Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық
Үйшаруашылығы – бір немесе бірнеше адамдардан құралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін біріктіретін (толық неме- се ішінара) жəне тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін, ең бастысы тұрғын үй мен тамақ өнімдерін бірлесіп тұтынатын адамдардың тобы. Үй шаруашылықтары бір адамнан да тұруы жəне оның отбасынан айырмашылығы туысқандық қатынаста болмауы да мүмкін. Үй шаруашылықтарын зерттеу кезінде ондағы тұратын мүшелерінің орташа мөлшерін жеке есептейді жəне оны анықтау үшін зерттеуге алынған үй шаруашылықтары мүшелерінің барлық санын сондағы үй шаруашылықтарының са- нына бөлеміз.