Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
152 
Боздандықтың бұғауынан босады, 
Бабалардан мұра болған тіліміз. 
  Соғыс  жалыны  басылғанша  70  жыл  өтсе  де  оның  өртінің  лебі  әлі 
сезіледі.  Жеңіс  күні  бізге  ең  алдымен  бейбітшіліктің  бағасын  ұқтырады. 
Қасиетті жылдар бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып қанын төккен 
аяулы ата-әкелеріміздің   есімдері тарих төрінде айшықтала түсуде. Олар бізге  
соншалықты  қымбатқа  түскен    жеңістің  қадірін  ұғындырады.  Біз  соғысты 
көрген  жоқпыз.  Бірақ  ата-әжелеріміздің  әңгімелерін  соғыстың  не  екенін 
түйсініп  жанымыз  түршігеді.  Болашақ  өмір,  ұрпақ  үшін    жанын  қиған  ата-
бабаларымыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай  тарихта қалады. 
Соғыс  кезіндегі  Кеңес  адамдарының  сан  қилы  ерліктері-жас  жүректерді 
шыңдайтын  тәрбие  мектебі.  Қан  майданның  төрінде  жаумен  айқасқан 
батырларымыздың рухына мәңгі тағызым етеміз. 
Ұлы  Отан  соғысы  адамзат  тарихындағы  ұлы  оқиға,  оның  қасйеті  де, 
қасіреті де адам жанын түршіктіреді. Әр ерлігі бас игізіп, таң қалдырады. Ел 
басына қара бұлт төніп, күн туғанда рух пен намыстың қайсарлығы сыналды. 
Ерлеріміз қанға боялған даласы, жетім қалған баласы, аңыраған анасы үшін 
кектенді.  Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес  Одағы  тұсындағы  талай  ақын-
жыршылардың  шығармашылығына, шабытына арқау болды. Мұның ішінде 
ел  мен  жерде  жүріп,  Жеңіске  тілектес    болған  қаламгерлер  де,  аласапыран 
майданда қан кешіп жүріп, Отанын, халқын, қариясын жырлаған ақындар да 
болды. 
Неменеңе жетіістің бала батыр
Қариялар азайып бара жатыр. 
Бірі мініп келместің кемесіне 
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, 
-    деп    Мұқағали  Мақатаев  жырлағандай  жұмырбасты  пенде  үшін 
теңдессіз  құндылық  ұрпақаралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері  мөлдіреп 
тұр.  Қариялар  азайып  бара  жатқаны,  әсіресе,  олардың  арасында  Ұлы  Отан 
соғысынан    оралған  аталарымыздың  қарасы  азайып  бара  жатқаны  өкінішті. 
Солардың қан майданда төккен қанымен, жанымен, көз жасымен атаның туын 
жықпай,ананың  намысы  үшін,туған  жеріміздің  қара  топырағын  дұшпанға 
табалатып таптатпай, еңіреп жүріп жауын жеңіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізді. 
Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жаудың  тас-талқанын 
шығарып, жеңіске жету жолында қазақтар да біраз үлесін қосты. Қазақстандық 
жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап    Берлинге  дейін  барды.  Олар 
Сталинград  түбіндегі  шайқаста,  Днепр  өткеліндегі  Мәскеу  мен  Ленинград 
үшін болған ұрыстарда ерен ерліктерін көрсетті. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
153 
Ұлы Отан  соғысында болған ардагерлер ұмыт болса да, оларды тарих 
ұмытпайды.  Келер  ұрпақ  сол  кісілердің  патриоттық  сезімдерін  бойларына 
ұялата білсе,  аталарымыздың  бекер соғыспағаны. 
Бүгінгі ұрпақ – елдің ертеңі. Біз – еліміздің төл перзентіміз. Біз бірінші 
сыныптан  бастап  бейбітшілік,  тыныштық,  тәуелсіз  ел,еркінел,  бостандық 
дегенді  сезініп  өстік,  көрдік,  білдік.  Ұстаздарымыз  бен  өмір  көрген  әке-
шешелеріміз үнемі ұқтырып, үйретіп келеді. Барлық әніміз де, жырымыз да 
Отан үшін, туған жер үшін арналып келеді. 
Кез-келген  халық  өзінің  батырларын  қастерлеп,  аттарын  асқақтатқан. 
«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» демекші, біздің ғасырдың 
ерен  ер,  жұлдызды  батырлары,  халқымыздың  мәңгілік  мақтанышы, 
жастарымыздың  даңқы  арта  берсін  демекпін.  Осынау  тыныш  өмірді,  бейбіт 
кезеңді бізге сыйлаған ерлер есімі ешқашан ұмытылмайды, біз ұмытқанмен де 
тарих ұмыт болуға жол бермес. 
Қазіргі ұрпақ, біздер, бақытты ұрпақпыз. Ерлікті, елдікті ту еткен қазақ 
халқы ерлерін ешқашан  ұмытпайды, ер есімі – ел есінде. 
Бейбіт аспан астында татулығы жарасқан ел бірлігі бұзылмасын! 
Отан  үшін  от  кешкен  ардақты  әкелерді  ешқашан  да,  ешкім  де 
ұмытпайды. Олардың  рухына тізе бүгіп бас иеміз!   
Мәжит Шынар 
9 сынып, №235 орта мектебі Қызылорда қаласы 
Жетекші: Жүсіпова Д.Қ. 
 
Ер есімі – ел есінде 
Ұлы тойын жеңістің, 
Мәңгі тойлай береміз. 
Дүние халқы қолдаған 
Күшімізге сенеміз. 
Төлеубай Үркімбаев 
Күркіреп күндей, өтті ғой дауыл 
Сапырды дауыл, тебіреңді теңіз 
Тулады толқын, шайқалды шың – құз 
Қып-қызыл өрттің, ішінде жүрміз, 
-деп  ақын  Қасым  атамыз  жырлағандай,кешегі  соғыстың  күркіреп 
өткеніне де 70 жыл толыпты. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
154 
Біздің аядай ауылда отанын қорғау үшін аттанған 300 боздақтан 21 ер 
аман оралыпты,бүгінде  көзі тірі ешқайсысы жоқ, -деп атам айтып отырады. 
Атамның  балалық  шағы  соғыспен  тұспа-тұс  келіпті.  Жылда  9мамыр 
жақындаған кезде соғыска кеткен ауыл тұрғындарының орнына жұмыс істеп 
өткізген  ауыр  күндерін  еске  алады.  Мұның  өзі  отанымызды  қорғауға  деген 
үлесіміз, қан майданда жүрген жауынгерлерге көмегіміз ғой,-дейді. 
Атамның осы әңгімесін тыңдап отырып өзім әдебиет сабағында оқыған 
Мұхтар  Мағауиннің  «Бір  атаның  балалары»,  Шерхан  Мұртазаның    «Жүз 
жылдық жара» шығармаларындағы ауыл адамдарының ауыр халі есіме  түсті. 
Жетім  қалып,  туған  жерлерінен  жыраққа  келген  балаларға  Ахмет  ақсақал 
тәрізді  көп  ағайын  қазақ  халқының  қонақжай  мейірімділігін  көрсетеді. 
Мыңбұлақ  аулындағы  «Бақтияр»  бауының  сып-сидаң  қалып,  ызғарлы 
жылдары  отынға  айналғаны  «Жүз  жылдық  жара»  әңгімесінде  адамның 
жүрегін сыздататындай ерекше сипатталған. 
Атамның  балалық  шағындағы  өмірі  тәрізді  бұл  шығарамаларды  жай 
қалыпта  оқу  мүмкін  емес.  Тарихи  деректерге  қарағанда  1941-1945  соғыс 
жылдарында 1миллион 196мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. 
Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. 
Біз  тарихтан  Кенес  Одағының  батырлары  Әлия,  Мәншүкті  білеміз. 
Ұшқыш қыз Хиуаз Оспанова жайлы ақпарат беттерінен оқыдым. 
 «Жалағашым,  жасыл  бағым»  атты  кітапта  партизан  қыз  Тұрғаш 
Жұмабаева  туралы  да  деректер  бар.  Белоруссиядағы  партизан  қозғалысына 
қатысқан 1500 қазақстандықтардың ішінде Тұрғаш Жұмабайқызы да болған 
екен. 
Белоруссияның көптеген жерлерін азат етуге қатысқан қыз II дәрежелі 
«Ұлы Отан соғысы партизаны» медалімен наградталады. 
Аядай  ғана  өзіміздің  Бұқарбай  батыр  ауылында  да  ерлікпен  елге 
танылған азаматтарымызды айтпасақ тарих беттерін аттап кеткен болар едік. 
Бүгінде бақилық болған екі мәрте «Отан соғысы» орденінің кавалері, Шығыс 
Еуропа  елдерін  азат  етуге  қатысқан  жауынгер  Бохан  Сүлейменов  әкеміздің 
есімін  ардақ тұта еске аламыз. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 
Германияны  жеңгені  үшін»медальдарымен  мадақталады.  Ұлы  Отан  соғысы 
ардагері  өзінің  мазмұнды  әңгімелерімен  кейінгі  ұрпақты  тәнті  еткен  
майдангер  әке,  бүгін  арамызда  жоқ.  Кеудесінде  медальдары  сылдырлап, 
ордендері  жарқырап,  өзінің  қарапайымдылығымен  әр  кез  жақсы  істердің 
ортасында  жүретін  әкеміздің  жарқын  бейнесін  білеміз.  Қарапайым  қазақ 
жауынгеріне  майдан  журналистері  назар  аударып,  оның  аты-жөнін  сұраса 
керек.  Жауынгерге  тән  ширақтылықпен  тез  жауап  беріп,өжеттігімен  көзге 
түскен Бохан әке «қазақтың Қайрошының» жиынтық образы еді. «Будапешті 
алғаны  үшін»,  «Венаны  алғаны  үшін»  медальдары  сол  қаһарлы  күндердің 
өтеуіндей.  Ізденіс  барысында  К.Симоновтың  «Разные  дни  войны»  атты 
кітабында Бохан әке туралы жазылған деректерді таптық. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
155 
Тағы бір майданға аттанып ауылымызға оралмаған жерлесіміз-Айтуаров 
Сражадин Дүйсенбайұлы туралы да деректер былай дейді. 
Сражадин Айтуаров – 1923 жылы туған, білімі орта, студент, БЛКЖО 
мүшесі. АӘК арқылы 1942 жылы майданға аттанып, 89 АП, 23 АД құрамында 
аға  лейтенант-минометшілер  ротасының  командирі  шенінде  соғысқа 
қатысқан.  1945  жылғы  10  ақпанда  ауыр  жарақаттанып  қайтыс  болған. 
Польшаның Кольмар қаласындағы зиратта жерленген. 
Біз  жыл  сайын  Жеңіс  күнін  қарсы  алып,  оралмаған  боздақтарға  гүл 
шоқтарын қоямыз. Мәдениет үйінің жанында жауынгер солдат ескерткіші бар. 
Батысқа  көз  тігіп,  келмегендерді  күтіп  тұрғандай.  Ескерткіш  ауыл 
тұрғындарының қаражатымен салынды. 
Иә,  қазақ  даласы  кімдердің  мекені  болмады,  қарашай,  балқарлар, 
шешендер де қаһарлы соғыс кезінде еріксіз қоныстаныпты. 
Біздің  ауыл  достығы  жарасқан  елді  мекен.  Ауылда  орыс  та,  кәріс  те, 
украин да жемісті еңбек етіп өмір сүруде. 
Ұлы Жеңіске қазақстандықтар қосқан қомақты үлесте біздің Сыр елінің 
де, соның ішінде өзімнің Бұқарбай батыр ауыл азаматтарының бар екендігіне 
қуанамын. 
Майдангер  аға-апаларымыздың      ерлік-істері  бізге  әр  уақытта  өшпес 
үлгі-өнеге, ұлағатты тәрбие мектебі. Біз олардан туған халқына ақырғы деміне 
дейін қалтқысыз қызмет жасауды үйренеміз. Уақыт алға жылжыған сайын бұл 
ерліктің  шоқтығы  биіктеп,  қадір-қасиетімен  бағасы  артып,тағлым-тәрбиесі 
мен мән-мағынасы тереңдеп, даралана береді. 
Мен шығармамды өз өлеңіммен аяқтағым келеді: 
Жеңіс деген – жылап тұрып,шаттану, 
Жеңіс деген – елің, жерің сақталу. 
Орындалып Әлия мен Мәншүктің, 
Ақ арманы, үміттері ақталу. 
    Мұқанова Әсем 
7 сынып, № 99  орта мектебі, Ақай ауылы 
Қармақшы ауданы   Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Жиенқұлова Ш. Б. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
156 
Жеңістің рухы – мәңгілік 
 Екінші  дүниежүзілік  соғыс  туралы  айтсақ,  алдымен  елін,  жерін 
қасықтай қаны қалғанша қорғаған 1 миллионнан астам отандастарымыз еске 
түседі.  Соғыс  оты  әрбір  отбасын  шарпып  өтті.  Ана  баласынан,  сүйген  жар 
азаматынан айырылды. Елін жаудан қорғауда өшпестей ерлік көрсеткен, ерлігі 
бүгінде  аңызға  айналған  батыр  аталарымыздың  есімі  мәңгілік  тарихта 
жазылып  қалды.  Әлемді  дүр  сілкіндірген  бұл  соғыстың  қасіретін  және  төрт 
жылға созылған осы соғыстың жеңіспен аяқталған сәтін  ешкім де ешқашан 
ұмытпайды. Қанша адам оққа ұшты, қанша қыршынның ғұмыры мезгілінен 
ерте солып, қаншама ошақтың түтіні өшті. Бұл ешқашан ұмытылмақ емес. 
Жер теңселтіп  Жеңістің айбынды үні, 
Толқып тұрды тоғызыншы мамыр күні. 
Дауыл қуып төгілген қара бұлттай, 
Көңілдердің серпілді қайғы-мұңы. 
Бүгін,  міне,  көңілдерден  қайғы-мұңды  серпілткен  Ұлы  жеңістің  70- 
көктемі жақындап келеді, санаулы айлар қалды. Бұдан 70 жыл бұрын соғысқа 
аттанған өрімдей жас бүгінде 90-нан асып, 100-ге таяған. Соғыс ардагарлерінің 
қатары күнен- күнге азайып бара жатыр. Ал олардың құрметі, абыройы жыл 
өткен  сайын  асқақтай  бермек.  Қатары  сиреген  соғыс  ардагерлеріне  құрмет 
көрсету, олардың ерлігін еске алу – болашақ ұрпақ, біздердің, парызымыз. 
Менің атам да сол ардагерлердің қатарында. Отанын жаудан қорғауға, 
азат  етуге  қатысқан  соғыс  ардагері.  Есімі  –  Талдиев  Мұқаш.  1926  жылы 
туылған.  Жасын  бір  жасқа үлкейтіп,  1925  жылы  туылған болып,  өз  еркімен 
Отан қорғау жолында соғысқа баруға  тізілген. 1943 жылы Ақмола қаласында  
алты ай әскери дайындықтан өтіп, 2-ші Прибалтика атқыштар дивизиясының 
сапында  соғысқа  араласады.  Жаумен  шайқаста  талай  барлауда  болған  атам 
өзінің  ерлігі  мен  ширақтылығының  арқасында  орден,  медальдармен 
марапатталған. Көп ұзамай сержант дәрежесін алып, 14 жауынгерге командир 
болған.  Атамның  ұлты  орыс,  жауынгер  досымен  түскен  суреті  үйде  әлі 
сақтаулы. 
Сұрапыл соғыстың қиын күндерінде Мұқаш атама снаряд жарқыншағы 
тиіп, төрт жерден жарақат алады. 1945  жылғы 9 мамыр Жеңіс күнін әскери 
ауруханада қарсы алған. 
Әскери  дәрігер  берген  «мүгедек  книжкасын»  өзіне  ар  көріп  алмай 
кеткенін кейінгі балалары мен ұрпақтарына айтып жүреді екен. 
Елге  оралғаннан  кейін  Қызылорда  педагогикалық  училищесін  бітіріп, 
еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Қырық жыл мұғалімдік қызмет атқарып, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
157 
1988 жылы құрметті еңбек демалысына шығады. Атам тәрбиелеген шәкірттер 
бүгінде  еліміздің  түкпір-түкпірінде,  қайнаған  еңбектің  ортасында  жүргені 
анық. Әрине, бірі – дәрігер, бірі – атам сияқты ұстаз, бірі – қарапайым жұысшы 
екені сөзсіз. 
Атам мен әжем 11 ұл мен қыз тәрбиелеп өсірген. Мен 44-ші немересімін, 
соғыс ардагерінің 44-ші  ұрпағымын. Мен атамды көрген жоқпын. Ол кісі 1992 
жылы дүниеден озған.  
Өз Отанын неміс басқыншыларынан азат етіп, Жеңіс күнін жақындатуға 
үлес қосқан атамның да соғыс ардагері болғаны мен үшін үлкен құрмет, әрі 
мақтаныш.  
Біз соғысты көрген жоқпыз. Біз бақытты ұрпақпыз. Ынтымағы жарасқан, 
бірлігі мығым, тату- тәтті елде өмір сүреміз. Лайым солай болғай. 
Осынау  ұлы  күнді,  Ұлы  жеңісті,  сыйға  тартқан  аға  ұрпақ  алдында  біз 
мәңгі қарыздармыз. 
Мұрат Арайлым 
11сынып(орыс бөлімі), №112 орта мектебі Қызылорда қаласы 
Жетекшісі: Рысбаева Р. Е. 
 
Жеңістің жетпісінші көктемі 
Болмысы берен, ерлігі ерен – тұлғалар 
1941жыл.  22  маусым.  Дәл  осы  бір  жаздың  шуақты  күнінде  фашистік 
германия  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  одағына  шабуыл  жасады. 
Қаншама  жас  төгілді.  Қаншама  қазақтың  ұлдары  мен  қыздары  елін,  жерін 
қорғау  үшін  өз  еріктерімен  соғысқа  аттанды.  Аналар  –  балаларын,  жас 
қыздарымыз – сүйген жандарын, ақ жаулықты әжелеріміз – арыстай ұлдарын 
соғыс  майданына  жіберді.  Тіпті  қыршындай  әпкелеріміз  бен  әлі  өмірдің 
қызықшылығын көріп үлгірмеген жас қыздарымыз жастық шақтарын құрбан 
етіп,  туған    жерін  қорғап,    жауға  тойтарыс  беруге  соғысқа  аттанды.  Әрине, 
осындай  кездерде  елдің  басына  қара  бұлт  үйірілді.  Кеңестік  Социалистік 
Республикалар одағының құрамында болған біздің қазақ жұртшылығы да аз 
жапа шеккен  жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыс барлығымыздың есімізде. Бұл – 
адамзат  тарихындағы  ұлы  оқиға.  Оның  қасиеті  мен  қасіреті  жаныңды 
түршіктіреді.  Әрі  ерліктерге  басыңды идіріп  таң  қалдырады.  Ел  басына күн 
туған  кезеңдерде  рух  пен  намыстың  мықтылығы  сыналды.  Қанға  боялған 
даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. 5 жыл көлемінде 
созылған  соғыс  қазақ  балаларының  өмірін  қыршындай  алды.  Сол  кездегі 
Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
158 
Қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты  үлесін  қосты.  Қазақстандық  жауынгерлер 
Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барды.  Олар  Сталинград  түбіндегі 
шайқаста,  Днепр  өткелінде,  Москва  мен  Ленинград  үшін  болған  ұрыстарда 
ерен ерліктер көрсетті. 
Қазақтың Гомері атанған Жамбыл атамыз да осы сұрапыл соғыстың ащы 
дәмін  сезініп,  қазақ  жауынгерлерін  жүректен  шыққан  өлеңдерімен  қайрап, 
қолдап  жүрді.  Ленинград  үшін  болған  ұрыстарда  ерен  ерлік  көрсеткен 
өрендеріне келесі шумақ өлеңдерін арнаған болатын: 
Ленинградтық өренім, 
Мақтанышым сен едің. 
Нева өзенін сүйкімді, 
Бұлағымдай көремін 
Уа, қаһарман, өренім, 
Мақтанышым, беделім! 
Қаласындағы Лениннің 
Сайып қыран, өренім! 
Бәлкім,  осындай  ақын-жазушыларымыздың  шығармалары  –  елі,  жері 
үшін  күрескен  жандарды  қайрай  түскен  болар.  Елдің  басына  қара  бұлт 
үйірілгенде  жауынгерлер  қатарына  қосылып,  неміс  әскерін  жою  үшін 
күрескен Ұлы отан соғысы батырларының арасында қазақтың ұл-қыздары да 
болды. Барлығымыздың есімізде болар, Ұлы отан  соғысы кезінде 500 жуық 
қазақстандықтар Кеңес одағының батыры атағына ие болды. Осындай атаққа 
екі  мәрте  ие  болған  ұшқыштар:  Т.Бегельдинов,  Л.  Беда,  И.  Павлов  және 
С.Луганский.  Бородино  селосында  неміс  бөлімінің  штабына  басып  кіріп,  5 
неміс  офицерінің  көзін  жойған  Төлеген  Тоқтаровтың  сіңірген  еңбегі  ерең. 
Осындай батыр аталарымыздың ішінде, Мәскеу үшін болған  ұрыстарда ерлік 
көрсеткен батыр атамыз  әрі жазушы  Бауыржан Момышұлыны  еске  алмасқа 
болмас.  Нұркен  Әбдіров,  Сұлтан  Баймағанбетов  –  бұл  кісілер  Ұлы  отан 
соғысы  кезінде  жауға  төтеп  беруге  атсалысып,  жандарын  құрбан  етуге  де 
дайын  еді.  Рейхстахқа  ту  тігіп,  еліміздің  жеңісін  мойындатқан  Рақымбек 
Қошқарбаевтың  есімі  ел  тарихында  алтын  әріптермен  жазылып,  сақталып 
қалды. Соғыс кезеңінде ерлік көрсеткен, фашистік Германияға қарсы шабуыл 
жасаған  ата-бабаларымыздың  ішінде,  қазақтың  батыр  қыздары,  ел 
мақтаныштары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы құрметпен еске 
аламыз.  Қыршындай  жастарында  өмір  қызықшылығын  көрместен,  соғыс  
майданына аттанып, ештенкеден қорықпастан жауға қарсы төтеп берді. Батыр 
апаларымыздың  құрметіне  өлең  шумақтары  арналды.  Қазіргі  таңда    белгілі 
әнше, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген Роза Қуанышқызының 
орындауындағы  «Әлия»  әні  сол  сұрапыл  соғысты,  қазақтың  батыр  қызы  – 
Әлияны еске алады.   

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
159 
Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан 
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан 
Саған күнде жазылған көркем дастан 
Саған күнде құшағын көктем ашқан 
Шолпан жұлдыз – өзіңсің шоқтай жарық 
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып 
Туған жердің төсінде мәңгілікке 
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып. 
Шығыс  әйелдерінің  ішінен  ең  алғаш  болып  «Алтын  жұлдыз» 
медальдарына  ие  болған    қазақ  қыздары  Мәншүк  Мәметова    мен  Әлия 
Молдағұова еді. Осы әпкелеріміздің ерең еңбегі мен ерлігі әр қазақстандықтың 
есіңде. Сұрапыл соғыс жылдарында  жауға қарсы төтеп беріп, елін қорғау үшін 
күрескен батырлар біздің  есімізде. Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды.  
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым, 
Бойға жиған ақылы мен сабырын, 
Өмір бойы шындық үшін күресіп, 
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын! 
Жауынгерді айналдырып құрышқа, 
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа. 
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын 
Ұқсатамын  жарқылдаған  қылышқа  –  деп  ақын  ағамыз  жырлағандай, 
халық  қаһармандары,  елін  қорғау  үшін  жауға  тойтарыс  берген  батыр  ата-
бабаларымызды  ешқашан  ұмытпаймыз.  Себебі,  осы  кісілер  болмағанда, 
бүгінгі    таңда  біз  –  шуақты  күннің  астында бейбітшілікте  өмір сүрмес  едік. 
«Ердің  атын  еңбек  шығарады»-  деп  дана  халқымыз  бекер  айтпаған  болар. 
Осындай  батыр  ұлдары  мен  қыздары  елдің  гүлденуіне,  дербес  ел  атануына 
үлкен үлес қосты.  
Биыл  Ұлы  Отан  соғысына  70  жыл.  Айтулы  мереке.  Міне,  біз  жетпіс 
жылдың  көлемінде  тату-тәтті,  бейбіт  ғұмыр  кешудеміз.  Алайда,  бұның 
барлығы қандай қанмен, термен келгенін ұмытпағанымыз жөн. Алдымыздағы 
жылдың 9 мамыры ерекше айтулы мереке ретінде аталып өтіледі. Себебі, биыл 
фашистік  Германия  әскерін  жойып,  жеңіске  қол  жеткізген  күнді  жетпісінші 
рет  еске  аламыз.  9  мамыр  жеңіс  күні.Тек  қана  қазақ  жұртшылығы  емес, 
Кеңестік 
Социалистік 
Республикалар 
одағының 
мүшесі 
болған 
мемлекеттердің жеңіске қол жеткізген күні.  
Мен  соғысты  көрген  жоқпын,  сол  жылдары  халықтың  қандай 
қиыншылықтарға тап болғанын сезінген емеспін. Алайда, Ұлы Отан соғысы 
деген сөздерді естігенде көзіме жас үйірліп, денем тітіркеніп кетеді. Себебі, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
160 
бұл жеңістің қалай келгенін жақсы білемін. Кішкене кезімде атам мен әжемнің 
соғыс  жылдарындағы  оқиғалары  әлі  көз  алдымда.  Ұлы  отан  соғысы 
ардагерлерінің ерең еңбегі де менің есімде мәңгі сақталары анық.  
Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар, 
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар. 
Арамызда жүретін алшаң басып, 
Майдангерлер азайып барасыңдар. 
Қазіргі таңда ескеретін жағдай – ардагерлеріміздің күннен күнге азаюы. 
Оларға  деген  құрмет  ретінде,  біз  бұл  кісілерді  ешқашанда  жадымыздан 
шығармай,  құрметтеп  өтуіміз  қажет.  Бүгінгі  біздің  тату  елде  тұрып 
жатырғанымыз – ардагер аталарымыз бен әжелеріміздің арқасы. Сол себепті  
елін,  жерін  қорғау  үшін  соғыс  майданына  кетіп,  жауға  қарсы  төтеп  беруге 
атсалысқан  жандарды  есімізден  шығармай,  әр  мейрам  сайын  құттықтап, 
жүздерін  жадыраңқы  етіп,  өмірге  деген  сүйіспеншіліктерін  ояту  –  бүгінгі 
таңдағы жастардың басты мақсаты. Бұл кісілер – біздерге сенім артады. Себебі 
жастар  елдің  болашағы,  тәуелсіз  мемлекетіміздің  сенім  артар  ұлдары  мен 
қыздары. Сондықтан да бізге сенім артып отырған ардагерлеріміздің  үмітін 
ақтауға  тырысуымыз  қажет.  Сол  сұрапыл  соғыстың  қайта  болмауы,  әлем 
мемлекеттері  бейбітшілікте  өмір  сүруі  –  әр  адамның  тілегі.    9  мамыр  –  бұл 
мереке  ғана  емес,  бұл  ауыр  еңбек,  бұл  халықтың  батырлығы.  Бiздiң 
парызымыз  –  бұл  күндi  еске  сақтау.  Ардагерлерімізге  лайықты  кәрілікті 
қамтамасыз етіп, көмек көрсетуіміз қажет. Жеңістің жетпісінші көктемі құтты 
болсын!  
Жасқанбаған жауынан жарақты ер, 
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел. 
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ, 
Жүздеріңе сендердің қарап білер. 
Мұханбетқали Аружан 
11сынып, №210 орта мектебі 
Сырдария ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Тәжібаева А.Ә. 
Мәртебелі ерлікке мәңгілік тағзым 
Ежелден ер тілегі – ел тілегі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет