Үй шаруашылықтарын ішінара зерттеу. Бұл Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі атқаратын қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы зерттеудің нəтижесінде халықтың табыстары мен тұтыну шығындары құрылымының өзгеруін сипаттаудың шынайы негізі болады, жеке кірістерді қалыптастырудағы рөлін көрсетеді, халықтың табыстарын деңгейі бойынша саралануын сипаттайды. Атал- ған ақпарат нарық қатынастары жағдайында əлеуметтік үрдіс- тердің үй шаруашылығының тұрмыс деңгейіне ықпал ету заңдылықтарын зерттеу жəне өтіп жатқан əлеуметтік-экономи- калық реформалардың тиімділігіне баға беру мақсатында мем- лекеттік басқару органдарының қажетті шешім қабылдауы үшін қолданылады.
Үй шаруашылығын ішінара зерттеу өзінің сипаты бойын- ша көп мақсатты болып табылады жəне оның материалдары əртүрлі экономикалық-статистикалық есептерде кең ауқымда қолданылады, яғни жалпы ішкі өнім көлемі мен оның бөлінуін есептеу үшін ұлттық есептер жүйесінде, экономика салаларының
өндірген өнімдерінің пайдалану балансын құру, тұтыну бағалары индексін есептеу үшін жəне əр саланың үлесін анықтау үшін пай- даланылады, сол арқылы белгілі бір мөлшерде қорытынды жаса- лынады.
Үй шаруашылықтарын зерттеу 2001 жылға дейін қолданылып келген 6 мың отбасы бюджеттерін бақылау бағдарламасының мүмкіндіктері шектеулі болатын. Себебі, іріктеліп алынған от- басы республикалық деңгейде ғана репрезентативтікті (үлгілі) қамтамасыз ететін. 2000 жылы кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу бойынша мемлекеттік бағдарламаның қабылдануымен ҚР Үкіметінің халықты əлеуметтік қорғау мəселелеріне назары аса түсті жəне халықтың тұрмыс деңгейін аумақтар бойынша зерттеу қажеттілігі туындады. Осыған орай, 2001 жылдың қаңтар айы- нан бастап үй шаруашылықтары статистикасында Дүниежүзілік Банктің тиісті халықаралық стандарттары мен ұсыныстарын пай- далана отырып, іріктеп зерттеудің жаңа əдістеріне көшу жүзеге асырылды. Зерттеу сырғымалы кесте түрінде тоқсанына 3000 үй шаруашылықтарының көрсеткіштері жиналды. Демек, жы- лына 12000 үй шаруашылықтары бойынша зерттеу жүргізілді. Жекелей алынған үй шаруашылықтарын бақылау кезеңі тек бір тоқсанды қамтиды. Зерттеу қорытындылары тек республика деңгейіндегі тоқсандық ақпараттық көрсеткіштерді қамтамасыз етеді, ал аумақтар бойынша деректер жылдық қорытындыларда көрсетіледі.
Үй шаруашылықтарын зерттеу келесі негізгі принциптерге негізделеді:
табыстар жəне шығыстар туралы деректерді жинау кездейсоқ əдісімен құрылған іріктеудің өкілдік, республикалық жəне облыстық деңгейінде жүзеге асырылады;
ақшалай шығыстар туралы деректер тауарлар мен қызметтер көрсетудің кең ауқымды жіктелімін қамтиды.
Іріктеудің мұндай принципі зерттеу нəтижелерінің тəуелсіз- дігіне жəне ондағы жіберілетін қателіктерден құтылуға толықтай мүмкіндік туындайды.
Үй шаруашылықтарын зерттеудің іріктеу жиынтығы 1999 жылғы жүргізілген Ұлттық халық санағы нəтижесінде жасал- ған тұрғын үйлер тізімі негізінде аумақтық принцип бойынша қалыптастырылды. Бас жиынтық алты стратаға бөлінді: үлкен,
орта, шағын қалалар, Алматы мен Астана қалалары жəне ауылдық жерлер.
Достарыңызбен бөлісу: |