Республикасы


Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай



бет74/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   121

Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай


Геологиялық сипаттағы құбылыстың әсерінен болған сұрапыл апаттарға, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, опырмалар, қар көшкіні, сел және т.б. жатады .
Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер бетінің қозғалысы.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді.
Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді.Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Жер сілкінісі геологиялық құбылыс. Олар кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошақтары жер қыртысында пайда болады.
Гипоцентр – бұл ошақтағы нүкте, алғашқы сейсмикалық (көлемді) толқынның көзі. Қазақстан аумағындағы жер қыртысы ошағының ең үлкен тереңдігі 50 шақырымнан аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет