Есептеу керек:
негізгі капиталдардың орташа жылдық құнын; капитал қайтарымдылығын;
капитал сыйымдылығын;
капиталмен жарақтануын (қарулануын).
Негізгі капиталдардың орташа жылдық құнын арифметикалық орташаның жай түрі бойынша есептейміз:
/( ТБ і+ТБ і+l 2
15500+15910
2
15705 мың теңге;
капитал қайтарымдылығы:
�айт.
Q
Т Б
20000
15705
1,273 мың теңге;
капитал сыйымдылығы:
Т Б
15705
сый. Q
20000
0,785 мың теңге;
жұмысшылардың капиталмен жарақтануы (қарулануы): жұмысшылардың орташа тізімдік сандары бойынша:
жар.
Т Б S-тіз
15705
500
31,4 мың теңге;
ауысымдағы жұмысшылардың ең көп саны бойынша:
ж
Т.А.Ж.С
52,4 мың теңге;
Негізі капиталдардың баланстары жəне құру жолдары
Негізгі капиталдардың балансы – оның көлемі мен құрылымы, қозғалысы, арақатынасы мен өсу қарқыны туралы мəліметтерді алу мақсатында жүргізілетін көрсеткіштер жүйесі. Баланс бел- гілі бір есепті мерзімге жасалады жəне ондағы көрсетілетін көрсеткіштер кесте арқылы беріледі. Көрсеткіштерге: негізгі капиталдардың жыл басындағы нақты қолда бары, жыл ішінде келіп түскендері, жыл ішінде шыққандары жатады жəне жыл ая- ғына нақты қолдағы барының құны көрсетіледі. Демек, барлық көрсеткіштер құндық өлшем бірлігімен сипатталады.
Бірінші жағдайда, негізгі капиталдардың жыл басындағы нақты қолда бары, жыл ішінде жаңадан іске қосылғаны, басқалай келіп түскендері, жыл ішінде ескірген жəне тозған негізгі капи- талдардың істен шыққаны, жойылғаны, жыл аяғында нақты қолда бары көрсетіледі. Ал, екінші жағдайда жыл басындағы нақты қолда бары, жыл ішінде іске қосылғандары мен шыққандары, күрделі жөндеуден өткендері, амортизациялық жарналары жəне аяғындағы нақты қолда барын қамтиды.
Негізгі капиталдардың балансын жасау үшін кəсіпорындар мен мекемелер жергілікті статистика органдарына №11 есептілік формасын өткізеді жəне сондағы көрсетілген көрсеткіштерді қолдана отырып, оның балансын жасап шығарады. Кəсіпорын- дағы негізгі капиталдар балансының №11есептілік формасы бо- йынша жасалынған жалпы сұлбасы 6.3-кестеде көрсетілген:
Осы баланста берілген көрсеткіштер (7-бағанадан басқалары) толық бастапқы құнмен көрсетіледі, бухгалтерияда сақталады жəне баланс бағаналарының мəліметтері бойынша: 1+2=4+6 не- месе 6= 1+2+4 теңдеуі арқылы сипатталады.
Ал 7-бағананың қалай есептелетіндігін білу үшін қалдық құнмен бағаланған балансқа талдау жасау кезінде (6.3-кесте) толықтай көрсетіледі.
Егер, өнеркəсіп саласы бойынша негізгі капиталдардың ба- лансын жасайтын болсақ, онда толық жəне қалдық құнмен бағаланған түрлері қолданылады. Толық құнмен бағаланған ба- ланстың сұлбасы 6.4-кестеде берілген:
Достарыңызбен бөлісу: |