Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


средних учебных заведений на патриотическую тему



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
143 
шақтағы  төзімділігі  мен табандылығы, қайраты мен қаhармандығы болмаса, 
бүгінгі жарқын болашаққа  қадам жасаған  тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. 
Сондықтан    Ұлы  жеңісті    жақындатқан,  ұрыс  даласында  мерт  болған  ата-
апаларымыздың  аруағы  мен елге  жеңіспен  оралған ардагерлер алдында бас 
июге  тиіспіз. 
Ұлы Отан соғысындағы ерлікпен қоса, ізіне ондаған, жүздеген жылдар  
жетектеген  ғасырлар көшіне қарап отырсам,  қазақ халқының  мың өліп, мың  
тірілген  тірлігінің  келбетін  көргендей  боламын.  Сонау  ХVIII  ғасырда 
табандары ақ жем болып, босқындықтың күйін де тартты. Сонда да халқымыз  
жауынгерлік,   қаhармандық  ерліктің арқасында  қай қиындыққа да шыдап, 
жүнжіп кетпеді.  Бабаларымыз Шыңғыстың тепкісіне де, Темірдің тегеурініне 
де, жоңғардың  жаугершілігіне де, орыстың ойранына да төтеп  беріп келген.  
Ендеше,  менің  халқым  –  батыр  да  қайсар  халық.  Кіндік  кесіп,  қаны  тамған 
жерін жан-тәнімен сүйетін жігерлі халық. 
Біз  елін,  жерін  сүйетін  патриот  болуды  өз  ұлтымыздан,  қанға  сіңген  
қасиетімізден  ұғынып,  қастерлеуіміз  қажет.  Мен  –  қазақпын  деген  әрбір  
адамның  жүрегінің    түбінде    еліне,  Отанына  деген  махаббат,  сүйіспеншілік 
болуы  керек.  Құр  сөзбен  мен  –  мықтымын,  батырмын,  елімді  сүйемін  деп 
мақтанып, мардымситын адам өз қара басын ойлайтын жан. Елдің сыншысы – 
қашанда елі, халқы. Халқының сынынан өту, халқының ардақты азаматы болу 
– ерліктің белгісі.
Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жас  ұрпағы, біздің, бүгінгі таңда 
үлкен де  асқаралы міндеттер атқаруымыз – қасиетті борыш.  Ол борыш – шыр 
етіп  жарық  дүниеге  келген  әрбір  адам  баласының    ата-анасын,  ел-халқын, 
Отанын шексіз сүйіп, қасиетті  туындай қастерлеп өтуі. 
Мен, бүгінгі мектеп шәкірті, егеменді ел тұтқасы, келешектің арқа сүйер  
өскелең  азаматымын.  Нарық  заманында  дүниеге  келіп,  өмір  кешіп  отырған 
ғасыр  перзентімін. Қазір ерлік көрсетер шақтамын. 
Бүгінгі  күнде  елімізде  ерлік  көрсетер  істер  саласы  өте  көп.  Мәселен, 
ғарышқа ұшу – теңдесі жоқ ерлік. Шөл далада канал қазу, қала орнату, тың 
даланың  төсін  жаңарту - еңбек адамының  ерлік ісі болып табылады. Әлі де 
ғылымның  сан  саласы  ашпаған  жаңалықтарды  біз,  жастар,  ғылымның  жас 
өрендері    ашуымыз  керек.  Қазақ  елін  қорғайтын,  елді  бірлікке,  елдікке 
бастайтын  ел болашағы біз боламыз деп нық  сеніммен айта аламын. 
Қорыта келгенде, бүгінгі ұрпақ Отан алдында, әкелер алдында қарыздар. 
Олардың  күресі  мен  тауқыметі,  жігері  мен  қажыры  арқылы  жеткен  жеңісті 
ойдағыдай  бағалай  білсе  ғана,  бүгінгі  ұрпақ  ертеңгі  ұрпақтың  алдындағы 
парызын өтей алады. Ешкім де батыр  болып тумайды. Бастауында бұлағы бар 
өзеннің ұзақ ағатыны секілді өнегелі ата-ананың тәлімінен  сусындап адалдық,  
еңбексүйгіштік,  бауырмалдық  рухта  ер  жетсең,  еліңді,  халқыңды, 
бауырларыңды  қорғауға  әзірсің  деп  есептеймін.    Батырлықтың  негізі    – 
бауырмалдықтан,  Отанды  сүюден  тұрады.  Ал  Отанды  сүю  –  үй-ішіңнен, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
144 
отбасыңнан басталады.  Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін  
сүйген ер атанады.  
Міне, биыл жер дүниені дүр сілкіндірген соғыс өртінің өшкеніне де 70 
жыл толғалы отыр. Биылғы жылдың ерекшелігі де осында. Жеңіс мерекесі – 
бейбітшілікті сүйген барша адамзат қауымының мерекесі.  
Жеңіс  күні  –  достық  пен  бірлікті  жырлайтын  халықтың  ержүректілігі 
мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. 
Жеңіс мерекесінде біз, бүгінгі ұрпақ өкілдері, кешегі қан майданда қаза 
тапқан  батырларымыздың  рухына  тағзым  етеміз.  Бұл  айнымас  дәстүрге 
айналған.  
Беріспей батыр бабам армандаған, 
Арман күн, 
Ел-жұртына  жалғанды аман. 
Қаншама құрбандықпен қолым жеткен 
Әлдиле, Тыныштықты орман-далам! 
 - деп  Марфуға  Айтқожа апамыз жырлағандай, қай кезде 
де халқымыз бастан кешкен қиындықтар мен оның бүгінгі Тәуелсіздігі үшін 
жанын пида еткен арыстарымызды  ұмытпау, ұлықтау – біздің борышымыз. 
Аға ұрпақ сыйлаған  бақытты жоғалтпай, Тәуелсіз еліміздің көркеюіне 
бар күш-жігерімізді, біліміміз бен  санамызды салайық, жас қауым! 
Махмутова Аружан 
9 сынып, №172 орта мектебі  Қызылорда қаласы
        Жетекшісі: Түрсеекева Н.  
  Соғыстың заңы – өте қатал заң. 
 Б. Момышұлы 
1941  жылы  22-маусым күні  сағат 4-те таң  шапағы жаңа  атып, арайлап 
келе жатқан сәтінде фашистік Германия ССРО-ға опасыздықпен басып кірді. 
Сол бір отты жылдар жас ұрпақ жадынан ұмытылмайды. «Соғыс» сөзін естіген 
жанның өзі үрке қарайтын болса, ал оның болған сәттерінде қалай қиын болған 
десеңізші. Еш нәрсе оңайлықпен келмеді. Қаншама қан төгілді, қаншама адам 
қыршыннан  қиылды.  Талайы  жақын  жанынан  айырылды.  Тыныш  жатқан 
жеріміз қара қанмен, сасық өліксемен толды. Ертеңгі күнге  ешкімнің сенімі 
қалмады. Бәрі Отан үшін жанын аямай арпалысты. Ата-ана жүрегі шайылды, 
көздері жаспен толды. Бауыр еті баласын жастайынан ұрпақсыз, қыршынан 
қиылғаның  қаламады.  Бірақ  амалы  болмады,  елі  үшін  жаумен  айқасуға 
дайынмен  деп  тұрған  ұландар  сапарға  аттанды.  Отан  атты  ұлы  ұғымға  дақ 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
145 
түсірмеу  керек  және  ол  үшін  қолдан  келгенді  аямау  керек  екенің  жақсы 
түсінді.  Оны  қорғауға  жасы  да,  егде  жастағы  да  күш  қосты.  Бірлік  болмай 
тірлік  қайдан  болсын.  Сондай  патриоттық  ұлы  сезім  қанды  қызу  қайнатып, 
тіпті ер жүрек ұлдардан бұрымды қыздар да  қалыс қалмады. Бәрінің қалауы 
бір,  ол  –  Отанды  қорғау  еді.  Ерлеріміз  ерлігін  көрсетті.  Ал  бұрымды 
қыздарымыз өліспей беріспеді. Сондай соғысқа 3,5 млн адам қатысты, оның 
ішінде 1,5 млн Қазақстандықтар екен. Бұл азапты соғыс халқымыздың басына 
қара бұлт әкелді. Төрт жыл сол бұлт басымыздан айырылмай, жауып ақыры 
таусылды. Сөйтіп, Жеңіс туы 1945 жылы 9 мамыр күні тігіліп, көкте желбіреді. 
Үздіксіз  болған  соғыс  зардабы  талайға  тиді.  Бәрін  біразға  дейін  есеңгіретіп 
тастады.  
Мәскеу  үшін  болған  шайқаста  И.В.Карпов  қолбасшылық  еткен 
атқыштар  полкі  мен  аға  лейтенант  Б.Момышұлы  басқарған  батальонның 
жауынгерлері  ерекше  табандылық  пен  қаһармандық  көрсетті.  Дивизия 
жаудың төрт есе басым күшіне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізген. Ондағы 
шайқастарды  еске  ала  келіп,  Ұлы  Отан  соғысының  аты  аңызға  айналған 
қаһарманы,  Кеңес  Одағының  Батыры,  белгілі  жазушы  Б.Момышұлы  былай 
деп жазыпты: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай 
темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...біздің үрейді жеңетін ең күшті 
қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік». 
Қазақстанда  құрылған  әскер  бөлімшелерінің  үштен  бірі  Ленинград 
түбінде соғысты. Балтық флотындағы қызыл тулы «Киров» крейсерінде ғана 
156 қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды. Соғыстың сол отты жылдары мен 
ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл атамыз ленинградтықтарға 
«Ленинградтық өренім!» деген жырын арнап, онда көпұлтты еліміздің бүкіл 
еңбекшілерінің сезімі мен алаңдаушылығын білдірді.  
Ленинградтық өренім, 
Мақтанышым сен едің! 
Нева өзенін сүйкімді 
Бұлағымдай көремін. 
Көпіріне қарасам, 
Көмкерген су көлемін. 
Өркеш – өркеш жарасқан, 
Шоқылардай дер едім. 
Сапырылған көк теңіз 
Шомылдырып кемерін! 
Шамы күндей жайнаған, 
Аспанға үйлер бойлаған... 
Арқа тұтып алыста, 
Айбыным деп ойлағам! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
146 
Бұл жырда Ленинградтың ауыр тағдыры туралы сөз қозғап, ой тудырмақ 
ретте жазған болатын.  
Жеңіс! Осы бір сөз қадір-құның түсіне білу бәріміздің борышымыз деп 
білемін. Себебі ол біздің өткен тарихымыздың өшпес ізі, яғни тарих парағында 
қалатын,  ерекше  орын  алатын  дүние.  Ұлы  Отан  соғысы  бір  кездері  естен 
кетпестей жалындап, лаулап тұтанған еді. Сол бір сәттер талайдың арманы мен 
қиялын  әп-сәтте  ғайып  қылған  еді.  Жеңіс  жайдан  жай  келмеді.  Бүкіл  ел 
жұдырықтай жұмылып, бір жеңнен бас, бір жеңнен қол шығарып әрең дегенде 
алған  қамалы  мен  жеңіс  туы  еді.  Ер  азаматтар  майдан  даласында  жүріп,  су 
кешті. Ата жаумен аянбай арыстандай айқасты, жеңіс үшін шайқасты. «Сен 
тұр  мен  атайын»  деген  қаһармандарымыз  жауларын  жағадан  алып,  оларға 
өліспей-беріспейтінің  көрсетті.  Ал  үйде  қалған  қарт  адамдар,  аяулы  аналар 
мен жас балалар ер-азамат орнын басып, күн-түн демей еңбек етті. Ешкім де, 
ешнәрсе де ұмытылмайды. Ол өткеніміздің шежіресі.   
Адамзат    тарихында  осы  соғыс  атаулының  өзі  сұмдық  атау.  Отты 
жылдар  өзегімізді  өртеді,  жерімізді  жау  басты,  елімізді  біраз    есеңгіретіп 
тастады. Енді ол өткеннің еншісінде қалды. Міне, бүгінде 70 жыл толып, сол 
кезеңдер ендігі  еске алынбақшы. Алайда Ұлы Жеңіс ұмытылмайтын сияқты, 
Ұлы Отан соғысы да ұмытылмайды. Себебі ол ұмытылмастай ізін қалдырды. 
9 мамыр жеңіс күні – бұл сан мыңдаған жас қауым мен ұрпақ үшін ортақ жеңіс 
мерекесі. Сол күндері бейбітшілік пен қайырымдылықтың, мәңгі жасампаздық 
пен  Отаның  қорғаған  жауынгерлер,  офицерлер  мен  солдаттар,  Жеңісті 
жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігінің бір 
дәлелі  болып  табылады.  Оларды  біз,  жастар  және  барша  халық  болып  еске 
аламыз. Біздің ата-бабаларымыздың жеңісі баршамыз үшін ғұмыр сыйлады. 
Осы күнде тәуелсіз ел болуымыздың барлық жеткен жетістіктеріміз солардың 
арқасы.  Қазақстан  азаматтары  мен  жау  жүрек  жауынгерлері  үшін  мақтан 
тұтарлық  үлгі  және  қоғамның  дамуының,  ұлттық  намыс  пен  жігердің 
болуының бір айғағы мен дәлелі десек те болады. Жеңіс күні, жасампаздықтың 
жаңа жақтарының көрінісі. Кең батақ жердің ендігі иегері мына біздер. Отан 
деген  ұран  біздің  де  жадымызда  бар.  Мұның  бәрі  өткеннің  құны  мен 
түсінгеннің  белгісі.  Табандылық,  ерлік,  Отанға  деген  сүйспеншілік  осының 
бәрі-бәрі соғыста жеңіске себеп болатын дүние. Сол арқылы жеңіске жетесің. 
Сонымен қатар арада сенімділік пен ауызбірлік те болу шарт. Онсыз жауға өз 
өзінді ұстап бересің.  
Сол сұрапыл соғыс болған жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне 
деген  патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелді.  Еліміз  жеңіспен 
оралды. Бұның өзі көптен күткен ұлы күн еді. Бәрінің жүздерін күлкі үйіріліп, 
енді мұндай соғыс болмаса екен деген сенім болды. Ендігі күндері шаттыққа 
және  бейбітшілік пен  тыныштыққа  толы болғаның  тіледі. Бір  сенім  мен  бір 
мүдде және бір арман осы жеңістің болуына себеп бола білді. Қайсар, батыр, 
ер  жүрек  қазақтың  ұлдары  мен  қыздары  сол  кезеңдерде  бұрын  сонды 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
147 
жасамаған ерлікті жасап, Отан үшін отқа түсті. Ол от – Ұлы Отан соғысының 
жалынды  лаулап  тұрған  оты  еді.  Талайды  шарпыды,  жандырды,  күйдірді. 
Себебі соғыс – күйретуші күш. Оның талабы мен заңы қатал. Ер азаматтың 
сыналар  шағы  және  ерлігін  көрсететін  тұс.  Біздің  ерлеріміз  өз  күштерін 
дәлелдеді. Бар жауды ойсырата жеңіп, жоқ етті, алынбайтын қамалды, таудай 
биік болса да қара күшпен жер етті. Жер бетіндегі тіршілік атаулына зияны 
мен  зардабын  тигізетін  осы  бір  тажал  –  соғыс.  Ұлы  Отан  соғысы  болған 
жылдар  тарихта  қалды.  Оны  біз  тарихымызды  оқып,  қиын  кезеңдерді  көз 
алдымызға  елестетіп,  сол  болған  оқиғаларды  санамызға  сіңіре  отырып,  осы 
күнде тәуелсіз ел болып отырғанымыздың ата – бабаларымыздың арқасында 
екенің түсінеміз. Ұрпағы үшін осындай еңбекке, жан берерлік ерлікке барғаны 
үшін оларға айтар алғысымыз шексіз. Ардагер аталарымыз бен елеңсіз еңбек 
еткен аналарымыз біздің мақтанышымыз.  
Неменеңе жетістің бала батыр
Қариялар азайып бара жатыр 
Бірі мініп келместің кемесіне, 
Бірі күтіп, әнекей, жағада тұр, 
-  деп  Мұқағали  атамыз  өлеңінде  мұндана  жырланады.  Сондай  саны 
азайған  қарияларымыз  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлері.  Солардың 
жанымен,  қанымен,  терімен,  ерлік  күшімен,  туған  жерді  жауға  таптатпай, 
жауды жеңіп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. «Жаһаншыл ұлдан 
Отаншыл  ұл  артық»  деп  М.Шаханов  атамыз  айтпақшы  отанмен  мақтанған 
ерден бірдене шығады. Оның іргесін бекітіп, еңсесің көтеретін еліміздің бүгіні 
мен  ертеңі  біз  жастар.  Соғыс  жылдары  қаһармандық  пен  ерліктің  өшпес 
үлгісін көрсеткен майдангер аталарымыздың өмір жолын үлгі ету керек және 
келешек  ұрпақты  соған  баулу  мен  патриоттық  рухтағы  тәрбие  ендігі  алған 
қойған басты мақсат. 
        Махсутова Айбану 
11 сынып, №57 Е.Көшербаев мектебі 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
148 
Арал ауданы,  Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Байдеуова С. 
 
Ерлікке мың тағзым! 
  Ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе. 
  Б.Момышұлы 
Соғыс...  Отан  үшін  от  кешкен  қаһармандар...  От  пен  оқтың  арасында 
өткен бақандай бес жыл... 
...Жеңіс!  Бейбіт  халық!  Жарқын  болашақ!  Нұрлы  Отан!  Тәуелсіз 
Қазақстан! 
Тәуелсіз Қазақстан! Осы бір ауыз сөзді маңдайымызға жарқырата тағу 
үшін  бойымыздан  қаншама  күш-қуат,  қайрат-жігер,  қан  мен  тер  шықты 
десеңізші!    Ал  Отан  дегенде  жан  жүрегі  жалынға,  көкірегі    ізгі  махаббатқа 
толы  әрбір  азаматтың  аянбай  төккен  терін  санамалап  айтып  тауыса  да 
алмаспыз,  сірә!  Десе  де,  сұм  соғыста  туып-өсіп,  кіндік  кескен  Отаны  үшін, 
келешекке қанат қағып, тұқым жаяр ұрпағы  үшін қолдағы барын  беріп, бары 
түгіл бойдағы нәрін беріп,тіпті, одан қалса, шүберекке  түйген жанын беріп 
қып-қызыл шайқас алаңында сан мыңдаған күн-түн талмай күрескен ата-баба 
алдындағы  кішкентай  да  болса  өтелген  парызым  деп  осы  шығармаға  қалам 
тербеп жазып отырмын. 
 Олар  сұрапыл  сұм  соғыста  толарсағынан  қан  кешіп,  батпандай  ауыр, 
мұздай суық қаруды серігі ете жүріп талай жазықсыз  адамның қанын ішіп, 
қарғысын алған, атының өзін естігенде жан түршігіп, құлақ тұнған фашистерге 
жан ұшыра қарсы тұрып, еркіндікке, егемендікке ұмтылған хас батырлар. 
...«Бомба  гүрс  етті  де,  күш  екпінімен  Горькинді  лақтырып  жіберіп, 
көпірдің  жақтауына  апарып  соқты.  Горькин  қатты  ышқынып  қалды  да, 
үрейленіп,кимелеп  бара  жатқан  біреуге:  -Кейін!  -деді.  Даусы    ышқынып, 
ащырақ  шығып  кетті.  Қауіп-қатер  өткеннен  кейін  сұрасатын    әдетіміз 
бойынша: - Жолдас лейтенант, жараланған жоқсыз ба? - деп сұрадым. Горькин 
қолын бір сілтеді де, азғана жарықшақтанып қалған дауыспен әмір беріп, өз 
жұмысын  басқара  берді.  Сонан  Горькин  даусы  түн  ортасына  дейін  естіліп 
тұрды, ақыры, машинаның қанатына асылып құлап түсті. Мен құшақтап сүйей 
бергенде, көйлегінен өтіп кеткен желімдей жабысқақ, жылы қан жауып кеткен 
екен. Горькин ауыр бір ыңыранып алды да: 
-Команданы сен ал,сержант Сарталиев!-деді.» 
Міне,  осы  шағын    ғана  Ғабит  Мүсірепов    шығармасынан    алынған 
үзіндіде  көптеген  мағына  жатыр:  қажырлылық,  табандылық,  адалдық, 
төзімділік, қиыншылық, тағысын тағылар. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
149 
Осы  сияқты  қасиеттердің  жиынтығы  қазіргі  таңда  есімдері  аңызға 
айналып  отырған  ержүрек  қаһармандардың  бойынан  табылды.  Олар  осы 
қасиеттерін  жүрегіне  тұмар  етіп  тағып,  жауға  қарсы  еш  мұқалмайтын, 
майырылмайтын қару қылып қолданды. 
Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңістің  елу  пайызын  ержүрек  жауынгерлер 
арқылы  алсақ,елу  пайызы  Қазақстанның  табиғи  байлығы  мен  тыл 
жұмысшыларының  қажырлы  еңбегінің арқасында келді. Осы сөзімнің айқын 
да  анық  дәлелі-майдан  даласында  атылған  он  оқтың  тоғызы  біздің 
Қазақстанның  қорғасыны, мысы мен жезінен жасалды.  
Мен Арал өңірінің перзентімін. Туған жерім Аралда күні кешеге дейін 
Арал  кеме  жөндеу  зауыты  жұмыс  істеді.  Міне,осы  зауыт    жұмысшылары 
екінші  Дүниежүзілік  соғыс  жылдары  (1941-1945жж)  әскери    қажеттілікке 
бейімделіп,  «Барлығы    майдан  үшін,  барлығы  жеңіс  үшін!»  деген    ұранмен 
жұмыс істеді. Арал балықшылары  В.И. Ленинге  хат жолдап, өздерінің  Отан  
қорғаушыларға арнап 14 вагон балықты жібергенін мақтанышпен жазды. 
Тыл.    Бұл  сөз  –  соншама  ауыр,  соншама  азапты.  Бұл  сөзді  ауылдағы 
тылда болған  Махатов Иса ата көзіне жас ала отырып, қинала әңгімелейтін 
еді.  Тылда  тек  ерлер  ғана  емес,  сонымен  қатар  апаларымыз  да    болған. 
Апаларымыздың айтуынша олар соғысқа керекті заттарды дайындады. Апа, 
әжелеріміз қалың қолғап, шұлықтарды  тоқып майдангер ұлдарына жібергенін 
әнгімелеп отырады.    
Қазақ  қыздары қашан да  батыр,  әрі батыл келеді. Өздері қаншалықты 
нәзік  те  сымбатты,  сұлу  да  сыпайы  келсе,  соншалықты  бар  жаһанның 
өжеттілігі мен қажыр-қайратын өн бойына жиып алған. Ел басына күн туғанда, 
ел ерге, ер елге қараған шақта әйел затымын деп сызылып отырмай,ерлермен 
бірге тізе қосып, ызғарлы далада аппақ қарлардан  төсек төсеніп, ақ бұлттардан  
жамылғы жамылған,Тұмар ханымның соңынан еріп, ізін жалғаушы қазақтың 
дара    қыздары  қандай    мадаққа  болса  да  лайықты.  Тұмар  ханым  өркөкірек  
Кирді  өз  қанына  өзін  тұншықтырса,  қазақтың  езге  бітпеген  ер  мінезді  өжет 
қыздары   
Бүлігімді салармын, 
Жеріңді тартып алармын. 
Партизанның сүйегінен, 
Сарайымды қалармын. 
-деп,  өзімен  бірге  қасірет  ала келген  ешқашан    қанға  тоймаған    қанды 
қол қарақшы сұмырай Гитлершілерді өз қанын өзіне беріп тойғызды. Қайсар 
жандар емшектегі сәбиімен еңбектеген баласының тәрбиесі мен қоса майдан 
тірлігіне де араласты. Тіпті, кейбір арқа сүйер айбыны жау қолынан өлгенде, 
қол қусырып қарап отыруға намыс пен кек ие бермей, еріксіз екі қолға қару 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
150 
алды.  Осылай  жүріп,  әскер  ісіне  машықтанып,  команда  немесе  взвод 
басқарғандары да жетіп артылады. 
Сонымен  қоса  біз  майдан  даласынан  аттанған  әрбір  жауынгердің 
артында боздап анасы, еңіреп баласы,сағыныштан сарғайып бауыры мен жары 
қалғанын ұмытпауымыз керек. Жарты жанын беріп дүниеге әкелген баласын 
сұм  ажал  алдына  сап  айдап  әкеткенде  еш  шарасыз  шашын  жұлып,жер 
тырналаған ана, өмірдің ащысы мен тұщысын бір өткерем деген аяулы жардың 
жесірлігі, әкесінен ерте айрылған, махаббатқа толы ыстық алақанымен тағы 
бір  маңдайымнан  сипаса  деп  армандаған  бала  тілек.Осы  қайғыға  толы 
көріністердің барлығын бастан өткізген миллиондаған халық: 
    ...Бас сауғаламай,тығылмайтын жыраға, 
      Ажал оғы тимесе шөлмек сынама. 
      Кеудеде шырақ сөнбесе,қауышармыз жеңіспен, 
      Қайғыланба,қан жұтпа,жылыма ана,жылама... 
 М. Жарылқағанов 
Иә,  бізді  осы  күнге,  бейбіт  заманға  табанымызды  тигізген  ата-бабаға 
мың  алғыс  айтсақ  та,  мың  тағзым  етсек  те  борышымызды  өтей  алмаспыз. 
Менің  қайсар  қазағым  жаужүректілігімен,  төрткүл  дүниені  аузына  қаратты. 
Дана  қазағымның,батыр  қазағымның    ешкімнен    қаймығып    тайсалмайтын 
мінезін қас жауы фашистердің өзі мойындаған. 
Бір  неміс  офицері:  «Қорқыныш  дегенді  білмейтін  ер  жүрек  солдаттар 
бізге  қарсы  шабуылға  шықты.  Олар  бораған  оқты  елеместен,  бізді  басып-
жаншып  өтетіндей  атой  салып  келе  жатты.  Олардың  қазақтар  екенін  кейін 
естідім. Әлемде мұндай халық бар екенін бұрын білмеуші едім»-деп жазғанын 
«Боздақтар»  атты  естелік  кітабынан  оқып білдім.  Менің  қазағым  –  әрқашан 
жауынан    мысы  жоғары,  рухы  биік,  өр  тұлғалы.  Өзінің  мықты  екенін  досы 
түгіл дұшпанына да мойындатқан. 
   Міне,  биыл  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  да  келіп  жетті.  Қанқұмар 
фашистке қарсы қару асынып,оққа кеудесін төсеген әр майдангер жауынгер өз 
ұрпағына  өшпес  із  қалдырды.  Қазіргі  кезеңнің  жалынды  жастары  ата-баба 
ерлігін  санасынан  мәңгі өшірмек емес. Қайта отансүйгіш  патриоттарымыз 
қайсар  ата-әжелеріміздің  ұмытылмас  істерін    жаңғыртып,бейбіт  заманда  да 
«Халық қаһарманы» деген атқа ие болған ағаларымызды мақтан тұтамыз. 
Мәңгілік ел – қазақ елінің батырлары-бүгінгі ұрпақ мақтанышы. 
«Батырлықтың  негізгі бауырмалдылықтан туады» деген Бауыржан ата 
сөзімен аяқтағым келеді. 
Мәдіхан Мереке 
11 сынып, №167 орта мектебі Жаңарық ауылы
Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
151 
Жетекшісі: Көккөзова А. 
Ешкім де  ешқашан да  ұмытылмайды 
Туады ерлер ел үшін, 
Өлмейді ісі мәңгілік. 
Өшпейді абзал есімдер, 
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, 
-  деп  ақын  Жұбан  Молдағалиев  жырлағандай    Ұлы  Отан  соғысының  
қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, соғысқа қатысқан аға-апаларымыздың 
есімдері,  ерліктері  жас  ұрпақтың  санасында  мәңгі  сақталады.  Адам  баласы 
үшін  соғыстан  асқан  кесапат  жоқ.  Соғыс!  Жалғыз  ауыз  сөз.  Бірақ  қандай 
қорқынышты.  Соғыс  дегеніміз  –  қайғы,  қасірет,  қантөгіс,  өлім,  жетім 
сөздерімен  ұштасып  жатыр.  Дүниежүзілік  соғыс  әуілі  Финляндия 
шекарасынан  басталғаны  белгілі.  Сол  соғысқа  қатысқан  жауынгерлердің 
ішінде  –  Бауыржан  Момышұлы,  соғыстың  басталғанынан  аяғына  дейін 
қатысқан азамат.  
Жылжып уақыт, жылдар өтсе де, қазақ халқының тарихында  Ұлы Отан 
соғысының ізі мәңгі өшпейді. Жеңіс үшін қанша адам отбасын тастап, соғысқа 
аттанды. Ағаларымыз ел басына күн туған, ауыр кезде от пен оқтың ортасында 
жүріп, Отан үшін отқа түсті. Қанша азап тартса да, келер күннен үміт  үзбей, 
жеңіске, азаттыққа ұмтылды. 
Міне, Жеңістің ұлы күні! Осындай бейбіт күнді сыйлаған аталарымызға 
мың  алғыс!  Егер  аталарымыз  болашақ  үшін  ерлік  көрсетпегенде,  біз  де 
осындай өмір сүрмес едік...олар жері, елі үшін шайқасқа түсіп, кеудесін оққа 
жайды.  Отан  соғысында  ерлік  көрсеткен  көптеген  қазақ  азаматтары  кеңес 
Одағының    батыры  атағын  алды.  Әлия  мен  Мәншүктей  апаларымыз  қазақ 
қыздарының қайсарлығын көрсетті. 
Соғыс...  Соғыс...  Қандай  қорқынышты  сөз.  Бұл  сөзді  айтпақ 
түгіл,естігеннің өзінде денең тітіркеніп, көз алдыңа небір сұм оқиғалар келеді 
десеңші! Бұл соғыс адамзат баласы үшін өте зор қырғын майдан болды.     1945 
жылдың  9  мамырында  бүкіл  адамзат  аңсаған  1418  күнге  созылған  соғыс 
жеңіспен  бітті. Сұрапыл соғыс адамдардың жүрегіне жазылмас жара салды. 
Қаншама  ошақтың  отын  өшірді,  қаншама  адам  қаза  тапты,  қаншама  орман 
өртеніп, қаншама қала күлге айналды. Қаншама әйел «қара қағаз» алып жесір 
атанса, қаншама бала әкелерінен айрылып жетім атанды. 
Кеңес адамдары мылтықпен де, мылтықсыз да соғысып, ақырында жеңіп 
шықты. Қүйзелген көңілдер, жүдеген жандар Жеңістен жұбаныш тапты. 
Жетпіс жыл шуақ шашып күніміз, 
Қайта оралды қасиетті дініміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет