Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет3/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ПƏНІ


    1. Əлеуметтік-экономикалық статистика пəні, əдістері мен міндеттері


Əлеуметтік-экономикалық статистика – қоғамдық ғылымның жəне статистика пəнінің бір бөлігі ретінде, елімізде болып жатқан əлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық заңдылықтарын олардың сапалық жақтарымен байланыстыра отырып, оның қалай өзгергендігін көрсеткіштер жүйесі арқы- лы зерттейтін пəн болып саналады. Мұнда жалпы құбылыстар мен үдерістерді қарастырмайды, ол күрделі əлеуметтік-эконо- микалық жағдайларды қарастырады жəне олардың арасында- ғы элементтердің өзара байланысын көрсетеді, яғни экономика салаларының арасындағы өзара байланысын, пропорциясын, жиынтық көрсеткіштер заңдылықтарын анықтайды. Демек, əлеу- меттік-экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы жалпы деректерді жинау, топтау, есептеу, талдау, баланстар жасау, са- лыстыру, қорытынды жасау əдістерін үйретеді жəне іс жүзінде тəжірибеде қолданады. Бұл жоғарғы басқару органдарының белгілі бір мөлшерде шешім қабылдауына, яғни экономикамыз- ды басқаруға жəне реттеуге, экономикалық саясатты жүргізуге, болашаққа əлеуметтік бағдарламалар жасауға пайдаланады. Ал негізгісі ретінде халықтың тұрмыстық əл-ауқатының материалдық деңгейін жоғарылату болып табылады.

Қазіргі кезде əлеуметтік-экономикалық статистика (ƏЭС) пəні үш бағытта жүргізіледі:



  1. қоғамдық ғылым ретінде классиктердің, ғалымдардың не- гізгі еңбектеріне сүйенеді;

  2. ƏЭС – статистика пəнінің негізгі саласы ретінде мем- лекетіміздің əлеуметтік жəне экономикалық даму процестерінің көрсеткіштеріне талдау жəне қорытынды жасайды;

  3. статистика пəнінің жалғасы ретінде жоғары оқу орын- дарының экономика мамандықтарында оқитын студенттеріне

дəріс беріледі. Мұнда экономикалық əдістемелердің өскендігін, статистиканың рөлінің артқандығын, ондағы көрсетілген көрсет- кіштер сапасының дұрыстығын, дəлдігін толығымен сипаттай- ды. Демек, жаңа əдістемелерді қолдана отырып, халықаралық стандартқа сəйкес есептейтіндігі, яғни халықаралық ұйымдар- дың əдістемелерін қолданады жəне Қазақстандық нормативтік актілерге сүйенеді.

ƏЭС – бір жағынан қоғамымыздың əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жинайды жəне оның өзгеруіне əсерін тигізетін себептерді анықтайды, ал екінші жағынан – сол жиналған көрсеткіштерді бір жүйеге келтіреді, ғылыми қорытындылайды, мемлекетімізді басқаруға, экономикамызды реттеуге жəне белгілі бір шешім қабылдауға қолданады. Сонымен бірге экономикалық саясатты жүргізуге жəне болашаққа əлеуметтік бағдарламаны жасауға пайдаланады. Ал, негізгісі ретінде - материалдық игілік пен қызметтер көрсетудің ұдайы өсуін жəне халықтың тұрмыс деңгейінің өзгеруін анықтайды, қоғамымыздағы материалдық сфералардың даму процестеріне талдау жасайды. Бұл дегеніміз– халықаралық масштабтағы концепциялар, кестелер, анықтамалар жəне топтастырулар негізінде Ұлттық шоттар жүйесіне (ҰШЖ) ауысуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет