Республикасы


Табиғи сипаттағы төтенше жағдай



бет73/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қаупін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр жыл сайын 100000 адам өлім құшады. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі - оның кейінгі салдары. Табиғи катастрофадан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.

тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы, плотинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылауы жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаны да ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық аурулардың таралу ошағына айналады.

  • Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады.

  • Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізін апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу жағдайын біле отырып оның қандай мөлшерде, қалай болатынын болжауға да болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыру, шығынды барынша азайтуға мүмкіндік жасайды.

  • Табиғи қауіп қатерден қорғау белсенді және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи нысандардағы құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау, пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану жатады. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде белсенді және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.

1-кесте
Табиғи төтенше жағдайлар (1-кесте)



Табиғи төтенше
жағдайлардың түрлері

Сұрапыл апаттар

Геологиялық

Жер сілкінісі, опырмалар, сел

Метеорологиялық

Боран, бұрқасын, смог, дауыл

Гидрогиологиялық

Су тасқыны, цунами, тайфун

Табиғи өрттер

Ормандық және далалық

Биологиялық

Эпидемия, эпизоотия, эпифитотия.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет