Республикасы


Буындардың айналасындағы күйіктер



бет112/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Буындардың айналасындағы күйіктер


Дененің буындарға жақын бөліктері күйген жағдайда (саусақтардың арасы, қолтық), бұлардың арасына жазыла бастаған кезде екі беті бір-біріне жабысып тілініп қалмауы үшін вазелин жағылған дәке қабатшаларын салып қою керек. Сол сияқты, жарақат жазылып келе жатқан кезде саусақтарды, аяқ-қолды күніге бірнеше мәрте барынша созып, көріп отырған дүрыс Ауыртса да бұл процедура кейіннен еркін қозғалып, қимылдауға кедергі жасайтын қалың тыртықтың қалмауына әсерін тигізеді. Әбден жазылғанға шейін саусақтарды көп бүкпей ұстау керек.
Сақтық шаралары:Күйікке ұшырамаудың көптеген жағдайларын алдын-ала болдырмауға болады. бұл жағдайға балаларды ұрындырмаудың айрықша шараларын жасаңыз:

  • кішкентай балалардың оттың қасына жақындауына тыйым салыңыз;

  • шам, сіріңкені бала көзінен таса аулақ жерде ұстаңыз.

  • отта тұрған кастрюль, қазанның ұстайтын құлақтарына бала қолы жетпейтіндей болсын.

  1. Химиялық күйік (қышқылмен, сілтімен күю) кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.




Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайту керек. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі салқын көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады.
Егер қышқыл немесе сілті киім арқылы теріге түссе, оны алдымен сумен киімнің сыртынан жуып, содан кейін абайлап оны кесіп, зардап шеккеннен ылғал киімді шешіп, бұдан соң теріні жуады.
Адамның терісіне күкірт қышқылы немесе қатты зат күйінде сілті тисе, оны құрғақ мақтамен немесе матаның бөлігімен алып тастау керек. Содан кейін зақымдалған жерді жақсылап сумен жуады.
Химиялық күйік алу кезінде химиялық заттарды толығымен сумен жууға болмайды. Сондықтан жуғаннан кейін зақымданған жер оған басатын таңғыш ретінде пайдаланатын тиісті залалсыздандыратын ерітіндімен тазаланады.Химиялық күйік алу кезінде одан әрі көрсетілетін көмек термиялық күйіктегідей. Тері қышқылмен күйген кезде ішетін (бір стақан суға бір шай қасық ұнтақ) ұнтақ қосылған ерітіндіге салынған таңғыш қойылады.
Қышқыл сұйық, бу немесе газ түрінде көзге немесе ауыз қуысына түскен кезде көп мөлшердегі сумен, содан кейін ішетін (бір стақан суға бір шай қасықтың жартысы) ұнтақ ерітіндісімен шаю керек.
Сілтінің әсерінен күйік алу кезінде бор қышқылының (бір стақан суға бір шай қасық қышқыл) ерітіндісі немесе сірке қышқылының (бір стақан суға бір шай қасық ас сірке суы) сұйық ерітіндісі қосылған таңғыш жасалынады.
Сілтінің тамшылары немесе булары көзге және ауыз қуысына түскен кезде зақымданған жерді көп мөлшердегі сумен, бұдан кейін бор қышқылының (бір стақан суға бір жарым шай қасық қышқыл) ерітіндісімен жуылады.
Егер көзге химиялық заттардың қатты бөлшектері түссе, олар алдымен сулы тампонмен алынады. Себебі, сумен жуу кезінде олар шырышты қабығын зақымдауы және қосымша жарақат жасауы мүмкін.
Қышқыл не сілті асқазанға түскен кезде дереу дәрігер шақыру керек. Ол келгенге дейін зардап шеккеннің аузынан түкірік пен шырышты шығару, жатқызып оның үстін жылы етіп жабу және ішіне ауруды басу үшін суық нәрсе қою қажет. Егер зардап шегуші тұншығып жатса, оған ауыздан мұрынға қолмен дем алдыру жасалынады, себебі ауыздың шырышты қабығы күйіп қалған.Құсу арқылы асқазанды сумен шаюға немесе асқазанға түскен қышқылды немесе сілтіні залалсыздандыруға рұқсат етілмейді. Егер зардап шегушінің құсқысы келсе, оған үш стақаннан артық су іше беруге болады. Осылайша асқазанға түскен қышқылды немесе сілтіні араластыра отырып, оның күйдіру әсерін азайтады. Сүт,
жұмыртқа ақуызын, өсімдік майын, ерітілген крахмалды ішкен жақсы септігін тигізеді.
Тері айтарлықтай күйген, сондай-ақ, қышқыл немесе сілті көзге түскен кезде алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегушіні дереу емдік мекемеге жеткізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет