ұйымның тарауына, жұмыс берушінің қызметін тоқтатуы- на, штатты қысқартуына байланысты жеке еңбек шартын бұзу нəтижесінде оларды шығару кезінде төленетін өтем сомалары;
жұмыскердің орындаған жұмысына байланысты емес жағ- дайларда, яғни үйлену тойына, нəрестелі болған кезде, ақылы медициналық операция жасатуға, жерлеуге біржолғы ретте көрсетілетін материалдық көмек жəне басқадай төлемдер;
осы ұйымда бұрын жұмыс істегендер, ал қазір жұмыс іс- темейтін зейнеткерлерге, мүгедектерге жəне қаза тапқан жұмыс- керлердің отбасына көрсетілетін материалдық көмек;
жұмыс берушінің кінəсінан алған жарақатына немесе ден- саулығына келтірілген зиянды өтеуге жұмыскерге төленетін төлемақылар;
жұмыскерлерін оқытуға байланысты жұмсалынатын шы- ғыстар;
жұмыскерлерге үй салу, сатып алу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін берілетін материалдық көмек, субсидиялар жəне тағы басқа мақсаттарды өтеу үшін шығыстар;
тараптардың келісімі бойынша жұмыскерлерге жеке авто- мобилін қызмет мақсатында пайдаланған үшін материалдық шығындарын өтеу;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұйымдар өз жұ- мыскерлерінің пайдасы үшін жасасқан жеке басты, мүлікті жəне өзге де сақтандыру шарттары бойынша ұйымдар төлейтін сақ- тандыру жарналары жатады.