Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық
Меншіктентүскентабыстарға институционалдық бірлік- тердің қаржы активтерін, жерді жəне басқа қаржыға жатпайтын активтерді (жер қойнауы жəне басқа табиғи активтер, патенттер, лицензиялар жəне т.б.) пайдалануға беруіне байланысты алатын немесе төленетін табыстары кіреді.
Бастапқы табыстар қалдығы (сальдосы) институционал- дық бірліктердің – резиденттердің меншіктен жəне өндіріс- ке қатысуының нəтижесінде құралатын табыстарды сипаттай- ды. Олар бірліктер – резиденттер алған жəне төлеген барлық бастапқы табыстардың арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы негізде анықталған, яғни негізгі капиталды тұтыну- ды шегергенге дейінгі бастапқы табыстар сальдосы тұтастай экономика деңгейінде жалпы ұлттық табысқа (ЖҰТ) тең бо- лады. Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) дегеніміз берілген елдің резиденттерінің алған бастапқы табыстарының жиынтығы. Егер
негізгі капиталдың тұтынуын шегеретін болсақ, онда бастапқы табыстар сальдосы - таза ұлттық табысқа тең болады.