Тамыратеросклерозы дамуының негізгі факторлары арасында, соның ішінде коронарлы артериялардың зақымдану себептері арасында бірінші орында холестерин деңгейінің көтерілуі тұр. Холестерин деңгейінің жоғары болуы майлы тағамдарды көп жеу мен тұқым қуалайтын бауырда холестериннің синтезделуінің жоғары болуы себебімен байланысты. Жүректің ишемиялық ауруы дамуының келесі себептері болып қант диабеті, шылым шегу, артериалды қан қысымы, аз қимылдау, семіру, стресстер табылады. Жүректің ишемиялық ауруы келесі формаларда байқалуы мүмкін: стенокардия, инфаркт миокарда, инфарктан соңғы кардиосклероз, жүрек қағысыныңбұзылуы,жүрекжетімсіздігіменкенеттенқайтысболу. Стенокардия (жүректің демікпелі ұстама ауру) — кеуде клеткасының ортасында (кеуденің ішкі жағында) немесе жүрек тұсында болатын қатты ұстама ауру. Ол коронарлық артерия арқылы жүрекке құйылатан қан мен жүрек бұлшық еттерінің қажетсінуі арасында уақытша сәйкестік болмауынан яғни коронарлық қан айналымының жеткіліксіздігінен болады. Оның басталуы да, аяқталуы да бірден байқалады, өйткені ауру ұстағанда кеуде қатты қысады; ең алдымен сол жақ қол жауырын мен көк желке ауырады, соның салдарынан науқас адамның бойында үрейленушілік пен жалпы әлсіздік пайда болады. Стенокардия ұстамасының ұзақтығы- бірнеше минутқа созылады. Адам тіршілігінде жүрек-қан тамырлардың атқаратын ролі ерекше. Бүкіл организм тек сол жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіліп, өндірілген, денеге керексіз заттар шығарылып отырады. Жүрек кенеттен ауруға шалдықса, бүкіл денеде айтарлықтай өзгеріс байқалады. Адамның бойында әлсіздік, көңілсіздік, құлықсыздық, керенаулық пайда болады. Жүрек ауруы тез қартайтады, тіпті жүрек ауруының кейбір түрі ажалға душар етеді.
тамыры жиі және әлсіз соғады; - ауыру ұстама түрінде өтеді. Ол анық басталып және анық аяқталады. Ауыру түрі жаншу, қысу, кейде күю түрінде өтеді. Көбіне төс астында орналасады. Ауырудың кеуденің сол жартысына, сол қолға саусақтарына дейін, жауырынға, иыққа, астыңғы жаққа және мойынға таралуы (берілуі) мүмкін;
ауыру әдетте 10-15 минутке ғана созылады.
Алғашқыкөмек.
Егер ұстама денеге күш түскенде болса, оны тыю қажет.
Науқасқа жартылай жүгініп отыру кейіпін береді. Иығына, басына және тізе астына бүктеп киім қояды.
Сырқат егер бұрын нитроглицерин қабылдаса, сол дәріні тіл астына салады.
Дәрі көмектессе, ұстама 2-3 минутте қайтуы тиіс. Ауыру кетпесе дәріні қайта береді. Үшінші таблетка да көмектеспесе, шұғыл түрде "жедел жәрдем” шақырады. Бұл жүрек ауруының алдын алу үшін қажет.
Инсульт - шұғыл медициналық көмекті қажет ететін ауру. Инсульт миға қан келуі тоқтаған кезде пайда болады. Миға қан келуі тоқтаған бірнеше минуттан кейін ми жасушалары тіршілігін жоя бастайды. Инсульт (лат.insultus- соққы, қыспа талу, инсульт) ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз).
Инсульттіңекітүрібар: Жиі кездесетін түрі – ишемиялық инсульт, мидың қантамырының тромбымен бітелуіне байланысты. Басқа түрі - геморрагиялықинсульт - қан тамырының жарылуымен және миға қан құйылуымен байланысты. «Мини- инсульттер» немесе транзиторлық ишемиялық шабуылдар мидың қанмен қамтамасыз етілуінің қысқа мерзімдік тоқтауында болады.