Эпицентр– бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.
Жер сілкінісі мен жер асты дүмпулерін тіркейтін аппаратты сейсмограф деп атайды. Сейсмографтардың бұрынғы түрлері қағаз таспасы бар қондырғылар болатын. Қазіргі кезде ондай аппаратармен бірге электронды сейсмографтар да қолданылады.
Тектометр – Ресейде (Сахалиндік өнертапқыштың туындысы. Жапонияда патенттелген.) жасалған құрал.Құрылғыны ойлап тапқан өнертапқыш – Евгений Васин есімді адам. Тектометрдің көлемі өтеықшам әрі салмағы да жеңіл(1 кг). Бар болғаны бір қобдишаға сыйып кетеді. Кішкентай болғанына қарамастан маңыздылығы өте зор. Тектометр болайын деп жатқан жер сілкінісінің қаупін 40 сағат алдын ескерте алады.
Жерсілкінісікезіндегіқорғанысшаралары.Жер сілкінген сәтте сіздің ой- әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі
ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз. Ықтимал залал мен материалдық шығынды жер сілкінісі кезінде төмендету жөніндегі қорғаныс шаралары кешеніне мыналар кіреді:
Болжау мәселесі – жер асты дүмпуінің орнын, жиілігі мен уақытын алдын- ала болжау. Ауаның әлсіз бозғылттануы, аспалы шамдардың шырақтарының өзінен-өзі жануы. Жансыз сезіну, бас айналу, әлсіздік және басқалар.
Хабарлау, ақпарат және басқару жүйесін құру, оларды жұмыс жағдайында күтіп отыру.
Сейсмикалық аудандастыру.Оның мақсаты – жер сілкінісіне ұшыраған аумақты сейсмикалық қауіпті деңгейі әр түрлі аудандарға бөлу. Сейсмикалық аудандастыру картасы, жобалаушылар, құрылысшылар үшін іс-әрекетке жетекшілік етуге қызмет етеді.
Ғимаратты және үй-жайды сейсмикалық төзімділік үшін зерттеу, оларды нығайту, қауіпті объектілерді тоқтату және бөлшектеу.
Жаңа ғимараттар мен үй-жайлардың сейсмикалық төзімді құрылысы. Балалар мекемелеріне, ауруханаларға, мектептерге басты назар аударылуға тиіс.
Қондырғыларды, қысымы жоғары, сұйық газы бар балондарды, улы заттар салынған ыдысты сенімді бекіту. Айрықша және қымбат тұратын қондырғыны сейсмикалық төзімді ғимаратқа көшіру, негізгі қондырғыларға сенімді бекіту, арнайы қапшықтарға салу жолымен қорғау.
Құтқару, инженерлік және басқа арнайы құрамаларды тұрақты әзірлікте ұстау, олармен жаттығу өткізу, оларды киіммен, техникамен, прибормен және аппаратурамен қамтамасыз ету.
Бірінші кезектегі қажет заттарды (орамал, төсек-орын, киім, азық-түлік, су) құтқару және басқа да тиісті жұмыстарды жүргізу үшін материалдық- техникалық құралдардың (дәрі-дәрмек, жолқапшығы, арнайы жол жабдығы және т.б) қорын жасау, оларды аса сенімді және қауіпсіз жерде сақтау.
А)Улы, жанатын және жарылатын заттардың қорын кәсіпорындар мен елді мекендер азайту бойынша шаралар жүргізу, оларды қауіпсіз аймаққа орналасытру.
Б)Әрбір мекемеде, ұйымда, кәсіпорындарда жер сілкінісі жағдайында шүұғыл шаралар жоспарын әзірлеу.
В)Барлық жұмысшы, қызметші, оқушы және халықпен сабақтар мен сейсмо жаттығуларды тұрақты өткізу.
Жер сілкінісінің магнитудалық М – шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы
Баллд
ар
Жер сілкінісі зардабы
0
Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен
ғана анқтауға болады.
1
Әлсіз. Адамдарға еш білінбейді.
2
Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана
байқауға болады.
2,5-3,
0
Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп
қойылған теңселіп тұрады.
3,5
Есіктер мен терезелер ашылып-жабылып тұрады.
4-4,5
Орташа. Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасын су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар
пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарда кішігірім сызат (трещина) пайда болуы мүмкін.
5
Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатурасы жарылады. Ұйықтап жатқан адамдар
оянады.
6
Кейбір жерлерге әжептәуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында
тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды.
6,5
Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай
бастайды.
7,0
Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең (паника) болады. Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп
тұрады.
7,5
Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін. Тастан қаланған ғимараттардың
қабырғаларында жарық пайда болады, кейде ғимараттар қирайды.
8
Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады. Опырылу, кішігірім тау көшкіндері,
жолдарда жарық болуы мүмкін.
8,5
Энергиясы бір атом бомбасының энергиясы 1 000 000 есе
көп болады.
9
Ғимараттар толығымен құлап заттар ауады ұшып жүреді. Жаппай үрей, адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай
құлайды.
10
Ғимараттар жаппай қирап-бүлінеді. Көпір, бөгеттер едәуір
зақымдалады. Жер бетінде 1метрге дейін жарық пайда болады. Өзен жағалауларында үлкен шөгінділер пайда болады.
11
Апатты. Көпірлер, темір жолдар, кірпіш үйлер қирайды. Тас жолдар жарамсыз болып қалады. Ағаштар сынады. Жануарлар
мазасызданады.
12
Жер бедерінің өзгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы
барлық құрылыстар іс жүзінде өзгереді. Үлкен аймақтарда