Əлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі
Əлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жəне сапалық мəндері көрсеткіштер жүйесі арқылы cипатталады. Статистикалықкөрсеткіштердегеніміз – эконо- микалық құбылыстар мен процестердің қорытынды деректері. Көрсеткіштер əртүрлі өлшем бірліктерімен беріледі жəне оның жиынтығын көрсеткіштер жүйесі деп атайды. Əлеуметтік-эко- номикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесін құрастыру əдістері төменде берілген талаптарға сəйкес болуы тиіс:
көрсеткіштер жүйесін құрастыру ғылыми концепсияларға сəйкес болуы тиіс;
əлеуметтік жəне экономикалық құбылыстар мен үдерістер- дің өзара байланыстылығына байланысты;
жиналған статистикалық көрсеткіштер өзінің құрамына, яғни күрделілігіне байланысты оның өзгеруіне əсерін тигізетін себептерді анықтайды;
статистикалық көрсеткіштердің мəндеріне, қисынды жүйе- лігіне жəне бірінен соң бірінің өз кезегімен қатар тұруына байла- нысты олардың қолданылуы;
жалпы жəне қосымша статистикалық көрсеткіштер жүйесін негігі бір белгілері арқылы іріктеу.
Сонымен, əлеуметтік-экономикалық статистика курсында көрсеткіштер жүйесі динамикасына, бірінен соң бірінің келуіне жəне құрамына байланысты төмендегі негізгі бөлімдерден, яғни топтардан тұрады:
экономикалық потенциал ресурстары туралы көрсеткіштер- жағдайларына байланысты өзгерулерін (еңбек жəне материалдық ресурстардың көлемін, құрамын, динамикасын) көрсету;
қоғамдық өндіріске əсерін тигізетін себептер жүйесі (өндіргіш күштердің құрамы, құрылымдығы, динамикасы, еңбек өнімділігінің дəрежесі мен динамикасы) көрсету ;
қоғамдық өндірістің көлем бірліктерінің негізгі қорытын- дылары туралы көрсеткіштер (өндірілген өнімдердің көлемі, құрамы, динамикасы, ұлттық байлық пен табыс жəне оның өзгеруі);
өнім өндіруге жұмсалынған шығын, баға жəне баға қою
көрсеткіштері (өндіріс жəне айналым шығынның тиімділігі, эко- номика салаларының өндірген өнімдерінің өзіндік құны, баға жəне халыққа қызмет көрсетудің нарқы);
экономика салаларын қаржыландыру туралы қорытынды көрсеткіштер;
халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері (халықтың табыс- тары мен шығыстары, орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстың сатып алуға жарамдылығы, табыстардың бөлінуі, əлеуметтік қамтамасыз етілуі, тұрғын үй жағдайы);
халықаралық салыстыру көрсеткіштері жəне тағы басқалары. Əлеуметтік-экономикалық статистикада осы көрсетілген көрсеткіштер жүйесін есептеу тəсілдері мемлекетіміздің бар- лық жерлерінде бірдей түрде жүргізіледі. Бірақ, экономика сала- ларының орналасуы мен түрлеріне, атқаратын істері мен өн- діретін өнімдерінің көлеміне, ассортименттеріне байланысты əрбір өңірлерде олардың қорытынды көрсеткіштері əртүрлі бо- лып келеді. Ал, олардың бір-бірімен салыстырмалы болуы үшін көрсеткіштерінің мəні мен мағынасы, есептеу жəне зерттеу