Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық
Мерзімдіжалақыдеп жұмыскерлердің нақты істеген уақы- ты үшін немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша есептелетін жалақыны айтады.
Мерзімді жалақы – жай жəне сыйақылық болып екі түрге бөлінеді. Жай-мерзімділік жалақы төлеу кезінде жұмыскерлерге берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыты үшін есептелетін төлем жатады. Осыны ескере отырып, сандық жəне сапалық көрсеткіштері үшін төленген немесе төленетін жалақы мөлшерін сыйақылы – мерзімділік төлем деп атайды.
Ұйымдардағы жалақыға шығарылған қаржылық пайдала- ну нəтижесін талдау үшін, сол ақшаның қаншасы істелінген жұмысқа, шығарылған (өндірілген) өнімге төленгенін, қаншасы өндірістік əрекетке байланысы жоқ төлемдер болғанын көрсету үшін жұмыскерлердің барлық жалақы қорының ішінен:
сағаттық;
күндік;
айлық (тоқсандық, жылдық) қорлар бөлек қарастырылады.