«Білім айнасы» 2023 ж.
8
дәрежесіне сәйкес болуын қадағалай білуі, мақсатқа жетуге байланысты тиімді жолдарды
таңдай алуы, ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл-күймен
қабылдауы,
талдау жасауы, шығармашылықпен болжам жасай білуі мен нәтижеге жетуге
ұмтылысының болуы баса назарда.
Жыл сайын ТжКББҰ арасында өтетін WorldSkills чемпионаты студенттердің кәсіби
құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпалын тигізуде. Чемпионатқа қатысқан
студенттер маман кәсібіне төселіп, қызығушылығы артады.Сонымен қатар өндірістік
тәжірибеге тарту жұмысына да көңіл бөлінуде. Бұл негізде техникалық және кәсіптік білім
берудің инновациялық жүйесіне білім жүйесін жаңғырту аясында
дуальды кәсіби білім
беруді дамыту, жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың
заманауи орталықтарын құру міндеттері қойылды. Бұл кәсіптік-техникалық білім берудегі
басты проблема-оқу орнындағы теория мен заманауи өндіріс практикасы арасындағы
алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуальды оқыту жүйесінің мақсаты-техникалық кәсіптік
оқу орнындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен
серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа
инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар
даярлау. Дуальды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге
асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті
біліктілікке ие болуға мүмкіндік береді. Мұндай оқыту өндірістің
нақты сұраныстарына
барынша жақындатады да жұмыс берушілер дайын мамандарға ие болады.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік
дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік тәжірибе болып табылады, себебі
білікті мамандармен қамтамасыз ету-бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Дуальды оқыту
жүйесі- теориямен қоса практиканы пайдалану. Түлектер теориялық жағынан ғана емес,
практикалық жағынан да сауатты болады. Дуальды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар
даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.
Қорыта келе, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары деңгейде
болатындығында, яғни колледж түлегі жұмыссыз қалмайды, оқыту жүйесіндегі
ерекшеліктердің бірі оқу орындары өздерінде даярланатын мамандықтарға
сәйкес келетін
кәсіпорындармен келісім-шартқа отырады. Дуальды оқыту әдісінің келесі бір ерекшелігі-
еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес,
сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.Соның
нәтижесінде колледжде оқыған болашақ мамандар қоғам сұранысына сай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: