Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет109/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132
 
Би аға 
 
Күй талғамайтын жазушы Бейімбет Майлинге қатысты естеліктердің 
көбі оның өте шапшаң жазатынына, еңбекқорлығына қатысты. Редакторлық 
жұмыстары керемет көп бола тұра, Бейімбет баспаханаға да күніне әлденеше 
рет барады екен. «Серуендеп жүріп, түн ортасы, таңға жақын, таң атқанда 


127 
пәтерінің қасынан өте берсең, терезесінен шамның жарығы жылтырап 
тұратын. Бейімбеттің қай уақытта ұйықтайтынын білу қиын еді», - деп таң 
қалысады замандастары. Ара-тұра демалып алғанда немесе тамақ ішкенде 
болмаса, уақытының көбін жазуға жұмсап, күні-түні отыра беруге ерінбейді 
екен. 
Майлиннің күй талғамайтын ғажайып талант иесі екенін Қажым 
Жұмалиев те өз естелігінде атап өтеді. Қызылорда астана болып тұрғанында 
автор бірде вокзалға келсе, қалың қара нөпір халық ортасында бір адам у-
шуға да құлақ түрместен алдына чемоданын қойып, оның үстіне жайған 
қағаздан бас көтерместен жазып жатады. Сөйтсе сол көргені Бейімбет екен. 
«Менің Бейімбетті алғаш көруім» осылай болып еді деп еске алады автор.
https://zhardem.kz/news/ 
 
Қазақтың Тоқтары 
 
«Ұшақтың штурвалына отырдым, енді мен кереметпін» деп ойлаған 
адам қатты қателеседі. Адам өмір бойы өз білімін жетілдіруі тиіс. Оның 
үстіне, қазіргі заманауи ұшақтардың тілі қиын, техника күн сайын күрделеніп 
барады. Солардың тілін табу үшін күн сайын оқу керек.
Сынақшы-ұшқыштың басты қасиеті – барлық жерде жауапкершілікті 
сезіну, өзіне және қызметіне адал болу. Ол сынақшы-ұшқыштың сынаққа 
тыңғылықты дайындалмаған жағдайында өзі отырған ұшақты жасаған 
инженер, механик, құрастырушы сияқты мамандардың еңбегі зая кетеді. Зор 
ықыласы бар болса, кез келген адам сынақшы-ұшқыш бола алады. Бұл 
қызметке келген адам өте сезімтал болуы тиіс. Уақыт өте келе, машинаны 
құдды өзіңнің денең сияқты сезіне бастайсың. Қиын сәттерде ұшақтан секіріп 
кеткің келетіні рас. Бірақ, артыңда сені ұшырған қаншама адамның еңбегі тұр 
ғой! Авиация – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ең қымбат 
саласы. Мұнда әрбір маманды дайындауға қыруар қаржы жұмсалады. Мұнда 
әрбір ұшқыштың өмірі қымбат. 
Бірінші рет маған ғарышқа ұшу туралы ұсыныс 1979 жылы айтылған. 
Ол кезде cынақшы-ұшқыш болып істеп жүргеніме небәрі үш жыл толған еді. 
Бастаған істі орта жолдан тастап кету – менің табиғатыма жат нәрсе. 
Сондықтан, бас тарттым. Тез жұлдыз болуға да ұмтылмадым. Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаев маған қазақ халқынан бір адам ғарышқа ұшуы 
керектігін айтқанда, яки, үшінші рет ұсыныс айтылғанда келісімімді бердім. 
Маған өзімнің 18 жасым қайта оралса, дәл осы саланы, осы өмірді 
таңдар едім.
(Тоқтар Әубәкіров, қазақтың тұңғыш ғарышкері) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет