1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
РЕСПУБЛИКАНСКИЙ УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ЦЕНТР
ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
«Жалпы білім беру мектептерінде балалардың сабақтан
тыс уақытын ұйымдастыру»
Әдістемелік ұсынымдар
«Организация занятости детей во внеурочное время в
общеобразовательных школах»
Методические рекомендации
Астана, 2015
2
«Жалпы білім беру мектептерінде балалардың сабақтан тыс уақытын
ұйымдастыру» ( Әдістемелік ұсынымдар) – Республикалық қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы, Астана, 2015 ж., 143 б.
«Организация
занятости
детей
во
внеурочное
время
в
общеобразовательных
школах»
( Методические
рекомендации)
-
Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования,
Астана, 2015 г., 143 с.
Әдістемелік ұсынымдарда білім беру ұйымдары қызметіндегі сабақтан тыс
уақыттарын жетілдірудің заманауи бағыттары ұсынылады. Оқушылардың
бәсекелестігіне әсер ететін сабақтан тыс қызметіндегі тәрбиесін дамытудың
объективті және субъективті негіздері, сабақтан тыс қызметінің әлеуметтік-
педагогикалық және тәрбиелік мүмкіндіктері белгіленген.
Республикадағы жалпы білім беру мектептеріндегі сабақтан тыс қызметтің
қалыптасуындағы педагогикалық тәжірибесі көрсетілген.
Әдістемелік ұсынымдар сабақтан тыс уақытындағы балаларға қосымша
білім берудің білімдік үдерісін іске асыратын білім беру ұйымдарындағы
педагогикалық қызметкерлердің қалың көпшілігіне ұсынылады.
Методических рекомендациях представлена современная тенденция в
деятельности организаций образования - совершенствование внеурочной
деятельности. Определены объективные и субъективные основания на развитие
воспитания
во
внеурочной
деятельности,
социально-педагогические
и
воспитательные возможности внеурочной деятельности, которые скажутся на
конкурентоспособности учащегося.
Представлен педагогический опыт становления внеурочной деятельности
общеобразовательных школ республики.
Методические
рекомендации
предназначены
широкому
кругу
педагогических
работников
организаций
образования,
осуществляющих
образовательный процесс дополнительного образования детей во внеурочное
время.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік
орталығының әдістемелік кеңесі баспаға ұсынған
(Хаттама № 2, 2015 жылғы 21 мамыр)
Рекомендовано к печати методическим советом
Республиканского учебно-методического центра
дополнительного образования
(Протокол № 2 от 21 мая 2015 г.)
© Республикалық қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы, 2015
3
Мазмұны
Кіріспе
5
Сабақтан тыс қызмет мектептегі заманауи білім беру
үдерісіндегі маңызды компонент
9
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
бойынша «Сабақтан кейінгі мектеп» Республикалық жобасы
37
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру тәжірибесі білім беру
ұйымындағы тәрбие жүйесінің компоненті
40
Алматы қ. № 83 көп салалы мектеп-гимназияның сабақтан тыс
жұмысын ұйымдастыру
40
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта
мектебінің тәрбие жүйесіндегі
сабақтан тыс қызмет моделі
44
Рудный қаласы әкімдігінің № 10 мектеп-гимназиясының
сабақтан тыс қызметі тәрбие жұмысын дамытудың факторы
47
Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Ключевой орта мектебінің
сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру тәжірибесі
51
Қорытынды
58
Әдебиеттер тізімі
60
1 қосымша. Мектептегі оқу-тәрбие қызметі жүйесіндегі
қосымша білім берудің моделі
61
2 қосымша. Сабақтан тыс қызметтегі білім бағдарламаларының
түрлері
66
4
Содержание
Введение
74
Внеурочная
деятельность
как
важнейший
компонент
современного образовательного процесса в школе
78
Республиканский проект по организации занятости школьников
во внеурочное время «Школа после уроков»
108
Опыт организации внеурочной деятельности как компонента
воспитательной системы организации образования
112
Организация внеурочной деятельности в многопрофильной
школе-гимназии искусств №83 г. Алматы
112
Модель внеурочной деятельности в воспитательной системе
средней школы №37 имени Сырбая Мауленова г. Астана
116
Внеурочная деятельность как фактор развития воспитательной
системы Школы-гимназии №10 акимата г. Рудного»
120
Опыт организации внеурочной деятельности Ключевой средней
школы Карасуского района Костанайской области
125
Заключение
132
Литература
134
Приложение 1. Модель дополнительного образования в системе
учебно-воспитательной деятельности школы
135
Приложение 2. Типы образовательных программ внеурочной
деятельности
140
5
Кіріспе
Қазіргі кезде мектеп білімі әр адамның формалды оқытудың ең
ұзақ кезеңін көрсетеді, сондай-ақ жеке жетістік және бүкіл елдің ұзақ
мерзімді дамуының маңызды факторы болып табылады. Миллиондаған
оқушылардың мақсатты бағыттарының дайындығынан біз еліміздің
инновациялық даму жолын қаншалықты таңдай және қамтамасыз ете
алатынымыз байланысты.
Дәл қазір, жалпы білімді қаншалықты заманауи және
интеллектуалды ету болашақ ұрпақтың ауқаттылығына байланысты.
Мектеп білімінің негізгі нәтижесі озық даму мақсатына сәйкес
болуы қажет. Бұл мектептерде оқыту өткен жетістіктің қажеттігі ғана
емес, сондай-ақ болашақта қажет болатын әдістер мен технологияларды
да білдіреді. Білім алушылар зерттеушілік жобаларға, шығармашылық
сабақтарға, спорттық іс-шараларға қызығулары қажет, осылардың
барысында олар жаңа затты ойлап табуға, түсінуге және меңгеруге,
ашық болуға және жеке ойларын білдіруге қабілетті болуға, шешімдер
қабылдай алу және бір-біріне көмектесу, қызығушылықтарын
қалыптастыру және мүмкіндіктерін түсінуге үйренеді.
Оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендірудің мақсаттарын
шешу, олардың жан-жақты дамуы сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру
аясында өте тиімді. Сабақтан тыс қызметтің өзектілігі қазіргі кезде
елімізде оқушы тұлғасы қалыптасу жағдайларында айтарлықтай
өзгерістер болып жатқандығында анықталады. Заманауи бала айқын
сыртқы және ішкі шекарасы жоқ шексіз ақпараттық және зор
әлеуметтік кеңістіктікте орналасқан. Оған интернет, телевизия,
компьютерлік ойындар, кино арқасында алынған ақпараттық ағындары
әсер етеді. Осы және басқа ақпарат көздерінің тәрбиелік және
әлеуметтендіретін әсері тәрбие және әлеуметтену үдерісінде жиі басым
болып келеді.
Бүгін баланың мектепте және мектеп сыртында меңгерген білімі
мен құндылықтары иемденген мінез-құлықтарының арасында шиеленіс
бар:
мектепте (жүйелілік, бірізділік, дәстүрлілік, мәдени сәйкестілік
және т.б.);
мектеп сыртында (еліктеушілік, бейберекеттілік, жоғары
мәдениет пен тұрмыстың араласуы, мәдениет пен антимәдениет
шекараларының арасындағы бұзылыс және т.б.).
Бұл шиеленіс бала ойлауы құрылымын, олардың сана сезімі мен
дүниетанымын
өзгертеді,
дүниеге
эклектикалық
көзқарасын
қалыптастыруға, өмірге тұтынушылық қатынасты бағыттайды.
Әлеуметтену – бұл толыққанды адам тұлғасын тәрбиелеу,
азаматтық
сана-сезімі
мен
жас
азаматтың
жүріс-тұрысын
6
қалыптастыру. Әлеуметтену кезіндегі негізгі ықпал нысаны - азаматтық
сана-сезім, тұрақты оң бағдарланған, дамыған, тиісті деңгей.
Әлеуметтенудің құрылымы оқу сабақтарының элементтері, білім
алушылардың сабақтан тыс қызметі, жеке тұлға аралық байланыс,
қоршаған социуммен ынтымақтастық болып табылады.
Оқушылардың әлеуметтік потенциалын аталған жас кезеңінде
тұлға әлеуметтенуі үдерісін оңтайландыруға қажетті әлеуметтік сапа
мен қабілеттілік жиынтығынан анықтауға болады. Мектеп білім
алушыларының әлеуметтік потенциалын қалыптастыру және негізгі
әлеуметтік сапа мен қабілеттіліктерін дамыту үшін мектепте
анықталған педагогикалық жағдайларды құру қажет.
Оқушылардың сабақтан тыс қызметі азаматтық ұстаным мен
әлеуметтік белсенділікті қалыптастырудың негізі болып табылады.
Ол сабақтың уақытша кеңістігіне қарағанда, көп нәрсеге ие, осы және
басқа да қызмет түрлерінің субъект – қатысушылар санының көбі, осы
және басқа да біліктілік, дағдылар, жеке тұлға қасиетін тәрбиелеудің
басымдылығын өзіне атқарылады.
Сабақтан тыс қызмет азаматтық, рухани-адамгершілік тәрбиелеу,
тұлғаның әлеуметтенуі көзқарасынан зор әлеуетке ие, себебі балаға
табысты бола алатын қызмет саласын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Сабақтан тыс қызмет – сабақтан тыс уақытта білім
алушылардың дамуы мен оқушылар ұжымын қалыптастыруда маңызды
рөлді атқаратын таным мен өзін өзгерту және қоршаған орта
болмысына
бағытталған
балалардың
қызығушылықтары
мен
қажеттіліктері шартталған белсенділігін көрсетеді.Сабақтан тыс қызмет
ерекшелігін бастауыш жалпы білімнің білім беру бағдарламаларының
жеке және пән үстілік нәтижелеріне бағытталған жетістіктер
анықтайды.
Сабақтан тыс қызмет – сабақтан тыс уақытта тұлғаның өзін-өзі
іске асыру мақсаты бар қоғамдық-пайдалы қызмет, бос уақытты
формалды емес ұйымдастыруды қосу арқылы білім алушылардың
қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын меңгеру үшін жағдай
жасау бойынша оқушы, мұғалім және тәрбие үдерісінің басқа
субъектілерінің шығармашылық мақсатты әрекеттестік түрі.
Сондықтан тәрбие жүйесінің негізгі бағытталуы білім алушының
тұлға дамуына ықпал ету, оқушылардың сабақтан тыс қызметін
жобалау
педагогикалық
қызметтің
маңызды
үдерісі
болып
табылатындығында.
Сабақтан тыс қызмет білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік
береді, оқушыларды дамыту үшін қосымша жағдайлар жасайды,
балаларды алып жүруді, оқытудың барлық кезеңінде бейімделу мен
әлеуметтік сынама кезеңдерінде қолдауды қамтамасыз ететін желіні
тұрғызу болады.
7
Бұл белгіленген білім беру нәтижесінен шығу жолы - базалық
білімді жағдайларда, оқудағы үздіктерде саналы түрде пайдалану
қабілеттілігі. Жалпы алғанда, бұл әр түрлі балалар үшін табыс жағдайы
және әлеуметтенуді қамтамасыз ету.
Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың бос уақыты өзін ұстай
білуді нығайтуға, оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі
бақылауды дамытуға, бос уақытты мазмұнды өткізу дағдысының пайда
болуына ықпал етеді, балалардың салауатты өмір салтының
тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған ортаның жағымсыз
әрекеттеріне қарсы тұра алуға мүмкіндік береді.
Сабақтан тыс уақытта балалардың жұмыспен қамтылуы –
балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетті дамытуға
бағытталған
қызметтің
жеке
мағыналы
саласында
жеке
қызығушылықтары
мен
қажеттіліктерін
қанағаттандырумен
байланысты сабақтан тыс еркін уақыттағы қызметі. Бос уақыттың
негізгі міндеттері: балалар мен жасөспірімдерді қызметтің әр түрлеріне
қосу; тұлғаны дамыту және ғылым, экономика, техника, өнер,
спортттың әр түрлі салаларында қосымша практикалық білімін тікелей
иелену мүмкіндігі; ұжымдық және жеке шығармашылықты көрсету
және іске асыру болып табылады.
Бос уақыт бағдарламаларында балалардың жаппай қатысуы
мектеп ұжымының ұйымдасуына, мектеп дәстүрін бекітуге, онда
жағымды әлеуметтік-психологиялық климатты нығайтуға мүмкіндік
береді.
Мектептегі сабақтан тыс оқу қызметі жүйесін қайта ұйымдастыру
және дамыту білім беру үдерісіне шығармашылық сипат береді, оның
біртұтастығы мен көп өлшемділігін шарттайды.
Осы жұмыста білім беру ұйымдары қызметінде заманауи үрдіс
көрсетілген – білім алушының бәсекеге қабілеттілігінен көрінетін
сабақтан тыс қызметті жетілдіру, сабақтан тыс қызметте тәрбиені
дамытуға объективтік және субъективтік негіздемелер анықталған.
Білім беру ұйымдарында қазақстандық заңнаманы реттейтін
сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы;
8
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
«Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту
туралы»
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2012
жылғы
29 маусымдағы № 873 Қаулысы;
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі
тәрбие тұжырымдамасы. ҚР Білім және ғылым Министрінің
2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығы.
9
Сабақтан тыс қызмет мектептегі заманауи білім беру үдерісіндегі
маңызды компонент
Позитивті өзгерістер еліміздегі білім беру ұйымдарындағы
тәрбиелеу қызметтер жүйесіндегі өз маңызын тапты. Қазақстандық
патриотизмнің, азаматтықтың, адамгершілікті, гуманистік бағыттың,
жеке тұлғаның әлеуметтік белсенді дамуындағы саяси және рухани
маңыздылығын ұғымы үрдісі жүріп жатыр. Жалпы қазақ
менталитетінің, мәдениетінің, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере
отырып, интеллектуалды, рухани және шығармашылық әлеуетін қайта
түзету мақсатында шарттар құрылуда.
Мектеп әмбебап білімнің толық жүйесін, білік, дағды сонымен
қатар оқушының жеке жауапкершілігі мен дербес қызмет тәжірибесін,
мазмұнын қазіргі сапасын анықтайтын негізгі құзыреттілігін
қалыптастыруы керек.
Білім беру мақсаттарының бірі оқу үрдісіндегі ұйымдардың
жоғары деңгейін мойындайды. Осы тұрғыда қазіргі әлеуметтік
мәдениетті жағдайға барабар болатын, оқу қызметіндегі жаңа ұйымның
нысандарды іздеумен байланысты педагогикалық мәселе өзекті болып
отыр, аталған мәселені шешу оқушылардың сабақтан тыс қызметтер
жүйесінде мүмкін болады, ол ұйымдардың әртүрлі әдістері мен
тәсілдерін біріктіреді және білім беру жүйесіндегі дәстүрлі сыныптық
сабақтық құрылымы мен әдістері, неғұрлым перспективалы
нысандарын дамытуда жаңа серпін береді.
Сабақтан тыс қызметтің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі еркін
тұлғаның тәрбиесін қамтамасыз ететін, әр оқушының танымдық
қажеттіліктері
мен
қабілеттерін
қалыптастыратын
немесе
мүмкіндігінше дамыту жағдайындағы ортаны ұсынады.
Сабақтан тыс іс шаралардың көп түрлі оқыту нысандары
қызметтің алуан түрлі түрлеріне өте үлкен жағдай жасайды, ол
оқушының, тек негізгі білім беру ауқымын кеңейту емес, сонымен
қатар арнайы ғылыми және кәсіби білімдері, дағдылары мен ептіліктері
үшін тарлық психикалық үрдісін қамтиды.
Сабақтан тыс іс- шаралар маңызды мақсаттарды шеше алады:
баланың мектептегі қолайлы бейімделуін қамтамасыз етеді;
оқушының оқу жүктемесін оңтайландыруға;
баланың дамуы үшін жағдайды жақсарту;
оқушылардың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескеру.
Сабақтан тыс қызметтің маңызы мен мәні оқушының
қабілеттерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын дамыту үшін
қосымша жағдай тұғызумен және олардың бос уақытын тиімді
ұйымдастырумен аяқталады. Ол жағдай жасауға бағытталған:
10
баланың жайлы ортада шығармашылығын өмірдің түрлі
аспектілерінде туындатуға және қоршаған ортаға оң қарым-қатынас
қалыптастыруға;
баланың
қарым-қатынас
үрдісінде
және
балалар
қоғамдастығындағы бірлескен қызметтерінде, құрдастары және
педагогтермен белсенді араласуында жеке әлеуметтік тұлғасын
қалыптастыру;
оқушының болашақ өмірлік жоспарлары мен перспективасын
табысты жүзеге асыру үшін өзін-өзі кәсіби анықтауы;
мұғалім мен баланың арасындағы тұлға аралық қарым-
қатынастардың жоғары деңгейі талап етіледі;
оқушылардың бір топтан басқа топқа ауысуы (тақырып бойынша,
интеллектуалды даму деңгейі бойынша, жетекші педагогке);
білім берудің басқа түрлерінен айырмашылығы оқушылардың
барлық топтарын дарынды, ақыл ойының дамуында ауытқушылығы
бар, дене кемістігі бар, қоғамға жат мінез қылық бейімділігі бар,
әртүрлі жастағы т.б. қамтуға мүмкіндік береді;
ата-анасының және оқушының өзгерістеріне жедел қызмет жасау,
сабақтан тыс қызметтің дәстүрлі және инновациялық түрлерін сақтау;
алынған білім мен дағдылардың практикалық маңыздылығы;
білім беру кеңістігін кеңінен пайдалану (сабақтан тыс уақыты
түрлі орындарда: кітапханада, акт және спорт залдарында, ойын
бөлмесінде, топсеруенде т.б өткізу мүмкіндігі).
приоритет баланың нақты жеке қасиеттерін дамыту мен
қалыптасыруда мақсат қояды, балалар ұжымында оң психологиялық
ахуалды қалыптастыру, балаларды адамгершілік және мәдени
құндылықтарға үйрету;
үй жұмысының орындалмауы.
Оқушылардың сыныптан тыс қызметі оқушылар үшін педагогті
неғұрлым серпінді және қызықты қылатын тапсырмалардың әртүрлі
түрлері арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар сыныптан тыс іс-
шаралардың
әртүрлілігі
мұғалімге
нақты
қоршаған
ортаны
пайдалануға, ал оқушыға әлеуметтік шындықты өздігінен игеруге ,
жағдай туғызады. Сыныптан тыс іс-шаралардың әртүрлі түрлерін
ұйымдастыру жалпы мектептегі оқу, акт және спорт залдарын,
кітапхананы, сонымен қатар мәдениет үйіне жақын орналасқан үйлерді,
балалар ойын сауық орталықтарын, спорттық нысандар мен
стадиондарды пайдалануды ұсынады.
Сыныптан тыс қызметтің ерекшеліктері болып саналады:
сабактан тыс қызметтің мазмұны болып әр түрлі жас топтардағы
балалардың қажеттіліктері олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктері
қызығушылықтарын ескеру;
11
сыныптан тыс қызмет балалардың ерікті қатысуы, өзіндік
қызметтері және белсенділіктері жағдайы құрылады;
сыныптан тыс қызмет кезінде психологиялық атмосфера
бейресми сипат алады, ол балалардың педагогтермен жалпы
қызығушылықтар құндылықтары үшін тең құқықты қарым-қатынасын
қалыптастырады.
Оқушылардың сабақтан тыс қызметтерді түсіну, оқушылардың
барлық қызмет түрлерін біріктіру (оқу қызметінен басқа),
әлеуметтендіру және тәрбиелеу мәселелерін шешуі мүмкін. Басында
міндетті емес сыныптан тыс және мектептен тыс тапсырмалар мен
топсеруендер біртіндеп оқу-тәрбие үрдісінің маңызды бөлігі ретінде
енгізілді.
Жалпы білім беру жүйесінде сабақтан тыс жұмысты
ұйымдастыру
А.В.
Хуторскийдің,
И.Л.
Василеваның,
Н.И.
Монаховтың,
Н.Е.
Щурковтың,
Л.В
Занковтың,
К.Б. Жарықбаевтың, С.К.Калиевтің педагогикалық зерттеулерінен
көрініс тапты.
Академик Л.В. Занков балалардың сабақтан тыс тапсырмаларды
орындауға үлкен мән берді, ол «мектептегі сыныптан тыс жұмыс,
балалар ұжымында өте маңызды» деп атап көрсетті. Сыныптан тыс іс -
шаралар балалардың өзара жақындасуына, балалардың мұғаліммен
жақындасуына, балалардың мұғаліммен жақындасуына көмектеседі.
Балалардың мектепке деген сүйіспеншіліктерінің артуы, екінші үйлері
болып қалыптасуы үшін неғұрлым қолайлы жағдай туындайды. Леонид
Владимирович «оқыту мен тәрбиелеу өзара байланысты», сондықтан
сабақтан тыс қызметтің танымдылығын сақтау керек, қарым- қатынас
шекараларын кеңейту, балаларға қызмет түрлерін өздері таңдауына
мүмкіндік беру керек деп есептейді.
Сабақтан тыс қызметтің негізін түсіндіру және ұғындырудың
әдіснамалық кілті ретінде «қызмет» деген сөзге назар аудару қажет.
Оның үрдісінде идеалардың мақсатты өндірісі, құндылықтары,
идеалары, түсініктері, ұсыныстары, мәдениеттің шығармашылық
құрылымы жүзеге асырылады. Сыныптан тыс қызметтің қызмет
статусына ауысуы оның сапасын күрт өзгертеді. Мектеп үшін сабақтан
тыс қызмет оның жауапкершілігін алатын қызметтің жаңа есептік
түріне айналады.
Мұндай қызметтің әртүрлі формаларын пайдаланудан мектеп
балаларды және жасөспірімдері әлеуметтендіру тапсырмаларын шешуі
керек, пән үстілік қабілеттерді қалыптастыру, оқушының жас
ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу және дамыту.
Сабақтан тыс іс -шаралар оқушылардың әлеуметтенуіне,
шығармашылық қабілеттерінің дамытылуына бағытталған қызметтің
бір түрі.
12
Сабақтан тыс қызмет бағдарламасы оқушылардың жан жақты
дамуына бағытталған.
Өзін-өзі жүзеге асыру оқушылардың танымдық мотивациясы мен
танымдық қызығушылығын шығармашылық қабілеттерін дамытуға
жетелейді.
Сабақтан тыс қызметтің мақсаты күннің екінші жартысында, яғни
түстен кейін жүзеге асырылады, оқушылардың мектептегі оң қарым
қатынас жағдайын туғызу, инициативасы мен жауапкершілігін,
ашықтығын шынайылығын, барлық жас кезеңдеріндегі сабақтан тыс
қызметтерін көрсету үшін қажет болып табылады.
Мақсатқа жету мектептегі іс-шаралар жүйесін сапалы жүзеге
асыру кезінде іске асырылады:
жалпымектептік «кілтті істерге» ауысу, оқушылар мен
педагогтердің жобалары негізінде жүзеге асады;
әлеуетті мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын анықтау, өзін-өзі
іске асыруға көмек көрсету, өзін-өзі кәсіби анықтау, балалардың
қатысы арқылы азаматтық сәйкестікті қалыптастыру;
қосымша білім беру берудің әртүрлі шығармашылық және
мамандырылған бірлестіктерін құру;
қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызды қызметтер, жорықтар,
топсеруендер, экспедициялар мен әр түрлі бұқаралық іс-шараларды
ұйымдастыру;
мектепте жүзеге асырылатын әртүрлі деңгейдегі бағдарламалар
мен жобаларды іске асыру.
Балаларға сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудағы негізгі
міндеттер:
қызығушылықтарының, бейімділіктерінің, қабілеттерінің және
оқушылардың түрлі қызметіндегі мүмкіндіктерін айқандау;
сабақтан тыс іс- шараларда таңдалған сферада әр баланың жеке
дамуына жағдай туғызуы;
оқушылардың қызметіндегі білім, білік, дағдылар жүйесін
қалыптастыру;
оқушылардың бейресми қарым-қатынас тәжірибесін, өзара іс-
қимыл ынтымақтастығын дамыту;
оқушылардың қоғаммен қарым-қатынас аясын кеңейту;
оқытуда қиындық көретін балалармен түзету жұмыстарын
жүргізу.
Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері тәрбиелік
іс-шаралардың мазмұңын, түрлерін, бағытын анықтайды, қосымша
білім берудің бағдарламасына таңдау жасайды.
Оқудан тыс қызметтер бағдарламасының мазмұны барлық білім
беру мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін бағдарламаларды
анықтайды.
13
Оқудан тыс іс-шараларға кететін уақыт шамамен аптасына
3-6 сағатты құрауы мүмкін.
Мектепте жүзеге асыру үшін төмендегідей оқудан тыс іс -
шаралардың түрлері бар:
1.
ойын қызметі;
2.
танымдық қызмет;
3.
мәселелі құнды қарым-қатынас;
4.
ойын сауық іс-шаралары қызметі (бос уақытта тілдесу);
5.
көркем шығармашылығы;
6.
әлеуметтік шығармашылығы;
7.
еңбек (өндірістік) іс-шаралар
8.
спорттық-сауықтыру іс-шаралары;
9.
туристік және аймақтық зерттеулер.
Сабақтан тыс қызметтің негізгі бағыттары болып спорттық-
сауықтыру,
көркем-эстетикалық,
ғылыми-танымдық,
әскери-
патриоттық, қоғамдық пайдалы және жобалау шаралары саналады.
Оқушылардың сабақтан тыс қызмет түрлері мен бағыттары өзара
тығыз байланысты. Мысалы, бағыттар реті спорттық-сауықтыру,
танымдық, көркем шығармашылық қызмет түрлерімен сәйкес келеді.
Екіншіден, әскери-патриоттық, жобалау қызметтері сабақтан тыс
қызметтің аталған түрлерінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Үшіншіден, қоғамдық пайдалы қызметпен байланысты бағыт
сабақтан тыс іс-шаралардың әлеуметтік шығармашылық және еңбек
қызметі, сияқты түрлерінде толық жүзеге асуы мүмкін. Сабақтан тыс
қызметтің бағыты сабақтан тыс іс -шаралардың бағдарламасына сәйкес
құрымында мазмұнды бағдары ретінде қарастырылады.
Негізгі талап сабақтан тыс қызмет кәдімгі сабақтарға ұқсас
болмауы керек. Сондықтан сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруда
дәстүрлі әдістерден гөрі дәстүрлі емес әдістерді қолдану ұсынылады.
(1 және 2 кестені қараң-р).
Достарыңызбен бөлісу: |