Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Казимова Лариса Ескалиевна



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,91 Mb.
#90009
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
02-86 журн Сборн

Казимова Лариса Ескалиевна 
БҚО, Жаңақала ауданы 
Жаңақала колледжінің 
өндірістік оқыту шебері 
Әлеуметтік серіктестермен ынтымақты жұмыстар
 
Болашақ мамандарды даярлауда оқу процесін өндіріспен байланыстыру басты мәселе 
екені анық. Осы бағытта Жаңақала колледжі алғаш рет 2013 жылдың қыркүйек айынан 
бастап мамандығы «Фермер шаруашылығы»,«Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-
машинисі» оқу тобында дуалды оқытуды жүйелі ұйымдастыру мақсатында «Бақытжан» ШҚ 
–мен меморандумға қол қойылған болатын. Осы уақыттар арасында әлеуметтік 
серіктестермен бірлескен оқыту жүйесі дамып, саны жылдан-жылға артып келеді. Олардың 
қатарында: «Камыс-Самар» ЖШС, «Жанибек» ШҚ, «Сагингалиев» ЖК, «Коммунал» 
МКҚМ, «Копжасар» ЖК , «SAYCOM» ЖК, «Туманова» ЖК, «Агросервис» ЖШС, 
«Мирманов» ШҚ бар. Аталған кәсіпорын жетекшілері «Білім алушылардың үлгерімін 
ағымдағы бақылау, аралық бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің 
ережесін бекіту туралы» ҚР білім және ғылым министрінің №125 бұйрығына сәйкес 
бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді ұйымдастыру 
үшін сертификаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы құрамына енгізілген болатын. Бұл 
біліктілік комиссиясының құрамындағы жұмыс беруші өкілдердің үлесі 65%-ды құрайды. 
Бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру, жұмыспен қамтуға шақыру, кәсіпкерлікті 
насихаттау және колледждің әлеуметтік серіктестіктермен байланысты нығайту мақсатында: 
«Дуалды оқыту жүйесін енгізу- бүгінгі күннің талабы» тақырыбында аймақтық дөңгелек 
үстел,әлеуметтік 
серіктестіктер 
базасында 
«Ауылшаруашылық 
техникалық 
мамандықтарында дуалды оқыту жүйесі элементтерін енгізудің ерекшеліктері» 
тақырыбында облыстық семинар, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс 
берушілермен одан әрі іс-қимыл жасау бағытында «Жұмыс беруші күні» сияқты шаралар 
ұйымдастырылып отырады.
Әрбір маманның кәсіптік жарамдылығы өндірістік оқыту барысында байқалады. Тіпті 
кейбірі өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға жолдама алады. Өндіріс 
орындарында машықтан өтіп жатырған жас маманның бойындағы жауапкершілік, шешім 
қабылдай алу қасиеттері, өз-өзін ұстауы, өзгелермен тіл табыса білуі, сыртқы келбеті, киім 
киісі де маңызды рөл атқаратыны да сөзсіз. Жалпы бітіруші мамандарды жұмыспен қамту 
сонымен қатар, оларды кәсіпкерлікке тарту арқылы азаматтар арасындағы жұмыссыздық 
мәселесін шешуге, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарын көбейтуге болады. Бұл 


 «Білім айнасы» 2023 ж. 

жұмыссыздар санының азайып, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығының кепілі 
болмақ. Бүгінгі жас маман ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азамат. Дана халқымыз айтқандай 
«Болашақ бүгіннен басталады, талапты жастар оның бастамасы». Колледжден қанаттанып
ұшатын түлектер біздің мақтаныштарымыз. Олар ел игілігі жолында жемісті жұмыстар 
атқарады деп сенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет