Республикасы



бет114/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

8-дәріс: Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Туберкулез. Оба.Тырысқақ.
Жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары.


Жоспар:

  1. Аса қауіпті жұқпалы аурулар түсінігі және оның берілу жолдары

  2. Микробтартың жіктелуі

  3. Оба. Белгілері. Қорғану,емделу шаралары

  4. Тырысқақ . Қорғану,емделу шаралары

  5. Туберкулез оның қоздырғыштары және берілу жолдары. Емделу шаралары.

  1. Аса қауіпті жұқпалы аурулар түсінігі


Аса қауіпті жұқпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыш микробтың енуінен пайда болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ белгісі зақымдалған ағзадан сау ағзаға берілу қабілеті және белгілі бір шарттар болған жағдайда жаппай таралуы.Жұқпалы ауру эпидемиологияда жекелеген қоздырғыш туғызатын жұқпалы ахуал ретінде түсініледі. Тірі ағзазлардың орасан зор санының арасында микроскопиялық нысандар немесе микроорганизмдер көрнекі орын алады. Олар топырақта, суда, ауада, қоршаған заттарда кездеседі. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада олар азотпен, көміртегімен, сутегімен және табиғаттағы басқа да элементтермен щеңберлі айналымға қатысады.Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылатындар мен катар адамдарда, хайуанаттар мен жәндіктерде ауру туғызатын түрлері де кездеседі. Бұл микробтар патогендік, яғни ауру тудырғыш атауына ие болды. Ауру туғызбайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттер деп аталады.

Қоздырғыштар берілетін ең ұрымтал факторлар:


а) Асқазан- ішек жолдары арқылы таралатын жұқпалы аурулары
-су (құдық, өзен, көл, арық, суқұбыры, канализация, ағынды жаңбыр);
-тамақ өнімдері (сүт, ет, балық, сорпа қосылып ұйытылған тағам, крем жағылған торт, котлет, тартылған ет, жеміс- жидек көкөніс,);
-топырақ, лас қол, шыбын-шіркей,

  • әр түрлі тұрмыстық заттар (су ішуге, тамаққа, темекі тартуға пайдаланатын т.б.)

б) Ауа арқылы таралатын тыныс алу жолдарының жұқпалы аурулары. Сырқат адам жөтелген және түшкірген кезде жұқпалы аурулар коздырғыштары бар кілегей мен сілекей тамшысының таратады.
Қоздырғыштары берілетін ауа- тамшы тегершігі жағдайындағы таралу факторы ауа болып табылады (50- сурет).
в) Қан арқылы таралатын жұқпалы аурулары ауру қоздырғышын тасымалдап таратушыларға бунақяқтылар тобына жататын жәндәктер жатады: (кене, маса, бүрге).




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет