ограничение прав и свобод или вмешательство в их осуществление должно быть соразмерно
насущной социальной потребности в защите ценностей или в достижении целей, которыми
оно может быть оправдано. Принцип соразмерности предполагает справедливый баланс
между защитой общих интересов сообщества и должным уважением основных прав человека.
По нашему мнению, точка зрения Европейского Суда является более приемлемой, так
как подразумеваемые ограничения в его интерпретации предусматривает, что ограничения во
внутригосударственном праве нуждаются в таком же оправдании устанавливаемых ими
пределах, как и те ограничения, которые прямо допускаются в Конвенции. В любом случае
государства-участники Конвенции, вводя какие-либо ограничения прав и свобод, должны
учитывать требования статьи 17, устанавливающей безусловные пределы деятельности
государства по ограничению права, и статьи 18, которую часто именуют «ограничителем
ограничений»[9].
Путем реализации принципов определения пределов ограничения.
В практике конституционного и международного контроля за правомерностью решений
и действий властей оценка соразмерности ограничений прав и свобод преследуемым
легитимным целям неизменно преобладает над проверкой незыблемости их сущности.
Европейский Суд признает нарушение Конвенции о защите прав человека и основных свобод
уже в случае несоразмерности оспариваемого ограничения (вмешательства в осуществление)
гарантируемого ею права преследуемым легитимным целям [10].
Список литературы
1. Sen, Amatria. 2002. Basic Edication and Human Security UNICEF, thePratishi (India)
Trast, and Harvard University, Kolcata, 2 - 4 Janiary. (Семинар по вопросам
образования, равенства и безопасности, организованный Комиссией по правам
человека, представительством ЮНИСЕФ в Индии, Фондом Пратиши и
Гарвардским университетом в Колката (Калькутта, Индия) [Текст] 2-4 января 2002
г.). - р. 182.
2. Авакьян, С.А. Санкции в советском государственном праве // Советское государство
и право [Текст] / С.А. Авакьян. – 1973. – № 11. – С. 31-35.
3. Всеобщая декларация прав человека. Принята на третьей сессии Генеральной
Ассамблеи ООН 10 декабря 1948 г. // Сб. международных документов и
законодательства РК по правам человека. – Алматы: ОО «OST-XXI век», 2007. – С.
5-8.
4. Международный Пакт о об экономических, социальных и культурных правах, Нью-
Йорк, 19 декабря 1966 г.: ратифицирован Законом Республики Казахстан 21 ноября
2005 г. № 87-III // Сб. международных документов и законодательства РК по правам
человека. – Алматы: ОО «OST-XXI век», 2007. – С. 26-32.
5. Международный Пакт о гражданских и политических правах, Нью-Йорк, 19 декабря
1966 г.: ратифицирован Республикой Казахстан в соответствии с Законом РК от 28
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
105
ноября 2005 г. № 91-III // Сб. международных документов и законодательства РК по
правам человека. – Алматы: ОО «OST-XXI век», 2007. – С. 9-20.
6. Сиракузские принципы толкования ограничений и отступлений от положений
Международного пакта о гражданских и политических правах // Вестник
Московского университета. Серия 11 Право. – 1992. – № 4. – С. 59-68.
7. Европейский Суд по правам человека //http://www.realtylaw.ru.
8. Варламова Н.В. Эффективность правого регулировании: переосмысление концепции.
// Правоведение. – 2009. – №1. – С.212-232.
9. Конвенции о защите прав человека и основных свобод, Рим, 4 ноября 1950 г. (с изм. и
доп. от 21 сентября 1970 г., 20 декабря 1971 г., 1 января 1990 г., 6 ноября 1990 г., 25
марта 1992 г., 11 мая 1994 г.) // Сб. международных документов и законодательства
РК по правам человека. – Алматы: ОО «OST-XXI век», 2007. – С. 33-42.
10. Хессе К. Основы конституционного права ФРГ / под ред. Н.Сидорова. – М., 1981. –
С. 163.
11. Республика Казахстан. Закон от 8 февраля 2003 года. № 387-II. О чрезвычайном
положении: с изм. и доп. от 29.04.2009 г. //http://online.prg.kz
ӘӨЖ 347.965.31
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМАС
Әбдірәсіл Ұ. Б. - «Құқықтану» мамандығының 1 курс магистранты
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ.
.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты
міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,
кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда
көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған
жасөспірімдердің саны азаяр емес.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және талдау,
құқық қорғау органдарының кемшіліктері мен жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау ұсынылады:
Жастар арасында қылмыстың сандық және сапалық сипаттамалары.
Жастар арасында қылмыстың себептері.
Жастар арасындағы қылмыс әрқашан мемлекет пен қоғам тарапынан қызу талқылауды
талап етіп келеді. Және де бұл өте орынды, алдын алуға тиіс мәселе болып табылады: жас
ұрпақ әлеуметтік дамудың табиғи қорығы, ал жастар тарапынан қылмыстың өршуі тәрбиенің
дұрыс берілмеуі мен қоғамның дамуына өз үлесін қоспауымен сипатталады. Құқықтану
ғылымының кандидаты Корягин С.А. жазғандай: «Жастар арасында қылмыстық құқықтың
бұзылуы болашақта барлық қылмыс түрлерінің санының артуымен бағаланады».[1]
Осы мәселелерді шешу барысында Қазақстан Республикасында кәлмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстың жағдайы мен динамикасын қарастырғанымыз дұрыс болар. Қылмыс,
оның ішінде жасөспірімдер қылмысы – құбылмалы құбылыс. Қоғамның барлық салаларында
орын алып жатқан маңызды өзгерістер дереу жасөспірімдер қылмысының артуына өз әсерін
тигізеді. Сонымен, 2015 жылы жасөспірімдер тарапынан 7843 қылмыс жасалынған. Бұл
көрсеткіштің басында Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы және Батыс
Қазақстан облыстары көш бастап келеді. Ал биылғы жылы бұл көрсеткіш белгілі бір
мөлшерде артты. Батыс Қазақстан облысының көлік бақылау аймағында және Алматы
қаласында қылмыс саны жоғарылады.[2]
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
106
Алайда соңғы жылдары жасөспірімдер арасында ересектер тарапынан көп жасалатын
қылмыс түрлері белең алуда:
Қару және есірткі сату; делдалдық, жеңгетайлық;
Кәсіпкерлер мен шетелдіктерге шабуыл жасау;
Кепілдікке адам алу;
Қорқытып-үркітудің түрлі нысандары;
Азаптау мен емдеудің басқа да қатыгез әдістерін қолдана отырып, жәбірленушінің өмірі
мен денсаулығына зорлық-зомбылық;
Валюта және бағалы қағаздармен алаяқтық;
Валютамен заңсыз операциялар орындау; компьютер арқылы жасалатын қылмыстар;
Ұрланған мүлік саудасы;
Өз ортасында рэкет қызметі;
Құмар ойындарға қатысу және т.б.
Көптеген ғалымдар осындай қылмыс түрлерінің артуына экономикалық дағдарысты,
реформалардың
жиі
өзгеруі,
қоғамның
адамгершілік-мораль
ұстанымдарының
теңгерімсіздігін атап көрсетеді. Ауылдық жерлерде жұмыссыздықтың көбеюі, демографиялық
себептер мен жахандану процесінің әсерінің өсуі осындай тұрпаттағы қылмыстың артуына
себебін тигізіп келеді. Бірқатар ғалымдар, прагматикалық индивидуализм идеалдарының
көзқарастарынша, бүгінгі қоғам бұқаралық психотравматизация эпидемиясына ұшыраған.
Мәдени және экономикалық байланыстардың ыдырауынан өмір сүру негіздері әлсіреп,
жастардың невротизациялану процесі өсіп келеді. Әлеуметтік – экономикалық, идеологиялық,
моральдық, рухани дағдарыстың тереңдігі тек Қазақстан Республикасының емес бүкіл
әлемнің криминологиялық жағдайын ушықтырып отыр.[3]
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс қоғам тарапынан тәрбиелік жұмыстардың
өз деңгейінде жүргізілмеуі және құқық қорғау органдарының кемшіліктерімен
байланыстыруға негіз бар. Заңсыз жолдармен жасалған кез келген әрекет заң бойынша
жазалануға, яғни бас бостандығынан айырылуға міндеттеледі. Алайда, қылмыскерлердің жас
ерекшеліктері ескеріліп, шартты жаза түрлері қолданылады. Зерттеулерге сәйкес, осылайша
қылмыскерлердің жазадан жалтарып кетуі тиімсіз болып табылады. Сондықтан да Қазақстан
Республикасы территориясында орын алып жатқан жағдайда, үкіметтен, тәрбие беру
қызметімен айналысатын мекемелерден және құқық қорғау органдарынан осындай
жағдайларға селқостықпен қарамай, ғылыми, экономикалық және ұйымдастырушылық-
тәжірибелік салаларына жоғары деңгейде күш жұмылдыруды талап етуіміз тиіс.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың құпиясы бәрімізге түсінікті. Олар қылмысқа
аңғалдықпен ұрынатыны белгілі. Демек, қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға
түспеуі, ата – ананаң, мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылына
байланысты екенін есте сақтау қажет.
Әдебиеттер тізімі
1. Преступность и правонарушения (1998 - 2006) \\ Статистический сборник. М.,
2007г.179с.
2. Әбішев А.Қ./ Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық,
құқықбұзушылықмәселелерібойыншаәдістемелікқұрал. – Астана: «Тау-Самал» ЖК,
2011 – 324 б.
3. Ли А.Н. Проблемы предупреждения преступности несовершеннолетних. \\Российский
следователь. М. 2007, № 19.
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ И ИХ ФУНКЦИИ В ОБЩЕСТВЕ
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
107
ӘӨЖ 94
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Аскербекова А.- «Электр энергетикасы» мамандығының 1 курс студенті.
Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., Рысбекова Г.Е.
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ.
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының
солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-
шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток
қалалары орналасқан. Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне
қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері
солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз
деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық
лебі сезіледі. Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі
аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек
кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар
барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен
малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты
қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен
сүйектен жасалған бұйымдар табылған. Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың,
кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен
қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының»
қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам»,
Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» - шамдар, құрбандық
шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған
ертедегі мемлекеттердң орталығы болды. Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта
ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң
даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба
жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған. 10-14
ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда
байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне ауылшаруашылық орталығының біріне
айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш
рет қала аты аталынады - Алматы.
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға
ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге
толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді.
Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер
жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына
бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында
қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта
мәңгі қалған жеңіске жетті. 4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының
баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады. 1854
жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс салынбаған, бір
жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады.
Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды.
1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс
шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
108
қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар
(Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері
қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс
жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған
әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды.
Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный
қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты
болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. Жетісу
ауданының бірінші губернаторы Г.А. Калпаковский болды. Бірінші қала жоспарының авторы
Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне
қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км.; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары
4 парктер салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді.
Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала сыртындағы
үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды. Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің
жанынан салынды (қазіргі 28-гвардейшы-панфиловшылар паркі). Бірінші қала архитекторы
Г.Н. Серебряников болды (1839-1883).
1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге
шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. Үкімет
орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж.
мамырыда басталды. 1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды.
Бұл екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда Түркісіб
жолы ашылды.
Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді. 1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп
Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды. Кішкене қалашықтың
астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды
құраған.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала құрылысының
жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер
құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді. Тұрғын
үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелер құрылысына бірінші
болып беріле бастады. Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы
қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты
мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан
тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге ұшырады.
Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды
концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26 мың көшірілегендерді қабылдау
үшін жер босатылды.
Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу
орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса
мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға
ауыстырылды. Тылдағы ерен еңбектері үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік
марапатқа ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар
дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар
бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық
шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала
аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну,
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
109
жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды. «Ленгипрогром»
жоспарлағандай, 1962-1963 жж.
Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін
аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы
метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300
мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне қарсы көп
қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған
Алматы қаласының бас жоспарында негізделді. Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру
архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени
орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, медеу
спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға,
қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша
жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар
аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы
орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын
сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту,
жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.
Бүгінгі таңдағы Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени,
тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып
табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады.
Алматы Іле Алатауының бөктерінде, Тянь-Шаньның солтүстік жотасының етегінде,
Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Еуразия құрлығының орталығында
орналасқан. Алматы қалалық аумағында бақтар мен бақшалар, саябақтар мен бульварлар сегіз
мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Қаланың жалпы ауданы 340 км
2
құрайды. Қала
тұрғындары шамамен 2 миллионнан астам. Көптеген діндер мен түрлі ұлт өкілдері бар.
Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереялары бар.
Мұнда музыканың түрлі салаларындағы көптеген фестивальдар өтуде: Джаз, рок
фестивальдар, ретро фестивальдар.
Алматыда қаланың ерекше мәртебесін көтеретін Қазақстандағы ірі банктердің
бөлімшелері,көп ұлтты қаржы институттар және еншілес компаниялар орналасқан. Қазақстан
Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато»
обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу
институттары бар.
Қаланың шетінде Медеу және Шымбұлақ тау шаңғысы орталығы секілді көптеген спорт
кешендері, альпинист туристік лагерлер, шипажайлар, демалыс орталықтары, және
кемпингтер салынған.
Алматы «Азия ойындары 2011», бокстан әлем чемпионаты, дзюдодан әлем кубогы мен
трамплиннен шаңғымен секіру, воллейболдан «Grand Prix-2013» және профессионалды
веложарыс “Tour of Almaty” секілді беделді іс-шаралардың арқасында халықаралық атаққа ие.
2017 жылы Алматыда Бүкіл әлемдік Универсиада өтеді.
Әсем қала Алматының өсіп өркендей беруіне, жаңа ғылыми - инновациалық қадамдар
жасауына тлектеспін.
Әдебиеттер тізімі
1. Самашев З.С., Оңғарұлы А. Алматы археологиялық ескерткіштерін сақтау мен қорғау
мәселелерінде//Алматы история тысячелетия.-Алматы: -2008. – 240 с.
2. Аяган Б.Г. Свод памятников истории и культуры города Алматы.–Алматы: ТОО
«Қазақ энциклопедиясы», 2006. – 360С.
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
110
3. Baipakov K.M. Archaeological Cultural Heritage of Almaty. A.Ch. Margulan Institute of
Archaeology Archaeological Expertise LLC. –Almaty.-2010.– 139.
4. Марьяшев А.Н., Горячев А.А. Поселение эпохи бронзы в верховьях ущелья Тургень и
на плато Асы.// История и археология Семьиречья.–Алматы -2001.
5. Алматы жолсерігі. – Алматы: «Gredos» ,-2009. -320б.
6. АкишевК.А. Курган «Иссык». Исскуство саков Казахстана. М., 1978.
7. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1—12 том, Алматы қаласы, 1972—1978.
УДК 94
С ТЫСЯЧЕЛЕТИЕМ ТЕБЯ, АЛМАТЫ!
Алибекова У. - студент 2 курса специальности «Экология»
научный руководитель – к.и.н., ассоц. проф., д.в.н., профессор Академии военных наук
РФ Абраимов Х.К.
Евразийский технологический университет, г.Алматы
Тысячу лет, вообразить невозможно, но умом понимаем, что действительно столько
лет всей душой любимой Алмаате.
Достарыңызбен бөлісу: |