Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет13/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

2.2-сурет. 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан халқының жастық-жыныстық құрамының пирамидасы

келетінін бөлек қарастырады. Себебі, отбасы халық санын өсі- рудің негізгі көзі, яғни қоғамымыздың бастапқы ұясы болып са- налады. Сондықтан бұл көрсеткіштердің де атқаратын рөлі өте жоғары бағаланады.

Қазіргі кезде республика халқының орташа отбасы мүше- лерінің саны 4 адамнан тұрады, соның ішінде қалада-3,6, ауыл- да-4,6 адамнан. Демек, қала мен ауыл отбасылар мүшелерінің арасында айтарлықтай алшақтықтың жоқ екендігін байқауға болатындығы.




    1. Халықтың табиғи қозғалысы мен көші-қоны (миграциясы)

Халықтың жалпы санының өсуі (кемуі) екі себепке: табиғи қозғалысқа, яғни туғандар мен өлгендер санының айырмасына жəне көші-қон (миграция) қозғалысына - көшіп келгендер мен көшіп кеткендер, демек қоныс аудару көрсеткіштер қалдығына байланысты. Халықтың табиғи қозғалысына сонымен бірге не- келесу мен ажырасу көрсеткіштері де жатқызылады.



Осы аталған көрсеткіштердің барлығы статистикалық есеп- те абсолюттік шама ретінде беріледі. Бірақ, ол даму (кему) үдерістерін толықтай сипаттай алмайды. Сондықтан қатысты шаманы қолданады, яғни 1000 адамға шаққандағы коэффициент- терді есептейді жəне оның өлшем бірлігі промильмен (%0) көр- сетіледі. Есептеу кезінде сол уақыттағы халықтың орташа жыл- дық саны қолданылады, оны есептеу жолдары 2.2-параграфта келтірілген.

Демек, туу, өлім-жітім, некелесу, ажырасу, табиғи өсім (ке- му) жəне миграциялық өсім (кему) коэффициенттерін есептеу кезінде, зерттеуге алынған уақыт ішінде (жылда) болған белгі көрсеткіштерінің нақты сандарын бөлеміз халықтың орташа са- нына жəне көбейтеміз 1000.

Төменде туудың, өлім-жітімнің жəне табиғи өсімнің жалпы коэффициенттерін есептеу формулалары келтірілген:




туу коэффициенті: KT

T 1000 ;

S


өлім-жітім коэффициенті: K

1000 ;



S

табиғи өсім(кему) коэффициенті:




KT .

ΔT.1000 T 1000 K S S T

K;

мұнда, КТ-туу коэффициенті;

Кө- өлім-жітім коэффициенті;

Кт.Ө-табиғи өсім (кему) коэффициенті; Т-туғандардың саны;

Ө-өлгендердің саны;


S -халықтың орташа (айлық, тоқсандық, жылдық) саны;
Жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінген коэф- фициенттердің динамикасы 2.2-кестеде келтірілген:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет