2 тамыз 2023 жылдан бастап 1 қыркүйек 2023 жылға дейін
Мен,Мұсамадин Сұлу практиканы Алматы қаласындағы ЖШС «ABMBuilding 2007» өндірістік тәжірбиеден өттім.Тек қана өндіріс қабылдаған міндеттеріне тоқтамай, жалпы өңдірістегі міндеттермен, маңызды ақпараттарды жетіктірдім. Практика барысында жаңа заманауи аппаратуралармен жетекші бақылауымен жұмыс істедім.
Тәжірибенің басты мақсаты мамандығымызға сәйкес қосымша білім алу, яғни университет қабырғасындағы теориялық біліміміздің іс жүзінде қалай жүзеге асатынын көзімізбен көру болып табылады.
Қорытындыға айтарым, университеттен алған білімім мен кабілеттерім практика кезінде коп көмегі тигізді, бірақ сондада білмейтін, көрмеген нәрселер өте көп. Бірінші күннен бастап тәжірибе мен кәсіпқой шеберліктін жоқ екені бірден байқалды. Бірақ компания ұжымы, жетекшім қателіктерімді түзетіп, үйретіп жүрді. Күнде көрмеген, жаңа нәрселерді түсіндіріп, яғни қалай және қайда қолданатынын айтып жүрді.
Жеке тапсырмама байланысты көп жаңа қажетті ақпараттармен таныстым. Жалпы адам өміріндегі осы жарық қаншалықты қажет болса, одан корғайтын құрылғылар, қарапайым техникалық қауіпсіздік ережелерін соншалықты білу маңызды. Күнделікті өмірде яғни, қарапайым халық біз көрген, білген нәрселерді білмеуі мүмкін. Осының зардабынан қаншама адам тап осы жарықтың, түрлі электр саласынан қауіпті жағдайларға ұшырауда. Әрбір жарық саласының қызметкерлері халықпен байланысқа түскенде оның осыншалықты қауіпті тұстарын жеткізсе, авариялық жағдайлар аз болушы еді.
Техникалық бұйымның өмірлік кезеңінде пайдаланудың үлкен маңыздылығына байланысты, энергетика саласында мамандар даярлаудың басты бағыттарының бірі болып олардың пайдаланушылық әрекеттері саналады. Болашақ маман энергоқорларды қолдануды ұйымдастырудағы пайдаланудың маңыздылығын айқын түсінуі керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Межотраслевые правила по охране труда (ПБ) при эксплуатации электроустановок. ПОТ Р М — 016 — 2001. — М.: 2001.
Объем и нормы испытаний электрооборудования. Издание шестое с изменениями и дополнениями — М.:НЦ ЭНАС, 2004.