Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет162/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   184
9.3- кесте. Табыстардың құралу шоты


Пайдалану

Ресурстар

3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу

1. Жалпы қосылған құн (тұтастай экономика деңгейінде-ЖІӨ)

4. Өндіріс пен импортқа салынатын салықтар

2. Өндіріске және импортқа бөлін- ген субсидия

5. Жалпы пайда/жалпы аралас та- быс (1+2-3-4)

6. Негізгі капиталды тұтыну

7. Таза пайда (5-6)

Барлығы

Барлығы


Жалдамалы жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу жұмыс бе- рушінің қызметкерлерге есепті кезеңде орындаған жұмысына ақшалай немесе заттай нысанда төлеген барлық сыйақыларының сомасымен анықталады. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу есептелген сома негізінде есепке алынады жəне оған əлеуметтік сақтандыруға аударымдар, табысқа салынатын салықтар сомасы жəне төленетін басқа да төлемдер кіреді.

Өндіріске салынатын басқа да салықтар өнімге салынатын салықтардан басқа, өндіруші бірліктердің өндіруге немесе өн- діру факторларын пайдалануына байланысты оларға салынатын барлық салықтардан тұрады. Мұндай салықтардың мөлшері өн- дірістің көлемі мен пайдалығына тікелей байланысты болмайды. Өндіріске салынатын басқа да салықтарға: табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салықтар (экологиялық салық), жер үшін төлем (жер салығы), пəтенттер үшін төлем, мемлекеттік баж жəне алымдар, кəсіпорындар мен ұйымдардан алынатын жылжымай- тын мүлікке салынатын салық жатады.

Жалпы пайда деп қосылған құннан қызметкерлер еңбегіне ақы төлеуге жəне өндіріске салынатын салықтарды төлеуге байланысты шығыстарды шегергеннен кейін өндірушілердің қолында қалатын бөлігін айтады.

Негізгі капиталды тұтыну – негізгі капитал құнының есепті кезең ішінде оның табиғи тозуы мен моральдық (сапалық) то- зуының жəне кездейсоқ бүлінуінің нəтижесінде азаюын көр- сететін көрсеткіш.



Таза пайда деп жалпы пайдадан негізгі капиталдың тұтынуын алып тастағандағы қалған қалдығын айтады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет