына қарасты Табақ-
бұ лақ елді мекеніне жақын орналасқан. Ал
Табақбұлақ ауылы (Заречное) – уран өн ді-
рісі кәсіпорнымен әлемге әйгілі болған ме-
кен. Бұл өңірде уран өндіру Кеңес өкіметі
тұ сында басталып, кейіннен жабылған еді.
Уран өндіру басталған сол кездерде Та бақ-
бұ лаққа жақын маңдағы ауыл тұрғындары
лей шманиоз дертіне тап болды. Лей ш ма-
ниоз – денеде пайда болатын жара. Егер
де ненің бір жері жырылып кетсе не маса
шақ қан жерін тырнасаңыз, ол үш айдан
алты айға дейін жазылмай жүріп алады.
Сол аралықта үлкейіп, жара көлемі ала қан-
дай болып кетеді. Жараны емдеуге сол кез-
де медицинада қолданыстан алынып тас-
талған канамицин, мономицин деген
ан тибиотиктерді вазелинге араластырып
жа ғатын. Ол антибиотиктерді әр үйге тегін
та ратып беретін. Кейін білсем, бұл ан ти-
биотиктердің қолданыстан алып тас
та-
луының сыры бар екен. Дәрігерлердің ай-
туы на қарағанда, канамицин, мономицин
антибиотигінің 10 екпесін (укол) алған
адам не керең, не соқыр балып қалатын
кө рінеді. Ал ол антибиотиктерді вазелинге
ара ластырып жаққанда да, адам ағзасына
зия ны болуы әбден мүмкін. Жазылған соң
жара орнында күйіп қалғандай үлкен дақ
қалады. Сол кездерде жас қыздардың бет-
те рінде күйіп қалған сияқты алақандай
дақ ты көргенде жүрек сыздайтын. Ондай
дақ менің өз баламның да қолының сыртқы
бе тінде бар. Оның бәрі сол уран өндірісінің
ке сірі болатын. Бәлкім, Сырдария өзенінің
радиациясын зерттеуге бел байлауыма да
осының бәрін өз көзіммен көріп өскендігім
түрткі болған шығар. Соңғы жылдары Та-
бақ бұлақта уран өндіру қайта жанданды,
со ның салдарынан тұрғындар арасында
лей шманиоз қайта пайда бола бастады.
– Білуімізше, Заречное уран өндіру
кә сіпорны Сырдария өзенінен біршама
қа шық жерде орын тепкен. Сонда да
өзен суының құрамындағы радиация
мөлшерінің артуына ықпал етіп жатыр
ма?
– Заречное уран өндіруші кәсіпорны
бұл өңірдегі бір ғана мекеме емес. Оңтүстік
ай мақта уран кенішінің төрт торабы ор на-
ласқан. Солтүстік торапта Уанас, шығыс
Мың құдық, Ыңғай, Ақдала, оңтүстік Ың-
ғай, батыс Мыңқұдық, орталық Мыңқұдық
және Буденовское кеніштері орналасса,
шығысында оңтүстік Мойынқұм, оңтүстік
Мо йынқұм-1, Төртқұдық, Қанжуған, оң-
түс тік Мойынқұм-2, батыс торапта солтүстік
Қа
рамұрын, оңтүстік Қарамұрын, Қа-
расан-1, Иіркөл және оңтүстік торапта ірі
Заречное, Табақбұлақ кеніштері бар.
– Сонда бүгінгі таңда Сырдария өзе-
нінің суындағы радиация мөлшері қа-
уіп ті деңгейде болуына тікелей әсер
етіп отырған қай кен орны? Жалпы,
бү гінгі таңда уран өндірісінің қоршаған
ор таға тигізіп жатқан зияны қан ша-
лықты?
– Дәрігерлердің айтуынша, кез келген
адам ның бойында рак ауруының клет ка-
лары болады екен. Ол белгілі бір әсерден
оя натын көрінеді. Міне, радиация сол клет-
каларды қоздырушы болып табылады, яғ-
ни рак клеткаларының оянуына ықпал
етеді. Мұның ең басты қауіптілігі осында.
Сыр дария өзенінің Шиелі, Бәйгеқұм ау-
дандарының аумағынан өткен тұста, жер
ас тында шамамен 400-600 метр тереңдікте
өзенге көлденең қиып жатқан ұзындығы
100, ені 2-10 шақырым болатын уран қо-
ры бар. Міне, сол жердегі уранды өндіру
ба рысында өзен суына зиянды заттар еніп
жатыр. Сол тұстағы су құрамын зерттеу ба-
рысында судағы радионикулидтердің мөл-
ше рі 20-30 есеге артық екені анықталды.
Бұл аймақта уран өндіру осыдан 30 жыл
бұ рын басталған. Мамандардың па йым-
дауынша, тағы 50-60 жыл өндіріледі.
Алайда кейін өндіріс тоқтағанымен, оның
за лалы қала береді. Ал өзеннің төменгі са-
ғасында орналасқан елді мекен тұр ғын-
дарының шаруашылық, ішімдік суын Сыр-
дариядан алып пайдаланып отырғанын
ес керсек, сол елді мекен тұрғындарының
ден саулығына келіп жатқан зиянның мөл-
шерін айтудың өзі артық. Бұл өңірде ішуге
жа рамды жерасты сулары жоқ. Сондықтан
өзен суын пайдаланады. Әрине, өзен суы
бел гілі дәрежеде сүзгіден өткізіліп, та за-
лан
ған соң ғана ауызсуға жарамды су
ретінде қолданысқа беріледі. Десе де, су
құ рамындағы радионикулидтерді түбе гей-
лі жойып жіберу мүмкін емес екені белгілі.
Ал сол суды ішіп отырған халықтың ден сау-
лығына, жерінің топырағына, қоршаған
ор тасына келіп жатқан зиян орасан зор.
Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
арқасында жабылған, бір кездегі Семей
яд ролық полигоны аймағында тұратын ха-
лық арасында әртүрлі патологиялық өз ге-
ріс термен туатын балалар көп болған еді.
Сон дай балалар бүгінгі күні Қызылорда
өңі рінде туып жатыр. Мұның бәрі сол ра-
диа цияның әсері екені сөзсіз. Бірақ мұндай
құ былыстар ешқандай жерде тіркеліп, ай-
ты лып, көрініс тауып жатқан жоқ. Бұл жай-
лы жергілікті билік те, дәрігерлер де әзірге
жақ ашпай отыр. Яғни жабулы қазан жа бу-
лы күйінде қалып отыр. Егер бұл мәселеге
үкі меттік деңгейде көңіл бөлінбесе, Қы-
зыл орда бір кездегі Семейдің күйін кешуі
мүм кін. Біз қазір уран өндірісінің эко но ми-
калық пайдасын ескеріп, экологиялық
зиянына мән бермей отырмыз.
– Уран өндіру үдерісіндегі эко ло-
гиялық зиянды азайтудың амалдары
жоқ па сонда? Егер ондай мүмкіндік
болмаса, онда уран кеніштерін жауып
тастау керек шығар?
– Уран өндіруді, әрине, тоқтатуға бол-
майды. Өйткені мемлекетке ураннан тү се-
тін пайда мол. Қазіргі таңда әлемде уранға
деген сұраныс күн санап артып келеді. Уран
– ең тиімді энергия көзі. Мысалы, бір келі
уран бір келі көмірге қарағанда 20 мың есе
артық энергия бөледі екен. Сондай-ақ бұл
энергия көзін тасымалдау да арзан. Қа-
зақстан уран өндіру бойынша көш ба сын-
дағы елдер қатарында тұр. Бір кездері уран
өндіру дәстүрлі шахталық және карьерлік
әдіспен жүзеге асырылып келді. Бұл әдіспен
уран өндіргенде шикізат алу үшін жерасты
кені түгелімен сыртқа шығарылады. Сыртқа
шығарылған кеннің 10 пайызы ғана уран
шикізаты, ал қалған 90 пайызын қалдықтар
құ райды. Яғни азғана уран алу үшін қыруар
қал дық қазып алынады. Ал енді сол қал-
дық тарды ашық қалдыруға болмайтыны
бел гілі. Сондықтан оны қайта көму керек.
Бұл өз кезегінде қыруар қаржыны қажет
етеді. Яғни шығын көбейеді.
Сондықтан да соңғы кезде уран өндіру
өн дірістік әдіспен, яғни жерасты шаймалау
әдісімен амалға асырылып жатыр. Жер
қойнауына бір ұңғыма арқылы 2 пайыздық
күкірт қышқылының ерітіндісі жіберіледі
де, екінші ұңғыма арқылы уранмен ба йы-
тылған ерітінді сорып алынады. Сорып
алынған ерітінді арнайы жасалған ван на-
ларда шайылады. Ванналардың астына су
өткізбейтін пленкалар төселеді. Десе де,
кей жағдайларда ерітінді пленкадан өтіп,
топыраққа сіңеді де, жерасты сулары
арқылы өзен суымен араласады. Сонан соң
ұң ғымалардағы трубалардың гер ме ти-
калық қауіпсіздігіне де ешкім кепілдік бере
алмайды. Трубалардың жалғасқан жерлері
арқылы уран ерітіндісі ағып, жерасты
суларына қосылып жатуы ықтимал. Бұл
жер дегі тағы бір мәселе – уран өндіруші
кә сіпорындардың өнімді көп алу мақ са-
тында ұңғыма арқылы мөлшерден тыс кү-
кірт қышқылының консентрациясын жер
қой науына жіберуі. Ал бұл жағдайда қор-
шаған ортаға келер зиян еселеп арта түседі.
Шаймалау әдісінің дәстүрлі әдістен тағы бір
өз гешелігі – ұңғыма арқылы тек уран алы-
нады да, зиянды қалдықтар жер астында
қа ла береді. Күкірт қышқылының кө ме-
гімен уран өндіру кезінде топырақтың
қыш қылдық деңгейі өзгереді. Күкірт қыш-
қы лының ерітіндісі сутегі мен сульфат ион-
да рынан тұрады. Сутегі топырақтың қыш-
қыл
дығын өзгертеді де, уран кенінен
бө лініп, ерітіндіге өтеді. Ал сульфат ион-
дары біртіндеп қайта өзгерместей керішке
ай налады. Бүгінгі таңда жер астында жи-
налған мұндай керіштің 100 млн тоннасы
жа тыр. Бұл жерде тағы бір мәселе бар.
Уран өндіру көлемі жыл санап артып отыр.
Соған сәйкес, жер астына жіберіліп жатқан
күкірт қышқылының да мөлшері артып ба-
рады. Яғни жер астындағы зиянды қал дық-
тардың да мөлшері өсе түсуде. Бұрын уран
өндіруге қажетті күкірт қышқылын Ақтау
мен Атыраудан және көрші Ресейден та сы-
малдап келсе, бүгінгі күні ол бірқатар қо-
лай сыздықтар мен шығын келтіретін бол-
ған дықтан, енді уран кеніші жанынан күкірт
қыш қылын өндіретін зауыт салынып жатыр.
Де мек, бұл – енді зияндылық тағы арта тү-
се ді деген сөз. Яғни енді қоршаған ортаға
бұ
рынғы уран өндірісінен келіп жатқан
зиян ға күкірт қышқылын өндіретін за уыт-
тың зияны қосылады.
– Зерттеу барысында уран өндіруші
кә сіпорын ішіне кіріп, осы жағдайларды
өз көздеріңізбен көрдіңіздер ме? Сонда
кәсіпорын экологиялық талаптарды
ескермей отыр ма?
– Уран өндіруші кәсіпорын – страте гия-
лық ны сан. Кәсіпорын аумағына кіру үшін
рұқ сат алу қиын, тіпті мүмкін емес. Сон-
дық тан бұл жағдайларға уран өндірудегі
эко ло гия лық мәселелерге зерттеу жұмыста-
рын жүр гізу барысында сол сала маман да-
ры
мен тіл
десе отырып қанық болдым.
Оған қоса, біз өзен суының ластануына
уран өн ді рі сінің себеп болып отырғанын
са лыс тыр малы зерттеулер арқылы көз
жеткіздік. Бұл жер де техникалық регламент
сақталмай отыр деп айтуға толық негіз бар.
Өйткені зерт теулер нәтижесі өзен суының
уран ке нішіне дейінгі тұстарында ра дио ни-
ку лид тердің аз екенін көрсетіп отыр. Әри-
не, уран өндіруші кәсіпорын мүлдем қол
қусырып отыр деуге болмас. Уран өндіруші
кә сіп орын сол маңдағы елді мекендердің
хал қы на әлеуметтік қолдау көрсетіп отыр.
Ба ла бақша салу, мәдениет үйін тұрғызу,
спорт ке шендерін пайдалануға беру деген
сияқ ты жұмыстарды жасап жатыр. Десе де,
бұл халыққа жеткізіліп отырған зиянның
өте уі бола алмасы белгілі. Сонымен қатар
олар да өз тараптарынан өзен суының құ-
ра мына зерттеу жүргізіп отырады. Бірақ,
бір қы зы ғы, олардың зерттеу қорытынды-
ла рында өзен суының құрамындағы ра-
дио ни ку лид тер рұқсат етілген мөлшерден
сон шалықты көп бола қоймайды. Оның
себебі әркімге де түсінікті ғой. Кім өз
жұмысын жаман дей ді?!
– Сіздіңше, уран өндірісінің қор ша-
ған ортаға тигізіп жатқан экологиялық
зар дабын азайтудың қандай жолдары
бар?
– Әрине, уран өндірісінен келіп жатқан
за лалды түбегейлі жойып жіберу мүмкін
емес. Дегенмен оны азайтуға болады. Ол
үшін ең алдымен жаңа инновациялық
технологияларды қолданысқа енгізіп, уран
өндіруде экологиялық талаптарды қатаң
сақ тау қажет. Күкірт қышқылы кон цен тра-
ция сының мөлшерін шектен асырмау, ван-
на лардың түбіне жайылатын пленкалардан
уран ерітіндісінің топыраққа өтуіне жол
бер меу керек. Кеңес өкіметі тұсында эко-
логиялық қауіпті аумақта орналасқан елді
мек ендерді басқа жаққа көшіру мәселесі
кө терілген болатын. Алайда көп ұзамай
қы зыл империя құлап, бұл мәселенің басы
ашық қалды. Сондай-ақ сол кезде ол
аймақты таза ауызсумен қамтамасыз ету
мә селесі де қолға алынған болатын. Кен-
тау дан Жаңақорғанға дейін су құбырын
тар ту жоспары болған. Өкінішке қарай, ол
жұ мыс та басталмай жатып аяқталды. Әри-
не, сол аумақтағы халықты түгелімен басқа
жаққа көшіру мүмкін емес, бірақ таза ауыз-
су мәселесін шешуге бүгінгі таңда үкіметтің
ша
масы жетеді. Осыған дейін үкімет
ауызсуға қатысты бірнеше мемлекеттік бағ-
дарлама қабылдап, біршама жұмыстар ат-
қар ды. Алайда таза ауызсуға мұқтаж Сыр
өңі ріндегі экологиялық қауіпті елді ме кен-
дер ді ол бағдарламалар айналып өтіп жа-
тыр. Менің ойымша, осы өңірлерді таза
ауыз сумен қамтуға арналған арнайы бағ-
дар лама қажет сияқты.
Отырардан батысқа қарай 50 шақырым
жер де Табақбұлақ ауылы бар. Соңғы 7-8
жыл да осы жерде Қазақстан, Ресей, Қыр-
ғыз және Қытай елдері бірлесіп, уран өн-
ді
руді қайта қолға алды. Шиелідегідей
емес, бұл жердегі уран кенішінде өңдеу
це хы жоқ. Сондықтан алынған уран қос-
пасы теміржол арқылы Өскемендегі өңдеу
за уытына және Қырғызстандағы радиа-
ция лық заттарды өңдейтін арнайы зауытқа
жі беріледі. Тасымал жасайтын теміржол
стан сысы Отырардан 30 шақырым шы-
ғыста орналасқан. Яғни Табақбұлақтан те-
міржол стансысына дейін 80 шақырым. Бұл
төте жол. Алайда уранды елді мекендердің
үстімен тасымалдауға болмайды. Сон дық-
тан Кеңес өкіметі кезінде айналма жол са-
лынған. Ал оның ұзындығы 130-140 ша-
қы рым. Сондықтан тасымалдаушылар түнгі
уақытта жолды қысқарту мақсатында ауыл
ішімен өтетін төте жолмен жүреді. Бұл жай-
лы ауыл адамдары жоғарғы жаққа талай
ша ғым да жазған. Бірақ қазірге оған шара
қол данған ешкім жоқ. Сонан соң уран ері-
тін дісі құйылған вагондар стансыда алты
сағаттан артық тұрмауы тиіс. Бірақ кей жағ-
дайда әртүрлі себептермен бұл талап
орын далмай, уран ерітіндісі тиелген ва гон-
дар ұзақ тұрып қалады. Нәтижесінде тағы
да қоршаған ортағы зиян келеді. Сондықтан
тасымалдау кезінде де талапты қатаң
сақтау керек. Өкінішке қарай, қазір біз сол
талапты сақтамай отырмыз.
– Жалпы, осы жағдайлардан ми-
нистр ліктер, Үкімет басшылары ха бар-
дар ма? Жоқ әлде бұл мәселе төменгі
жақта ғана айтылып жүр ме?
– Мен өзім жоғарғы жаққа хат жол да-
ғаным жоқ. Дегенмен бұқаралық ақпарат
құ ралдарында Сыр өңірінің экологиялық
ахуалына қатысты мәселе көтеріп жүрмін.
Уран кеніштерінің экологиялық зияны
туралы «Түркістан» газетінде үлкен мақала
жарияладым. Сол аймақтың тұрғындары
да қарап жатқан жоқ. Жоғарыда айттым
ғой, осы мәселе бойынша ауыл ақса қал-
дары мен белсенділері жиналып, ел Пре-
зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы На зар баевтың
аты на хат жолдаған. Бірақ сол хаттың Ел-
басының қолына тиген-тимегенін айта ал-
маймын. Тұрғындар тарапынан Үкімет бас-
шы сына да хат жолданған. Алдағы уақытта
жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты
нақты шаралар қолға алынатын шығар
деген үмітім бар.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан Қалдар КӨМЕКБАЕВ
АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...
Экологиялық мәселеге байланысты «Оян, қазақ!» дейтін кез жетті. Яғни
халықтың экологиялық санасын оятатын кез жетті. Балаға жастайынан
экологиялық тәрбие беріп, қоршаған ортаны қорғауды бойына сіңіріп өсіру
қажет. Мысалы, қазіргі біздің балалар пластикалық шөлмектен су ішеді де,
оны кез келген жерге лақтыра салады. Ал пластикалық шөлмек күннің
әсерінен жағымсыз, зиянды иіс шығаратынын білмейді. Егер экологиялық
тәрбиеге қанық болып, ол жайлы білсе, онда ол пластикалық шөлмекті
көшеге лақтыра салмай, арнайы қоқыс контейнеріне салған болар еді. Егер
бала осылайша экологиялық тәрбиені санасына сіңіріп өссе, ол ертең
шенеунік болған кезде де қоршаған ортаны қорғауды шетке ысырып қоймас
еді.
АЛАШ-АҚПАРАТ
Көпбалалы
ана алаяқтық
жасаған...
34 жастағы төрт баласы бар әйел
жылжымайтын мүлік, қымбат көлікті
төменгі бағамен алып беремін деп уәде
беріпті. Оқиға былай болған: қаланың 11
шағын ауданындағы үлескерлік қатысу
бойынша салынған көпқабатты үйлерді
жергілікті бизнесмендердің бірі сатып
алып, 37 элиталық пәтердің иесі атанады.
Алайда 2010 жылы ол көз жұмған соң,
мұрагерлік өсиет бойынша 22 пәтерді
марқұмның ұлы, Белоруссия азаматы
Бауыржан, 15 пәтерді жас әйелі алып
қалады. Гүлмира осы екеуімен танысып,
сеніміне кіріп, пәтерлерді жалға беруге
сенімхат алады да, қарап жүрмей пайда
табуды мақсат етеді. Сөйтіп, ол пәтерлерді
арзан бағамен сатып жібереді, алайда
сату-сатып алу келісімшарттарын жасауды
кейінге қалдырады. Ақтөбеге пәтерлердің
нағыз иелері келгенде, алаяқ әйелдің
қитұрқы істері анықталып, пәтерлерді
сатып алғандар далада қаңғып қалады.
Гүлмираның көлік сату бизнесі тіпті
оңай болған: інісі Руслан шетелден бағасы
қымбат көліктер алып келеді, Гүлмира
олар ды арзан бағаға сатады. Адамдар оны
са тып алып, ауласына қояды да, Гүл ми ра-
ның айтуы бойынша рәсімдеуді кейінге
қал ды рады. Ал бұл уақытта Руслан көлікті
қым бат бағаға сатып алатын адам іздейді.
Руслан адам таптым деген кезде Гүлмира
әлгі сатып алушыға барып, көлікті рәсім-
деу ді жалғастыру үшін көлігін бір-екі са-
ғат қа алып кететінін, қасында бөгде адам-
дар болатындықтан, көлік қо
жайынын
бірге ертіп кете алмайтындығын айтады.
Сөй теді де, көлікті мініп, ізім-ғайым жоқ
бо лады.
Сот барысында «жұртты алдап алған
бар лық ақшаны қайтарамын, мені бас бос-
тандығымнан айыра көрмеңіздер» деп жа-
лынды. Бірақ әркім өз жазасын алуы тиіс.
Сөйтіп, ол барлық мүлкі тәркіленіп, же ті
жылға бас бостандығынан айырылды. Ал
жұрттың ақшасын кім қайтаратыны бел-
гісіз...
Мейрамгүл САТАЕВА,
Ақтөбе
№193 (1104)
5.
5.11
11
.2
.201
013
3
жы
жыл,
л,
се
сейс
йсен
енбі
бі
www.alashainasy.kz
Достарыңызбен бөлісу: |