Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет11/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

2.1-кесте. Халық санының өзгеру компоненттері, мың адам1)


Жыл- дар


Жыл басын- дағы халық саны

Ту- ған- дар


Өл- ген дер


Та- биғи өсім


Кел- ген- дер


Кет- кен- дер



Көші- қон айы- рымы

Жал- пы өсім



Жыл аяғын- дағы халық саны

2005

15074,8

278,9

157,1

121,8

373,4

350,8

22,6

144,4

15219,2

2006

15219,2

301,8

157,2

144,6

361,8

328,7

33,1

177,7

15396,9

2007

15396,9

321,9

158,3

163,6

365,1

354,2

10,9

174,5

15571,4

2008

15571,4

356,6

152,7

203,9

390,8

389,7

1,1

205,0

15776,4

2009

15776,4

357,5

142,8

214,7

406,3

398,7

7,6

222,3

15998,7

2010

15998,7

367,7

145,8

221,9

408,5

393,0

15,5

237,4

16236,1

2005-

2010


(орта- ша жыл- дық)

15506,2


330,7


152,3


178,4


384,3


369,2


15,1


193,5


15699,7


1) Авторлармен есептелінген. Стат. анықтама «Қазақстан 2010 жылы». - Аста- на. 2011. 22-31- б.

Берілген 2.1-кесте көрсеткіштеріне статистикалық талдау жасайтын болсақ, онда төмендегідей қорытынды жасауға бола- тындығы:

а) 2005-2010 жылдар аралығында Республика халқының ор- таша жылдық саны 15600 мың адам болды. Егер 2010 жылғы халықтың жыл аяғындағы санын 2005 жылмен салыстыратын болсақ, онда оның 1016,9 мың адамға немесе 106,7% өскендігі байқалады;

ə) жылдан-жылға туғандар мен өлгендер саны арасындағы айырмашылықтың біртіндеп өсуіне байланысты табиғи өсім де, яғни 1070,5 мың адамға өскен;

б) соңғы жылдары келгендер мен кеткендер арасындағы айырмашылық, яғни көші-қон (миграция) қалдығы аз болсада оң нəтижеге қалыптасты. Демек, осы жылдар аралығында елімізге 2305,9 мың адам келген болса, 2215,1 мың адам кеткен. Соның салдарынан 90,8 мың адамға халықтың саны көші-қон арқылы өскен.

в) жылдан-жылға табиғи өсімнің артуынан, ал көші-қон қал- дығының біртіндеп азаюына қарамастан, жалпы өсімде оң нə- тижеге айналды, яғни осы жылдар аралығында орташа жылдық абсолюттік өсім 193,5 мың адам болды

Қазақстанда ғасырлар бойы келе жатқан дəстүрлі жағдай он- дағы тұратын халықтың қоныстану тығыздығының төмендігі, яғни бір шаршы километрге 5,9 адамнан келетіндігі. Қазіргі кезде 2724,9 мың шаршы км. жері бар аумақта табиғи байлықтар мен өндіргіш күштердің шоғырлану дəрежесіне байланысты, халық- тың орналасуы мен оның тығыздығы да əртүрлі болып келеді. Мысалы, 2010 жылғы статистикалық деректерге зейін қоятын бол- сақ, онда тығыздығы жағынан бірінші, екінші жəне тағы басқалай орындарды, халықтың 30,8% құрайтын, тұруға қолайлы оңтүстік табиғи-экономикалық облыстардың алатындығы. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстанда-21,4, Алматы-8,1, Жамбыл-7,2 адамнан, ал ең төменгі көрсеткіштер батыс жəне Қарағанды облыстарына (Маңғыстау-2,2, Ақтөбе-2,3, Қызылорда-2,7, Қарағанда-3,1, Аты- рау-3,9, Батыс Қазақстан-4,0 адамнан) келетіндігі.

Қазақстан дүниежүзі бойынша жер аумағы жағынан алдыңғы ондыққа (тоғызыншы орын) кіретін мемлекет болып саналады, яғни: 1) Ресей-17075, 2) Канада-9976, 3) Қытай-9597, 4) АҚШ-

9363, 5) Бразилия-8512, 6) Австралия-7678, 7) Индия-3288, 8) Аргентина-2777, 9) Қазақстан-2725 мың шаршы киллометр. Ал халқының саны мен тығыздығына байланысты аз мемлекеттер қатарына жатады. Демек, əлем бойынша 60-орынды иемденеді. Бірақ, Қазақстанның басқа мелекетттермен салыстырғандағы ерекшелігі сол, ондағы тұратын халықтың көп ұлттылығы, яғни мұнда 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар қоныстанған. Соның ішін- де (10230 мың адам) немесе 16010 млн. адамның 63,9%-қазақтар- дың, 23,3%-орыстардың, 2,9%-өзбектердің, 2,0%-украиндардың, 1,4%-ұйғырлардың, 1,3%-татарлардың, 1,1%-немістердің үлесіне тиетіндігі. Демек, Республикада тұратын ұлттардың басым бөлігін



қазақтар мен орыстар құрайды (87,2%),ал қалған 12,8% басқа ұлттар мен ұлыстардың үлесіне келеді. Егер 1897 жылғы санақ деректерімен салыстыратын болсақ, онда барлық халықтың (4333 мың) 82%-қазақтардың, ал (472 мыңы) немесе 11%-орыстардың үлесіне келген болса,1959 жылғы жүргізілген халық санағының деректерінде республика халқының (9295 мың) 2795 мыңы не- месе 30,1% қазақтардың, 3974 мыңы немесе 42,8% орыстардың үлесіне келген.Қазақ халқының осы жылдар аралығында өсудің орнына кемуі 30-жылдардағы қолдан жасалынған ашаршылық зұлматпен, 37-жылдардағы репрессияның салдарынан болған деп түсінуіміз тиіс.

Халық саны қала жəне ауыл халқы болып бөлінеді. Қала халқына – қалалық елді мекендерде, ал ауыл халқына – ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар жатады. Соңғы жылдары əлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты халықтың қалалық жəне ауылдық елді мекенді жерлерге орналасуында да үлкен өзгерістер байқалады. Қазіргі кезде,яғни 2010 жылғы деректер бойынша республикадағы 86 қалада, оның ішінде 2 республикалық, 39 облыстық, 45 аудандық маңыздағы қалалар мен 174 қала тектес кенттерде 8961,4 мың адам немесе барлық халықтың 54,5% қалалық жерлерге, ал 7480,6 мың адам не- месе 45,5% ауылдық жерлерге орналасқан. 2005-2010 жылдар аралығында қала халқы 3,0% өскен. Қала тұрғындарының өсуі, оның табиғи өсімімен қатар қалаға ауылдық жерлерден қоныс ау- дару салдарынан болған жағдайларға байланысты, яғни оны ур- банизация деп те атайды.

Халықтың жынысы мен жастық құрамы туралы көрсеткіштер халық құрылымының негізгі сипаттамасы болып саналады жəне оны есептеу əрбір күнтізбелік жыл басталғанда жалпы халық са- нын есептеу кезінде жүргізіледі. Халықтың жыныстық құрамын жеке қарастыратын болсақ, онда 2009 жыл басындағы дерек- тер бойынша 15776,5 мың адамның 7590,6 мыңы немесе 48,1% еркектердің, ал 8185,9 мыңы немесе 51,9% əйелдердің үлесіне келеді. Демек, əйелдердің саны еркектерге қарағанда 595,3 мың адамға артық. Бұл айырмашылық қала тұрғындарының ішінде өте үлкен(581,7 мың адам), ал ауыл тұрғындарында еркектердің саны əйелдерге қарағанда 13,6 мың адамға аз. Осының салдары- нан республика халқы ішінде еркектер мен əйелдер арасындағы

арасалмақта өзгеріске ұшырауда. Мысалы, 1989 жылы əрбір 1000 əйелге шаққанда - 939 еркектен келген болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш - 929, ал 2009 жылы - 927 еркектен келгендігі. Егер осы көрсеткіштерді қала-ауыл тұрғындары түрінде қарастыратын болсақ, онда қала халқында еркектер мен əйелдер арасындағы арасалмағы 880 адамнан 1999 жылы 870 адамға дейін 2009 жылы азайған. Ал, ауылдық жерде 997 адамнан 996 адамға дейін кеміген. Дүниежүзі бойынша жаңадан туған балалардың ішінде қыздарға қарағанда, ұл балалар санының көп болып келетіндігі барлығымызға мəлім. Мысалы, 100 қыз балаға 105-106 ұл бала- дан келеді. Бірақ түрлі себептерге байланысты 30 жастан кейін еркектердің артық саны біртіндеп жойылып, əйелдердің саны жағынан басымдылығы көріне бастайды.

Халықтың жастық құрылымы жыныстық құрамымен тығыз байланыста бола тұрып, сол аймақтағы халықтың өсіп-өнуін, сандық жəне сапалық жағынан молая түсуін қамтамасыз ететін негізгі табиғи себеп болып саналады. Сондықтан бұл көрсеткіштің атқаратын рөлі өте жоғары бағаланады жəне əрбір аймақ жастық топтары бойынша бөлек зерттеледі.

Жастық топтары бір жылдық, бес жылдық, ал кейде он жылдық деңгей аралығымен сипатталады. Егер Қазақстан халқын 2010 жылғы деректер бойынша жастық құрылымына қарай жеке қарастыратын болсақ, онда төмендегідей үлестік көрсеткіштерді кездестіреміз: бала жастағылар, яғни 4 жасқа дейінгілер-9,6% (60 жылдары бұл көрсеткіш-11,6% болған), 5-14 жастағылар (жеткіншектер-14,6 жəне 19,2%) 15-29 жастағылар

(жастар тобы-27,5 жəне 31,3%), 30-57 жастағы əйелдер, 30-62 жастағы еркектер (орта жастағылар-37,9 жəне 28,3%), егде жастағылар (зейнеткерлер жасындағылар-10,4 жəне 9,6%). Де- мек, орта жастағылардың үлесі өскен, ал егде, яғни зейнеткерлер жасындағылардың үлесі кеміген. Оның себебі зейнеткерлікке шығу жасының жоғарлауы салдарынан болған жағдай деп түсінуіміз керек.



Осы берілген көрсеткіштерді толық көрсету үшін секторлық диаграмма құрамыз жəне ол төмендегідей (2.1-сурет):

Диаграмма көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, онда 2010 жылды 1960 жылмен, яғни осыдан 50 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, 29 жасқа дейінгі жастардың үлес

1960 жыл 2010 жыл





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет