Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

Омар Айша 
5 сынып, №258 мектебі Байқожа елді мекені 
Қазалы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Абдрахманова Б. 
 
Атамның жеңіске қосқан үлесі 
70 жыл – бейбіт көктем таң атқалы, 
70 жыл – шуақты күндер таратқалы 
Есімде сонан бері 70 рет, 
Ашылды Жеңіс күннің парақтары. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
178 
Біз  бүгінде  ортамызда  жоқ,  кезінде  Ұлы  Отан  соғысының  сұрапыл 
жылдарында елінің қамы үшін жанқиярлықпен шайқасқан, көзі тірісінде ел-
жұрт құрметіне бөленген, ерліктің айбарын, елдіктің айғағын танытқан абзал 
азамат жайлы сыр шертпекпіз. Сөз еткелі отырған ардагер азамат, яғни, менің 
атам – Абдрахманов Омар Әбдірейұлы туралы болмақ. 
Атам Абдрахманов Омар 1924 жылы 15 маусымда Майлыбас ауылдық 
округіне  қарасты,  Байқожа  елді  мекенінде  дүниеге  келген.  Майлыбас 
ауылында 1937 жылы 7 жылдық мектепті тәмамдайды. 1942 жылдың күзінде 
18  жасында  сұрапыл  соғысқа  аттанған.  Әуелі  281-ші  атқыштар  полкінде 
қатардағы  жауынгер  болған.  1942  жылдың  желтоқсан  айында  281-ші 
атқыштар полкінде жүріп, бірінші рет бас сүйегінен жарақат алады. Әскери 
госпитальда  ұзақ  емделіп,  қайтадан  неміс-фашист  басқыншыларынан  азат 
етуге,  Қызыл  Армия  қатарына  қайтып  оралады.  1943  жылы  373-ші  полкте, 
1944 жылы 298-шы полкте әскери міндетін жалғастырды. 1943 жылы 200-ші 
атқыштар  дивизиясында  Сталинград  түбіндегі  жойқын  шайқаста  екінші  рет 
жараланады.  
Мен атамның қан майданға барып, айқас алаңдарында жасаған ерліктері 
туралы өзімнің әкемнен және атамның көзін көрген қариялардан құлақтанып 
отырмын. 
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды».  
Иә, содан бері 70 жыл уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылмады. 
Атам жыл сайынғы 9-мамыр Жеңіс күні көп ойланып көп күрсінетін еді: 
-Е,  шырақтарым,  біздің  көргенімізді,  басымыздан  өткергенімізді 
ешқашан  сендерге  көрсетпесін,  -  деп  отыратын.  Ол  өз  қарамағындағы 
жауынгерлерді Отансүйгіштікке шақырып, жауға деген өшпенділігін өршітуге 
үлес  қоса  отырып,  өзінің  ерлік  істерімен  оларға  өнеге  көрсету  оның  басты 
міндетіне айналды. 
Ұлы Отан  Соғысы... Бұл сол кездегі ата-бабаларымыздың қайсарлығы 
мен ержүректілігін дәлелдейтін, тарихта, халық есінде мәңгі қалатын елеулі 
күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп, 
ерліктің әрқилы үлгісін көрсеткен ардагер азаматтар тойламақ. Ұлы Жеңіс он 
бес  одақтас  болған  мемлекеттердің  ортақ  мерейтойы  болмақ.  Қазіргі  таңда 
Ұлы  Отан  соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың, тылда  еңбек  еткен 
ардақтыларымыздың  қарасы  жыл  өткен  сайын  азайып  бара  жатыр  емес  пе? 
Сондықтан да бұл ұлы мереке болып өтпек.  
Сол  кездегі  Кеңес  одағының  сан  алуан  ұлт  өкілдерімен  бірге  жауды 
талқандап,  Ұлы  жеңіске  жету  жолында  қазақ  халқының  да  лайықты  үлесін 
қосқаны баршамызға аян. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап 
Берлинге  дейін  жанкештілікпен  барды.  Олар  сонымен  қатар  Сталинград 
түбіндегі  шайқаста,  Москва  мен  Ленинград  үшін  болған  ұрыстарда  және 
Днепр өткелінде ұмытылмас ерліктер көрсетті. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
179 
Соның дәлелінің бірі менің атамның 1943 жылы Сталинград түбіндегі 
шайқасқа қатысып, жарақат алуы. 
Ұлы  Отан  соғысының  парақтарына  үңілсек,  қазақтардың  қанды 
қырғынға  қаймықпай  соғысқанына  дәлелдеме-пікірлер  қажет  деп 
ойламаймын.  Оған  дәлел  айқас  алаңдарында  өшпес  ерлік  жасаған  бес  жүз 
қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.  
Кешегі  Ұлы  Отан  соғысында  оққа  ұшқан  қаншама  қарулас 
жолдастарының 
аманатын 
арқалап, 
аман-есен 
оралған 
ардагер 
аталарымыздың өздері қорғап, қорған да қамқор болып оралған арттағы қалың 
елдің  қамығып  жеткен  Жеңіс  күнін,  біз  ұмытсақ  та  тарих  ұмытпайды. 
Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. 
Меніңше,  Ұлы  Отан  соғысы  оқиғалары  ескірген  ертегі  емес,  біздің 
қазіргі іс-әрекеттеріміз, қайта құрылысымыз, бейбітшілік үшін күресіміз сол 
Отан соғысы кезіндегі күресіміздің жалғасы емес пе? Олай болса, Отан соғысы 
әңгімелері, шынайы көріністері ешқашан ескірмеуге тиіс. 
Абдрахманов  Омар  елге  1949  жылдың  көктемінде  оралады.  Елге 
оралғаннан  кейін  соғысқа  дейінгі  жасаған  электрик  мамандығы  бойынша 
еңбек  жолын  жалғастырады.  1950  жылы  менің  атам  мен  әжем  отау  тіккен. 
Менің  әжем  Рахима  Ақтөбе  облысының  тумасы.  Ол  12  жасынан  соғыс 
жағдайындағы  елімізді  ашаршылық  пен  құлдыраудан  құтқару  жолында 
көптеген  ауыр  жұмыстар  жасаған.  1950  жылы  Ақтөбе  облысының  Үкілісай 
елді-мекенінен  арқар-меринос  қойын  Қазалы  Ақ  қой  совхозына  жерсіндіру 
кезінде көшіп келген. Менің атаммен дәм тұзы таусылғанша бірге тұрған  әжем 
екеуі 7 бала тәрбиелеп өсіреді. Атам алғашқы немерелерінің қызығын көріп, 
1980 жылы дүниеден өткен. Менің әкем Омар атамның ең кенжесі. Әкемнің 
айтуынша,  атам  көп  сөйлемейтін,  ер  тұлғалы,  тұйық,  көпшіл  адам  болған. 
Жеңіс  мерекесі  қарсаңы  алдында  сұхбат  сұрай  келген  аудандық,  облыстық 
тілшілерге  сұрапыл  соғыста  болған  жанкешті  оқиғаларын  айтудан  бас 
тартатын  көрінеді.  Мүмкін  сұрапыл  соғысты  есіне  түсіргісі  келмегендіктен 
болар.  Бірақ  60-70  жылдары  Ұлы  Отан  Соғысына  қатысқан  ардагерлерге 
қазіргідей Елбасымыз көрсетіп отырған қошемет пен құрметтің, жеңілдіктің 
болмағаны рас шығар деп ойлаймын. Елбасымыздың кезекті бір Жолдауында: 
-  Бұл  біздің  әкелеріміз  бен  аталарымызға  олардың  жанқиярлық  күресі 
мен жеңісі үшін, олардың біздерге бейбіт өмірді қамтамасыз еткендері үшін 
құрмет – деп, ардагерлер мәртебесін бір көтеріп тастап еді. (23 қаңтар, 2010ж.) 
Атамның  қан  майданда  көрсеткен  ерліктері  үшін  «Отан  соғысы», 
«Қызыл  жұлдыз»  ордені,  «За  Отвагу»,  «Еңбек  ардагері»,  «Ұлы  Отан 
Соғысындағы Жеңіске – 20, 25, 30 жыл» т.б медальдарымен марапатталған.  
Соғыс салқын естіледі құлаққа, 
Соғыс жайлы ән де айттық жылап та, 
Мен соғысты көрген жоқпын дегенмен 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
180 
Сол қайғыны айтады жұрт бірақ та. 
Еске аламыз батыры деп халықтың, 
Кешкеннен соң қанды майдан соғысты. 
Біздің есте қалғаны тек атамның, 
Әжем айтқан кескіні мен тұлғасы. 
Он сегізде көрген соғыс сызатын, 
Қозғады ол намысының ызасын. 
Ұмытпаймыз Омар ата есімін, 
Атамыз ол біздер мақтан тұтатын. 
Иә,  «Ер  есімі  –  ел  есінде»  -  демекші,  бізге  жарқын  болашақ,  бақытты 
ғұмыр сыйлаған аталар мен апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың 
қасиетті рухы бүгінігі бейбіт тірлігімізге мәңгі шуағын шашпақ.  
Алдағы  Ұлы  Отан  Соғысының  70  жылдық  мерейтойы  құтты  болсын, 
ардақты халқым менің!   
Оңдасын Жеңісай 
5 сынып, №204 мектебі Әйтеке би кенті, 
Қазалы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Орымбетова Ғ. 
 
Мың алғыс деп ұрпағың,тағзым етер алдыңда 
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.Ешкім де, ешнәрсе де 
ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды 
жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. 
Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе 
радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. 
Иә, содан бері қанша уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
181 
Неменеңе жетістің бала батыр, 
Қариялар азайып бара жатыр 
Бірі мініп келместің кемесіне, 
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, 
- деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз 
құндылық,сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын 
әсіресе  олардың  ортасында  Ұлы  Отан  соғысынан  аман  оралған 
ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып  барады  емес  пе?!  Солардың 
жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның 
туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, 
еңіреп жүріп жауды жеңіп, жеңістің таңбасын басқан күн  – Жеңіс күні. Бұл 
күннің толғағы ащщы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. 
Сондықтан  да  бұл  Ұлы  мереке.Осынау  айтулы  мерекеге  70  жыл  толудаБұл 
мерекенің  қай  кезде  де  орны  бөлек.Олай  болатыны,  абзал  азаматтарымызға 
деген  ыстық  сезім,  алғыс  пен  құрмет  ешқашан    сөнбек  емес.Олар  -өмірдің 
мәні,көңілдің  жыры,әр  отбасының  алтын  қазығы.Олай  дейтінім,  бұл  соғыс 
қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады.Бірінің әкесі, бірінің ағасы 
қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Ішінде ақын 
да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, 
қанша  Абай,  қанша  Шоқан  кетті  екен  десеңші...Оққа  ұшқан  қарулас 
жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер  аталарымыздың 
өздері  қорғап,  қамқор  болып  оралған  арттағы  қалың  елдің  қамығып  жеткен 
Жеңіс  күнін,  біз  ешқашан  ұмытпаймыз.  Тарихта  алтын  әріптермен  қалары 
сөзсіз.Ол – өмір заңы. 
Біз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін ғажап 
күшпен жеттік. Ол күш – әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына 
бірігіп    күштерін  бір  арнаға  салды.  Бұл  жағдайлар  Қазақстанды  көп  ұлтты 
мемлекетке  айналдырды.  Қазақ  елі  осылай  қиын-қыстау  уақытта  талай  ұлт 
өкілдеріне пана бола білді.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің 
ортақ мерейтойы деп ойлаймын. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен 
бірге  жауды  талқандап,  жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты 
үлесін қосты. Оның айғағы Мұхтар Құрманалиннің өлеңінде:  
Елімде жайнасын деп жылда көктем, 
Жетімдік көрмесін деп бала біткен. 
Сендер ғой омырауын оққа тосып, 
Болашақ үшін өзін құрбан еткен. 
Жексұрын жауды қуып желкеледің, 
Бірақ та деген жоқсың «ерте өлемін» 
Еліңнің төріндесің енді бүгін, 
Жатсаң да баурайында бір төбенің, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
182 
-деді  емес  пе.  Ұлы  Отан  соғысының  қатпарлары  парақтарына  үңіліп 
қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз 
жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың 
Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.     
«Ер есімі – ел есінде»,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр 
сыйлаған  аталар,  апалар  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың  қасиетті 
рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.Бұл жеңіссіз 
бүгінде тәуелсіз Қазақстан болмас еді. 
Бүгінде  Қазақстан  Республикасы  –  тәуелсіз,  демократиялық  және 
құқықтық мемлекет атанды. Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны және республика 
Әнұранын осы айтулы Ұлы Жеңістің  айғағы деп білемін. Мамыражай тыныш 
өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің 
құл  болмай,  ару  қыздың  күң  атанбай,  халықтың  бірлікте  өмір  сүруі  нақ 
солардың  арқасында!  Бұл  мереке  әр  кезде  де  батылдық  пен  ерліктің, 
қаһармандық  пен  елдіктің  нышаны,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  пен 
адалдықтың  өлшемі.  Құрметті  ардагерлеріміз  біз  үшін  егемен  еліміздің 
тәуелсіздігін  қорғаушылардың  бәрі  жарқын  үлгі  болып  қала  берері  сөзсіз. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  ту  шашағын  сүйіп  тұрып:  «Мазмұнына  өрнегі 
жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі жасасын!» деді емес пе?! 
Сондықтан  еліміздің  киесі,  тәуелсіздіктің  иесі,  ел  қорғаған  асыл 
тұлғаларымыз мәңгі жасасын!  
Оразымбетова Роза 
10 сынып, №121 мектебі Жосалы кенті, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі Қозыбақов А. 
 
Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті 
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақындаған сайын 
кешегі күні қан  майданда от кешкен, кеуделерін оқ тескен, тірі қалғандары 
аман-есен  туған  елі  мен  жеріне  оралып,  қаза  тапқандары  сол  жақта  қалған, 
көпшілігі  хабарсыз  кеткен  қайран  ерлерді  есімізге  түсіріп  жатқан  жайымыз 
бар. Өкініштісі сол, көрер жарығы мен дәмі таусылмай елге қайтқандарының 
да қатарлары сиреп барады. 
1941  жылы  22  маусымда  Фашистік  Германия  соғыс  жарияламастан 
келісімді  бұзып,  КСРО  аумағына  басып  кірді.  Осылай  Ұлы  Отан  соғысы 
басталды. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине бұл жоспарға қарсы 
тұра  білді.  Қазақстан  халқы  Отанқорғаушылар  қатарына  өз  еркімен  жаппай 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
183 
жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мәншүк 
Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да 
жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,-әскери комитетке өтініш берді.     
Майдандағы  Қызыл  Армия  қатарына  1200000-ға  жуық  Қазақстандық 
аттанды. 
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 
7  атқыштар  бригадасыжәне  50-ге  жуық  жеке  полктер  мен  батальондар 
жасақталып,майданға аттандырылды. 
  Қазақстан,  бүкіл  Кеңес  одағы  сияқты  алғашқы  күннен  бастап, 
жұдырықтай жұмылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен 
бойжеткендер  де,  қала  мен  ауыл  тұрғындары  да  соғысқа  сұранды.  Олар 
өздерінің қамы үшін емес, туған жерін, өз Отанын қорғап, «ертеңгі болашақ 
ұрпақтарымыз дәл біздей болсын, елін қорғап, біздің солар үшін аянбай, қан 
майданда тер төгіп жүргенімізді,білім алып, Қазақстан жерін көркейткендерін 
және біздің басымыздан өткен тарихымызды мәңгі жадында сақтағаны жөн» 
дейтін-ді. 
Сол соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы, Рейхстагқа жеңіс туын 
тіккен Рахымжан Қошқарбаев, қазақтың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова және 
Мәншүк  Мәметова,  жаудың  тылында  партизандардың  қатарында  да 
қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі – Қасым Қайсенов. 
Ұлы Отан  соғысы...Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. 
 «Ұлы  Отан  соғысы»  ұғымы  1941  жылы  шілденің  23-інде  Сталиннің 
радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. 
Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін! 
Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та  ұмытылмастай  ізін 
қалдырды.  Жеңіс  күні  –  бұл  сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке.  Бұл 
мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын 
қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны. 
Біздің 
апаларымыз 
бен 
әкелелеріміздің 
батырлықтары 
мен 
жанқиярлылықтары,  олардың  өз  Отанына  деген  сүйіспеншіліктері. 
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл 
– бірнеше  ұрпақты  байланыстыратын  қоғамның  рухани  дамуы  мен  ұлттың
қайта өрлеуінің жоғарғы адамгершілік негізі. 
Сол  бір  ел  басына  күн  туған,  ер  етікпен    су  кешіп,  ат  ауыздықпен  су 
ішкен  қасіретті  күндерде,  қолына  қару  алып,  өз  еркімен  майданға  сұранып, 
кеудесін  дұшпанға  деген  кек  кернеген  ерлер,  жылдармен  жылжып  өткен, 
ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналып бара жатқан Ұлы Отан соғысы бүгінгі 
ұрпақтың  жадынан  өшуі  тиіс  емес.  Азаматтық  міндетіміз  жерінің  адал 
патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отансүйгіштікке 
тәрбиелеу. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
184 
Отаралиева Гүлзия 
5 сынып, № 13 мектебі Арал қаласы 
Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Досаханова Л. С. 
Жеңіс – жеңіс ол қашанғы мықты, батыр адамдардың ісі.                         Ата-
бабаларымыз  жауды  жеңіп  9-мамырда  елге  жеңіспен  оралып  бізге  шаттық  
қуаныш  сыйлаған.  Сондай  –  ақ,    менің  атам  да  Кәрібаев  Жандаулет    тылда 
еңбек еткен. Қазір 2014-ші жыл жеңістің 70 жылдығы. Егер де                ата-
бабаларымыз, әпкелеріміз Мәншүк, Әлия өз бастарын  қатерге  тікпей келешек 
ұрпағына    өмір  сыйламағанда,  біздің    өміріміз    не  болар  еді?    Күйеулері, 
балалары    соғыста    аш  қалмасын  деп  жылы    киімдерін  салып    қарт  әжелер 
аналар  аянып  қалмаған.  Олар  үшін  сол  «Ұлы  отан»  соғысында  қорқыныш, 
өлімнен қымбат. Ар – намыс, ұят қымбат  болды. Жаумен елі үшін қан төгіп, 
шайқасқан боздақтарымыз соғыста  қаза тапты. Елге оралған кездерде қаралы  
қағаздарда    боздақтардың  отбасыларына  оңай  тиген  жоқ.  Жау  әскері 
тұтқиылдан шапқанда, қазақ елі қасқая қарсы тұрды. Қазір елде бейбітшілік  
орнады. Әрбір  9-мамырда жеңіс күні тойланады. Бірі көзінен, қолынан ал енді 
біреуі  аяғынан  айрылды.  Осының  бәріне  көндігіп,  барлық  қиыншылыққа  
төзімділік танытқан батыр ағаларымыз шексіз құрметке ие болуы керек деп 
ойлаймын. Бізді осы бейбітшілік, жарқын күнге жеткізген ағаларымызға мың 
алғыс: 
Батыр аға 
Соғыс өтті  талай жанды жалмаған, 
Өлгенде  арман, өлмеген де бәрі арман 
Батыр деген асыл ұғым жүректе, 
Алау болып жанып тұрар лаулаған. 
Дана аға, абзал аға, батырсың 
Қазір үнсіз зиратында жатырсың. 
Сырттай сезіп, риза болсын әруағың. 
Мәңгілікке биік жұлдыз батырсың – дей келе, енді  соғыс болмасын! 
Біз бақытты ұрпақпыз! 
Ешқашан да балалар мен аналар жыламасын! 
Өмір Назерке 
11 сынып, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебі 
Қызылорда қаласы 
Жетекшісі: Қадірова К. Ә. 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
185 
Соғыс – адамзат қасіреті 
 Бейбіт  те  берекелі,  егеменді  де  еңселі  Қазақстан  атты  мемлекеттің  
ұланымыз.  Бала  кезден  армандаған  мақсатыма  жету  үшін  күндіз-түні  қазақ 
әдебиетін, Қазақстан тарихын оқудамын және нәтижесі де жоғары. Мен үшін 
ең қастерлі мамандық-журналист. Адамдардың жан жүрегіне жол тауып, елдің 
мұңы  мен  мұқтажына,  қуанышы  мен  қайғысына  ортақтасуға,  оларға  көмек 
көрсетуге даяр болу тек қана жорналшының қолынан келетіндей көрем. Осы 
тақырыпқа  шығарма  жазсақ  қайтеді?  -  деген  ұстазым  Кенже  апайымның 
ұсынысына келісе отырып соғыс тақырыбындағы әдебиеттерді оқи бастадым. 
Соғыс  тақырыбында  қалам  тартқан  ағаларымыз  өте  көп  екен.  Олардың 
кейбіреулері  от  пен  оқтың  ортасында  зұлматты  өз  көзімен  көріп  қан 
майданнан  оралғандар.  Мәселен,  Кеңес  Одағының  Батыры,  қаһарман 
жауынгер,  қазақ  ұлтының  бетке  ұстар  ұлы  тұлғасы  Бауыржан  Момышұлы, 
«Халық    қаһарманы»,  партизандық  соғыстың  қыр-сырын  жетік  меңгерген, 
орыстар «біздің Вася» деп еркелеткен қаһарман Қасым атамыз,Қазақстанның 
«Халық  жазушысы»    жауынгерлік  жолын  солдат  қапшығындағы  «Абай 
жолымен» өткізген Әзілхан Нұршайықов сынды  жауынгер жазушылар. 
Соғыс  –  адамзат  қасіреті.  Тарих  адамзат  баласының  өмір  сүріп  келе 
жатқан кезеңінен осы уақытқа дейін үлкенді-кішілі бірнеше жүздеген соғысты 
өткерді.  Алайда,  олардың  ешқайсысы  да  кешегі  екінші  дүниежүзілік  соғыс 
әкелген қасіретпен теңесе алмайды. Соғыстың негізгі ауыртпалығын осынау 
қанды-қырғында 27 млн адамынан айырылған Кеңес Одағы көтерді. Осындай 
алапат  соғыстың  зардабын  сол  кездегі  Кеңес  Одағының  барлық  халықтары 
сияқты қазақ халқы да көп тартты. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 497 
жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, олардың 97-і қазақ. 110 
қазақстандық  «Даңқ»  орденінің  3-дәрежесіне  ие  болды.  Жазушы  Илья 
Эренбург  «Правда»  газетінде  1942  жылы  жариялаған    «Қазақтар»  деген 
очеркінде Қожықов, Ілиясов, Естаев, Балапанов және басқа жауынгерлердің 
соғыстағы  ерлік  істерін  баяндай  келіп:  «Қазақтар  иен  далада  жел  жетпес 
жүйрік мініп жүріп дағдыланған, ал бірақ қажет болса, олар еңбектей де біледі, 
жүгіреде біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады, саз балшыққа жата береді: 
оларды  ешкім  де  ештеңе  де  тоқтата  алмайды»  -  деп  сүйсінген.  Сондай-ақ 
«қазақтар – кішіпейіл, ақжарқын, ержүрек, батыр халық. Жауынгерлерім тек 
қазақтардан құрылса, мен әрқашан риза болар едім» - деген генерал-полковник 
П.Л.  Романенконың  сөзі  күллі  қазақ  жауынгерлеріне,  олардың  ерлігіне 
берілген  әділ  баға  іспетті.  Қазақстанда  жасақталған  әскери  құрамалар  мен 
бөлімдердің ерлігі арада 70 жыл өтсе де ұрпаққа ұран, елге үлгі-өнеге болары 
хақ.  Солардың  қатарында  биыл  туғанына  105  жыл  толғалы  отырған  батыр 
бабамыз  Бауыржан  Момышұлының  ерлігі  өз  алдына  бір  төбе.  «1073  – 
атқыштар  полкінің  командирі  майор  Бауыржан  Момышұлын  мен  соғысқа 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
186 
дейін,  онымен  Қиыр  Шығысты  бірге  әскери  қызмет  атқарған  кезден  бастап 
білетін  едім.  Ол  өзі  ұлты  қазақ,  өжет  те  бірбеткей,  тік  мінезді  және  келбеті 
келісті  келген  жас  командир  болатын.  Москва  түбінде  оның  батальоны 
қоршауда  қалып,  бірнеше  күн  бойы  полкпен  ешқандай  байланысы  болмай 
қалса да жаудың басым күшімен тайсалмай шайқасты. Осы бір жан алып, жан 
беріскен ұрыста гвардияшылар екі тәулік ішінде 400-ден астам фашистің көзін 
жойды.  Осы  ұрыстан  соң  Панфилов  Момышұлының  батальонын  өзінің 
резервінде  ұстап,  оны  ең  ауыр  деген  шайқастарға  ғана  қосып  отырды. 
Бұлардан басқа Момышұлының маған ұнайтын тағы бір қасиеті болатын, ол 
оның шыншылдығы еді. Мен оның қанша қиын болса да, тіпті одан өзіне зиян 
келсе  де  тек  қана  шындықты  айтатынын  білуші  едім.  Мұны  ол  өзінің 
қарамағындағылардан  да  қатаң  талап  етіп  отыратын»-деп  жазған  Кеңес 
Одағының  Батыры,  генерал-полковник  И.М.Чистяков  болатын.  Ұлты  өзге 
болса да Бауыржандай батырға оң бағасын берген орыс әскербасшысына дән 
риза  боласыз.Мұндай  естеліктер,  ыстық  ықылас  ізгі-ниетпен  берілген 
бағалаулар әрине қазақ солдатының Отан,туған жер,артта қалған аяулы жары 
мен бал-бөбегіне деген сағынышынан, жауды жеңіп тезірек елге қайтсам-ау 
деген армандарынан туындаған шығар-ау. 
Басынан өрт шалғандай биік таудың, 
Киліккен түрі жаман фашист жаудың. 
Отанын жаны сүйген үлкен-кіші, 
Кіріскен жабдығына ел қорғаудың. 
Бұл  жауынгер  ақын  Әбзәли  Егізбаев  атамыздың  «Жорық  жолында» 
деген ұзақ өлеңінен алынған үзінді. Өлеңді оқып отырып көзіме жас үйірілді. 
Соғыс!  Не  деген  қатыгез,  не  деген  қайырымсыз  ең  сен?!  Атақты  сыр 
сүлейлерінің  бірінен  саналатын  Әбзәли  Егізбаев  соғыста  жүріп  елге  деген 
сағынышын  өлең-жолдарына  түсіріп  жіберіп  отырды.  1942  жылы  майданға 
аттанып,  Воронеж  бағытындағы  әскер  бөлімдеріне  сержант-бөлімше 
командирі шенінде соғысқа қатысқан, үш рет жараланған. Әскери госпитальда 
алты  ай  емделіп  шығысымен,  Қиыр  Шығысқа  –  Жапон  самурайларымен 
шайқасқа  аттанып,  1945  жылы  тамызда  сол  жақтағы  шайқаста  қаза  тапты. 
Өкінішті! Соғыстың бітуіне санаулы күндер қалғанда (II дүние жүзілік соғыс 
1945  жылы  2  қыркүйекте  аяқталған)  жапон  самурайлары  мен  1945  жылы 
шайқаста қаза тапты. Осындай аузынан шыққан әрбір сөзі жыр болып төгілген 
керемет талант иесі де майдан даласында оққа ұшқан боздақтардың бірі еді. 
Майдан  даласынан  оралмаған  600  мың  қазақстандықтың  әрқайсысы, 
майданнан балдаққа сүйеніп келген солдаттың әрқайсысы ерекше құрметке ие 
болуы  тиіс.  Майдан  даласында  оққа  ұшқан  әрбір  жауынгердің  жанұясында 
жанары  жарқыраған,  қара  шашы  толқындаған,  ақ  жейде  мен  қара  галстук 
таққан немесе қара тақия киген момын шаруа адамының кеудесі жауынгерлік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет