Республикасы


Биологиялық тәсілмен зақымдалған жерлерде жасайтын әрекеттер



бет90/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   121

Биологиялық тәсілмен зақымдалған жерлерде жасайтын әрекеттер.


Биологиялық қарумен зақымданған жерге тап болған кезде медицина қызметкерлері мен әкімшіліктің барлық нұсқауларын орындауға тырысыңыз. Егер қажет болса пәтерді дизенфекзиялаңыз. Жұрт ортақ пайдаланатын орталарды, орындарды, жихаздарды, ,ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді, төсек- орындарды, т.б заттарды (хлормен, фенол ерітіндісімен).



    1. Шылым шекпеңіз.

    2. Айнала төңірегіңіздегі заттарға жуымаңыз.

    3. Ешқандай жағдайда да профилактикалық егу шараларынан және аурудың алдын алатын дәрі-дәрмектерді қабылдаудан қашпаңыз.

    4. Жұқпалы ауру тарататын жәндіктерді (бүрге, кене,шыбын) кемірушілерді (тышқан, егеуқұйрық, атжалман) жоюға тырысыңыз.

Елді мекендерде және халық шаруашылығының нысандарында ерекше қауіпті жұқпалы аурулар ошағы пайда бола қалған жағдайда карантин жариялайды.
Карантин арқылы тиым салу немесе бақылауды күшейту кезінде қажетті ережелердің барлығы да қатаң сақталуы тиіс. Яғни карантин орнатқан жерден тысқары шығуға тиым салынады. Үйден шыққан бойда газқағар киіңіз, респиратор, маска,т.б.
-балалардың үйден шықпауын қадағалаңыз;
-ас ішер алдында қолды сабындап жуыңыз;
-қайнамаған су мен сүт ішпеңіз;
-азық - түлікті аузы мықтап жабылған ыдыста сақтаңыз ( бір қайнатудан немесе бір қуырудан өткізіп жейді);
-нанды да оттың алауына немесе духовкада қыздырып алып жеген жөн.

Дезинфекция, дезактивация, дегазация туралы түсінік.




Дезинфекция- француз тілінде des-теріс жалғауы және латын тілінде Infec- инфекция) – бұл адамды қоршаған ортадағы патогенді бактерияны, вирусты, риккетсилерді сонымен қатар, қарапайымдыларды, саңырауқұлақтарды және олардың токсиндерін жою. Дезинфекцияның мақсаты: зақымдалған объектілердегі (аурулардың бөліністері, бөліністерге арналған ыдыстар және тағамдар, киімдері, бөлме, тұрмыс заттары және т.б.). Дезинфекция кешеніне алдын-алу, жойғыштық өңдеу және қорытындылау дезинфекциялары жатады:
-алдын-алу дезинфекциясы жұқпалы ауру көздері болмай тұрған кезде жасалады;
-жойғыш дезинфекциялық өңдеу кез келген заттың үстінен жүргізіледі, шикізаттың, азық-түліктің және басқа да мрокроорганизмдермен зақымдалған, сол сияқты эпидкөрсеткіштері бар болса;
-қорытынды дезинфекция микроорганизмдерді жою, өңдеу жүргізілген жердегі улағыш және аллергиялық өнімдердің жарамдылығын байқау мақсатында жүргізіледі.
Дезинфекцияның тиімділігіне әр түрлі факторлар әсер етеді, олардың әрқайсысы залалсыздандыру процесінің тиімділігін төмендетеді.
Дезинфекциялауға механикалық, физикалық, химиялық және аралас
әдістер қолданылады.
Дератизация - алдын-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет