Байланысты: Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш
Карантиношаққа қару қоршауды, карантин аймағынан адамдар мен халық тобының алдын ала уақытша оқшаулаусыз және медициналық бақылаусыз жүріп- тұруға, одан мүлікті алдын ала зарарсыздандырусыз әкетуге, сондай-ақ зақымдану ошағы арқылы көлік пен адамның өтуіне тыйымды ұйымдастыруды қарастырады.Карантин халықты ажыратулы және қарым-қатынасты шектеуді қарастырады.
Жұқпалыаурулардансақтандыру Денсаулық сақтау қызметінің негізгі бағыты сақтандыру болатын және солай болып қала береді. Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынына - жұқпалы ауру көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған.
Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.
Жұқпалылық барысы екінші буынының-қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.
Ауру ошағында азық-түлік тағамдарының сатылуына, тамақтандыру және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық күйіне, азық-түліктің, дайын тағамның сақталуы мен тасымалдануына, суды пайдалануға, сондай-ақ дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық-гигиеналық, бақылау қамтамасыз етіледі.
Құрғақ хлор әгін препараттың 1/5 көлеміне қоса отырып аурудан бөлінетін зиянды заттарды (қақырық) зарарсыздандыру үшін қолданады.
Хлорлы әкпен дезинфекция жүргізген кезде ерітіндінің төсек-орын мен киім- кешекке түспеуін қадағалау қажет. Үй-жайға хлорлы әкпен дезинфекция жүргізгеннен кейін 1-2 сағат бойы желдетеді.
Хлорамин – құрамында 25 %ға дейін активті хлор бар, суда жақсы еритін ақ кристалды ұнтақ, хлорлы әк ерітіндісінен хлорамин ерітіндісінің ерекшелігі 10-15 тәулік бойында сақтау кезінде тұрақты және шағын мөлшерде (0,5 пайыз) матаны зақымдамайды.
0,2 %, 1 %, 3% пайыз мөлшердегі хлорамин ерітіндісін тамшылық және ішек- қарын жұқпалысын дезинфекциялау, төсек жаймасын, асханалық ыдыстарды шаю үшін қолданады.
Формальдегид – кілегейлі қабықтарды тітіркендіретін өткір иісті газ, формальдегидтің судағы 40% ерітіндісі формалин деп аталады. Оны тері және былғары бұйымдарын зарарсыздандыру үшін дезинфекция камерасында пайдаланады.
Сутегі тотығы – иіссіз және түссіз газ. 30 %-ға дейін сутегі тотығы бар концентратты-пергидролді шығарады. Пергидролді аса сақтықпен пайдаланған дұрыс. Препараттың тері мен кілегейлі қабыққа түсуі күйік туғызады. Коррозияға сезімтал аппаратурасы бар жабық немесе желдетілуі қиын ғимаратты дезинфекциялау үшін сутегі тотығының 3-6%ерітіндісін қолданады.
Сутегі тотығының 3% ерітіндісін даярлау үшін 8,6 л суға 1,4 кг пергидролді қосады.
Лизол - калийлік сабынды (жасыл) крезолдардың 47-50 пайызы ерітіндісі. Бұл фенолдық иісі бар қызыл-қоңыркай көбіктенгіш сұйық, суда жақсы ериді. Лизолді 3-5 пайыз ерітінді түрінде оба, тамшылық және ішек-қарын жұқпалысы кезінде терді, кіші дәретті, қақырықты зарарсыздандыру, төсек жаймасын шаю үшін қолданады.
Сода – көмір натрийлі тұз, ақ кристалды ұнтақ тамақ үстелдері мен ыдыс- аяқты зарарсыздандыру үшін 0,5-1 % ыстық ерітінді ретінде қолданылады. Қайнатылған 0,5-2 % ерітіндісін аспаптарды қыздырып, тазарту үшін пайдаланады.
Дезинсекция жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын (бит, бүрге, шыбын- шіркей және т.б.) адамдардың мазасын алатын (қандала, әртүрлі масалар) немесе мүлік пен азық-түлікті бүлдіретін (көйлек күйесі, қамба зиянкестері) жәндіктерді жоюды білдіреді.
Дезинсекциялық шаралар сақтандыружәне жоюшараларыболып бөлінеді.
Сақтандыру шараларына тұрғын үй мен қосалқы шаруашылықты тазалықта ұстау, есік пен терезені жарықтандыру, ұсақ суатпен арықты тазалау, тор мен жабысқақ қағазды (шыбын-шіркей үшін) пайдалану жатады.
Жою шаралары физикалықжәне химиялыққұралдармен өткізіледі.
Дезинсекцияның физикалық құралдарынан от, ыстық су, су буы және ыстық ауа қолданылады.
Дезинсекцияның химиялық әдістері инсектицидтер деп аталатын улар, оның ішінде гексахлоран, карбофос, метилоцетофос, хлорофос, пиретрум және т.б. қолдануға негізделген.
Дератизация ретінде аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шаралары аталады.