Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет4/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) дегеніміз – макродеңгейдегі экономикалық үдерістерді сипаттайтын жəне зерттейтін, бүкіл əлемде қолданылатын экономикалық ақпараттар жүйесі. Демек, экономикалық есептердің кешенді жүйесін құруға жəне ұсынуға мүмкіндік туғызушы.

Əлеуметтік-экономикалық статистика өзінің басқа да бөлік- терімен, соның ішінде демографиялық жəне салалық статис- тикалармен, атап айтқанда, өнеркəсіп, ауыл-орман шаруашы- лықтары, көлік, байланыс жəне тағы сол сияқтылармен тығыз байланысты. Себебі, олардың көрсеткіштерін пайдалана отырып, белгілі бір мөлшерде талдау жүргізу арқылы қорытынды жа- сайды. Демек, əлеуметтік-экономикалық статистика зерттеуінің негізгі көзі – экономикамыздың өзгеруін кешенді түрде көрсет- кіштер жүйесімен қарастыру жəне экономика теориясының заң- дылықтарымен байланыстыру болып табылады.

Бұл туралы осыдан 320 жылдан астам бұрын атақты ағыл-

шын ғалымы В. Петти өзінің ойын: «Біртіндеп уақыт өткен сайын қызмет көрсету үлесі өседі де, тауар өндіру үлесі төмен- дейді» – деп білдірген. Қазіргі уақытта осы аталған қағида өмірде жалғасуда, яғни қызмет көрсету үлесі мен оның құны жылдан- жылға қарқындап өсуде.



Əлеуметтік-экономикалық статистика басқа пəндер сияқты оның өзіне тəн əдістері бар пəн болып саналады жəне оған мы- налар жатады:

  1. статистиканың жалпы əдістері, яғни бақылау, жинақтау, топтау жəне жиналған көрсеткіштерге талдау, қорытынды жа- сау; нақты, қатысты жəне орташа шамаларды, өзгерменің көрсет- кіштерін, динамикалық қатарларды, корреляциялық-регрессия- лық талдауды, индекстік əдісті қолдану;

  2. қоғамдық құбылыстар мен процестерге зерттеу жүргізу үшін арнайы əдістерді қолдану. Демек, экономикамызды сек- торлық-салалық жіктеу, ұлттық шоттар жүйесі мен кестелерді қолдану, баланстар жасау. Баланс əдісі – статистикалық мəлі- меттерді сұрыптау мен талдаудың аса маңызды тəсілі болып са- налады. Себебі мұнда ресурстар мен оларды пайдалануды өзара үйлестіруге, өндіріс үдерісінде қалыптасатын тепе-теңдік пен өзара байланыстылықты анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде əлеуметтік-экономикалық статистиканың алды- на қойған негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  • мемлекетімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың жүзеге асырылуын қадағалау үшін басқару орындарын керекті ақпараттармен қамтамасыздандыру жəне сол арқылы белгілі бір мөлшерде шешім қабылдау; болашаққа экономикалық болжам жасау үшін статистикалық көрсеткіштерді қолдану; халықаралық шеңберде шетелдердің экономикалық көрсеткіштерін салысты- руға қол жеткізу; экономикамыздың дамуындағы құрылымдық ерекшеліктері мен заңдылықтарды анықтау;

  • статистикалық есептілік жұмыстарға Ұлттық шоттар жүйесін қолдану, яғни макроэкономикалық шоттардың қисынды, жүйелі, үйлесімді жəне тұтас жиынтығын, активтердің жəне пассивтердің балансын құрайды. Соныменен бірге халықаралық деңгейінде келісілген кестелердің, анықтамалардың, топтастырулардың жə- не есеп беру ережелерінің ұғымдарын қатар қарастырады. Жал-

пы алғанда, Ұлттық шоттар жүйесі негізінде өзара байланысты есептердің жүйелілігін, экономикалық қызметтің əртүрлі түрлерін жəне институционалдық бірліктердің немесе секторлардың басқа күй-жағдаймен байланысын көрсетеді;

  • макродеңгейде ақпараттармен қамтамасыз етіп қана қоймай сонымен бірге əрбір кəсіпорын, фирма, бизнес жетекшілерін ке- ректі, яғни республикамыздағы өндіріліп жатқан өнімдердің түрлері мен көлемі, оның сатылуы, алынған таза пайданы жəне тағы басқалай көрсеткіштермен қамтамасыздандыра отырып, олардың көздерін ашады жəне өздері өндіріп жатқан өнімдерінің түрлері туралы белгілі бір мөлшерде шешім қабылдауға барынша көмегін тигізеді. Бұл пайдаланушылардың барлық санаттарына елдегі макроэкономикалық ахуалдың даму жағдайы мен үрдіс- тері жөнінде, экономиканың түрлі салалары жəне əлеуметтік- демографиялық, экологиялық үдерістер туралы жарияланымдар- ды алуға мүмкіндік берді;

  • нарықтық экономикада шаруашылық субъектілерден алына- тын ақпарат көздері мүмкіндігінше толық болуы тиіс. Ол үшін статистикалық есеп беру жұмыстарына жаңа технологияны енгізу жəне жандандыру. Демек, регистр, санақ, ценз, ішінара бақылау сияқты əдістер мен тəсілдерді жиі қолдану. Осыған орай, статис- тика органдарында ақпаратты таратудың кең көлемдегі арналары пайдаланылуда. Бұл пайдаланушылардың түрлі санаттарының қажеттіліктері мен сұраныстарына тығыз байланысты. Жаңа технологиялар жүйесін енгізу ақпаратты тарату үдерісін елеулі жеңілдетті, статистикалық деректерді берудің ауқымын жəне нысандарының алуан түрлілігін көбейтті, яғни интернетті пай- далану саласы кеңейтілді. Себебі, интернет – ақпараттарды таратудың негізгі арналарының бірі болып саналады жəне қазіргі кезде іс жүзінде кең көлемде пайдалануда, ал пайдаланушылар үшін барлық макроэкономикалық көрсеткіштерге əдіснамалық деректер алуына толықтай мүмкіншіліктері болады.

Болашақта статистикалық ақпаратты тарату қызметтері мем- лекеттік қызметтердің ресми бекітілген стандарттары негізінде жүзеге асырылады жəне қызметті жақсарту үшін талдау жүр- гізіледі. Бұл дегеніміз – пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстарын статистика органдарына тікелей жібере алатын- дығы жəне қазіргі талапқа сəйкес одан жауап күтетіндігі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет