Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5933
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

73 


 

Сүйімбекова Жамила 

 

                                             9 cынып №1 мектеп-лицей 

                              Құлан ауылы, Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы 

                                              Жетекші: Сариева Эльмира Альдибаевна 

 

Еш уақытта еш нәрсе ұмытылмайды 

 

Осыдан  70  жыл  бұрын,  бұл  күні  адамзат  тарихындағы  ең  сұрапыл, 

жойқын  соғыс  Ұлы  Отан  соғысы  аяқталды.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс,  біз 

үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60тан астам 

елі қатысқан болатын. 

Айбынды  білек,  жеңістеріне  сенімді  ыстық  жүректері  мен  қайрат 

күштерімен кешегі қайсар жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 

1945 жылдың 9 мамыр күні жауды жеңіп, соғысты жеңіспен аяқтадық! 

Бүгінде  Жеңіс  күні  мерекесі  адамдардың  ұлтына,  дініне,  тілі  мен 

мәдениетіне  қарамастан  ортақ  қуаныш  күні.  Бұл  қастерлі  мейрамның  мән 

мағынасы  уақыт  өткен  сайын  еш  өшпек  емес,  себебі  оның 

құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық 

жеңген Ұлы күн! 

Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-

майданға аттанған жауынгер аталарымызға кезек берсек. 

Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам ержүрек 

жауынгерлер  қан  майданға  аттанған.  Олардың  көпшілігіне  Вермахттың 

сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді. 

Ауылдан  келген  жас  жігіттер  кешегі  қырмандағы  жұмыстан  бірден 

майданның алдыңғы шебіне түссе де, қазақ баласына тән ерліктерімен көзге 

түсті. 

Өмір  мен  өлім  бәсекеге  түскен  осынау  сын  сағаттарында 



қазақстандықтар  ерлік  пен  ержүректіліктің  ерен  үлгісін  көрсеткені  баршаға 

аян.  Олардың  арасында  еліміздің  даңқын  шығарып,  халқымыздың  ерлік 

дәстүрін  әлемге  паш  еткен  қазақ  халқының  қаһарман  перзенттері  аз  болған 

жоқ. 


Сол алапат айқасқа біздің облысымыздан аттанған азаматтардың ішінде, 

ерлігі мен елге танылған, майданнан жараланып келіп, бейбіт өмірге араласқан 

Қойбақов Мамыртай атамыз да бар еді. 

1924 жылы «Мамай Қайыңды» ауылында Мамыртай ата дүниеге келген. 

Мамыртай ата ауқатты отбасынан шыққан. КСРО орнағаннан кейін тәркілеу 

басталды.  Бұл  1928  жылы  болды.  Үйіндегі  дүние,  өрістегі  мал  айдалынып 

келіп, санаққа ілінген. «Байдың үрім-бұтағымен жер аударылсын» деген қаулы 

бойынша  Мамыртай  атаның  жанұясы  Қырғыз  Республикасының  Талас 

ауданына  жер  аударылған.  1931  жылы  Мамыртай  атаның  әкесінің  айтуы 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

74 


 

бойынша олар елге оралады. Елге оралғаннан кейін атаның әкесі аурудан көз 

жұмады. Сол жылдары қазақ еліне ашаршылық келіп, көптеген балаларды ата-

анасыз қалдырған екен. 1934 жылы Қайыңдыда уақытша балалар үйі ашылып, 

онда  жетім  қалған,  жағдайы  төмен  отбасыларының  балаларын  қабылдау 

комиссиясы әр үйлерге кіріп тізімге ала бастаған. Мамыртай ата да сол тізімге 

кіріп, сол жерде білім алған.  

Ерлік үшін емес, елді қорғау үшін соғысуды мақсат тұтқан Мамыртай 

ата 1942 жылы тамыз айында армияға шақыртылды. Атамен бірге Мүтән ата, 

Әпез  ата  және  басқа  солдаттарды  эшелонмен  Өзбекстан  Республикасының 

Ферғана қаласындағы ежелден келе жатқан қамалға орналастырады. 

«Қаланың сыртында 5-6 шақырым жерде ашық далада күніне 5-6 сағат 

әскери  жаттығулар  жүргізіп  соғысқа  дайындады.  Мылтық  атуды,  гранат 

лақтыруды,  танкіні  жаратын  оқ-дәріні  қалай  қолдануды  үйрендік.  Қаңтарда 

мақтаның сабақтарын жинап, тамақ пісіретін жерге әкелетінбіз. Таңертең 200 

грамм  қара  нан  мен  бір  стақан  қант  қосылған  қара  шәй,  түсте  бір  тостақ 

орамжапырақтан жасалған сорпа, 400 грамм нан, кешке қарай 1 стақан шекер 

қосылған  қара  шәй  беретін.  Көрпе-төсек  жоқ,  матрас  пен  жастық  сабанмен 

тығыздалып жасалған. Жұқа матадан жасалған жамылатын көрпе берілді», - 

деп әңгімелеп берді Мамыртай ата әскердегі алғашқы күндерін. Мамыртай ата 

ауыр күрсінді де, майдандағы өмірін былай баяндап берді: 

«1943  жылы  тамыз  айында  Ферғанадан  Мәскеудің  түбіндегі  Орехово-

Зуева деген жерге келдік. Мен, Мүтән, Әпез атаң және басқа да солдаттар тағы 

екі ай дайындықтан өттік. Одан соң Смоленск қаласына Мүтән атаң екеумізді 

бірге  аттандырды,  ал  Әпез  атаңды  және  қалған  солдаттарды  бөлімшеге 

жіберді». Мамыртай атаның майдан туралы тағы бір айтқаны: «Смоленск пен 

Витебск ортасында деревня сол жерден шабуылға дайындық жүргізіп жатқан. 

Біз сол деревняға жету үшін Смоленск қаласынан жаяу жүрдік. Көретініміз: әр 

жерден құлаған танкі, зеңбіректер, снаряд, бомбылар түскен жер күл болып 

қалған, құлаған үйлер, кейбіреулерінің орнында сорайып тұрған пештер тұр. 

Тамырымен  құлаған  ағаштар,  жанып  кеткен  тоғайлар,  отын  ұстап  үйітіп 

алғандай көрінеді. Әр жерден зеңбіректер даусы естіледі. Жаяу әскерлер. Біз 

Батыс майданның 124 артиллеристер полкіне қосылдық. Мүтән екеуміз ПТР-

ді  меңгергендер  деп тіркелдік. Бізге 10 оқ ататын қаруға 5 оқ берді. Біздің 

мақсатымыз – жаяу жүрген әскерлерге көмектесу, қарсы келе жатқан танкті 

жою.  Шабуылға  шығар  алдында  өзеннен  өттік.  Біз  сол  көкжиекке  дейін 

созылған  окопта  дайындалып  отырдық.  Командиріміз  алаңға  шық  деген 

кезден бастап соғыса бастадық. Тек гүрсілдеген автомат, снаряттардың даусы 

естілді. Бізге 2 мертге шейін жақындаған жау снаряды жарылып, жарықтары 

оң  аяғыма  тиіп  қатты  жараландым.  Содан  ауруханаға  жеткізіп,  аяғыма  ота 

жасалды. Емделіп шыққаннан кейін медбике ауылға жеткізіп тастады. Ауылда 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

75 


 

қара жұмыс жасап жүрдім. Сырттай оқып малдәрігері мамандығын  алдым», - 

деп өткенін есіне түсіріп, әңгімелеп берді. 

  Ұлы  Отан  соғысы  4  жылға  созылды. Майдан даласында 600  мыңнан  астам 

қазақстандық  жауынгер  азаматтар  қаза  тапты.  Бүгін  Қазақстанның  барлық 

қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза 

тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. 

Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. 

Биыл  9  мамыр  –  Жеңістің  70  жылдық тойы.  Өйткені,  сол  күнді  аңсап 

мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. 

Тірі  қалғандар  көзінен  жасы  парлап,  денесінен  қаны  саулап  тұрып  жеңісті 

естігенде  қуанды.  Сол  Жеңіс  күнін  жақындатуға  тылдағы  миллиондаған 

еңбекші халық маңдай терін төкті, табан терін тауысты. Ұлы Жеңістен кейін 

ел есін жиды, етегін жапты. Сондықтан 70 жыл бұрын фашизмді жеңген ұлы 

ерлікті бүгінде жоққа шығару – зор  күнә. «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ 

саған тас атар», - дейді халық даналығы. Бұл соғыс жалғыз қазақ халқына ғана 

қасірет алып келген жоқ, бүкіл Совет халқының басына келген нәубет еді. Сол 

апаттың бетін барлық ұлт бірігіп қайтарған еді.   

Бүгінде  ол  оқиғаларға  деген  саяси-идеялогиялық  көзқарастар  кейбір 

елдерде  қайта  қаралып,  мүлде  басқаша  бағамдалып  жатқаны  да  баршылық. 

Бірақ,  қалай  дегенде  де  кешегі  кеңес  азаматтарының,  олардың  арасындағы 

өзіміздің  аталарымыз  бен  аға-аналарымыздың  фашизмге  қарсы  тұрып,  елін 

қорғауға сіңірген еңбегін  тарих ешқашан жоғалтпақ емес. 

 

 



Төке Сандуғаш  

Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы,   

Қ.Сұлтанбеков атындағы  орта мектебі. 

8 сынып оқушысы  

Жетекшісі: Бейсбаева А.О 

 

Майдангер аталарым 

От кешкен Отан үшін ардагерлер, 

Ел үшін ту ұстаған кемеңгерлер. 

Ішінде қызыл-жоса қанды шайқас 

   Ерлікпен құрбан болды талай ерлер. 

 

    Арын  жалау  етіп,  жанын  алау  етіп  жауға  аттанған  ел  ұрандары 



Отанымыздың байтақ жерін қорғады, айдын көлін, халықтың өмірін қорғады, 

өзі туған жерін қорғады, ақ сүт берген апасын қорғады, ақ самал ескен даласын 

қорғады,  пәк  күлкі  шашқан  баласын  қорғады,  парасатты  данасын  қорғады. 

Осы  әділет  жолында  қасық  қанын  қиып  ұрыс  даласынан  қайтпай  қалған 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

76 


 

қаһармандар қаншама. Қазақстаннан 2-млн-ға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер 

қатарына шақырылып, майдан даласынан 394 000 қазақ боздақтары қайтпай 

қалды.  Соның  ішінде  Жамбыл  облысы,  Тұрар  Рысқұлов  (Луговой)  ауданы, 

Жақсылық  (Тельман)ауылынан  159  адам  аттанды.  102  адам  қаза  тапты,  57 

адам 


қайтып 

оралып, 


еңбек 

майданына 

атсалысты.Осы 

қазақ 


боздандықтарының  ішінде    менің  де  аталарымның  бар  екендігін  айтқым 

келеді.


 

.  Мен  өз  шағын  шығармамда  өз  аталарымның  өмірінен  естіген 

әңгімелерімді жинақтап жазғанды жөн көрдім. 

       Бір  атадан  тараған  ұрпақтардан  Әбішев  Әліқұл,  Әбішев 

Молдақасым, Әбішев Қасымбай және Қашағанов Таштенбай. Мына аталарым 

әрқайсысы әр кезеңде соғысқа аттанады.  

    Әбішев  Әліқұл(1920ж-....).  1920  жылы  туылып,  1939  жылы  19 

жасында 3 жылдық армия қатарына шақырылады. 1941 жылдың көктемінде 

Отан  алдындағы  борышын  өтеп  қайтар  уақытында  Ұлы  Отан  соғысы 

басталады  да  майданда  болады.  Сол  уақытта  ауылда  қалған  ағасы  Төке 

үйленеді, оның үйленгендігін хат арқылы естиді. Соғыс  уақытында екі-үш рет 

хат  жазған.  Кейін  1945  жылы  сәуір  айында  Бірінші    Белорусь  майданында 

жүргендігін айтып жеңгесіне арнап хат жазады. Хатында «Оқ қарша борап тұр, 

жеңіс  жақын  қалды,  жақында  ауылға  барамын,  сенімен  танысамын»  деген 

екен.  Сол  хаттан  кейін  хат  та,  хабар  да  жоқ.  Қарақағаз  да  келмеген.  Атам 

үйленбегендіктен артында ұрпақ қалмаған.   

  Молдақасым Әбішұлы(1909ж-1943ж) 1928 жылы Құттыжанда алғаш 

мектеп  ашылғанда  сауатсыздарға  білім  берген  алғашқы  мұғалімдердің  бірі. 

1942 жылы  Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 жылы Курс шайқасында қаза 

тапқан. 1943 жылы қаза тапқандығы туралы қара қағаз келеді 

   . Артында тек Күніке атты анамыз ғана қалады, ұрпақ қалмаған.   

    Әбішев  Қасымбай  (1911  ж-1994  ж)  Атам  1941  жылы  соғысқа 

атанады.  Ол    майданға  түсіп  сол  жерде  жараланып,  госпитальда  жатып 

емделеді де, қайтадан Сталинград майданына аттанады. Нева өзенінің үстінен 

салмен  келесі  бетіне  өтіп  бара  жатқан  жерінен  оқ  тиіп  қатты  жараланады. 

Новосибирск госпиталінде ес-түссіз жатып, бір айдан соң есін жинайды. Сол 

гопитальда  үш ай бойы емделеді.  Соғысқа аттанбақ болғанда, енді майданға 

жарамайтындығын айтып ,еліне қайтарады. Елге оралған соң соғыстағы алған 

жарақатынан  көп  зардап  шегеді,  бірақ  сонда  да  колхозда  финагент  болып 

еңбек етеді. 1994 жылы 83 жасында қайтыс болады.  Артында жалғыз қызы 

ғана қалған, басқа ұрпағы жоқ. 

    Әбішев Төке 1916ж- 1992ж Атам  соғысқа бармаса да тылда істеген 

еңбегін  айтқым  келеді.  Атам  1941  жылы  ауылдың  белді  азаматтарын,  яғни, 

ағаларын  соғысқа  алып  кеткенде  25  жастағы  жас  жігіт  жаңа  үйленгендігіне 

қарамастан,  соғысқа  сұранып  бармақшы  болады.  Қанша  сұранса  да  соғысқа 

алмайды. Себебі  МТС-тің беделді 5-6 трактористерінің бірі болған. Күндердің 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

77 


 

күнінде 1942 жылдың қаңтар айында 4-5 трактористі дезертир ретінде соғысқа 

айдап алып кетпекші болған. Бірақ сол кезде МТС-тің директоры военкомды 

тыңдамай «Соғысқа адам керек болса, тылдағы еңбекке де адам керек, яғни 

соғыстағыларға  да  нан  керек.  Еңбек  те  соғыс»  деп  жібермей  алып  қалған. 

Кейін  военкомат  жақын  жерге,  Ақыртөбенің  төңірегіне  келгенде,  тылда 

трактор айдап жүрген атам тағы да соғысқа бармақшы болады да, военкомға 

барады. Военком әйел адам екен. Ол кісі атама бәрін түсіндіріп «Енді жеңіс 

жақын, ешкімді де соғысқа алмайды. Сенің де жасап жүргенің тылдағы соғыс» 

деп 


бронь 

жазып 


берген 

Атам 



содан 

кейін 


еңбегін 

жалғастырып,зейнеткерлікке шығып , 1992 жылы ұзақ аурудан қайтыс болған.  

    Атамның артында 4 ер бала,2 қыз бала қалған.     

    Атамның  атасымен  бірге    туған  аталарымның  бірі  Қашағанов 

Тәштенбей атам 1942 жылы соғысқа аттанады. Белорусь майданында болып, 

жаяу әскерлер отрядында болады. Бір күні тұтқынға түседі де, сол тұтқыннан 

қашып  шығады.  Бірақ  қашып  шыққаннан  кейін  неміс  шал  мен  кемпірдің 

қолына түседі. Олар кеес жауынгерін өз баласындай көріп, жасырып тығып 

ұстайды.  Әрине  көрген  қиыншылығын  сөзбен  айту  қиын.  Күндіз  күні  бойы 

үйдің жертөлесінде ұстаса, түніне ағашын жарып тірлігіне көмектеседі. Үш ай 

бойы  сол  кемпір  мен  шалдың  «баласы»  болады.  Үш  ай  өткен  соң  шал: 

«Үйлердің бәрін гестапоның солдаттары тексеріп келе жатыр.Сені көріп қойса 

бізді де өлтіреді. Сені орманға апарып тастайық» дейді. Сөйтеді де түнделетіп 

ат арбаға жасырып, отын артқан болып  Польшаның шекарасына дейін 50 км-

дей жер жүріп апарып тастайды. Орманда атам  шегеараны тұспалдап 2-3 күн  

жүреді. Жүріп келе жатса, алдынан сақал-мұрты өскен бір шалды кездестіреді. 

Ол  да  өзі  сияқты  қашып  жүрген жауынгер  екен.  Сөйтсе   ол  өз  ауылындағы 

тауда  мал  бағып  қарауыл  болған  Нагорный  деген  кісі  екен.    Екеуі  поляк 

партизандарына қосылып, кеңес әскерлеріне де жетеді. Бірақ сол кездің заңы 

бойынша соғысқа жібермей конслагерьге барып келгендерді соттаған. Сөйтіп 

олар  Светлогорскі  түрмесінде    сотталып  жатқан.  Кейін  жеңіс  хабары 

жақындаған  кезде түрме бастығынан «баламды көріп келейін» деп сұранған. 

Түрме  бастығы  жеңіс  болатындығын  естіп  қуанғаннан  кейін  жібере  салған 

екен. Бірақ оған дейін атам ешқандай хат-хабарсыз болған.  Тәштенбай атам 

немістің  қолында  бірнеше  ай  болғандықтан  атамыз  неміс  тілінде  жақсы 

сөйлеген.  

Бұл  әңгімелер  жазғанға  оңай  болғанымен,  олардың  көрген 

қиыншылықтарын  айтып  жеткізу  қиынның  қиыны.

 

Бұл  соғыстың  бізге,  жас 



ұрпаққа берер қасиеті аталарымыздың ұрпақ үшін жасаған ерлік істері болса, 

қасіреті  ұрпақтардың азаюы, кемуі және оның мүлдем болмауы жаныма қатты 

батады. Егер осы аталарымнан көптеген ұрпақтар өсіп-өрбіген болса, Әбіштер 

ұрпағы көп болған болар еді. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

78 


 

   1945 жыл 9 мамыр. Біздің қаһарман  халқымыз жауды тізе біріктірді. 

9  мамыр  күні  соғыстың  аяқталғанына  70  жыл  толады.  Соғыс  бітті.  Ауыр 

жылдар  артта  қалды.  Біздің    еліміз  бейбітшілікті    сүйеді.  Ананы  баладан, 

баланы анадан  айыратын сұм соғысқа жол жоқ!  

   Ардақты майдангер аталарым! Бүгінгі ұлағатты ұрпақ сіздердің ерлік, 

қаһармандық істеріңіздің алдында мәңгі қарыздар.  

 

 



Төлеген Арайлым 

                                                                          9 сынып, №1 мектеп – лицейі 

                                                                   Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы                                                                                    

                                                              жетекші:Тлеукулова Жанат Сейтқазиевна 



 

                                           Ата даңқы – ұрпаққа үлгі 

 

          "Соғыс" сөзі қандай қорқынышты, осы сөзді естігенде, денем түршігіп, 



бойымды  қорқыныш  пен  үрей  билейді.  Ал  "Жеңіс"  сөзі  ше?  Жоқ,  бұл  сөз 

жүрекке  жақын,  жанға  жылы.  Естігенде,  кеудеңе  шаттық  орнап,  бойыңды 

қуанышкернейді.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  қасіреті  мен  Ұлы  Жеңістің 

қасиетін,  батыр  ағаларымызбен  апаларымыздың  ерлігін  ешкім  де  ешқашан 

ұмытпайды.  

         Әлемді  дүр  сілкіндіргіп,    1941  жылы  22  маусым  күні  таңғы  сағат  4-те 

бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні 

байтақ  елімізге,  жер  -  жердегі  ауыл  -  селоға  тарады.  Ер  азаматтар  асығыс 

соғысқа  аттанды.  Кейбірі  өздері  сұранып  кетті.  Қасиетті  жеріміз,  бейбіт 

жатқан еліміз, адам көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық 

қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты.Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ, 50 

млн адамның өмірін қиды.

       

        Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 



1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы 

соғыс жүріп жатты.  Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, 

қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Қазақ 

ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын    шүберекке  түйген  жауынгер  халық 

болған.  Ұлан  байтақ  даласының  бір  тұтам  жері  үшін  қорқу  деген  сезімді 

жүрегінен жұлып алып тастаған.  

        «Ұлы Отан соғысы»ұғымы 1941  жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио 

арқылы сөйлеген сөзінен пайда болды. Ұлы Отан соғысы – адам баласының 

адамдық  қасиетке  жатпайтын  өзімшілдігі,  зымиян  ойлылығы  мен 

озбырлығынан  басталды.  Қанша  адам  жақындарынан  айрылды?  Соғыс 

жылдарында  қанша  адам  туған  жерден  жырақ  жүріп,  қаншасы  жат  жерде 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

79 


 

жерленді? Қанша жас қыршын кетті? Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар 

да қатысты.  

       Менің  атам  1920  жылдың  17  қазанында  Луговой  ауданының  Құлан 

ауылында  туылған.  Ол  еңбек  жолын  1935  жылы  «Восток»  колхозында 

бастаған.1940 жылы 18 қазанда Кеңес әскерінің қатарына алынған. Осы жылы 

Красноярскі қаласында өзінің «артиллерист» деген әскери қызметіне кіріскен. 

Қатардағы жауынгер Қалымбаев Төлеген Ржев қаласында,                         3-ші 

Беларусь соғыс майданында, Орша, Зубков, Вязьма және Орлов қалаларында 

неміс 


басқыншыларымен 

Ұлы 


шайқастарда 

әскери 


қолбасшылар 

Черниховский,  Чистяковтармен  аралас  жүрген.  1944  жылы  Гинзбург 

қаласында  ішкі  істер  құрамына,  чекистер  қатарына  іріктеліп  алынған. 

Литваның  Чаулай  қаласында  Власовшылармен,  Бандеровшілермен  аяусыз 

күрес  жүргізген.  Кеңес  Одағы  Жоғарғы  Президиумының  20  наурыздағы 

Указымен 1946 жылы 20 желтоқсанда өзінің туған ауылы «Восток» колхозына 

оралады. Екінші топтағы соғыс мүгедегі Қалымбаев Төлеген еңбек майданына 

қызу кіріседі. Ол 1989 жылы колхоздың «Құрметті колхозшысы» деген атпен 

өзінің еңбек жолын аяқтайды. 

Атам соғыс майданында 6 жыл, еңбек майданында 47 жыл еңбек еткен. 

Ол соғыс майданында үш рет жарақат алса да, соғыс біткенге дейін Ұлы Отаны 

үшін  неміс  басқыншыларымен  аянбай    шайқасқан.  Қатардағы  жауынгер 

Қалымбаев Төлеген «ІІІ Даңқ ордені», «Отан соғысының ІІ Даңқ ордендері» 

мен  «Еңбектегі  ерлігі  үшін»  медалімен  және  «1941-1945  жылдарда  неміс 

басқыншыларымен  Ұлы  Отан  соғысында  жеңісі  үшін»  және  Власовшы, 

Бандеровшілермен  күрестегі  ерлігі  үшін  «Мақтау  қағаздарымен» 

марапатталған. 

Жан ата, қатал әскери сынақ жылдары белсенді Отанын қорғағандардың 

қатарында  болдыңыз.  Сіздің  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  жетістіктеріңіз  бен 

ерліктеріңіз біздің, жас ұрпақтың жадында мәңгілік сақталады. Өміріңізбен де, 

аталық  мейіріміңізбен  де,  жадымызда  жатталған  әрбір  ғибрат  сөзіңізбен  де 

тағылымды  тәрбие  тамыршысы  болдыңыз.  «Ер  есімі  ел  есінде»  деген  сөзді 

халық текке айтпағанына көзім анық жетті. 

Аталарымыз  біз  үшін  –  терең  тарих,  ұмытылмас  мұрағат. 

Аталарымыздың ерлігі әрқашан жүрегімізде жалындаған от пен абырой болып 

қалады. Соғысты жеңген барлық аталарымызға мың алғыс! Атамның жеңісі – 

менің жеңісім! Мен атамды мақтан тұтамын! Ұлы Жеңіс күні – бәрімізге ортақ 

мұра болғандықтан, атамды еске алу  менің парызым деп есептеймін.          

         Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 

патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500-ден  аса 

жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. 

Олар:  Бауыржан  Момышұлы,  Талғат  Бегельдинов,  Сергей  Луганский,  Иван 

Павлов, және тағы басқалар. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

80 


 

соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр 

апаларымыз  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк  Мәметова  ерлік  көрсетіп, 

батырлықпен  қаза  тапты.  Иә,  кеудесін  оққа  төсеген  қазақтың  қарапайым 

қыздары  Мәншүк  пен  Әлия  қас  дұшпанынан  елін  қорғаған  еді.  Осындай 

батырлардың ішінде аты аңызға айналған даңқты жауынгер, жазушы, батальон 

командирі  –  Бауыржан  Момышұлы:  «Жеңіске  жеткен  қуанышқа  кенелді, 

жетпегендер  арманда  кетті.  Отан  соғысында  қаза  тапқандарды  ұмытпайық! 

Өзімізге  өлгенше  олардың  аттарын  аузымыздан  түсірмей,  жазғанымызды 

қағаздан қалдырмай айта берейік. Оларға біздің дұғамыз сол болсын! Өлгенді 

ардақтай білген ғана тіріні құрметтей алады. Өлгенге бақыт тірінің тірлігінде», 

-деген еді. 

      Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес  Одағы  құрамындағы  халықтар  үшін  басына 

түскен сын кезең болды.Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында 

беделі асқақтап, биік шыңдардан көріне білді. Солардың ішінде менің атам –

Қалымбаев Төлеген де болды. 

       Ерлік  шежіресі  –  өшпейтін,  өлмейтін,  естен  кетпейтін  құбылыс.  Бізге 

тәуелсіздік  әкелген,  елімізді  аман  алып  қалған  ата-бабаларымыз  –  біздің 

мақтанышымыз. Олар біздің болашағымызды жарқын етті. Сондықтан да көзі 

тірі ардагерлерімізді аялап, құрметтеп, ілтипат көрсету – борышымыз. Біз сол 

кісілерге  қарыздармыз.  Кешегі  соғыста  ерлік  пен  елдіктің,  бірлік  пен 

адамгершіліктің, татулықтың өнегесін көрсететін бабалар үлгісі келер ұрпақ 

санасында мәңгі сақталуға тиіс. Олар біздің есімізде мәңгі қалады: соғыс та, 

жеңіс  те,  жеңісті  алып  келген  батырлар  да.  Оққа  ұшқан  қарулас 

жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер  аталарымыздың 

өздері қорғап, қамқор болып оралған, қалың елдің зарығып күткен Жеңіс күнін 

біз ұмытпаймыз, тарих та ұмытпайды.   

         Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  аяқталғанына  70  жыл  толған  ұлы 

мерекелеріңіз  құтты  болсын!  9  мамыр  Жеңіс  күні  -  әр  адамды  толқытатын 

ерекше,  аса  қастерлі  де  айтулы  күн,  сондықтан  осы  Ұлы  мерекені  ерекше 

қабылдаймыз.    Жеңіс  күні  –  бұл  сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке. 

Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен 

аналарымыздың алдында бүгінгі ұрпақ атынан басымызды иеміз. 

Біз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін ғажап 

күшпен  жеттік.  Ол  күш  –  бірлік.  Қаншама  халық  бір  тудың  астына  бірігіп, 

күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс -  он бес одақтас мемлекеттердің ортақ 

мерей тойы. Біздің ұлтты жеңіске жетелеген тағы да бір күш – ол  патриоттық 

сезім.  Осы  сүйіспеншілік  елді  жаудан  азат  етуге  көмектесті. 

Ешқашанда 

жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің  ерен  ерліктері 

ұмытылмайды.  Бүгінде  біздің  азаматтық  міндетіміз  –  Отанымызды  сүю, 

еліміздің, жеріміздің адал патриоттары, достық пен бірлік   туралы түсініктері 

қалыптасқан ұрпақ болып өсу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет