Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Ишангалиева Гулжайна Абуовна



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,91 Mb.
#90009
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
02-86 журн Сборн

Ишангалиева Гулжайна Абуовна 
«Жаңақала колледжі»
өндірістік оқыту шебері
Оқыту процесінде интерактивті тапсырмалар құрудың тиімділігі 
Қазіргі заманғы интерактивті технологиялардың оқыту жүйесіне енуі оқытушыларға 
ұйымдастырушылық оқыту әдістерін, оның мазмұнын сапалы өзгертуге мүмкіндік берді. Бұл 
технологиялардың 
мақсаты 
ақпараттық 
қоғамда 
оқушылардың 
интеллектуалды 
мүмкіндіктерін күшейту, оқыту жүйесінің барлық сатысында оқыту сапасын арттыру. 
Білім беру процесіне интерактивті технологиялардың орасан зор ықпалын ескере 
отырып, көптеген оқытушылар оларды өзінің әдістемелік жүйесінде қолданады. 
Осы жоғарыда айтылған мәселелерге қарап, оқытуда қолданылатын интерактивті ойын 
тапсырмаларын жасақтау мәселесі туындайды. Оқыту процесі тиімді өтуі үшін оған сапалы 
жасалған интерактивті құралдар және пәндерді өткізуде интерактивті тапсырмалар қажет. 
Қазіргі уақытта бұндай құралдарды жасау үшін әртүрлі бағдарламалар баршылық, олардың 
қатарына PowerPoint, AutoPlay, Adobe Flash, Camtasia Studio, NeoBook, QuizeMaker, Delphi 
т.б. жатады
Арнайы өңделген компьютерлік бағдарламалар қазіргі заманғы компьютерлік 
технологиялардың жетістіктерін, атап айтқанда, жоғары сапалы графиканы, анимацияны
дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның басқа да құралдарын 
пайдалануы тиіс. 
Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды 
интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар қандай да бір 
тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты 
мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын 
жауаптарды берген кезде олардың ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал әлдебір мәселені 
өздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады. 
Компьютерлік технологиялар оқытуда қосымша құрал ретінде пайдалауы тиіс. 
Компьютерлік, интерактивті тапсырмалар немесе ойындар көбінесе информатика пәнін 
жүргізетін оқытушылар жасайды және оларды сабақта қолданады. Оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығын арттыру үшін ойын сабақ әдетте интерактивті тақтаның көмегімегімен 
жүргізіледі. Ал ондай интерактивті тапсырмаларды қарапайым оқытушы тек өз саласын 
жақсы меңгерген бағдарламашы көмегімен ғана дайындай алады. Осындай жағдайды ескере 
отырып, оқытушының бағыттауы бойынша сапалы электронды құралдарды жасайтын арнайы 
бағдарламашылар тобын құру немесе оқытушының өз бетімен интерактивті тапсырмаларды, 
оқулықтарды жасақтауға арналған бағдарламаларды меңгеру мәселесі туындайды 
Егер оқытушының шығармашылық ізденіс пен талпынысы болса, онда бағдарламалау 
тілдерінің қыр-сырын меңгермей-ақ сапалы нұсқау көмегімен күнделікті сабақта қолданатын 
интерактивті тапсырмаларды жасауға болады.
Соған байланысты өз тәжірибемде LearningApps сайттындағы арқылы жасалған 
тапсырма үлгісін ұсынамын. Өткен тақырыпты қайталауда, LearningApps сайттындағы 
“Классификация” бөлімін қолдану арқылы өткен сабақтар бойынша сұрақтарға жауап береді. 
https://learningapps.org/watch?v=p882c96wc21
 


 «Білім айнасы» 2023 ж. 

 
Программалық жасақтама:
1. Жүйелік программалық жабдықтама (Microsoft Windows, Linux, MS DOS, Android, 
iOS)
2. Қолданбалы программалық жабдықтама (Skype, Word, Mozilla Firefox Google Chrome)
3. Инструментальдық ПЖ (бағдарламалау тілдері), (Visual Studio, Delphi C++)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет