Республикасы


Туберкулез оның қоздырғыштары және берілу жолдары. Емделу шаралары



бет119/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

1.Туберкулез оның қоздырғыштары және берілу жолдары. Емделу шаралары.




Туберкулез - созылмалы жұқпалы ауру. Ол әртүрлі мүшелерде жайылуы мүмкін. Оларда ұсақ бұдырмақтар, латынша туберкулдер пайда болады, аурудың туберкулез атауы осыдан шыққан.Туберкулез адамның ең көне ауруларына жатады.
Туберкулездің қоздырғыштары.
Туберкулездің жұқпалылығы туралы дәрігерлер сонау көне ғасырларда-ақ білген, олар туберкулезге шалдыққан ауру төңірегіндегі ауада қандай да бір жұқпалы микробтардың бар екендігін болжады. Алайда осы аурудың жұқпалылық табиғаты туралы тек XIX ғасырдың ортасында ғана нақтырақ айта бастады. 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох жұқа сәл иілген таяқша түріндегі микробтың туберкулезге шалдықтыратынын дәлелдеді. Артынша туберкулез қоздырғышы туберкулез таяқшасы немесе Кох бацилласы (қысқаша "БК") деп атала басталады..
Жұғу көздері. Адам туберкулезі - қоздырғышының негізгі көздері ауру адам болып табылады. Сырқаттың туберкулездің ашық түріне ұшырау мерзімі айлар мен жылдарға созылуы мүмкін. Микробактерияларды адамдардың сырткы ортаға шығару уақытымен анықталады. БК бөлінісінің болмашы жиілігі тыныс мүшелері туберкулезінің әр түрлерінде орын алады.Инкубация мерзімі 3-8 апта.
Клиникалық көріністері. Туберкулездің ашық түрінің ғана жүқпалылық қауіпі бар. Туберкулезбен ауырған кезде әртүрлі сипаттағы белгілер пайда болады: жалпы әлсіздік, уайымға салыну, тәбеттің нашарлауы, арықтау, түнде тердің шығуы, дене температурасының жиі көтерілуі. Бұл белгілер болмашы сипатта болуы және жұмыс қабілетіне айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда тұмау, өкпенің қабынуы байқалады. Туберкулез кезінде сырқаттардың температураның көтерілуін жиі сезбейтіндігіне назар аударған жөн. Тер көбінесе таң алдында, мойын мен дененің жоғары бөлігі төңірегінен шығады.Аурудың тізбеленген белгілерімен қатар өкпе туберкулезінің жиірек және салыстырмалы ертерек белгілері жөтел мен кеуденің шаншуы болып табылады. Жөтелмен бірге, тіпті бір рет, қан ұйылмасы шыққан кезде бірден дәрігерге көрінген дұрыс.
Туберкулез ашық және жабық түрге бөлінеді. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшасы байқалады. Егер ауру сақтық гигиеналық шараларын сақтамаса, ол бұны қасындағыларына жұқтыруы мүмкін.
Туберкулездің жабық түрі кезінде қақырықта туберкулез таяқшасы байқалмайды.
Өкпе туберкулезі.Өкпе туберкулезінің белгілері ауру түріне сыркаттың жасына байланысты. Қоздырғышпен алғашқы байланыстан кейін әдетте сәбилік шақта пайда болатын бастапқы туберкулез кезінде алғашқы күндері, тіпті апталарда аурудың ешқандай да белгілері байқалмайды, өйткені баланың ішкі мүшелеріндегі өзгерістер мардымсыз, сондықтан оларды тіпті мұкият рентгендік тексеріспен де анықтау қиынға түседі.Алайда, егер тері ішіндегі туберкулездік Манту сынамасы оң болса (әдетте жұққаннан соң 2 айдан кейін) балада да аурудың жалпы белгілері байқала бастайды (қуару, шаршау, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы, жыламсырау, дене температурасының көтерілуі, түнде қалың тер шығуы), яғни туберкулезге ұшырағанын айтуға болады.
Асқыну кезінде жаңа ошақтар пайда болады. Кейде ұсақ ошақтар өкпенің бүкіл ұлпаларына таралып, ол өкпенің тұқым қуған туберкулезі деп аталады.
Емдеу. Туберкулезбен ауырғандарды ұзақ стационарлық емдеу практикасы өзін ақтаған жоқ.
Тәжірибе көрсеткендей, туберкулездің әрбір жаңа жағдайы тек бацилла бөлінетін кезеңде ғана стационарлық бақылауды қажет етеді.
ДДС ұсыныстарына сәйкес қысқа мерзімді химиотерапия бақылауындағы қалыпты режимді кеңінен енгізген ұтымды, ол әлемнің көптеген елдерінде сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Химиотерапияны пайдаланған кезде туберкулезбен ауырғандардың 4 санатын ескеру қажет.

  1. БК шығарып, өкпе туберкулезінің ауруы алғаш рет анықталғандар, өкпеден тысқары туберкулездің ауыр түрімен ауырғандар (туберкулез менингиті).

  2. Қайта ауырғандармен БК шығару толастамаған, химио-препараттарымен тиімсіз емделген аурулар.

  3. БК шығармайтын, өкпелері шамалы зақымданған аурулар, олар өкпеден тыс туберкулезбен ауырады, 1 санатқа жатпайтындар.

  4. Дәрі-дәрмекке төзімді БК шығаруды жалғастыратын, туберкулездің созылмалы түріне шалдыққан аурулар.

Химиотерапия ДДС ұсынысы бойынша 2 кезеңде өткізіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет