Республикасы


Оба. Белгілері. Қорғану,емделу шаралары



бет117/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Оба. Белгілері. Қорғану,емделу шаралары




Оба (қара өлім)-инфекциялық ауру. Оның микробтары формасы жағынан жұмыр, екі шеті сүйірлеу келген, кәдімгі жұмыртқаға ұқсас болады. Оба микробтарының көбеюіне ең қолайлы температура-28С. Суда, тағамдарда, төменгі температурада оба таяқшалары 2-4 айға дейін сақталады, ал кеміргіштердің тері қабатында 7 ай, тіпті одан да ұзақ уақыт сақталады.
Кеміргіштердің терісінде, оларды көлеңкеде кептірген кезде микробтар 2 - 23 сөткеге дейін, обадан өлген адам денесінде бөлмелік температурада 2-7 сөтке, ал одан төмен температурада 4-5 ай, дене мұзарт температурасы көлемінде болса, 1 жылға дейін сақталады.
Жоғары температураларға микроб шыдамайды; 70 С ыстықта 3-10 минут; 100 С ыстықта бірнеше секунд қана өмір сүре алады. Карбол, спирт, сулема (хлорлы сынап немесе соның ертіндісі) сияқты заттар бұл микробты бірнеше минутта өлтіреді. Обамен ауыруға бейім және оны адамға жұқтыратын жануарлар мен хайуанаттардың 250 түрі бар. Олардың қатарында кеміргіштер отряды да жатады. Үй хайуанаттарының ішінде обамен тез ауыратындары мысықтар мен түйелер. Оба микробын тасымалдаушыларға сарышұнақ пен суыр, құм тышқаны, егеуқұйрықтар жатады.
Обамен ауру 3-6 күнге дейін, кейде 8-10 күнге созылатын инкубациялық (жасырын) мерзімінен кейін басталады.
Алғашқы кезеңі күтпеген жерден басталады, дене қалтырап, қызуы 39С немесе одан да жоғарлайды. Бас ауырып, дене ауырлайды, бұлшық еттер ауырады, бұлшық еттер ауырады, құсады, тілі ағарып, бозданады. Терісімен көздері қызарып аласұрып, сандырақтайды (мас адамға ұқсайды).
Жүрек қан тамырлары жүйесі: жүрегі жиі соғады, АҚ төмендеген, дыбысы өте қатаң.
Терідегі белгілері. Оба қоздырғышы денеге кірген жердегі бездері ісіп, қатайып, қатты ауырады. Ұлпасы талаурап, лимфа жүйелік бубон (бубондық оба) деп аталады. Аурулардың 5-10℅-да бұған пневмония қосылады. Қайталанған обалық пневмония қызуының өзгеруінен байқалады. Кеуде тұсы ауырып, жөтел пайда болады. Жөтелгенде түскен қақырықтың іріңі немесе қан аралас (оба таяқшаларының көбейгендігі), терісінің көгеруі үдей түседі. Мезгілінде емдемесе науқас адам өледі.Науқаспен бірге болған адамдар ауруға шалдығады, өйткені ауада жөтелгенде жайылған обаның таяқшалары бар ұсақ бөлшектер болады. Демек, оба ауа арқылы жұғады. Ауру жұққан адамдарда алғашқы өкпелік оба дами бастайды және ол өте қатерлі түрде өтеді, - дененің ыстығы көтеріледі, кеудесі ауырып жөтеледі, қақырығы қан аралас, есінен айырылады.Бұрын өкпе обасымен ауырған адам 2-4 күн ішінде өлетін. Кейбір антибиотикалық ем қолданғаннан кейін науқастың жағдайы өзгереді.Жұқпалы обаға тән көрініс (геморрагиялық көрінісі), теріге, ішек бүрлеріне қан құйылумен, қан құсумен, қан кетумен қатарласады. Уақытында емдемесе науқас өледі.
Емдеу. Халықтың арасында антибиотикалық емдеу жұмысын жүргізу. Кең түрде қолданатын антибиотиктер (левомецитин, неомицетин тобы). Патогенетикалық емдеу (глюкоза+витаминдер).
Алдын-ала шара қолдану.

  1. Оба ауруы жұққан адам тұратын қала мен облысқа карантин орнату;

  2. Ауру адаммен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығына жедел түрде профилактикалық антибиотиктер қолдану;

  3. Тиісті шаралар жүргізу үшін обаға қарсы тірі вакцина қолданады.

Обадан қорғайтын костюмді кию және шешу тәртібі.
Қорғаныс (обадан қорғайтын) костюм аса қауіпті жұқпалылар қоздырғыштарынан қорғауға арналған. Қорғаныс костюмі комбинизоннан, ұйықтан (шұлықтан), кебістен, медицина қалпақшасынан, обадан корғайтын халаттан, капюшоннан, резина қолғаптан, резина (керзі) етігінен немесе галоштан, мақта дәкі маскасынан, жаздық үлгідегі көз әйнегінен, орамалдан тұрады. Костюм қажет жағдайда резиналы (полиэтиленді фартукпен және осындай жең қаппен толықтырылуы мүмкін
Обадан қорғайтын костюмды бөлімге немесе ошақ аумағына кірердің алдында киеді.Костюмді қатаң белгіленген реттілікпен асықпай кию қажет!
Костюмді кию тәртібі мынадай: комбинезон, ұйық, етік, капюшон, орамал және обадан қорғайтын халат, халаттың жағасындағы таспа бауды, сондай - ақ халаттың белбеуін сол жақта алдынан міндетті түрде ілмектеп байлайды. Бұдан кейін таспа бауды қолғапқа байлайды, масканы ауыз бен мұрын ашық қалатындай етіп киеді, бұл үшін масканың жоғары бөлігі көз шарасының төменгі бөлігі деңгейіне орналасуға, ал төменгі бөлігі иектің астына кіруге тиіс. Масканың жоғарыдағы таспа бауын желкедегі ілгекке, ал төмендегісін төбедегі ілгекке байлайды (сақпан тәріздес таңғыш үлгісі бойынша). Масканы кигеннен кейін мұрын танауларының бүйірлеріне мақта тампонын қояды және ауаның маскадан тысқары сүзгіленбеуі үшін барлық шаралар қабылданады. Көз әйнек ыңғайлы кию және ауаның, бар-жоғы мен беріктігі тексерілуге тиіс, шынысы буланбау үшін арнайы қарындашпен немесе құрғақ сабын тілімімен сүртіледі. Ауаның
ықтимал шығатын орындарына мақта тампондары қойылады. Бұдан кейін бүтіндігін тексерген соң қолғап киіледі. Халаттың оң жағындағы белбеу сыртына орамал салады.
Обадан қорғайтын костюмді мына ретпен шешеді:

  1. Орамалды шешеді.

  2. Етікті лизолмен шайылған тампонмен сүртеді (жоғарыдан төмен).

  3. Көзәйнек (алға, жоғары, артқа).

  4. Маска (сыртын ішіне қарай айналдыра отыра).

  5. Халат (сыртын ішіне қарай айналдыра отыра).

  6. Капюшон (байлам).

  7. Қолғап.

  8. Етік.

  9. Комбинезон. 10.Ұйық.

Қорғаныс костюмімен жұмыс аяқталғаннан кейін жақсылап жуыну ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет