Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   132
Оқылым. Айтылым
 
3-тапсырма. 
Оқыңыз.
Неке дегеніміз не? 
 
Неке – отбасын құрудың негізі. Заңда белгіленген тәртіппен 
тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен 
әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. 
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және 
олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, 
қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. 
Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы 
адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы 
расталады. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш-қуат 
кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің 
заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ (азаматтық хал актілерін 
тіркеу) органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан 
аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың 
некеге тұруына ата- аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. 
Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке 
толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. 
Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін.
Некеге тұратын адамдар медициналық, сондай-ақ генетикалық және 
репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша кеңес алып
тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын 
адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын 
адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және 
ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен 
ғана хабарлануы мүмкін.
(https://el.kz/news/archive/content-4524/) 
4-тапсырма. 
Сұрақтар бойынша пікірлесіңіз. 
1) Некеге тұрудың қандай шарттары бар? 
2) Неке жасына жетудің маңызы неде? 
3) 
Некеге 
тұратын 
адамдарға медициналық
генетикалық 
және 
репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша кеңес не үшін қажет 
деп ойлайсыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет