Республиканское государственное казенное предприятие


ОРГАНИЗАЦИЯ ЭКОНОМИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата21.01.2017
өлшемі5,64 Mb.
#2321
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43

ОРГАНИЗАЦИЯ ЭКОНОМИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ  
НА НАЧАЛЬНОЙ СТУПЕНИ ШКОЛЫ 
 
Сафронова И.Л. 
ГУ «Гимназия №2 акимата города Рудного» 
 
Экономика  окружает  нас  повсюду,  и  жизнь  общества  представляет  собой  систему 
экономических  процессов.  Научиться  понимать  их  взаимодействие,  уметь  применять  в 
повседневной  жизни  знание  экономики – значит  быть  дееспособным  членом  общества. 

131 
 
Как  отметил  президент  страны  Нурсултан  Назарбаев  в  Послании  народу  Казахстана: 
«Нам  нужна  современная  система  образования,  соответствующая  потребностям  эконо-
мической  и  общественной  модернизации».  Именно  поэтому  в  современной  ситуации  на 
первый план выходит проблема экономически грамотного гражданина. Более раннее изу-
чение экономики позволяет высвободить в старших классах время для разъяснения бо-
лее сложных концепций, решения задач, и разбор более сложных деловых игр. Это осо-
бенно важно, когда мы имеем в виду не специализированные, профильные классы с ото-
бранными и мотивированными на продолжение экономического образования учащимися, 
а обычные классы, где встречаются дети с различными способностями.  
В системе общеобразовательной школы в результате происходящих экономических 
преобразований  сформировалось  противоречие  между  потребностью  в  экономической 
подготовке и воспитанием школьников и отсутствием на практике подходов к реализации 
этой потребности.  
Актуальность  проблемы  ранней  экономической  подготовки  учащихся  обусловлена 
противоречием между социальным заказом общества по формированию экономического 
воспитания  и образования младших школьников и недостаточной разработанностью пе-
дагогических  основ,  методических  приемов  и  методик  экономического  образования 
школьников в начальных классах. 
Чаще всего экономическое образование осуществляется нерегулярно, без опреде-
лённой системы. Такая форма работы не приносит реальных результатов. Поэтому, для 
того, чтобы раскрыть главные элементы и механизмы организации экономической жизни 
общества, введен в программу обязательный интегрированный курс «Введение в эконо-
мику и финансовую грамотность» в преподавание предмета «Познание мира» в 4 классе. 
Но экономическая информация легко интегрируется с материалом других учебных пред-
метов начальной школы. Эффект целостности может быть достигнут лишь при реализа-
ции  междисциплинарных  связей  в  рамках  каждого  предмета  и  при  проведении  внеклас-
сных мероприятий.  
Особое значение в экономическом образовании младших школьников имеет вариа-
тивный  компонент  содержания  общего  образования,  который  в  условиях  гимназической 
подготовки учащихся может быть дополнен интегрированным курсом «Введение в эконо-
мику и финансовую грамотность». 
Нами было разработано и апробировано учебно-методическое пособие по «Введе-
нию в экономику и финансовую грамотность», как компонент учебно-методического осна-
щения преподавания вариативного курса и предмета «Познание мира». Содержание по-
собия  содержит  современные  статистические  данные  и  экономические  показатели  по 
Республике  Казахстан,  Костанайской  области,  анализ  текущих  событий  и  ситуаций. 
Использование  этого  пособия  даст  педагогу  возможность  придать  обучению  интегриро-
ванный  развивающий  характер,  обеспечить  максимальную  активность  в  процессе  по-
знания, развить у детей интерес к экономическим знаниям, сделав их более доступными 
и понятными. (Рис.1.) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Экономическая информация легко интегрируется с материалом учебных предметов 
начальной школы и становится значимым компонентом содержания изучения на уроке. 
Математика  вооружает  детей  средствами  рационального  познания  мира.  Счёт, 
измерения, элементарные измерения – это те способы, которые ребёнок использует при 
Содержание учебно-методического 
пособия 
Методический раздел 
•  Цели обучения экономике. 
•  Задачи. 
•  Методические рекомендации  
к проведению уроков
Конспекты уроков. 
III. Контрольно- тренировочные задания
IV.   Справочно-информационный 
материал. 
V. Приложение. 
•  Проблемные ситуации. 
•  Изучаем экономику  

132 
 
решении различных задач, в том числе и экономического содержания. Естественное сое-
динение математических и экономических знаний осуществляется с первых уроков.  
Интеграция  математических  и  экономических  знаний  на  уроке  возможна  в  рамках 
изучения тем: 
Тема: «Сколько?» 
Дети считают, сколько девочек и мальчиков пришли в школу. 
Далее учитель задаёт вопрос: – А зачем ребята пришли в школу? 
Таким  образом,  идёт  закрепление  понятия  «потребность  в  знаниях,  школа – источник 
знаний». 
Тема: «Раньше. Позже» 
Отрабатывается  понятие  «потребность  в  здоровье», «потребность  вести  здоровый  образ 
жизни» 
Тема: «Числа 1, 2»  
Закрепляются понятие «потребность в здоровой пище» 
Тема: «Числа 1- 6» 
Отработка понятия «потребность в одежде» 
 
Тема: «Решение задач» 
Учителем  предлагается  дополнительная  развивающая  задача.  Её  цель:  раскрыть  детям 
покупательную  силу  денежных  знаков.  Предлагается  прослушать  стихотворение  Ш. 
Галиева «Три тенге на покупку»: 
Маму в магазин провожает сын, 
Три тенге он ей даёт: «Вот! Купи мне самолёт! 
А ещё ружьё, лопатку, танк, лошадку, шоколадку, 
Самосвал, тетради, краски, маски, сказки и салазки! 
Постарайся не забыть! А на сдачу можешь даже 
И свистульку мне купить…  
– Можно купить столько товаров на 3 тенге? 
 
Большинство  задач  являются  задачами  с  экономическим  содержанием.  Рассмот-
рим следующую задачу: (Математика, 3 класс) «Рабочему было поручено изготовить 30 
деталей за 10 часов, но рабочий, экономя время, успевал делать 1 деталь за 15 минут. 
Сколько деталей сверх нормы сделает рабочий за счет сэкономленного времени?”. Мето-
дика работы над данной задачей сводится к поиску различных способов решения, что, не-
сомненно, оказывает положительное влияние на развитие математических способностей. 
В  задаче  хорошо  представлены  и  экономические  понятия  (производительность  труда, 
объём  работ,  время  работы,  норма,  экономия),  а  экономический  аспект  описываемой  в 
задаче ситуации, остаётся вне обсуждения. Для его усиления возможно провести допол-
нительную работу над задачей после ёе решения. С этой целью уместно предложить де-
тям вопросы, связанные с повышением производительности труда, увеличением за счет 
этого выпуска деталей, с зависимостью качества продукции от скорости изготовления, с 
поощрением рациональных способов работы, с дополнительным заработком рабочего.  
На уроках художественного труда дети познают мир предметов, пользуются раз-
нообразными материалами, подбирают орудия труда, овладевают различными трудовы-
ми операциями. Дети осуществляют все компоненты трудового процесса, видят результа-
ты своего труда. Фактически «экономический» продукт (игрушка, мебель, одежда) прохо-
дит все стадии производства: 
• Производство (разработка схемы, подбор инструментов, материалов и т.д.) 
• Распределение («товар» передаётся на склад, базу, магазин) 
• Обмен (процесс купли-продажи в разных местах сбыта) 
• Потребление (товар поступает к потребителю). 
Реализация  задач  экономического  образования  в  преподавании  общеобразова-
тельных дисциплин начальной школы и вариативного содержания гимназического образо-
вания обеспечивает: 
• Сформированность у учащихся базового уровня экономической и финансовой гра-
мотности; 
• Ориентация  и  социальная  адаптация  учащихся  к  происходящим  изменениям  в 
жизни общества; 
• Наличие  культуры  экономического  мышления:  адекватные  представления,  аргу-
ментированные суждения, обретение опыта в конкретных экономических ситуациях; 
• Овладение  практическими  навыками  принятия  финансовых  и  экономических  ре-
шений как в личной, так и общественной жизни. 

133 
 
Преподавать  экономику  в  школе  в  настоящее  время  необходимо  и  интересно,  так 
как экономические знания обязательно будут востребованы самой жизнью. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.  Королева И.С. Мировая экономика: Глобальные тенденции за 100 лет. – М.: "Ютта", 2009. 
2.  Н.А.  Зайченко. “Экономика.  Задачи,  упражнения,  тесты,  кроссворды”  Санкт-Петербург 
1998 год. 
 
 
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАЛАРЫ БҮГІНГІ ОҚЫТУ ҮРДІСІ 
 
Сеитова Г.Н. 
Н.Наушабаев атындағы мектеп 
 
 
Қазақ  халқының  ұлы  перзенті,  қазақ  жерінде  оқу-ағарту  ісін  жүзеге  асырған  қазақ 
зиялыларының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында 
талмай  күрескен,  сөйтіп  халық  игілігі  үшін  жан  аямай  еңбек  етудің  үлгісін  көрсеткен. XΙX 
ғасырдың  екінші  жартысындағы  аса көрнекті  ағартушы – демократ Ыбырай  Алтынсарин, 
Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды. Ол жас ұрпақ-
ты  тəрбиелеу  мəселесіне  ерекше  көңіл  бөлді.  Қазақ  даласындағы  аумалы – төкпелі  за-
манда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңіл-
ген ағартушы. 
Ыбырай Алтынсариннің халық – ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. 
Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің пи-
сері  (қағаз  көшіруші)болады  да, 1860 жылы  Орынбор  облыстық  басқармасына  кіші  тіл-
маштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мек-
тепке  мұғалім  болып  келеді,  ел  ішінде  орын  алған  сауатсыздық  пен  білімсіздікке  қарсы 
ашық күреседі. 
Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсариннің ағартушылық педо-
гогикалық  қызметі  басталады.Сонымен  бірге,  Ресейде  басталған  азаттық  қозғалыстың 
өрлеу кезеңінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршы-
сы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі – 
ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы, қаражат, мектеп үйі, оқу құрал-
дарының жетіспеуі. Оның үстіне осындай ізгілікті іске қараңғы орта облыстық басқармада-
ғылар да, жергілікті əкімшілік те салқын қарайтыны,оқу мен білімге деген надан əкімдердің 
еңжарлығы  да  болды.  Бірақ  соның  бəрі  оның  талабын  қайтара  алмады,  ағартушылық 
идеямен қанағаттанған. Ыбырай халықтың мұң-мұқтажы мен арман -тілегін орындау мақ-
саты оның көздеген мақсаты болып сол арманға жетуге құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға 
ел-елді аралап қаражат жинауға кірісті. 
Сонымен, Ы.Алтынсарин Қазақстандағы əлеуметтік-педогогикалық мəселелерді ше-
шудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мек-
теп  құрылысын,  тұңғыш  берілетін  білімнің  бағыт-бағдарын  айқындады,  қалың  бұқараға 
оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу құралдарын дай-
ындады. 
Ы.Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тіла-
шар ретінде халықтың ауыз əдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тəрбиесіне арналған əде-
би  шығармалар  жазды.  Сол  əдеби  шығармалары  арқылы  тіршіліктің  өзекті  мəселелерін 
көтеруге бет бұрды. 
Əдебиетке тың тақырыптар əкеліп, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, сол 
бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұн жағынан ғана емес түр жа-
ғынан дамытты. 
1860  жылы  Орынбор  бекінісінде  (Торғай)  қазақ  балалары  үшін  мектеп  ашу  тапсы-
рылды, əрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін 
арнаған ағартушылық-педагоктық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен 
халықтан  жинаған  қаржыға  мектеп  үйін  жəне  интернат  салып,1864  жылы 8 қаңтарда 
мектептің  жаңа  ғимаратын  салтанатты  түрде  ашады.  Ұстаздық – ағартушылық  қызметке 
қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі.Орынбор генелар-губернаторының 
тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), Торғай уез-
дік бастығының аға жəрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады. Ы.Алтынсарин инспектор-
лық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан əрі жандандырып, Елек, Қостанай, 
Торғай уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті 

134 
 
кітаптар  мен  жасақтайды.  Əсіресе,  елді  көшпелі  өмір  салтына  баулып,  Ресейдің  халық  -
ағарту жүйесін жаңа үлгілі білім беру тəсілін ұсынады. 
Нəтижесінде,1888 жылы 10 сəуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жаста-
рынан  оқытушылар  даярлайтын  мұғалімдер  мектебі  ашылады.  Ыбырай  мұнан  əрі  қазақ 
жастары  арасынан  экономика,  ауыл  шаруашылығы,  қол  өнер  кəсіпшілігі  салаларына  қа-
жетті  мамандар  даярлайтын  училищелер  ашуға  көп  күш  жұмсайды.Тіптен,  Қостанайдан 
ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет 
қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Қостанайда, Торғайда, Қарабұтақта, Ақтө-бе-
де мектеп-интернат аштыруының тарихи мəн-маңызы зор болды. 
Ыбырай  оқу-ағарту  жұмыстарына  өз  заманының  ең  озық  əдістемелерін  қолдана 
отырып,  білімнің  балаларға  ана  тілінде  берілуіне  айрықша  мəн  береді  «Қазақ  христама-
тиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактика-
лық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны Отансүйгіштікке, еңбекке, кісілікке – 
тəрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мəн-мағынасын жоймақ емес. 
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық – 
саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге,еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатыс-
ты  мақалалар  жазды.  Оның,  əсіресе,  көркем  еңбектері  қазақ  əдебиетінің  қалыптасуына 
айрықша ықпал етеді. 
Ы.Алтынсаринің  балаларға  тигізген  пайдасы  жайында  мағлұмат  беретін  болсақ, 
Ыбырайдың əдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да «қазақ бала-
лары əдебиетінің атасы» деп танылған. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу 
орын-дарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына да енгізілген.Əңгімелерінің 
идеялық  нысаны  жағынан  жүйелер  болсақ,  еңбекті  сүю,  қадірлеу  жақсы  мінез - құлыққа 
бағыттау, халқын сүю, қадірлеу, мейірімділік пен (ана-бала) перзенттік парыз, т.б. өмірдің 
өзекті мəселелерін қамтығанын көреміз. 
Сонымен қатар қазақ жастарын білім алуға, мəдениеттің жаңа дəстүрлерін игеруге, 
бойға сіңіруге шақырады. 
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде ақын қазақ ауыз əдебиетінің дəстүрлерін шебер 
пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып 
отырды. 
1)Істің болар қайыры, 
Бастасаңыз аллалап. 
Оқымаған жүреді, 
Қараңғыны қармалап. 
 
2)Надандықтың белгісі, 
Еш ақылға жарымас. 
Жөн білмеген адамға, 
Қыдыр ата дарымас. 
Бұл  өлеңнің  айрықша  құндылық  қасиеттерінің  бірі – оның  халық  дəстүрі,  халықтың 
ұғым  өлшемі  негізінде  жазылғандығында.  Ал  «Өнер – білім  бар  жұрттар»  өлеңінде  сол 
тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге 
қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын əр салада көрсетеді. Мысалы:  
Өнер – білім бар жұрттар, 
Тастан сарай салғызды. 
Айшылық алыс жерлерден, 
Көзіңді ашып жұмғанша. 
Жылдам хабар алғызды. 
 
Аты жоқ құр арбаны, 
Мың шақырым жерлерге.  
Күн жарымда барғызды, 
Адамды құстай ұшырды,  
Мал істейтін жұмысты. 
От пен суға түсірді. 
Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері əлеуметтік мəселелерге айналған. Бұған 
«Өсиет  өлеңдер», «Əй,  жігіттер»  тəрізді  т.б  өлеңдерді  айтуға  болады.  Мұндай  өлеңдері 
биік  адамгершілік  тұрғысынан  ұрлық-қарлықты,  əділетсіздіті  сынап,  еңбексіздік,  естілікті 
салттардың  зияндығын  көрсетіп,  адал-еңбектің  адамгершілік  мінез-құлықтың  артықшы-
лықтарын бейнелейді.  
Мысалы: 
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, 
Кете бар, кессе басың, шындықпенен. 
Қорек тал бейнеттен де, тəңірім жəрдем, 

135 
 
Телмірме бір адамға мұңдықпенен. 
 
Əй, жігіттер, үлгі алмаңыз 
Азған елдің ішінен 
Алыс-алыс қашыңыздар 
Зияндасты кісіден. 
 
 
Жақсыны көзден салмаңыздар, 
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.... 
Ыбырайдың  мұндай  өлеңдері  бүгінде  ескірді,  мəн-мағынасы  көнерді  деп  айта  ал-
маймыз. 
Ақынның  бірлі-  жарым  өлеңдері  табиғаттың  сұлу  көріністерін  суреттеуге  арналған. 
Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ əдебиетінде кездеспейтін. Өйткені пей-
заждық  лирика,  көбінесе,  жазба  əдебиетке  тəн.  Табиғат  сұлулығын  жырлау - орыс  əде-
биеттерінде, т.б.елдердің əдебиеттерінде XYIII ғасырдан келе жатқан дəстүрлердің бірі. 
Ыбырайдың  «Жаз», «Өзең»  өлеңдері  көркемдік  келісім  жағынан,  нəзік  лиризімімен 
оқушының  жан  дүниесінде  жайдары  сезім  туғызып,  көңілді  əсер  қалдырады.  Ақын  бұл 
жерде табиғат көрінісін жалаң қызықтау мен шектелмейді, адам өмірімен қоршаған орта-
мен  тығыз  байланысты  жырлайды.  Ыбырайдың  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінен 
ақындық шеберлігі көрініп тұр. Зерттеушілер бұл өлеңдердің халық арасында кеңінен та-
ралғанын  атап  көрсетеді.  Содай-ақ  ағартушы  ғалым  бала  тəрбиесіндегі  ананың  еңбегіне 
ерекше мəн беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата-ана 
алдындағы перзенттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан. Бұл 
өлеңдерді біз бастауыш сыныптардан-ақ жатқа айтып жүрміз («Бұл кім?», «Ананың сүюі», 
«Балғожаның хаты»....):  
Ыбырай  Алтынсариннің  жемісті  еңбек  етіп,  едəуір  жақсы  шығармалар  қалдырған 
саласының  бірі-проза  жанры  болды.  Оның  «Бай  баласы  мен  жарлы  баласы», «Қыпшақ 
Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш», «Надандық» т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің 
əр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дəуірінің елеулі мə-
селелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тəрбиелеуді мақ-
сат етеді.  
«Бай баласы мен жарлы баласы» – Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, бірін-
шіден, озық ойларының жемісі, əңгіме оқушыны еңбек етуге, өмір сырын ұғына түсуге ба-
ғыттайды. Үсеннің – ісəрекетін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра оты-
рып олардың адамдық қасиеттерін еңбек қатысына қарай бағалайды. Бұл əңгімеден сол 
дəуірдің  өмір  көріністерін  көшпелі  тұрмыстың  беймаза  тірлігін  көреміз.  Қазақ  энциклопе-
диясы жазушының бұл əңгімесін орыстың сол кездегі ойлы адамдарының аударғанын Н. 
Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, «Родник» журналының 1890 жылғы 6-са-
нында жарияланғанын атап көрсетеді.  
Көркем  əдебиеттің  күрделі  жаныры-əңгіме  екенібелгілі.  Өйткені  үлкен  жанырдағы 
шығармаларға ойылатын талаптар, əңгіме, новелла тəрізді шағын шығармаларға да қойы-
лады. Бұл тұрғыдан алғанда Ыбырайдың əңгімелер түрі мен мазмұны бірлігін сақтай оты-
рып, негізгі мəселені жинақы, тартымды, əсерлі жеткізеді. Өзінің озық идияларын жеткізу-
де  жазушы  халық  тілінің  байлығын  пайдалана  білді.  Оның  шығармаларының  бұндай  қа-
сиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді. Ыбырай Алтынса-
риннің айтулы шығармаларының бірі- «Қыпшақ Сейтқұл». Сейтқұлдың іс-əрекетінен оның 
өмірге  жаңаша  талаппен  қарайтындығы  байқалады.  Жер  шаруашылығымен  айналысуы, 
бұл кəсіптің тиімді тəсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу, т.б.), сөйтіп, оның айнала-
сындағылардың  орташа  тіршілік  етуге  жетуінің  өзі  бірліктің,  еңбектің  нəтйжесі  екендігін 
сыйпаттайды. Əңгіменің тəрбиелік жағы- осындай жаңашыл бағытында. 
Ыбырайдың  еңбектері  мен  шығармалары  біздің  заманымызда  ғана  дұрыс  бағала-
нып, жиналуда, шын мағынада зерттелуде. Сөйтіп, мəдениетіміздің мол қазына, дəлетіне 
айналуда. Сондықтан Ыбырай өшпес даңққа ие. Оның ардақты есімін бүгінгі өрендер тү-
гел,  болашақ  ұрпақтар  да  есінен  шығармайды.  Өзінің  өнегелі  өмірі,  тынымсыз  ізденісі, 
жан-жақты таланты арқылы танылған Ы. Алтынсарин шығармаларының қазақ əдебиеті та-
рихында  алатын  орны  зор.  Қазақ  халқының  тарихында  аса  көрнекті  орын алған  Ыбырай 
Алтынсарин, жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып та-
сыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген 
дəуірдің мұрат – мүдделерінің кəдесіне, ұрпақ тəрбиесіне жарата білген тұлға.  
Қорыта келетін болсақ, Ы.Алтынсарин – реалист жазушы, ағартушы педагог, қазақ 
балалар əдебиетінің негізін салушы, тіл тазалығы үшін күрескен, тұңғыш кемеңгер.  

136 
 
Көрнекті əдебиетші, ғалым Қ. Жұмалиев өзінің «ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы қазақ əде-
биеті»  деген  ғылыми-зерттеу  еңбегінде  педагог-жазушыға: «ІХ  ғасырда  қазақ  даласынан 
шығып, орыс, Еуропа мəдениетіне қол жеткен оқымысты, халық ағартушылар дəрежесіне 
көтерілген əрі педагог, əрі ақын-жазушы Ы.Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істе-
ген еңбегі зор», – деп баға берді.  
Оның  еңбектері  жан-жақты  зерттеліп,  ондаған  ғылыми-зерттеу  еңбектер  жазылған, 
докторлық,  кандидаттық  диссертациялар  қорғалды.  Қазақ  əдебиетінде  педагог-жазушы-
ның көркем бейнесі жасалуда. Мысалы, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы» 
поэмасы, ....М.  Ақынжанов  «Ыбырай  Алтынсарин.»  пьесасын,  Жайсанбек  Молдағалиев 
«Алғашқы  ұстаз»  романын  жазды.  Кинофильм  түсірілген.  Қостанайда  оған  арналып 
ескерткіш  орнатылған,  дарынды  оқушыларға  арналған  Ыбырай  Алтынсарин  атындағы 
мектеп-интернаты,  кітапханасы  мен  мұражайы  ашылып  қызмет  етуде,  сонымен  бірге 
Ыбырай Алтынсарин кесенесі жəне көше атауы да бар.  
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Ы. Алтынсарин 2 томдық жинағы (1 том). 
2.  Ы.Алтынсарин тағылымы. М. Жармұхамедов, Алматы баспасы 1991ж.  
3.  Тарихи тұлға тағылымы. Ə. Дербісəлин, Арда баспасы 2005 ж 
4.  Алтынсаринің  таңдамалы  педагогикалық  мұралары,  С.  Қалиев,  Қ.  Аюбаев,  С.  Қалықова, 
М. Смаилова, Рауан баспасы 1991ж.  
 
Ы.АЛТЫНСАРИН – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ 
 
Сейдағалиева Г. 
Жангелдин ауданы «Ш.Уəлиханов атындағы Торғай орта мектебі» ММ-сі 
 
Əр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып 
бағыт-  бағдар  сілтеген,  сөйтіп,  сол  ұлттың,  халықтың  тарихында  есімдері  ерекше  атала-
тын зор тұлғалар болатыны айқын.Өзінің халқы үшін кешкен азаматтық ғұмыры, атқарған 
жарқын істерімен халық есінде қалған жəне бір данышпан перзенті бар, ол- тұңғыш ағар-
тушы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсарин. 
Педагог-жазушының  ізденіске,  күреске  толы  өмірінің  баршамыз  үшін,  əсіресе  өмір 
босағасынан енді аттаған жастар үшін ғұмырын халыққа арнаудың өшпес өнегесіндей та-
нылуы,  солай  қабылданылуы  заңды.  Өйткені  ол  өзіне  дейін  толғағы  əбден  жеткен,  бірақ 
шешімін  таппаған  бірсыпыра  əлеуметтік  мəселелерді  бірінші  болып  қолға  алып,  алғаш 
іске асырды. 
Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту 
секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор əлеуметтік мақсаттарды орындау 
Ы. Алтынсаринге, əрине, ол кезде оңайға түскен жоқ. Əйтсе де, халқын сүйген, сүй-
ген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ы. Алтынсарин: 
«Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам 
болайын  деген  негізгі  ойымнан,  талабымнан  еш  уақытта  да  қайтпаймын», – деп 
Н.И.Ильминскийге (1884 жылдың 14 сентябрі) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындық-
тармен табанды күресе жүріп, əрі орыс достарының, əріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесін 
де пайдалана отырып, осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ саха-
расының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа əуен-балаларды білімге, өнерге шақыр-
ған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағарту-
шының  осы  жолдағы  алғашқы  жеңісі,  ал  қазақ  халқының  өміріндегі  əлеуметтік  маңызды 
тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (дұрысы 
жеңісін) Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы (яғни 1864 жылы) январьдың 8 кү-
ні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған14 қазақ баласы кірді, бəрі 
де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға,қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кі-
рістім.  Бұл  балалар  да  менің  айызымды  қандырып,  не  бəрі  үш  айдың  ішінде  оқи  білетін 
жəне орысша, татарша жаза білетін болды...» – деп айрықша мақтаныш сезіммен жазды. 
Тұңғыш  білім  отауының  босағасын  алғаш  аттаған  он  төрт  баланың  есімдері  бізге 
беймəлім  болғанымен,  олардың  жұдырықтай  жүрегін  билеген  сезімдері  соншалықты  та-
ныс,ыстық қой. 
Ы.Алтынсарин балаларды тəрбиелеуде, олардың ой-санасына қозғау салып жетіл-
діруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін, алдымен балалар əдебиетінжасауға 
бет бұрды. 
Ы.Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш 
оқулықтың авторы. Бұл қазақ халқы үшін, əсіресе, оның жас ұрпақ балалары үшін тың жа-

137 
 
ңа бастама болды. Хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған 
тəрбиелік мəні жоғары көптеген шағын əңгімелерін, өлеңдері мен ауыз əдебиеті үлгілерін, 
сондай-ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды 
енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық-идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың 
ұстаз-тəрбиеші  ретінде  алдына  мақсат  етіп  қойған  адамгершілік  мəселелерін  көреміз. 
Олар: жас жеткіншектерді адал еңбекке тəрбиелеу, белгілі бір кəсіпке, өнерге баулу, адам 
бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ардақтау, үлкенді, ата-
ананы қадірлеу, өнер-білімді байлық-дəулеттен жоғары қою, тағы басқалар. 
Баршамызға  бастауыш  сыныптардан  етене  таныс,  əрі  ыстық  «Кел,  балалар,  оқы-
лық!» – «Қазақ  хрестоматиясының»  беташар  өлеңі.  Жазылғанына  бір  ғасырдан  астам 
уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кез-
де Ыбырай армандаған «өнер-білімі бар жұртқа» – терезесі тең, шаңырағы биік, мəдениеті 
озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге 
жасасып, ұлы ағартушының арман – сəлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туын-
дының қазіргі тəуелсіз заманда жаңа мəнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғы-
дай өзінің тот баспас, мəңгі тозбас озық идеясымен бүлдіршіндерді білім бағына шақыра 
бермек.  
А. Дистверг «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, ал жақсы ұстаз шындықты іздеп 
табуға  үйретеді»  деген  екен.  Осы  шындықты  іздеп  табуға  үйреткен  алғашқы  ұстаз- 
Ы.Алтынсарин: «Білім дегеніміз – өзімізді қоршаған шындықты танып білу» – деп анықта-
ма берді. 
Алтынсарин  дүние  жүзі  педагог  классиктерінің  гуманистік  идеяларын  басшылыққа 
алып,  оларды  қазақ  даласында  оқу-ағарту  практикасына енгізген  тұңғыш педагог  болды. 
Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. 
Оқыту  əдістерін  жаңа  бағытта  құрды,  оқуға  деген  баланың  ынтасы  мен  қызығушылығын 
арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Алтынсарин жаңа дəуірдегі қазақ əдебиеті-
нің  қалыптасуына  қомақты  үлес  қосты.  Ол  қазақ  жастарын,  ең  алдымен,  оқу,  өнер-білім, 
техниканы меңгеруге шақырды. Оқу-білімнің тек ізденіс,еңбекпен табылатынына мəн бер-
ді.  Бұған  инемен  құдық  қазғандай  ыждаһаттылық,  талап  пен  сабырлылық  қажет  екенін 
ескертеді.  Ал  оқымаған  надандарды  ақын  аз  ғана  сөзбен  сынап,  олардың  ақ,  қараны 
айырмайтын көрсоқыр екенін айтады. Өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, 
өнер, ғылым-білімге мəн бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. 
Надандық тың белгісі- 
Еш ақылға жарымас, 
Жайылып жүрген айуандай 
Ақ-қараны танымас. 
Аяңшыл ат арымас, 
Білім деген қарымас, 
Жөн білмеген наданға 
Қыдыр-ата дарымас.  
Оқу-білімнің  пайдасы  қандай,  ол  неге  керек  деген  мəселеге  келгенде,  өмірде  сар-
қылмас мол байлық-білім екендігін айта келіп, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін 
талдап көрсетеді. 
Оқу деген шыны-ды, 
Тұрған сайын шыныққан... 
Оқу білген адамдар 
Май тамызған қылыштан... 
Білмегенді білуге 
Есті бала тырысқан, 
Есер бала ұрысқан. 
Əлпештеген ата-ана 
Қартаятын күн болар, 
Қартайғанда жабығып , 
Мал таятын күн болар. 
Ата-анаң қартайса- 
Тіреу болар бұл оқу, 
Қартайғанда мал тайса- 
Сүйеу болар бұл оқу! 
– деп тек малмен ғана күн көрмей, болашақ ұрпаққа жаңа дүниенің бетін ашып, оқу- білі-
міңмен де өмір сүруге болатындығына көзін жеткізеді. Сонымен қатар бұл ойын 
Мал-дəулеттің байлығы 
Бір жұтасаң, жоқ болар. 
Оқымыстының байлығы 

138 
 
Еш жұтамақ жоқ болар. 
–  деп  оқу-білімнің  маңыздылығын,  оның  мəңгі  өшпейтін  шырақ  екендігін  тағы  бір  дəлел-
дейді. 
Оның өлеңдері мен əңгімелерінің қай-қайсысы болмасын балаға тəртіпті, үлгілі, өне-
гелі  кісі  болуды  уағыздайды.  Оқыған,мəдениетті  азаматтың  өмір  сүруі  де,  еңбектенуі  де 
анағұрлым  жеңіл  жəне  көңілді  болатынын  ескертеді.  Мысалға  «Өнер-білім  бар  жұрттар» 
деген өлеңінде:  
Айшылық алыс жерлерден 
Көзіңді ашып-жұмғанша 
Жылдам хабар алғызды, 
Аты жоқ құр арбаны 
Мың шақырым жерлерге 
Күн жарымда барғызды. 
Адамды құстай ұшырды, 
Мал істейтін жұмысты 
От пен суға түсірді. 
Отынсыз тамақ пісірді, 
Сусыздан сусын ішірді 
Теңізде жүзді балықтай, 
Дүниені кезді жалықпай 
–  деп  өнер-білім,  техниканың  пайдасын  айта  келіп,  балаларды,  жас  өспірімдерді  мəде-
ниетті болуға шақырады. Осыларды білмеген адамға бəрі таңсық көрінер, дегенмен игеру-
ге болатын істер екендігін: 
Біз де бекер жатпалық 
Осыларға таныспай. 
– деп жастарды заман ағымынан қалмауға шақырады жəне бұл ойын: 
Жаңа өспірім достарым, 
Қатарың кетті-ау алысқа-ай, 
Ұмтылыңыз қалыспай. 
– деп түйіндейді. Бір ғасырдан астам бұрын айтылған ұлы ағартушының осы өлеңі қазіргі 
заман жастарына да үлгі етіп айтарлықтай мағынасын жоғалтпаған сияқты. Қазір де қар-
қынды дамып келе жатқан заман көшіне ілесу оңай емес. Басқа мемлекеттер қатарынан 
қалмау  үшін  жаңа  технология  заманында  жаңа  техника  құралдары  компьютер,  интернет 
желісі, ұялы байланыс құралдары сияқты озық үлгілерді меңгеруі қажет.  
Ы.Алтынсарин  өз  шығармаларында  өмірдегі  шындықты  жазды,  өмірге  аса  қажетті 
жаңалықтарды дəріптеді, халықты білім алуға шақырды. Көркем сөзбен жазылған əңгіме-
лерінде халықты отырықшылыққа, егін, қолөнері кəсіптерімен шұғылдануға үгіттеді, «Қып-
шақ Сейітқұл», «Ағаш үй мен киіз үй» сияқты əңгімелерінде қазақ халқының күнделікті өмір 
сүруіне  жол  көрсетіп,  дұрыс  бағытқа  сілтеді.  Алтынсарин  əңгімелерінің  жастарға  тəлім-
тəрбие  беруде  маңызы  өте  зор.  Ол  жастарды  əдептілікке,сабырлылыққа  «Алтын  шет-
теуік»,  қанағаттылыққа  «Қанағат»,  мейірімділікке  «Шеше  мен  бала»,  ұқыптылыққа  «Бір 
уыс мақта», əділдікке «Əділдік», еңбектенуіне «Дүние қалай етсең табылады», тағы басқа 
өнегелі істерге үгіттеді. Балаларға арналған оның əңгімелерінің дидактикалық маңызы аса 
зор. 
Жазушының қай əңгімелерін алсақ та оның мағыналы, соңы өнегелі біткенін көреміз. 
Оның ұсақ əңгімелері, біріншіден, қысқа, балалардың көкейіне қонатындай көркем сөзбен 
жазылған,  мағынасы  анық,  тұжырымды;  екіншіден,  жастарға  дұрыс  бағыт,  өнеге  беретін 
дидактикалық тұрғыдан жазылған əңгімелер. 
Оқушы  балаларға  тəлім-тəрбие  беруге  арналған  əңгімелері – «Əке  мен  бала», 
«Асыл  шөп», «Бақша  ағаштары», «Аурудан  аяған  күштірек», «Мейірімді  бала», «Полкан 
деген ит», «Өтіріктің залалы», «Тəкаббаршылық» т.б. 
Ұсақ  əңгімелерінде: «Сəтемір  хан», «Талаптың  пайдасы», «Зиректік», «Білгеннің 
пайдасы», «Əдеп» тағы басқаларында, Ыбырай Алтынсарин балаларды оқып білім алуға, 
зирек  болуға  үндейді.  Мысалы, «Талаптың  пайдасы»  деген  əңгімесінде  ынтасымен  оқу-
дың, зиректіліктің нəтижесінде осы əңгіменің басты кейіпкері Матвей деген кісі бүкіл Рос-
сияға белгілі суретші болып шығады.  
«Тəкаббарлық»  атты  əңгімесінде  Вениамин  Франклин  деген  даңқты  білім  иесінің 
жастық шағында басынан кешкен бір уақиғаның оған өмір бойы сабақ болғанын айта ке-
ліп,  хан  болсаң  да,қара  болсаң  да,  кішіпейілділіктен  опық  жемейсің,  тəкаббарлық  ұятқа 
қалдырады дегенді түйіндейді. 
«Байұлы» атты əңгімесінде Байұлының əкесі мінгізген тайын кедейдің баласына бе-
руін  көріп,  оның  мырзалығына,  қайырымдылығына  сүйсінген  ақсақалдың: «Ей,  Құдайым, 
бұл балаға ұзақ жас бер,мал мен бас бер!» – деп бата беруін, сол кісінің батасы қабыл бо-

139 
 
лып, ақырында, Байұлынан он екі ұл туып, бəрі де асқан бай болғанын, олардан елге қа-
дірлі, Мырза Байұлы деген рудың тарағанын баяндайды. Ыбырай «Батаменен ер көгере-
ді», «Баталы  ұл  арымас»  деген  халық  қағидаларының  өміршеңдігін  əңгімеге  арқау  етіп, 
жастарды  қайырымды,  ізгі  жүректі  болуға,  жоқ-жітік,  жетім-жесірге  қамқоршы  болуға  үн-
дейді. 
Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясына» енгізген бір топ əңгімелері жастарды еңбекті 
сүюге,  оқуға,  өнерге  ұмтылуға,  жігерлі,  төзімді,  мақсатшыл  болуға  баулиды.  Ыбырайдың 
бұл тақырыпқа арнаған бір топ шығармалары бар. 
Олар: «Өрмекші,  құмырсқа,  қарлығаш», «Жан-жануарлар  айтысы», «Бай  баласы 
мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б.бұл əңгімелерінің бəрінде та-
биғатта тіршілік ететін жəндіктердің бəрі еңбек етіп, күн көреді деген ой айтылады. Жазу-
шы осы арқылы еңбек-адамның екінші анасы. Ол адамды шыңдайды.Өмірге үйретеді де-
генді меңзеп отыр. 
Ыбырай өзінің «Қазақ хрестоматиясына» жазған алғы сөзінде біраз шығармаларды 
орыс  хрестоматияларынан,  көбінесе  Паульсонның  «Хрестоматиясынан»  аударып  алға-
нын  айтады.  Ол  балаларды  қазақ  əдебиетінің үлгілерімен  таныстырып  қоюды  жеткіліксіз 
санады.  Сөйтіп,  И.И.Паульсон,  К.Д.Ушинский,  Л.Н.Толстойдың  балаларға  арнап  жазған 
шығармаларын қазақ тіліне аударып, өз оқулығына енгізді. Ыбырай шығармаларды қысқа 
мазмұнға құрды. Балалардың түсінігіне жеңіл етіп жазды. 
Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мəтел, афоризмдерді орынды қолдану, əр əңгі-
менің тəлімдік мəніне ерекше көңіл бөлу- Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. 
Ыбырай  шығармалары  мазмұны  жағынан  да,  түрі  жағынан  да  балалар  əдебиетіне 
қойылатын талаптарға сай келеді.  
Алтынсарин ағартушылық істерін іске асыруда талай қиыншылықтарға кездесті,оған 
ағарту  жұмысын  тыңнан  ұйымдастыруға  тура  келді.  Бір  хатында  Ыбырай  Алтынсарин: 
«бізге ең ауыр жəне жауапты кез келіп отыр; бұл кезеңде біз бəрін де жаңадан бастап жа-
сауымыз керек, осы жаңалықтың бəрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің кел-
генінше,  біліміміздің  жеткенінше  олардың  көзін  ашуымыз  керек.  Іс  басында  жақсы 
қойылса, оның ақыры да жақсы болады. Ешбір дайын материалдық күшсіз мектеп ашу бə-
рінен  де  қиын  екен.  Сондықтан  мен  қазір  ел  кезіп,  əртүрлі  топтардан,  əртүрлі  қоғамдық, 
уездік  жəне  облыстық  үкімет  орындарынан  қаражат  сұрап  алып  жүрмін» – деп  жазды. 
Ыбырай  тек  мектептер  ашумен  тынған  жоқ,  ол  мектептерде  оқыту  əдісіне,  оқушыларды 
тəрбиелеу мəселелеріне де аса көңіл бөлді. 
Ыбырайдың ағартушылық қызметінде балаларды тəрбиелеп оқыту мен қатар, мұға-
лімдердің беделін көтеру, рөлін арттыру мəселелері үлкен орын алады. Мұғалімдер оқу-
шыларын өз балаларындай көрулері керек, сонда ғана оқу жұмысы ойдағыдай ілгері баса-
ды деп ойлады Алтынсарин. 
Халық ағарту жұмысын ілгері дамытудағы мұғалімдердің рөлін Ыбырай Алтынсарин 
былайша бағалады: «Халық ағарту жұмысы бұл арада тек жаңа басталып келеді, сондық-
тан, жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік жəне мықты қалануына 
байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізде де, қазақ мектептерінің 
бар келешегі, көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты; сондықтан да мен қазір жақ-
сы оқытушыны дүниедегі заттың бəрінен жақсы көремін... 
Халық мектептері үшін ең керектісі- оқытушы, – деп жазды Ыбырай Алтынсарин- та-
маша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, əбден мұқият жүр-
гізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды». 
Ыбырай  Алтынсарин  мұғалімдерді  құрметтеді,  нендей  мəселе  болмасын,  əрқашан 
да оларға кеңес беріп отырды. Оқушылар келешекте «парақор болып шықпаулары үшін, 
оларға  адамгершілік  жағынан  əсер  етуде,  бар  күшімді  салып  отырмын» – деп  жазды 
Ыбырай. 
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық еңбегі ұшан –теңіз. Ол халқын 
нағыз шын сүйген ұлтшыл азамат болды. Ол «Қазақ деген- жасанды мінезі жоқ, қарапай-
ым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге 
қолдан келгенше қызмет ету – біздің əрқайсымыздың борышымыз» – деп, əлденеше рет 
айтты. Ыбырай – халықтың сүйген ұлы. «барлық қазақ жастары менің соңымда, олар мені 
жақсы көреді, мен қайтып жалғыз болайын?» – деді бір сөзінде.  
«Адамзат бағбаны» атанған ұлы кəсібіне шын жүрегімен берілген, мамандығын мақ-
тан тұта сүйетін, мақсаты мен міндетін айқындап, жауапкершілігін терең түсінетін ұстаз ға-
на адам тағдырына, ел мүддесіне, ұлт тəрбиесіне барын салады. Ыбырай-осындай ұстаз-
дардың ұстазы еді. Ал, бізге жүктелген міндет – Ыбырайдың аңсаған арманын жүзеге асы-
ратын ұлағатты ұстаз болайық!  
 

140 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет