Республикасы



бет113/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

5.Үсік шалу белгілері


Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен мүшелердің закымдалуы үсік шалу деп аталады. 60 градустан жоғары температурада пайда болатын күйікгерден ерекшелігі үсік шалу әртүрлі температураларда пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуінен қоршаған орта ылғалдылығының өсуіне сөйкес арта түседі.Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзак ықпалы, жоғары ылғалдылық, тар киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы күйі -сырқаттануы, мас болуы, қанның кетуі және т.б.Тіпті 0-ден жоғары 3-7 температураның өзінде үсік шалуы мүмкін.Үсікке аяқ қолдың, қүлақтың, мұрынның үш жақтары жылдам ұшырайды.Ағза қатты суынған кезде (қан тамырлары түйіліп тығындалады) қан айналымы, айырбас процестері бұзылады (тамақтану бұзылып, артынша ауыр жағдайға алып келеді). Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кендігі төменгі температураның созымдылығы мен төменгі температура ықпалының дәрежесіне байланысты. Зақымдалған ұлпаларда болатын орны толмайтын құбылыстарлдың негізгі себептері осы төңіректе қоректенетін қан тамырларының кең таралып, катты тығындалуы (тромбоз) жетілетін тромбоз болып табылады.Мүшелерде болып жатқан өзгерістер ауырлығы мсн тереңдігі бойынша 4 дәрежеге бөлінеді:
I- дәрежеде тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады бұдан кейін кызарады. Оның үстіңгі қабаты қотырланады аяқ қол мұздайды, негізгі тамырлар соғысы едәуір әлсірейді, зақымдалған ұлпалар домбығады, жалпы жағдай қанағатандырарлық.
ІІ - дәрежеде теріде бозамық немесе қан тәріздес сұйық пайда болады. Сол жердегі негізгі тамырлар соқпайды, зардап шегуші едәуір ауртпалықты сезінеді.
Үсік шалудың осы дәрежесінде темлератураның көтерілуі есінеу, тәбттің жоғалуы мен ұйқы басу сияқты жалпы құбылыстар байқалады. Осы жері көгеріп тұрады, сезімталдық әлсірейді, тырнақтын түсуі, сүйектің сырқырауы, тамырдың соғысы байқалады.
ІІІ - дәрежеде негізгі тамырлар соқпайды, зақымдану тереңдігі біртіндеп анықталады. Алғашқы күндері терінің домбығуы байқалады, көпіршік пайда болады терінің жабылмаған бөлігінде ісіну жолағы пайда болады.
Тереңдегі ұлпалардың зақымдануы қалың ірің түрінде 3-5 күнде байқалады. Ұлпалар мүлдем ештеңе сезбей аурулар азапты сырқаттан азап шегеді. Үсік шалудың осы дәрежесінде қатты көрінеді әуелі дене қатты қалтырайды іле - шала қоршаған ортаға селқостықпен қарау ахуалы жайлайды.
ІV- дәреже өте ауыр. Ұлпалардың барлық қабаттарының оның ішінде сүйектің жансыздануымен сипатталады.
Дененің зақымдалған бөлігін жылыту мүмкін емес, ол суынған және мүлдем сезімсіз күйінде қалады, терінің бетін қара сұйықты көпіршік жабады, нақты ажырату жолағы 10-17 күннен кейін пайда болады.Зақымдалған аймақ тез
қарайып құрғай бастайды. Аяқ-қолдың ажырау процесі ұзақ (1,5-2 ай), жараның жазылуы өте баяу. Бұл кезеңде ағзаның жалпы күйі күрт нашарлайды, органдарда дистографиялық өзгерістер (бұзылу) байқалады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. З.Т.Қыстаубаева, А.Ш.Сарсембаева Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. ҚарМУ баспасы, 2012.

  2. Ділдібек Д.С.,Тіршілік қауіпсіздік негіздері.Алматы,2016.

  3. Маханов Б.Б. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы «Дәуір» 2011.

  4. Кенжебеков Б. . Өмір-тіршілік қауіпсіздігі. №5 шығарылым, 2011.

  5. Кенесариев Ү.И., Жақашов И.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы

«Ғылым», 2013.

  1. Қ.М.Тұрланов, С.А.Қалқабаева. «Жедел медициналық жәрдем» Алматы, 2004.

  2. Роббинс .Дерттану негіздері. Алматы,2016.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет