Республикалық студенттік ғылыми конференция «алматы бизнес, білім және мәдениет орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата06.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7745
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
керек. Өз қорғау сөзінің тіліне, пішініне көңіл бөлмейтін, оған немқұрайды қарайтын адвокат, 
түбінде  өзі  де  байқамастан  тілі  жұтаң,  сөз  саптауы  жаттанды,  сөйлемдері  жадағай  жалған 
шешенге айналады. Сондықтан адвокат өз тілін дамытып, жетілдіріп, байытып отыру керек. 
Адвокаттың  тілінде  қандай  кемшіліктер  әсіресе  жиі  ұшырасады?  Біріншіден,  ғылыми 
қорғау  сөзінің  жалпы  стилін  бұзу,  /стильдік  салақтық/,  ұзақ  та  шұбалаңқы  сөйлемдерді 
пайдалану. Екіншіден, тілдің жұтаңдығы, бояу жалаңдығы, құнарсыздық, үлгі мен сөйлемнің 
кедейлігі. Ондай қорғау  сөз  адвокат-қорғаушының  ойлы салиқалы  шешендік сөзінен  гөрі 
жалаң кеңсе есебін еске салады. Үшіншіден, тілді артық сөздермен  шұбарлау, яғни  басқаша 
айтқанда  «арамшөптермен»  немесе  жұғымсыз  сөздермен  былғау.Төртіншіден,  сөз 
буындарына екпінді дұрыс қоймау. Бесіншіден, сөзді бұзып сөйлеу, мысалы: газэта, тэма т.б. 
Алтыншыдан, ғылыми заңдық  терминологияны ретсіз пайдалану [1, 64 б]. 
Әрине, қалыптасқан ғылыми заң терминдерінен қашуға болмайды, олардың мағынасын 
сол сәтте ажыратып түсіндіріп беру керек, бірақ бірден бастырмалап тыңдаушыны мезі етуге 
болмайды. Өкінішке орай, адвокаттар көбінесе осы кемшіліктен құтыла алмай келеді.  
Тиянақты  қорғау  үшін  сол  ортаға  әсерлі  жағдай  туғызудың  маңызы  зор.  Сот 
отырысында  іске  қатысушылар    өздерін  әрқалай  ұстауы  мүмкін.  Ықыласпен  және  ынтамен 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
87 
 
тыңдалған  қорғау  сөзі  мұқият  қабылданып  есте  сақталады.  Ал  зейінсіз  тыңдалған  қорғау 
сөзінен  адвокаттың  абыройы  түсіп  іске  қатысушылар  арасында  сый-құрметке  бөлене 
алмайды.  Негізінде  қорғау  сөз  тартымды  болса,  онда  іске  қатысушылар  әрқашан  сол 
адвокаттың барлық ісінен қалмауға тырысады. 
Адвокат сот залын  сыйлап, іс  материалының салмағын түсірмеуге тиіс. Қай іс болса да 
іске  қатысушылар  үшін  жаңа  да  тың  іс,  сондықтан    адвокат  оған  бұл  белгілі    іс  қой,  деп 
немқұрайлы қарамауы міндетті. 
Әрбір қорғау сөзін айтар  барысында сезім, адвокаттың іштей толғану сезімі, қажет, ол 
міндетті түрде белгілі бір дәрежеде  сот залына беріледі. 
Егер  бір  сарынды істер   көп жылдар бойы қайталанып қаралатын болса, онда оны әр 
жолы қайта қарап, мазмұнын жетілдіре түсу керек. 
Одан  басқа,  әрбір  қаралатын  іс  жыл  сайын  тек  жаңа  заңдар  мен  материалдар  есебінен 
ғана толықтыру арқылы дамып қоймайды, оған ескі заң бөлімдерінің де септігі тиіп отырады, 
өйткені өзара байланыстар, сол байланыстардың маңыздылығы тұрғысында қысқарту сияқты 
кейбір түзетулер жаңа сипат беріп қорғау сөзінің мазмұны мен бояуын өзгертеді. 
Қорғау  үстінде әрбір мәселені көтеру барысында көкейге қонымды түсінік және жүйелі 
баяндау маңызды рөл атқарады. 
Қорғауда жеке күрделі, ірі іс материалдарын немесе өзара тығыз байланыстағы сұрақтар 
тобын көтерген кезде, оларды бірінен бірін айқын даралап тұратын негізгі төрт сатыға бөлген 
дұрыс, нақтылап айтқанда: 1/ мәселені және сұрақты қою; 2/ оның шешімі; 3/ мәселе өрбуінің 
әрмен қарайғы перспективаларын талқылау; 4/ істі талқылау [2, 85 с]. 
Адвокаттың  қорғау  сөзінің  солғын,  қызықсыз  шығуына  кінәлі  кейбір  себептерін  атап 
өтелік. Олар:  Баяндау  жұғымсыз  жүргізіледі. Басты мәселе қорғау  айқын емес, жалпылама 
түрде  айтылады.  Ұсақ-түйектер негізгі  сұрақ пен  идеяны  шымылдықтап тастайды.  Масаның 
ызыңындай бір сарынды баяндау жалықтырып жібереді. Құрғақ тезисті баяндау, талдау және 
ой  жүгірту  жағы  шамалы  болады.  Қаз-қалпында  жаттанды  сөйлеу,  жансыз  да  бәз-баяғы 
мәліметтер. Қорғау қайнап жатқан айтысу арқасындағы шеберлік көрінісі емес, сіресіп қатып 
қалған заң мен әдістердің қоймасы есебінде қалады. Ешбір дәлелдеусіз және дерексіз баяндау, 
іс-тәжірибеге пайдалану әдістері мен нәтижені қолдану туралы талқылау жетіспейді.  Баяндау 
тез  ескіріп  қалған  және  жаттанды  анықтамалық  мәліметтер  мен  деректерге  толы.  Яғни, 
баяндауды  көрнектілік  жоқ,  құбылыс  төркініне  мән  берілмейді,  жанама  жадағай  ұғымдар 
басым. Адвокат қорғау сөзінің сыртқы пішініне мән бермейді [3, 67 с]. 
Адвокат  сот  жарыссөзінде  қорғау  сөзін  сөйлеген  кезде    өзін-өзі  қалай  ұстауы  керек, 
соның негізгі ережелеріне тоқталып көрелік: 
1. Сөйлемді жылдам да, баяу да емес орташа екпінді ұстай білу қажет. 
2. Алыста отырған тыңдаушыға да әрбір сөзі анық естілетіндей дауыс ырғағын сақтап, 
назарын аудара білу. 
3. Сөздің сарасы және сауаттылығы, сөйлем құрылымының дұрыстығы, дұрыс дикция. 
4.  Сот  залына  теріс  қарап  сөйлеуге  жол  бермеу,  мысалы  сотқа  дәлелдеме,  ұсыныстар 
берген кезде ұзақ тұрмау.  
Бейнелеп  айтқанда,  Сот  залы  –  ол  адвокаттың  сахнасы,  қорғаудың  негізгі  мазмұны  ой 
қозғалысы, оның құдіреті мен даму шексіздігі болып табылады. Қорғау сөзі сотталушыға да 
сот  залындағы  қатысып  отырған  халыққа  да  тәрбиелік  мәнінің  зор  екенін,  олардың  сот 
әділдігіне деген құштарлығын маздатып, ынталарын оята алғаны жөн. Өйткені Прокурордың 
айыптау  сөзімен  қатар  қорғаушының  қорғау  сөзінің  де  –  «Қазақстан  заңнамасын 
насихаттауда, мәртебесін көтерудегі қуатты қарудың бірі»  [4, 58 б]. 
Қорғау  сөзі талапқа сай құнды болуы үшін, оған үлкен еңбек, тыңғылықты дайындық, 
тиянақты ізденіс қажет. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
88 
 
Негізі, адвокаттық қызмет бұл игілікті де ізгілікті кәсіп. Сотталушымен қатар басқа іске 
қатысушыларды  да  тартымды  да  маңызды    қорғау  сөздері  арқылы  өмірге  баулай  білсеңіз, 
ешбір теңдесі жоқ шарапат пен құрметке бөленуіңіз хақ. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Негимов С. Шешендік өнер. Алматы ,1997  -.111-бет 
2.  Закомолдин Алексей Валерьевич. Вестник Самарской гуманитарной академии. Серия: 
Право  Выпуск № 2 (16) / 2014  
3.  Сергеич П. Искусство речи на суде. М. 1988. 3- бет 
4.  Халықов  Қ.Х.,Серимов  Е.Е.    Сот  шешендігі.  Оқу  құралы.  Қарағанды.  Болашақ  – 
Баспа, 2006 
 
 
ӘӨЖ: 347.965 (574) 
 
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС БОЙЫНША ТАТУЛАСУ КЕЛІСІМІНЕ КЕЛУДІҢ 
МАҢЫЗЫ  
 
Хайроллин
 Е.Р.- 1 курс 
магистранты
 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті  
Тарих және құқық институты, Алматы қ. 
 
Татуласу келісімі - тараптармен жасалған және сотпен бекітілген келісім, оның күшімен 
талапкер  және  жауапкер  өзара  келісу  жолдарымен  араларында  пайда  болған  азаматтық 
құқықтық  дауды  жояды  және  іс  бойынша  процесті  қысқартады.  Негізінен  Татуласу 
келісімінің  түсінігін  бірнеше  ресейлік  авторлар  берген.  Олардың  ішінде,  Е.П.  Пушкар 
Татуласу келісімін анықтай отырып, сотта тараптармен жасалған және сотпен бекітілген шарт 
ретінде қарастырады,  оның  күшімен  талапкер  және  жауапкер  өзара  келісімге  келу  жолымен 
өздерінің  құқықтары  мен  міндеттерін  жаңадан  белгілейді.  Мұндай  анықтама  дәл  анықтама 
болып  табылмайды,  өйткені  тараптардың  құқықтары  мен  міндеттерінің  жаңартылуы 
тараптардың арасында жаңа даудың пайда болу мүмкіндігін жоймайды. 
Е.П.  Пушкардың  берген  анықтамасына  сәйкес,  Татуласу  келісімі-бұл  тараптардың  тап 
осы  құқықтық  қатынас  бойынша  дауды  толық  біржолата  жою  және  сот  процесін  қысқарту 
туралы  келісім.  Татуласу  келісім  -  бұл  тараптардың  арасында  туатын  азаматтық  құқықтық 
дауларды реттеу тәсілдерінің бір түрі [1,63]. 
К.И.  Комиссаровтың  айтуынша,  соттың  ең  әділетті  шешімінен  тараптар  арасындағы 
жеке  өзара  қатынастарын  бастапқы  түрге  қалпына  келтіру  әр  кезде  сәтті  бола  бермейді,  ал 
Татуласу  келісімі  көп  жағдайда  ол  қатынастардың  жақсаруына  әкеледі,  сондықтан  бұл 
жағымды моральдық фактор өте қажет. Ал енді Татуласу келісімінің мәнін ашып көрсетейік. 
Татуласу келісімдерінің мәні - тараптар арасындағы пайда болған азаматтық құқықтық дауды 
бейбіт  жолымен  реттеудің  бір  тәсілі  және  ол  тараптардың  осы  Татуласу  келісімінің 
шарттарын мемлекеттің күштеу шараларын қолданбай, ерікті түрде орындауын болжамдайды. 
Бұл  институттың  мәні  туралы  да  көп  пікірлер  айтылған,  бірақ  олардың  көпшілігі  Татуласу 
келісімінің  мәнін  толық  және  дүрыс  ашпайды.  Бірақ  солардың  ішінде  Гарри  Гарландтың 
Татуласу  келісімінің  сот  шешімі  алдындағы  басымдылығы  туралы  айтқан  пікірі  шындыққа, 
ақиқатқа жақын [2,13]. 
Біріншіден,  сот  шешіміне  қарағанда,  Татуласу  келісімін  жасау  сотқа  екі  тараптарға  да 
тәрбиелік  әрекеттерді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Өйткені  сот  шешімінің  мемлөкеттік 
күштеу  элементі  бар,  ал  Татуласу  келісімі  дауласып  отырған  тараптардың  ерік  білдіру 
негізінде  жасалады.  Екіншіден,  көп  жағдайда  сот  дауы  тараптардың  заңды  білмегендіктен 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
89 
 
туындайды.  Тараптарға  заңды  түсіндіріп  беру,  Татуласу  келісімін  жасауға  негіз  болады. 
Үшіншіден,  татуласу  келісімі  өте  жиі  тараптардың  татуластығына  алғаш  қадам  ретінде 
болады,  ал  сот  шешімі  керісінше  дауласып  отырған  тараптардың  ара  жігін  үлкейтеді. 
Сонымен  қатар  тараптардың  татуласу  келісімін  жасауы  соттың  уақыты  мен  қаржысын 
үнемдейді, сондықтан бұл өте маңызды жағдай [3,110]. 
Негізінде  азаматтық  процессуалдық  құқықта  дауды  шешуде  сот  шешімі  ең  күшті  әдіс 
деп, жақтаушылардың болуы, бұл олардың татуласу келісімінің толық мәні мен оның не үшін 
міндеттелгенін  дұрыс  түсінбеушіліктен.  Ал  жалпы  татуласу  келісімінің  заңды  болу 
жағдайында  сот  шөшіміне  қарағанда,  татуласу    келісімі      артығырақ      көрінеді.      Оның  
артықшылығы   мынада: Татуласу келісімін бекіткенде тараптар даудың субъективтік жағын 
да жояды, осыдан борышқордың өз  міндеттерін  еркін орындауға мүмкіндік беріледі. Ал сот 
шешімі шығарылған кезде субъективтік жақ көп жағдайда жойылмайды, осыған байланысты 
шешім  кассациялық  тәртіпте  тараптардың  шағымымен  қарастырылады.  Осыдан  Татуласу 
келісімінің  артықшылығын  көруге  болады.  Сонымен  бірге  соңғы  кезде  азаматтық 
процессуалдық құқық теориясында және заң актілерінде азаматтық құқықтық дауды шешудің 
бірден-бір  жақсы  тәсіл  және  құрал  ретінде  Татуласу  келісімін  тану  тенденциясына  жол 
ашылып  жатыр.  Мұны  біз  қазіргі  уақытта  әрекет  етіп  отырған  Қазақстан  Республикасының 
азаматтық  іс  жүргізу  заңнамасынан  және  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты 
Пленумының азаматтық істер жөніндегі қаулыларынан көре аламыз. 
Алдыңғы  қолданыста  болған  1999-  жылдың  13-  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы 
азаматтық  іс  жүргізу  кодексінде  Татуласу  келісім  институтына  бірнеше  баптарда  назар 
аударылған,  бірақ  өкінішке  орай  процессуалдық  заңнама  тараптардың  татуласу  келісімін 
жасау  мүмкіндігін  түсіндіруді  және  тараптарды  татуласу  келісімге  келуге  ынталандыруды 
сотқа  міндет  етіп  жүктемейді,  яғни  бұл  әрекеттерді  судья  орындауға  міндетті  деп  тура 
көрсетілмеген.  Соның  нәтижесінде  қазіргі  сот  тәжірибесінде  тараптардың  татуласу  келісім 
жасаулары  сирек  кездеседі.  Біздің  пікірімізше,  заң  шығарушы  органы  татуласу  келісімдер 
институтына  ерекше  назар  аудармаған,  оның  азаматтық  дауларды  шешудің  тиімді  құралы 
болып табылатынына, жалпы атқаратын қызметінің маңыздылығына мән бермегендіктен, бұл 
институттың маңызды жағдайларын заңдылыққа кіргізбей қалдырған. Сондықтан, 2015 жылы 
30  қазандағы  жаңа  Азаматтық  процесстік    кодексінде  жоғарыда  аталған  судьяға  жүктелетін 
әрекеттерді жасау үшін  Татуласу келісімі  16-1 тараумен жаңадан енгізілген. Ол 173-1-баптан 
173-5 баптарды қамтиды. Онда  Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, оларға 
дауды реттеуде жәрдемдеседі. Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген 
тәртіппен  татуласу  келісімін  жасасып  немесе  өзге  де  татуластыру  рәсімдерін  пайдалана 
отырып,  дауды  реттей  алады.  Тараптар  процестің  кез  келген  сатысында  және  сот  актісінің 
орындалуы  кезінде  татуласу  келісімін  жасаса  алады.  Татуласу  келісімі  басқа  адамдардың 
құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  бұзбауға  және  заңға  қайшы  келмеуге  тиіс.  Татуласу 
келісімін сот бекітеді.       
Татуласу  келісімі  жазбаша  нысанда  жасалады  және  оған  тараптар  немесе  олардың 
өкілдері  өздерінде  сенімхатта  немесе  өкілдің  өкілеттігін  растайтын  өзге  де  құжатта  арнайы 
көзделген татуласу келісімін жасасуға өкілеттіктері болған кезде қол қояды. Татуласу келісімі 
татуласу  келісімін  жасасқан  адамдардың  санынан  бір  данасы  артық  данада  жасалады  және 
оған  қол  қойылады.  Татуласу  келісімін  бекіткен  сот  осы  даналарының  біреуін  іс 
материалдарына қоса тігеді [4]. 
Қорыта келгенде, татуласу келісімін дауды шешу құралы ретінде сот өндірісінде кеңінен 
қолдануды  ұлғайту  қажет,  оны  шетте  қалдыруға  болмайды,  өйткені  бұл  құрал  соттың 
қызметін  жеңілдетеді  және  уақытты  үнемдейді.  Сондықтан  біз  шетел  мемлекеттерінің 
бітістіру  және  бітімге  келу  туралы  процессуалдық  заңдылықтары  мен  тәжірибесін  зерттеп, 
оларды  өзіміздің  сот  өндірісімізде  қолдану  мүмкіндігін  тауып  ашуымыз  қажет.  Қазіргі 
нарықтық  жағдайымызда  сот  өндірісінде  азаматтық  істердің  тез  шешіліп,  аяқталуына  жаңа 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
90 
 
тәсілдерді еңгізу қажеттілігі туып отыр. Сондықтан біз сот өндірісіндегі азаматтық дауларды 
шешу тәсілдерін және азаматтық процессуалдық заңдылықты жетілдіруіміз керек. 
Мүмкін    сонда    Татуласу          келісім    азаматтық  дауларды    шешу  құралы  ретінде  сот 
процесінде өз қызметін толық атқара алады. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Пушкарь  Е.Г.  Вопросы  совершенствования  реализации  права на  судебную  защиту.// 
Вестник Львовского университета, 1987, Вып 25. 670 б. 
2.  Комиссаров  К.И.  Отказ  от  иска  и  мировое  соглашение//  Социалистическая 
законность. №9,  Москва, 1987, 470 б. 
3.  Баймолдина  З.Х.  Азаматтық  процессуалдық  құқықтық  диспозитивтік  қағидасының 
мәні туралы сұрағына.//Научные труды КазГЮУ, Вып 1-Алматы, 1999. 490б. 
4.  Қазақстан Республикасы Азаматтық процесстік кодексі//  2015 жыл //  17.11.2015 № 
254-V Заңы 
 
 
ӘӨЖ: 347.66 (67) 
 
МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫ РЕТТЕУ МӘСЕСЕЛЕРІ  
 
Тоқтасын Т.- «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаев  Қазақстанның  әлемдегі  ең 
дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасында  алдағы  жұмыстың  ұзақ  мерзімді 
басымдықтары  белгіленген.  Біз  мына  басым  бағыттар  бойынша  бірқатар  мәселелерді 
шешуіміз керек. 
Соның бесінші міндеті мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. 
Олар  үшін  Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуға  тиіс.  Бізде  аз  емес  ондай  адамдарға 
қамқорлық  көрсетілуге  тиіс  –  бұл  өзіміздің  және  қоғам  алдындағы  біздің  парызымыз.  Бүкіл 
әлем  осымен  айналысады.  Осылай,  алысты  жақын  ету  -  бүгінгі  Жолдаудың  ең  басты  түйіні 
болмақ.» [1, 2 б.] - деп атап көрсетті. 
Қазақ  ұлттық  заңнамаларының  жалпы  ережелеріне  құқықтық  шолу  жасар  болсақ  ата 
заңымыз  Конституцияда  мұра  алуға  кепілдік  берілетіндігі.  Егер  азаматтардың  мұрагерлік 
құқығына нұқсан келіп жатқан жағдайда оны сот арқылы қалпына келтіруге болады. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  13-бабында    «Кез-келген  азамат  өз 
құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауына құқығы бар...»-деп көрсетілген [2]. 
Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің  алтыншы  бөлімінің  57,  58,  59,  60 
тараулары толығымен осы үлкен және күрделі институттардың бірі мұрагерлікке арналған. 
Бұл  тараулар  көлемінде  мұрагерлік  туралы  жалпы  ережелер,  өсиет  бойынша  мұрагерлік, 
заңды мұрагерлік және мұра алу ерекшеліктері реттеліп заң нормаларымен бекітілген.  
Нақтылай  түссек  ҚР  АК-нің  1038  –  1045  баптары  мұрагерлік  құқығының  жалпы 
ережелері  мен  оның  азаматтық  құқықтық  қатынастарындағы  ролімен  ерекшеліктерін 
анықтайды,  ал  1046  –  1059  баптар  көлемінде  өсиет  бойынша  мұрагерліктің  жалпы 
ережелері, өсиет мазмұнына қойылатын талаптар, оның заңды күшін бекіту ерекшелігі мен 
өсиеттік  бас  тарту  реттері  және  өсиеттің  орындалу  ережелері  көзделген,  1060  –  1071 
баптары  заңды  мұрагерліктің  кезектер  шақыру  ерекшелігімен  және  оны  қорғау 
қарастырылған,  соңғы  1072  –1083  баптар  көлемінде  мұраның  ашылу  орны,  мерзімі  және 
реттелуі мен үлестер мен болмаған мұрагерлердің құқықтары айқындалған. [3, 207 б.]. 
Көрсетілген  түсініктің  мазмұнын  аша,  азаматтық  құқық  жүйелерінің  бір  бөлімшесі 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
91 
 
болып  мұрагерлік  құқық  табылатындығынан  шығу  керек.  Бұл  уақытта  мұрагерлік  туралы 
заңдылықтың әрекеті тек мұраны ашу сәтінде туындайтын қатынастарға ғана емес, сонымен 
қатар оларды туындататын қатынастарға тарайды.  
Азамат өсиетті нотариалдық кеңседе рәсімдегенде, ол мұрагерлік туралы заңдылықтың 
әрекетіне  түседі,  бірақ  мұрагерлік  құқықтық  қатынастың  туындауына  дейін  әлі  алыс,  ал 
өсиет қалдырушының өзі барлық жағдайда оның субъектісі болмайды.  
Басқа  жағынан,  мұраны  қабылдаған  мұрагер  мұраға  құқық  туралы  куәлікті  алуға 
бажды  не  мұраға  салынатын  салықты  төлесе,  ол  мұрагерлік  туралы  заңдылықтың  әрекет 
өрісінде болады.  
Мұрагерлік  туралы  заңдылық  тарайтын  қатынастардың  шеңбері  өте  кең.  Ал  бұл 
көрсетілген түсінікті анықтауға әсер етеді.  
Мұрагерлік  туралы  заңдылықты  құқықтық  актілердің  жүйесі  ретінде  және  осы 
актілерге  қосылған,  мұрагерлік  бойынша  қатынастарды,  яғни  мұраны  ашумен,  мұрагерлік 
құқықтарды  қорғаумен,  жүзеге  асырумен  және  ресімдеумен  байланысты  туындайтын 
қатынастарды  реттейтін нормалар  және өзге құқықтық  ережелер  сияқты  анықтауға  болады 
[4, 36 б]. 
Қазақстан  қазіргі  өзінің  экономикалық,  рухани,  құқықтық  жағынан  қайта  құруларды 
басынан  өткізіп  отырған  кезеңде  ізденуші  қауым  қазақ  халқының  құқық  жүйесінің    қайнар 
көзі  болған  әдет-ғұрып  заңдардың  қамтыған  салаларын  жан-жақты  зерттеуде.  Соның  ішінде 
кезек  күттірмейтін  институттың  бірі  –  мұрагерлік  құқық  мәселесі  болып  отыр.  Мұрагерлік 
институт мыңдаған жылдармен өлшенетін дәуірлерден өтіп, әлі күнге дейін өз мәнін жойған 
жоқ.  
Сонымен,  мұрагерлік  дегеніміз  –  қайтыс  болған  адамның  (мұра  қалдырушының) 
мүлкінің  басқа  адамға  (мұагерлерге)  ауысуы.  Қазақстан  Республикасында  мұрагерлік  құқық 
екі  негізгі  түрлерге  бөлініп,  осы  негіздер  бойынша  жүзеге  асырылады  олар:  өсиет  бойынша 
мұрагерлік  және  заң  бойынша  мұрагерлік  болып  бөлінеді.  Осы  екі  негіздердің  бірімен  мұра 
ашылғаннан кейін алты ай мерзім ішінде мұрагерлер мұраны қабылдауға не болмаса мұрадан 
бас тартуға құқығы бар. 
Мұрагерліктің  әмбебап  анықтамасы  бойынша  –  мұрагерлік  деп  қайтыс  болған  азамат 
(мұра  қалдырушы)  мүлкінің  басқа  адамға  (адамдарға)  –  мұрагерге  (мұрагерлерге)  қалдыруы 
деп  түсінуіміз  керек,  мұраға  қалдырушының  оның  мұрагеріне  мұраға  қалдыру  заңының 
нормаларына сәйкес түрде ауыстыру керек.  
Серебровский В.И өз  анықтамасын былай деп береді, оның анықтамасына сәйкес мұра 
деп,  не  мұраның  қабылдап  алуының  яғни  қайтыс  болған  кісі  мұрасының  басқа  бір  кісіге 
ауыстыру немесе оның мұрагерлері болып табылатын басқа кісілерге – заңда бекітілген тәртіп 
бойынша
 
ауыстыру [5, 136 б] бұл заң не ғылыми әдебиетте, не заң шығарушы органдарынан 
қолдау таппады,( ол яғни 1992 жылғы Азаматтық кодекс РСФСР).  
Осыған  байланысты  қазіргі  қолданыстағы  заңдар  бойынша  мұрагерлікке  мүлік  беру 
кезінде  тек  ғана  мүліктің  ауысуы  емес,  сонымен  қатар  мирасқорлық  құқық  объектісінің 
ауысуы да мүмкін, оларға қойылатын  ең бірінші дәрежедегі шарт  болып табылады, бірақ та 
міндеттелінген құқықтарға айтылған бірінші анықтама маған дұрысырақ көрінеді. 
Мұраға беру түсінігін нақтылайтын болсақ, келесі жағдайларды атап өту қажет:  
Мұраға  қалдырушының  құқықтары  мен  міндеттері  мұрагерге  заң  бойынша  қабылдау 
тәртібінде ауысады, яғни бір бүтін сияқты және сол сәтте өзгермеген қалыпта.  
Мұрагерлерге  мұраға  қалдырушының  барлық  құқықтары  мен  міндеттері  ауысады,  тек 
азаматтық кодексте рұқсат етілген және басқа да заңдарда осы құқықтар мен міндеттердің сай 
келмейтін мұраға беру тәртібі бойынша қарама-қайшылыққа түспейтін ережелерден басқа.  
Заң  шығарушы  органның  іс-әрекеті  бойынша  сұрақ  ерекше  шешіледі,  және  де  оларға 
толығымен сүйенуі керек.  

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
92 
 
Мұраны  қабылдау  жайлы  дауларды  қарастыру  кезінде  мұрагерлікке  қалдыру  іс-
қағаздарын ашқан күні қолданыстағы заңдар нормасының тәртібі бойынша мұрагерлер тобы, 
ондағы  мұраны  қабылдау  тәртібі,  мұраны  қабылдау  мерзімдері  және  де  мүлікті  мұраға 
берудің құрамы анықталынады.  
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының Қаулысында “Мұрагерлік 
туралы  заңда  кейбір  сұрақтарды  қолданғанда”,  «мұраға  қалдыру»  термині  қолданылады. 
Біздің  әдебиетімізде  және  соттық  тәжірибиеде  бұл  әр  түрлі  терминдер  синоним  деп 
есептелінеді.  
Кейде мынадай сөздерді  кездестіруге болады “қандай  да бір азаматтық мұраға ие болу 
құқығы бар” немесе “қандай да бір азаматтың мұрагерлік құқыққа ие болып табылады” [6, 13 
б]. 
Сөйтсе  де  бұл  терминдердің  мағынасы  әр  түрлі  болып  табылады.  Мұраға  ие  болу 
құқығы – бұл берілген тұлғаның субъективті құқықтары. Ал мұрагерлік құқық – ол құқықтық 
нормалардың  тұтастығы,  белгілі  қарым-қатынастар  тобын  реттейді.  Бұдан  басқа  мұрагерлік 
құқықты  субъективті  және  объективті  мағынада  айтуға  болады.  Субъективті  мағынада 
мұралық құқық “мұрагерлік құқық” болып қалады.  
Мұрагерлік  құқық  –  азаматтың  құқықтық  бөлігі  ретінде  мемлекеттің  белгілеген 
ережелер  жинағын  білдіріп,  мұра  қалдырушының  мұралық  құқығымен  міндетін  мұрагерге 
ауысарда мұралық құқық бойынша реттейді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Н.Ә.  Назарбаев.  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауы. веб-сайт BNews.kz «www.bnews.kz».» Алматы 2014. 
2.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы,  30  тамыз  1995  жыл.21  мамыр  2007 
жылғы өзгерістер мен толықтырулармен. Алматы: «Юрист», 2012 ж.- 40 б. 
3.  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық    кодексі.  Жалпы  және  Ерекше  бөлімдері. 
Алматы:  «ЮРИСТ» , 2008 – 212 б.  
4.   Рашидова З. Өсиет бойынша мұрагерлік. Ғылыми басылым. А., 1998ж.-48 бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет