Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет108/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   132
Сан қырлы дарындар 
 
Адамды адам қылатын мектеп те, жоғары оқу орындары да емес. 
Оқымысты болу, білімдар болу тек қана өз қолыңда. Ол үшін, әрине, құдай 
берген қабілет, жігер-қайрат, ең бастысы – сол ілім-білімге деген құштарлық 
қажет. 
Леонардо да Винчи дегенде ойымызға ең алдымен әлемдегі әйгілі 
суретші оралады. Ал ол данышпан суретші ғана емес, сегіз қырлы, тіптен 
сексен қырлы, бір сырлы теңдесі жоқ кемеңгер, өнертапқыш болған. Осыдан 
бірнеше жыл бұрын Леонардо да Винчидің архивін ақтарып отырып, 
инженер-ғалымдар өз көздеріне өздері сенбеген. Он бесінші ғасырда қағазға 
түскен чертеждер арқылы дүниеге планер мен тікұшақ, пружинді 
механизмдер арқылы өзі жүретін көліктер, парашют және өрт 
сөндірушілердің жылжымалы баспалдағы ... олар аз болғандай, сүңгуір 
қайықтар 
дүниеге 
келген. 
Керемет-керемет 
деген 
ондаған 
өнертапқыштарымыздың жиырмасыншы ғасырда ойларына әрең келген 
ғажап дүниелерді бір кездегі сері, сайыскер, аттың құлағында ойнайтын 
шабандоз, әзілкеш, әңгімеші, шешен-эрудит, әнші, биші, ақын, түрлі-түрлі 
музыкалық аспаптардың конструкторы, математик, механик, астроном, 
геолог, ботаник, анатом, физиолог, әскери инженер, ойшыл-материалист 
Леонардо да Винчи бұдан бес ғасыр бұрын қағазға түсіріп, кейбіреулерін іске 
асырып кеткен.
Жиырмасыншы ғасырдың басында Бақы қаласында дүниеге келіп, кейін 
Ленинград университетін бітірген Лев Давидович Ландаудың бүкіл ғұмыры 
күні кеше ғана басымыздан кешірген тоталитарлық Кеңес өкіметімен тығыз 
байланысты. Он үш жасында орта мектепті үздік бітірген аса дарынды 
баланы тіптен жас деп жоғары оқу орнына қабылдамай қояды. Бірақ бір 
жылды артына салып болашақ данышпан ғалым бәрібір оқуға түсіп, физика-
математика және химия факультеттерінде қатар оқиды. Штаттан тыс 
аспирант болып, он сегіз жасында алғашқы ғылыми жұмысын жазады. Ол 
дипломды он тоғыз жасында алып, жиырма бірінде оқуын жалғастыру үшін 
шетелге кетеді. 1934 жылы диссертация қорғамай-ақ оған ғылым докторы 
деген дәреже береді. Ол кезде ол «Металдардың магниттілігі» атты күрделі 
еңбектің авторы... Бүгінде Ресей Ғылым академиясының теориялық физика 
институты осы Ландаудың атымен аталады. Мемлекеттік, Лениндік және 
Нобель сыйлықтарының иегері, АҚШ, Дания, Англия, Франция, Нидерланд 
Ғылым академияларының мүшесі, заманымыздың аса белгілі ғалымы.
(Қадір Мырза Әли «Жазмыш»)

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет