Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет20/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
161 
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі. 
Б.Момышұлы 
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер 
асыл  ұғымдар.  Адам  өмірге  келіп,  ес    жиып,етек  жия  бастаған    сәттен  өз 
Отанының  тарихына ден қоя бастайды... 
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында 
жер  үшін,  ел  үшін    сан  қилы  дүрбелеңдер  көп  болған.  Өткен-кеткен  тарих 
беттеріне  көз  жүгіртсем,  арып-ашып,  қаншама  қиын-қыстау  сәттерде 
толарсақтан саз кешкен халық екеу болса, бірі – қазақ елі, жалғыз болса, сол 
жалғызы  –  дархан  көңілді  қазақ  халқы  шығар  деген  ой  түйемін.  Сондай  ер 
басына  күн  туған  оқиғаның  бірі,  бүгінгі  егемендігіміздің  бастауы  іспеттес 
1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы.  Соғыс  –  нағыз  күйретуші  күш. 
Барды жоқ ететеін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулыны жалмап 
жұтатын тажал. Сол кездерде ата-бабаларымыз не үшін қасық қаны қалғанша 
жан  аямай  текетіресті?  Бүгінгінің  қамы,  болашақ  мүддесі,  ұлтарақтай  жер, 
Отанға деген ыстық патриоттық сезім оларға ен далада қару да, жігер де, күш 
те болды. «Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ»,-деген 
ұранды жалау етіп, Отан қорғау жолында ең көп қырылған қазақ солдаттары 
еді. Бұл соғысқа қазақ даласынан бір миллион жүз тоқсан алты  мың адам қару 
асынып аттанса, солардың тек төрт жүз он мыңы ғана елге оралған.  
Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл  сол  кездегі  кеңес  халықтарының  ержүректігі 
мен  төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Халық  басына 
осындай  заман  зары  туған  шақта,  қазақ  қауымының  бас  көтерген  батыр  да 
ержүрек  перзенттері  елдің  елдігін,  ердің  ерлігін  сақтап  қалды.  Олар  – 
атамекенін,  туған  елін  жан  аямай  қорғап,  ата-бабаларының  ерлік  дәстүрін 
сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар. «Отан-оттан да ыстық», 
«Ер ел үшін туады, ел үшін өледі»,-деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан 
батыр: «Отаның үшін отқа түс, күймейсің»,-дейді. Қазақ елінің есімі аңызға 
айналып,  дастандарға  арқау  болған  батыр  ұл-қыздары  толып  жатыр.  Тарих 
жылнамасында  бір  мың  төрт  жүз  он  сегіз    күнге  созылған  алапат  майданда 
көруге көз тоймас небір сұлтан жігіттеріміз  бен ай сәулелі қыздарымыздың, 
балалықтың  бал  дәмін  сезе  алмаған  талай  бозбалаларымыздың  өмірі 
қыршынынан  қиылды.  Үміт  артқан  ата-ананы  зарлатып  кеткен  жер бетінде, 
адамзат  тарихында  бұрын-соңды  болмаған    қанды  қырғынның  нәтижесінде 
жеткен Ұлы Жеңіс мерекесі биыл жетпісінші рет аталып өтілуде. Бұл қасиетті 
де,  киелі  күн-қан  майданда,тылда  патриоттық  парыздарына  адал  болған, 
кеуделерін отқа да, оққа да тосып, ерліктің үлгісін көрсеткен батырларымызды 
ардақтайтын,  ортақ  Отанымыздың  бостандығына  құрмет  көрсетумен 
ерекшеленетін  күн,  Ұлы  мереке.  Ел  үшін  шыбын  жанын  пида  еткен  әрбір 
қызғалдақ ғұмырдың ерен есімі мәңгі құрметтеледі. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
162 
Жалпы, қарасақ, Қазақ елі басына күн туғанда жанын аяп қалатын халық 
емес. Еркіндік туының желбіреуін өз жанынан артық деп білген өр рухты ел. 
Ұлы  Отан  соғысының  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың 
қанды  қырғында  қаймықпай  соғысқанына  ашық  көзіміз  жетеді.  Оған  дәлел 
ретінде айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүздей қазақтың Кеңес 
Одағының  Батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  жеткілікті.  Ал,  олардың 
әрқайсысының ерлігін тізбектеп айтып шығу мүмкін емес. Солардың  ішінде 
біздің  Сырдария  ауданынан  екі  жауынгер  атамыз  Кеңес  Одағының  Батыры 
атағын алған. Бұл Сыр елінің ғана емес, бүкіл қазақтың мақтанышы. Олар – 
Ж.Нұрсейітов пен Н.Ілиясов. 
Ж.Нұрсейітов  1942  жылы  Ұлы  Отан  соғысына  алынып,  шайқас 
даласында винтовка мен автоматты пайдаланудың шебері болған. Жауынгерге 
Днепрдегі ерлігі үшін 1944 жылы Батыр атағы берілген. 
Ал, Н.Ілиясов атамыз жайлы бір үзік сыр шертіп өтетін болсақ, ол кісі 
бала  тәрбиелеу  ісінде  еңбек  сіңіріп,  ұстаздық  еткен.  Қанды  шайқаста 
Будапештті азат етудегі ерлігі үшін Совет Одағы Батыры атағын алады. 
Деректер мен дәйектер осылай сөйлейді. Елінің қорғаны болған батыр 
ұлдарының  есімі  мен  ерлігін  ардақтау  мақсатында  көптеген  іс-шаралар 
жүргізілген.  Мысалы,  ауыл,  көшелерге  аты  беріліп,  бюстілер  орнатылған. 
Еліміздің  халық  болып  қалыптасу  жолында  өмір  мен  өлім  арасында 
арпалысқан  жандарға  қандай  құрмет  білдіріп,  игі  істер  атқарсақ  та  көптік 
етпесі сөзсіз. 
Батыр, ержүрек, намысшыл халықтың ерлері ел басына қиын-қыстау күн 
туғанда  намыс  отын  жағып,  туған  топырағын  қасық  қаны  қалғанша 
қорғағанына өткен тарих, кешегі сұрапыл заман куә. Міне, осы батырлардың 
ерлігі мен елдігінің арқасында, қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта 
қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз 
қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем 
елдерімен иық тіресті. 
Аллаға  шүкір,  биыл  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  70 
жыл  толып  отыр.  Ұлы  Жеңіс  мерекесі  жүрегі  «Отан»  деп  соққан  әрбір 
азаматтың  үлкен  қуанышы.  Бүгінгі  жас  ұрпақ  Жеңіс  күнін  аға  ұрпақтың 
Отанымызға  деген  шексіз  сүйіспеншілігінің  үлгісіндей  әрқашан  есте 
сақтайды.  Ұлы  Жеңістің  тарихи  маңызын  бағалап,  қадір-қасиетін  дәріптеп, 
халқымыздың өшпес ерлігіне құрмет көрсету – азаматтық парызымыз! 
Бейбіт  заман  үшін  күрескен  ұрпақтың  ерлік  жолын,отанға  деген 
сүйіспеншілігін  дәріптеу,отанды  қорғау  деген  ұғымдардың  жай  ғана  құрғақ 
сөз  еместігін    және  ол  түсініктерді  көздің  қарашығындай  сақтап,  қастерлеу 
қажеттігін  жастарға  түсіндіру  –  әрбір  көзі  ашық,көкірегі  ояу,  саналы 
азаматтың  міндеті.  «Неменеге  жетістің  бала  батыр,  Қариялар  азайып  бара 
жатыр» деп Мұқағали ақын жырлағандай, өмірі өнегеге толы ардагерлеріміз 
жыл санап азаюда. Сұрапыл соғысқа қанша жыл толса да, уақыт өткен сайын 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
163 
құны арта келе жатқан батырлар өмірі мен ерлігін мақтан етіп, бағалауымыз 
керек.  Сондықтан  «келместің кемесіне» мініп кеткен бабалар мен арамызда 
жүрген ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпай,үлгі етіп,құрмет тұтамыз. 
Паш етумен Жеңістің қасиетін
Бабалардың бейбітшілік өсиетін, 
Аман жеткен бүгінгі ардагерлер 
Өздеріңіз-қасиетті бас иетін, 
-деген  өлең  жолдарымен  ойымды  түйіндей  келе,  енді  соғыс  болмасын 
деп тілеймін. Куә болып отырған Жеңістің жетпісінші көктемі құтты болсын! 
Бейбітшілік таңында көгімізде қыран құс шарықтап, еліміз аман, жұртымыз 
тыныш  болғай!  Тәуелсіз  елім  берідегі  жүз  жылдық  пен  әрідегі  мың 
жылдықтарда баянды ғұмыр кешкей демекпін! 
Мұхтар Арыстанбек 
9 сынып, №269 орта мектебі Төретам кенті, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Асылбекова А. 
 
Ақ түйенің қарны жарылған күн 
Ешкім 
де 
ұмытылмайды, 
ешнәрсе де ұмылытмақ емес 
Иә, бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес, болашаққа арналған. 
Адамзаттың  бейбіт  дамуының,бақытты  тұрмыс  тіршіліктің,рақатына 
кеңелуінің бақыты үшін қаншама жандар өмірлерін пида етті. 
Қазақ халқы небір нәубат жылдарды басынан өткерді десеңізші. Тарих 
қойнауына үңілетін болсақ XIV-XV ғасырларда қазақ халқының қалыптасуы 
басталғаннан  бастап-ақ,  небір  зорлық-зомбылық,  жаугершілік  замандарды 
өткерді.  Ата-бабаларымыз  келешек  ұрпағының  амандығы  үшін,  елінің 
біртұтастығы  үшін  қаншама  қан  төкті,  тер  төкті.  Соның  бірі  Екінші 
дүниежүзілік соғыс болатын. 1941 жылдың жиырма бірінен, жиырма екісіне 
қараған  маусым  күні  ел  тыныштығын  бұзған  суық  хабар  елді  дүр  еткізді. 
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы  
күннен  бастап  жұдырықтай  жұмылды.  Республиканың    түкпір-түкпірінде 
әскери  комиссариаттарға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана  мектеп  партасында  
отырған    бозбалалар    мен  бойжеткендер    де,  қала  мен  ауыл  тұрғындары  да 
соғысқа сұранды. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
164 
Соғыс  миллиондаған  адамдардың  өмірін  қиып,жүздеген  қала  мен елді 
мекендерді қиратты. Сөйтіп, соғыс әр үйге, отбасы өміріне жазылмас жараның 
ізін  қалдырды.  Қаншама  ағаларымыз  артына  ұрпақ  қалдыра  алмай,қыршын 
жасынан қиылды. Қаншама абзал аналарымыз балаларынан айырылып, жүрегі 
езілді.  Жасөспірім  балалар  күн-түн  демей,кірпік  ілмей  жұмыс  жасады. 
Тылдағы еңбек жау шебіндегі  соғыспен бірдей қатарласып отырды. «Жұт егіз 
келеді» демекші,соғыс уағында елді ашаршылық та құрсауына алды. Қаншама 
аналардың  бесіктері  құр  тербелді,қаншама  елдер  ерсіз  қалды.  Иә,  соғыс 
ешкімге де опа бермеген, бермейді де. 
Қазақстаннан майданға бір млн. үш жүз жауынгер аталарымыз аттанды. 
Біздің жерлестеріміз  майдан  даласында  ерлікпен   шайқасқан. Жауынгерлік 
ерліктері  үшін  жүздеген  мың  қазақстандық    медаль-ордендермен 
марапатталса, 500-дей адам Кеңес  Одағының Батыры, 100-ден астам адам  – 
Даңқ 
орденімен 
марапатталды. 
Брест 
қорғанын 
Қ.Әбдірахманов, 
Қ.Иманқұлов, Ұ.Жұматов тағы басқа сынды жауынгер ағаларымыз қорғады. 
Мәскеу  үшін  шайқаста  қазақстандықтар  даңққа  бөленді.  Алматыда 
жасақталған 316-атқыштар дивизиясы 28-панфиловшы гвардияшылар болып 
құрылды.  Мұнда  да  қазақтың  ер  жүрек,  өр  жүрек  батыр  ұлы  Б.Момышұлы 
басқарған, батальон ерекше көзге түсті. Сондай-ақ осында Кеңес Одағының 
батырлары  Т.Тоқтаров,  М.Ғабдуллин  тағы  басқа  жауынгерлер  соғысты. 
Сонымен қатар Ленинград, Сталинград, Курс түбегі, Белорусь, Украинадағы 
шайқастарда ерлік көрсетті. Онан басқа  да ерлігі көрінбей,жазылмай қалған 
қандастырымыз қаншама. 
Бұл  сұрапыл  соғысқа  кім  қатыспады  дейсіз.  Бұрымдары  тілерсегіне 
түскен бойжеткен қыздарымыз да, ақ жаулықты аналарымыз да нәзік жанды 
болса  да  аянбай  соғысты.  Соның  бірегейі  шығыстың  қос  шынары  атанған 
Ә.Молдағұлова  мен  М.Мәметова  апаларымыз  болатын.  Соғыста  жасаған 
ерліктері  мен  қызға  тән  өжеттілігінің  арқасында  Кеңес  Одағының  Батыры 
атағын  алды.  Майданда  көрсеткен  ерлігі  үшін  тағы  бір  қазақ  қызы  Кеңес 
Одағының  Батыры  атағын  иеленді.  Жаудың  тылында  партизандардың  
қатарында да қазақстандықтар шайқасқан.Солардың бірі – Қасым Қайсенов. 
Иә,  миллиондаған  адамның  өмірін  жалмаған  әрі  мерейін  үстем  еткен 
соғыс  халық  санасынан  ұмытылған  жоқ.  «Ер  басына  күн  туып,етігімен  қан 
кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің 
ондаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың келешегі, бостандығы 
мен  тәуелсіздігі,  жер  бетіндегі  бейбіт  өмір  орын  алу  үшін  кеуделерін  оққа 
тосты.  Олардың  көпшілігі  қан  майданнан  оралмады.  Тіпті,    хабар-ошарсыз 
кетіп,  кейінгі  тағдырлары  беймәлім  күйде  қалғандары  да  аз  емес.  Соғыс 
қасіреті қанша жылды артқа тастаса да жазылар емес. Майдан даласында 600 
мыңнан  астам  қазақстандық  қаза  тапты.  Соғыста  қаза  тапқандардың  саны 
туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген  мәліметтер бойынша, 
адамзат  тарихындағы  бұл  ең  зұлмат  соғыс  20  миллионнан  астам  кеңес 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
165 
азаматтарының  өмірін  қиды.  1  710  қала  және  70  мыңнан  астам  село-
деревнялар, 31850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4 100 
теміржол стансасы 36 мың пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және 
басқа да  байланыс бекеттері жермен жексен болған немесе жартылай қираған. 
40 мыңдай аурухана немесе басқа да ғылыми зерттеу институттары, 42 мың 
кітапхана және басқа да көптеген нысандар  жойып жіберілген, тоналған. 
Бүгін  Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  ауылдарында  Даңқ  
монументтерінде,  Ұлы  Отан  соғысында    қаза  тапқан    жауынгерлердің 
ескерткіштеріне  гүл шоқтарын  қою рәсімдері  өтуде. Бұл соғысты ешкімде 
ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. 
Мырзағали Құралай 
11 сынып, №4 дарынды балаларға арналған 
мектеп-интернаты Қызылорда қаласы 
Жетекшісі: Алпысова А. Қ. 
 
Мен соғысты көргенім жоқ, кеш мені, 
Қаралы жыл қасіретін жырламадым кеш келіп. 
Бірақ, мынау мұң танымас ұрпағыңның өскені 
Емес пе ел жадында қанды жолдың өшкені. 
 Еуразия жүрегіне нық орныққан бір ел бар. Дархан даланың кең төсінде 
асыр  салып,  дөңгелек  дүниенің  еркесі  іспетті  бұл  елге  Жаратқан  Алла  бар 
несібесін төккен секілді. Жүзінен жайдары күлкінің сыңғыры төгіліп тұратын 
халқы бар. Қонақжайлығы ұлы даланың кеңдігіндей, кеңпейілділігі бесіктегі 
періште сәбидің пәк күлкісіндей, ұйымшылдығы бірлікпен ұштасқан, жұрты 
ынтымақпен  қол  ұстасқан  халық  бұл.  «Тілі  басқа  –  тілегі  бір,  жүзі  басқа  – 
жүрегі бір» ұлт пен ұлыс өкілдері үшін шуақты күннің нұрын шашқан бейбіт 
мекен бұл. Кең байтақ ұлы далаға тыныштық дәнін сепкен, ұлы мұратқа жету 
жолында ұлы істерге ұйытқы болған, сындарлы саясатымен ел сеніміне селкеу 
түсірмеген халық ұлы Нұрсұлтандай басшысы бар қазақ елі бұл. 
Міне,  дәл  осындай жұмыр жердің  иен бөлігін  иемденіп  жатқан    қазақ 
елінің  тарихына  көз  жіберсек,  еркіндік  үшін  күрескен  бабаларымыздың, 
еліміздің  елдігін,  жеріміздің  тұтастығын  сақтап  қалу  жолында  көрген 
қиыншылықтарын, ерліктерін көре отырып, шежірелі тарихымызды сезбеуіміз 
мүмкін емес. 
Иә,  «Өткен  күнде  белгі  жоқ»  ,-  деп  халқымыз  қалай  дәл  сипаттаған 
десеңізші?! Кеше ғана жүгіріп жүрген қара домалақтар едік, бүгін елді, жерді, 
қасиетті  ата-бабаны  жүрекпен  сезіне  алатын,  оларды  қолдан  келгенше 
дәріптеп,  құрмет  тұтатын  шақтамыз.  Себебі,  өткір  тілді,  тапқыр  да  ұшқыр 
ойлы  бабаларымыздың  айтқан  сөзін, Отан  үшін  жасаған игі істерін  қайыра-

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
166 
қайыра  оқисың.  Толғанасың.  Тәубеге  келесің.  Сәт  сайын  әсер  дариясында 
жүзіп, шын мәнінде адами тұлғаңа енгендей сезінесің. Сондай сәттің сәтті бір 
күнінде  екі  құрлық  тоғысындағы  жаһанды  жаулап  алар  сұм  соғыс  пен  сол 
кезеңдегі кеңес халқының төзімділігі мен ержүректілігін паш ететін жеңіс күні  
жайлы ақ парақпен тілдесуді жөн санадым. 
  Әлі  есімде...  Балалық  шағым...  Атам  мені  қасына  отырғызып,  түрлі 
ертегілер, хикаяттарды баян ететін. Менің атам соғыс ардагері болды. Аяғы 
ақсақ,  таяқпен  жүретін.  Тәй-тәй  басып  мойнына  асылған  мені  «әуп»  деп 
көтеріп  алар  қауқары  қалмаған  кезінде  мен  дүниеге  келіппін.  Ес  біле 
байқағаным,  атам  қар  төсеніп,  мұз  жастанған  соғыстың  ауыр  күндерін  еске 
алуға  құштар  емес  еді.  Кейбіреулер  сияқты  майдандағы  ерліктерін  өсіріп 
айтып,  әсіре  мақтанбайтын.  Оның  есесіне  ата-бабаларының  тарихын 
әңгімелеуден  еш  жалықпайтын.  Балалардың  құлағына  сіңе  берсін  дей  ме, 
қайта-қайта айтып отырушы еді.  Ескі әңгімелерді көп білетін. Бірде атамнан: 
«Соғыс деген не?» -деп сұрағанымда, атам: «Соғыс – мұң, мазасыз күндер, көз 
жас...»  -  деп  ауыр  күрсінген  болатын.  «Соғысы  құрысын»,  -  деуші  еді  атам 
сонда. Мен үшін атамның өмірі аңыз, ертегідей көрінетін.  
Омырауына  таққан  орден,  медалдарын  ұстап  көріп,  мән-мағынасына 
түсінбесем де, олардың атам үшін қымбат, қаншалықты қадірлі екенін іштей 
сезінетінмін. Атам әр жылы тоғызыншы мамырда ерекше күй кешетін. Үйге 
келген аға-апалар гүл сыйлап, теледидарға түсіргенде мен атамның жанында 
отырып, өзімді де, атамды да ең бақытты жандармыз деп ойлайтынмын. Атам 
үшін сол күннің ерекше екенін енді ғана ұққандаймын. Атам қазір бұл фәниде 
жоқ, бірақ менің бала жүрегімде атам ержүрек, отан ананы қорғаған  батыр 
ретінде мәңгі сақталып қалды.  
Мен бақытты өмір перзентімін. Мен сонау Керей мен Жәнібек іргесін 
қалаған  «Қазақ»  атты  өр  рухты,  дербес,  зайырлы  елде  шат-шадыман  ғұмыр 
кешудемін. Мен сұм соғысты көрмедім... 
Алда бейбіт те мерекелі өмірдің жетпісінші көктемі келеді. Алда – жеңіс 
тойы! Жер әлемді дүр сілкінткен соғыс өртінің жеңіспен тұншықтырылғанына 
70 жыл! Алапат, дүлей соғыстың салған жарасын да сеземін,  «Жеңіс» деген 
сөздің ең құдіретті сөз екенін ұғамын, түйсінемін. 
 Ұлы  Отан  соғысы...  Содан  бері  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  өтсе  де, 
ешнәрсе  де  ұмытылған  жоқ.  Соғыс  –  мамыражай  тіршілік  жасап  жатқан 
ауылды зар жылатты. Соғыс - аға-іні бауырды жалмады, ананы жалғызынан, 
баланы  әкесінен  айырды.  Кітаптан  оқып,  теледидардан  көріп  отырған  кезде 
сұм  соғыстың  дүлейін,  қайғысын,  үрейін  сезбеуің  мүмкін  емес.  Қаншама 
қасірет әкелген бұл сұм соғыс!... 
Қара түнек тор тұрғанда Отанға
Қару алып сапқа тұрды қатарға. 
Бақыт күнін біздер үшін әкелген 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
167 
Бас иемін аруағыңа қашан да! 
-  деп соғыс жылдарында  батырлығымен  қатар, батылдық танытып, өз  
өлеңдері  арқылы жауынгерлерге жігер   сыйлаған  ақындарымыз бен батыр 
ағаларымыздың аруағына  бас  ие отырып, олар жайлы  ой  қозғамау  мүмкін 
емес. 
 Ат  ауыздығымен  су  ішіп,  ер  етегімен  су  кешкен  сұрапыл  соғысқа 
қатысқан  аға¬˗  ұрпақ  ақын˗  жазушылар  шығармаларының  бірден˗бір 
тақырыбы ˗ кешегі алапат соғыстың  адамзатқа әкелген қасіреті мен қайғысын  
жеңіп  шығуға    ұмтылған  ұлы  адамдық  күні  туралы  болуы  заңды  құбылыс. 
Тілімен темір қорытып, ат тағалаған асыл ақын-жазушыларымыз қан майданда 
апат болған қаруластары алдында  борыштымын деп сезініп,  өздері  көрген 
соғыс    ауыртпалығын      кейінгі  ұрпаққа  жеткізуді  де  мойнына    міндеттеп  
алғандай  болатын.   
Солардың  бірегейлері  ˗  ұлттық    әдебиетімізде    өзіндік    орындары  бар 
көрнекті  ақын  ˗  жазушыларымыз    Сырбай  Мәуленов,  Тахауи  Ахтанов, 
Бауыржан  Момышұлы,  Қасым  Аманжолов,  Баубек  Бұлқышев,  Жамбыл 
Жабаевтар. 
Ұлы отан соғысы   жылдарындағы қаламгерлер шығармалары  барлық  
халыққа,    жасөспірімдерге  рухани  азық  болары  анық.  «Біз    жастығымызды 
сендердің  бақыттарының жолына құрбан еттік. Сендер бейбіт өмірде бақытты 
боласыңдар!»˗  деген еді батыр  Баубек  Бұлқышев атамыз.  Бұл˗ елін, жерін 
жаудан  қорғаған батыр бабаларымыздың  жалынды  ұрпағының жігерлі сөзі. 
  Соғыс сұрапылында қайнап шыққан ақынның бірі-Сырбай Мәуленов. 
Сезімтал  да  сергек  ақын  сұрапұл  соғысқа  көзқарасын,  болмысты  қалай 
ұғынып-түйгенің «Тыңда,дүние, тыныштық үні»  өлеңінен көре аламыз.  
Ақын: Мен қолымды көміп кеттім майданда, 
Мен аяқты беріп кеттім майданда. 
Мен күнімді беріп кеттім майданда, 
Мен тілімді беріп кеттім майданда. 
Әй,дүние, 
Зағиптарды тыңда сен, 
Әй,дүние, алыптарды тыңда сен. 
Әй,дүние, 
Олар қолын, аяқтарын бермесе, 
Әй,дүние, 
Сен түрегеп тұрмас ең, 
-деген  жолдарда  бейбіт  күннің  орнығуы  қандай  құрбандықтардың 
нәтижесінде келгенін деталь-образдар арқылы айқын бедерлеген. Әрине, ақын 
өлеңі бізді нұрлы өмірдің патриоты болуға шақырады. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
168 
Қарша  бораған  оқ  астында  жүрген  әрбір  қазақ  баласының  жүрегінің 
түбіне  ұялаған  отаншылдық  сезім  оларды  жеңіске    жетеледі,  әділетсіздіктің  
ойранын  шығарып, әділетті өмір орнатуға ұмтылдырды. Олар батыр боламын 
деп емес, отанды қорғау азаматтық, адамдық парызым деп соғысқа аттанды. 
Олар  бірін-бірі  туыс,  достай  көрді,  қайғы  мен  мұңды,    қуаныштыда  бірге 
бөлісті, өйткені олар «қазақ» деген қайсар елдің ұрпағы  болатын. 
Қайран біздің аталар-ай! Сұм соғыс сендердің  жастықтарыңды жалмап, 
зіл-батпан  қайғы арқалатты-ау,  жолдасын жауға  тастамайтын қайсар ұлдың 
барлық арман˗ мақсатын күл талқан етті-ау... 
Міне, байтақ та берекелі көктемнің жетпісінші таңы да жақындап қалды. 
Мен соғысты жек көремін, соғыс деген сөзден қорқамын, бірақ еліме, жеріме 
көз алартқан кім-кімге де Бауыржан атамдай батыл түрде  атқа  қонарым  анық. 
Өйткені,  мен  рухы    биік,  өр  кеуделі,  қайсар  халықтың  бір  ұланымын. 
Жүрегінде  қан  майданнан  қалған  жарасы,  қайғысы  мен  наласы  бар,  дархан 
мінезді, ойы дария, жарқын жүзді соғыс ардагерлерлеріне  қандай  сый жасаса 
да  артық  болмас.  Ең  бастысы,  аға    ұрпақтың    бүкіл  адамзат  алдындағы 
абыройын  асқақтатқан  ерлігін  ұмытпау  –  біздің,  жалынды  жастардың 
перзенттік парызы. 
Тәуелсіз  Қазақстан  халқы  да  ерлерін  еш  уақытта    естен  шығармайды. 
Жырларымен    жігірлендірген  ақындар  өлеңін  арнаса,  біздер,  жас  өркендер, 
аталар  салған  ізгі    жолды  жалғастырамыз  деп  ант  етсек,  бүкіл  дүйім  жұрт 
бірлік үшін, бейбіт өмір  үшін тізе қосса, алынбас қамал болмас. 
Жеңістің  арқасында  шат-шадыман  өмір  кешіп  жүргенімізге  дән 
ризамыз.Тәуелсіз Қазақстанның болашағына зор сеніммен қарайтын мен ата-
әжелерімнен бойыма сіңген елді сүю, жерді қастерлей білу, ынтымақ-бірлік, 
үлкенді сыйлау, кішіге ізет ете білу сияқты  адами қасиеттерді  қадірлеймін. 
Ел  мүддесі  дегенде  перзенттік  парызын  еселеп  өтеген  мықты 
қазақтардың  талайынан  көз  жазып    қалдық,  бірақ    артында  өмір-дарияны 
жалғастыратын ұрпағы бар. Ізетті пейіл болса, көзі тірі ардагерлерге тұлпар 
міндіріп,  зәулім  сарай  тұрғызсақ  та  артықтық  етпесі  анық,  өйткені  «жеңіс 
солдаттары» аз-ақ қалды ˗ау... 
Бақыттымыз, ол жеңістің арқасы, 
Бізге аманат ұлы  елімнің әр тасы. 
Жасамайық аманатқа  қиянат, 
Жеңіс туы қыран құстай  самғашы
- деп жұдырықтай жүрегімнен шыққан жыр шумақтарым арқылы аталар 
сыйлаған  бейбіт    өмірде  тарихтың  тағылым    берер    әрбір    сәтін  естен 
шығармай,  жеңіс  күнін  ұлан-ғайыр    үлкен  мереке    ретінде    жасампаздық 
салтанатты  түрде   тойлау-санаға сіңген әдет, үлгіге айналған үрдіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет