Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет65/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Шағын кəсіпорындар, №2-ШК-есептілік нысаны бойын- ша есеп беретіндерден өзгелері тоқсан сайын жəне жылына бір рет есеп береді.

Еңбек бойынша статистикалық есептілікті толтырғанда есеп беріп отырған мерзім ішінде есептелген ақша сомалары, төлеу көздері жəне нақты қолына алған мерзімге қарамастан, төлеу құжаттарына сəйкес көрсетіледі. Демек, есептік кезеңдік көрсеткіштер біріктіріледі жəне оның сапасы, шынайылығы, дұ- рыстығы тексеріледі. Бұл еңбекке ақы төлеу статистикасының негізгі көрсеткіштерінің үзіліссіз есептелуін, қайталанбауын жəне көрсеткіштер құрамын оңтайландыруды қамтамасыз етеді.

1995 жылдан бастап Республика жəне облыстар бойын- ша жұмыскерлерге жалақы төлеудің саралауын сипаттайтын статистикалық бақылау енгізілді жəне оны жүргізу үшін №1-Е(Ш)



«Қызметкерлердің жалақы мөлшерлері бойынша бөлінуі» атты статистикалық есептілік нысанын толтыру арқылы іске асырылу- да. Мұндағы көрсетілетін көрсеткіштер зерттеуге алынған кə- сіпорындар мен ұйымдардың тізімдік санында тұрған жəне сол айда толық жұмыс істеген жұмыскерлердің жалақысы бойынша анықталады.

2002 жылдан бастап, Халықаралық еңбекке ұйымның ұсы- ныстарына сəйкес жылына бір рет жұмысшылардың кейбір кəсіптері жəне қызметкерлердің лауазымдары бойынша жалақы төлеудің бір мезгілдік зерттеуі жүргізілуде. Бұл зерттеудің алды- на қойған негізгі мақсаты – жұмысшылардың кəсіптік топтарына еңбегіне қарай ақы төлеуді, ұқсас мамандықтар бойынша сарала- нуын сипаттайтын деректер алу. Зерттеу құрамына - №2-Е(Кəсіп)



«Қызметкерлердің жеке лауазымдары жəне кəсіптері бойынша жалақы мөлшерінің есебі» нысаны біржолғы жатады. Мұнда жұмыстың негізгі түрлері бойынша біліктілікке, экономикалық қызметтің түріне, бір кəсіптегі гендерлік аспектіге байланысты жалақы төлеудің өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі жəне сол арқылы белгілі бір мөлшерде шара қолданылады,

қорытынды жасалынады. Демек, экономикалық қызметтің маңыз- ды түрлері бойынша талдау негізінде жүргізіледі.



Жалпы алғанда, жоғарыда көрсетілген жалақы туралы есеп- тіліктің көрсеткіштерін қолдана отырып, республикамыздағы еңбекші халықтың күн көріс көзінің, тұрмыс деңгейінің өзгеруін толықтай көрсете аламыз жəне өткен уақыттармен салыстыра- мыз, яғни даму немес кему процестерін анықтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет