Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мәселелері және келешегі Республикалъщ зылыми-тэжірибвлік конфвренция материалдары I а стана


Бүгінгі  конференция  көтеріп  отырған  мәселелердің  бірі



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата06.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#8417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бүгінгі 
конференция 
көтеріп  отырған  мәселелердің  бірі 
-  
заңнама 
тілі. 
Нормативтік  құқықтық  актіні  практикада  қолданудың  тиімділігі  көбіне 
ол жазылған тілге  байланысты болады.  Құжат құқыққолданушыға ғана емес, 
кез  келген  азаматқа түсінікті  болуға тиіс  екендігі  заң  шығару техникасының 
бұлжымас  ережелерінің  бірі  болып  табылады.  Ендеше  мэтінде  құқық  нор- 
масы  ретінде  жазылған  нэрсенің ғана емес,  оньщ қалай жасалғанының, яғни 
қандай тшдік құралдармен бейнеленіп,  бекітілгенінің де орасан зор мәні бар. 
Заңның, әлбетте, тілмен бейнелетіні, тіл арқылы азаматгардың еркі мен сана- 
сына ықпал ететіні  мәлім. Алайда, тілдің заңның мазмұнына тікелей әсер ет- 
пейтіні де,  эйтсе де тілдің байлығы, жетіктігі  мен жатықтығы заңның айқын, 
ұғынықты болып шығуына әсер етпей қоймайтыны да түсінікті.
1
18

Егер  әдеби  тілді  басқа  лексикаға  қарағанда,  әбден  сараланып,  бір  ізге
түсірілгел тіл,  сол  қоғамдағы  лингвистика мәдениетінің  шоқтығы,  үлгісі десек, 
заңнама тші (ондай тілдің бар екенін тіл мамандары да, заңгерлер де мойындай- 
ды) -  сол әдеби тідцің барынша жүйеленген, екшелген  ерекше түрі.  Сондықган 
да заңнамалық стиль -  ресми қүжат стилінің негізі. Демек, биік лауазым иесінен 
бастап, қатардағы құжат ресімдеуші қызметкерге дейін заңнама тілінің қыры мен 
сьфына қанық болуға, оған қойылатын талаптарды қатаң сақгауға міндетгі.
Осыған  байланысты  заңнама  тілінің  көркем  әдебиет  тілінен  өзгешелігі 
жайында  бірер  сөз.  Көркем  әдебиет туындысын  әр  оқушы  өзінше түйсінеді, 
шығарма алдымен оның сезіміне, жан дүниесіне, эстетикалық талғамына эсер 
етеді.  Көркем  эдебиет  тілінде  бейнелеу,  әсірелеу,  көрнекілеу  құралдары  мо- 
лынан ұшырасады.  Әдеби туындының көркемдік қуатының өзі де,  міне,  осы 
қасиетінде жатыр.
Керісінше,  бейнелеудің  көркемдік  құралдары  нормативтік  құжатгың 
табиғатымен үндеспейді.  Оның тілі қатаң, «салқын», нақты. Мінеки, заңнама 
тілінің келесі бір ерекшелігі -  экспрессиялық (сезімдік) бейтараптығы мұның 
осындай  табиғатынан  өрбиді.  Заңгер  негізінен  термин  сөздері  пайдаланады, 
әрі оларды ауытқымай тура бір мағынасында қолданады. Ол мемлекеттің аты- 
нан сөйлейді, эрі кез келген нэрсені өз атымен атап, сезімге берілмей, ұстамды,
ұгымды мақаммен сөйлейді.
Заңгер  осы  орайда өзінің тілін  жоғары  қояды.  Сайып  келгенде,  стилдік 
бейтараптығы,  жоғары  дэлдігі,  туралығы,  жүйелі  жэне  дәйекті  баяндалуы 
тұрғысынан алғанда, көптеген заң мэтіндерін шынында да ресми іс қағазының 
көзге келісті, көкейге қонымды озық үлгісі ретінде танымасқа лажың жоқ.
Ендеше осыншама биік талаптар тұрғысынан таразылайтын болсақ, қазақ 
заң тілінін қандай деңгейде тұрғанын пайымдап, көңіліңіз ортайып қалатыны 
да,  «тіліміз неге мемлекетгік тіл мэртебесіне лайық толық әлеуетімен жұмыс 
істемей тұр?» деген сауалдың жауабын тапқандай болатыныңыз да рас. Мыса- 
лы,  орыс тілінде кұжат дайындаушылар бір сөйлемде «возникновение» неме- 
се «наступление» сөздерінің қайсысын колданудың заң тұрғысынан оңтайлы 
болатынына дейін талқылап, дауласып жатады. Бұл бір жағынан заң тілі ретін- 
де  орыс  тілінің  канша  жоғары  деңгейде  тұрғанын  көрсетсе,  екінші  жағынан
біздің тіліміздің әлі балаң күйде екенін аңғартады.
Ендеше, мемлекеттік тілде құқық шығару қызметі элі түрен түспеген тың 
шаруа деуге болады.  Алайда, «көз — қорқақ, қол — батыр» демекші, дұрыстап 
қолға алса, шешілмейтін мәселе жоқ. Біздің өз тілімізде нормативтік құқықтық 
актілер  жазу  дәстүріміз  кенжелеп  қалғанымен,  орыс  тіліндегі  заңнаманы 
қазақ  тіліне  аудару  арқылы  ұлттық  заңнама  тілін  қалыптастыруда  біршама 
тэжірибе жинақталдьь Заңнамадағы сөздік технология /словесная технология/ 
мэселесінде  осы  жинақталған тәжірибе  көп көмегін тигізеді.  Заңдарымызды 
қазақ тілінде жаза бастаған кезде де бұл тәжірибенің пайдасы зор болмақ.

А.Ә. Айталы, 
Ацтөбе мемлекеттік 
педагогика институтының 
профессоры,  филос. г. д.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ 
(ШЕТЕЛ Т ӘЖІРИБЕСІНЕН)
Қазақ тілі  мемяекеттік тіл ретінде  бүгінге дейін  қоғамда түрліше көңіл- 
күй туғызды.  80-жылдардың аяғы  90-жылдардың басында  алғашқы тіл тура- 
лы заң, тәуелсіздікке қол жеткізу қазақ ұлтының көңіліне үлкен үміт үялатты. 
Ана тілінің  келеңсіз  жағдайы  енді  оңалатындай  көрінді.  Шынында да,  қазақ 
мектептері  көптеп  ашылды,  білім  мекемелерінде,  соның  ішінде  орыс  топта- 
рында қазақтілі міндетті пэнге айнала бастады. Орта кәсіптік, жоғары кәсіптік 
оқу  орындарында  қазақ  бөлімдері  ашылды,  қазақ  тілінде  ғылыми  еңбектер 
жазылып,  диссертациялар  қорғалды.  Терминология  жэне  ономастика  сала- 
ларында  жүмыстар  басталды.  Оқулықтар  мен  сөздіктер  шығарылды,  қазақ 
тілінде телерадиохабарлар  тарату  50%  кем  болмасын деген  заң кабылданды, 
іс  қағаздалры  мемлекетгік  тілге  аударыла  бастады.  Дегенмен,  қазақ  қоғамы 
тілге төніп түрған қауіпті сезбеді.  Іштей қарсы орыстілділер, нигилистер мен 
шовинистер  айла тәсілдерін, қулықтарын асырды.  Іс  қағаздарын  аудармашы- 
лар арқылы қазақшалап, шенеуніктер тілді меңгермеді, қағаз қазақша сөйлеп, 
қазақ қазақша сөйлемеді. БАҚтағы 50 де 50 пайыз заңцы талапты орындау үшін 
қазақ тіліндегі хабарлар  ең қолайсыз уақытқа ысырылды.  Конституцияның 7 
бабының 2 тармағындағы «мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органда- 
рында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми тең қолданылады» деген тармақты 
кен  мағынада  қолданып,  тең деген  сөзді  алға тартып,  гіпті  «екі  мемлекеттік 
тіл  бар»  деген  қауіпгі  ойлар  айтылуда.  2007  жылы  Конституциялық  Кеңес 
«Қазақстан Республикасында гіл  біреу -  қазақ тілі» деген түсінік береді.  Ал, 
соңғы  кезде  «мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  қазақ  тілі  элі  дайын  емес»  деген 
ойлар  айтылды.  Жалпы  еліміздегі  тілдік  идеология,  тілдік  саясат  орыс  тілі- 
не, орыстілділердің сүранысын қанағаттандыруға басымдық берді.  Солардың 
көңілін  аулап,  бабын тауып  қана елде  сыйластық пен келісім  орнайды деген 
қағида үстем  болып  келеді.  Ойлап  қарасаңыз,  «қазақгардың қазақша сөйлеуі 
заңды, түсінікті,  ал  басқа үлттарға  мемлекеттік тілді біл деп талап қою  адам 
қүқығын  бүзады»  деу  ақылға  сыймайды.  Неге  олай  деген  сүраққа  жауап  та
жоқ.  Себебі,  мэселе қазақ тілін  менсінбеуде жатыр.  Оны билік мойындағысы 
келмейді.
МемлекеттіктілдіңҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындағыжағдайы,
келешегі,  заңнамасындағы  аударма мәселелері,  заңдарға лингвистикалық са-
20

раптлма жүргізу сияқты проблемалар жеке, бөлек мәселелер емес, олар үлкен 
саяси  мәселелерге,  әсіресе  үлт  саясатына  тіреледі  және  содан  туындайды. 
Мына конференцияның тақырыбына үңілсек, қазақ тіліне аударма тіл болудан 
басқа тағдыр,  баска амал жоқ,  енді  сол  аударма жағын  ойластырайық дейтін 
сияқты. Әрине, басқа тілден аудару, басқа тілдерге аударма жасау, соның ішін- 
де  заңдарды  аудару  ондай  байланыстар,  алыс-берістер  болып  жатады.  Бірақ 
бүл  процестер  астарында мемлекетгік тілдің  мәртебесі,  орны  туралы  мәселе 
жатьф.  Бұл  жерде  француздар  бүгін  көптеген  елге үлгі  болып  отыр.  Оларды 
соңғы  жылдары  ұлтгық  астамшылығы,  басқа  ұлттар  туралы  теріс  пікірде 
болғандары үшін жиі сынайды.
Еуропаның  Парламенттік  Ассамблеясында  2004  жылы  Францияның 
Орталық  Банкісінің  бастығы,  әйгілі  Жан-Колод  Трише  сөйлеп  тұрған  кезде 
оның  отандастары,  яғни  делегация  мүшелері,  түгел  залдан  шығып  кеткен. 
Себебі,  Банк  бастығы  француз  тілінде  сөйлемей,  ағылшын  тілінде  сөйлеген 
екен.  Біреулер  француздарды  осы  үшін  сынаса,  басым  көпшілік  бұл  ұлтын, 
елін  сыйлаудың  үлгісі  деп  қызу  қолдапты.  Бірақ,  бізде  француздардың  осы 
үлгісін сөз жүзінде қолдағанмен, француздардың тәжірибесіне, әсіресе аудар- 
ма  мәселелеріне  мэн  берілмейді.  Францияның  тіл  саясаты  осыдан  16  жыл 
бұрын  қабылданған  тарихта  «Тубон  заңы»  деп  айтылған  заңнан  басталады. 
Тубон  -   сол  заңды  қабылдаған  тұстағы  Францияның  мәдениет  министрі. 
Қазақстанда  ондай  министрлер  әлі  туған  жоқ  па,  туса да  әлі  олардың  саяси 
сахнаға  шығатын  уақыты  туған  жоқ  па  екен,  әйтеуір,  ондай  қайраткерлер 
көрінбейді.
Әрине,  Қазақстан  мен  Францияны  салыстыруға  болмас  деушілер  табы- 
лар.  Сөз  жоқ,  Тубон  заңына  француздар  бес  ғасырдай  мерзімде  мемлекеттік 
тіл заңын жетілдіріп  қол жеткізуде, ал Қазақстан болса отарланған ел.
Франция  елі  XV  ғасырда орталықтанған  монархияға  айналғаннан  кейін 
Карл  VIII  король  1490  ж.  сот  протолколдарын  француз тілінде жазуды  мін- 
деттейді.  Себебі  ана тілінде  сөйлемеген  протоколдар  латынша  толтырылып, 
көптеген кателер жіберілді, ақиқаттан алшақтығы байқалды. Бірақ, мемлекет- 
тік  француз  тілі  мен  аймақтық  диалектілік  тілдер  арасында  кайшылық  өріс 
алды, тіпті қанды жанжалдар туды. Ол қақтығыстар католиктер мен гугеноттар 
арасындағы діни сипат алғанмен, шындығында әртүрлі диалектіде сөйлейтін 
этностық қауымдастақтардың қарама-қарсылығынан туды. Сондықган карди- 
нал Ришелье бастамасымен  1637 жылы Француз академиясы құралды.  «Ака- 
демия» десе, біз көз алдымызда ғылыми институттарды елестетеміз. Франция 
академиясы  бір  ғана ғылым -  филологиямен  айналысады.  Академияға  емле, 
грамматика, сөздіктер, соның ішінде аударма сөздіктер дайындау жүктеледі.
Қазақстан  Франция  елінің тэжірибесіне  сүйене  отырып,  тіліміздің тер- 
минологиясын,  терминографиясын,  эліпбиі  мен  емле-ережесін  реттеп,  біріз- 
дендіретін,  шетелдік  кірме  сөздерді,  неологизмдерді,  халықаралық  термин-
21

дерді  жүйелейтін,  бір  сөзбен  айтқанда, үлттық тіл  корпусты  қалыптастыруға 
бағытталған «Қазақ тілі ғылыми институтын» ашу қажет. Бұл пікірді ғылыми 
қауымдастық көтеріп те жүр, бірақ бүл пікірмен есептеспей келеміз.
1794  жылдың  20  маусымынан  заң  бойынша  мемлекеттік  қызметте 
француз  тілінен  басқа  тілде  сөйлегендерді  жұмыстан  босатылып,  бол- 
маса  жарты  жылға  дейін  қамауға  алынады.  Сондай-ақ  француз  тілінен 
басқа  тілде  толтырылған  қркаттар  тіркелмейді,  тіпті  басқа  тілде  жазыл- 
са  өсиетте  (завещание)  қабылданбайды,  оны  тіпті  аударуға  да  болмайды. 
Мектепте  басқа  тілде  сөйлеген  оқушылардың  мойнына  намысына  тиетін 
қарғы кигізген. 
•  ^ ? 

с
Франция  да  талай  революциялар  болып,  талай  билік  өзгерген,  бірақ тіл 
саясаты  өзгермеген.  Дегенмен,  заман  өзгерді.  Бұрын  француз  тіліне  қауіп 
төнеді  деп  ешкім  ойламаған.  Тіпті  XVII  ғасырдың  аяғынан  еуропалықтар 
үшін  ортақ  тіл  болды,  сарай  маңындағылардың  да  тіліне  айналды.  Себебі, 
Франция экономика, мәдениет және әскери жағынан қуатты мемлекет болды. 
Бірақ,  бірте-бірте  үстемдік  ағылшын  тіліне  ауысты.  Ғылыми-технологиялық 
процесс өмірге көптеген жаңа ұғымдар мен терминдер әкелді. Француз  билігі 
оларға табандылықпен  балама ұғымдар  іздеді.  Ол үшін эр министрлік жаны- 
нан XX ғасырдың 70-жылдары терминологиялық комиссиялар құрылды,  шет 
тілдерден  енген  терминдерге  балама табыльш,  мемлекет  шенеуніктерге  ұлт 
тілінде  жасалған  жаңа  терминдерді  пайдалануды  міндетгеді.  Осы  тәжірибе 
бізді  де  ойландырса  керек.  Егер  эр  министрлік  пен  агенттіктер  жанынан 
терминологиялық  комиссиялар  құрьшса,  заң  жобаларының  сапасы,  сөз  жоқ, 
көтеріледі.  Ол  үшін  министрліктер  аударма  арқылы  емес,  іс жүзінде  мемле- 
кеттік тілге көшуі  керек.
Сонымен  бірге  француз  тілі  жарнамалар,  хабарландырулар,  маңдайша 
жазулар,  келісім  шарттарға  басқалар  француз  тілінде,  ал  мемлекетаралық 
келісім  шарттар  ғана  екі  тілде  жазылады.  Сондай-ақ  тауарларға  француз 
тілінде  этикетка  жапсырылады.  1981  жылы  грампластинка  шығаратын  ком- 
пания  22 рок орындаушылардың дискілерін  шығарып,  бірақ конвертке  фран- 
цуз тілінде ештеңе жазылмағаны үшін үлкен айыппұл төлеген.  Жиырма жыл 
бұрын «гамбургер» сөзі үшін мейрамхалар Үкіметке айыппұл төлеген. Себебі, 
ол  кезде  француздар  бұл  сөзді  білмеген.  Дегенмен,  жарнама,  хабарландыру, 
басқа  да  мәтіндер  тұтынушыларға  түсінікті  болу  керек,  себебі,  олар  табыс 
әкеледі.  Сондықтан тауарлар екі тілде жарнамаланады.
Франция  үшін  басты  қауіп — бүгін  екеу.  Біріншісі — Америка — ағылшын 
тілінің  мәдени  экспансиясы,  екінші  -   діни  экспансия.  Бүгін  Франция 
христиандық  ел  емес,  мұнда  мұсылмандар  жылдан-жылға  көбеюде.  Егер 
Франция  зайырлы  мемлекет  болса,  елдегі  мұсылмандар  дін  мен  мемлекет 
бөлінбеген,  діни  үстемдік  құрған  елдерден  келгендер.  Олар  өз  дэстүрлерін, 
тілін,  мәдениетін  сақтауға  тырысады.  Франция  енді  ағылшын  тіліне  бейім-
22

делуі  керек  пе,  әлде  шет  тілдерінің  ықпалынан  сақгану  саясатын  алаңсыз 
жүргре  берукерекпе?
Мұсылмандардың  санының  өсуіне  байланысты  мемлекеттік  тіл  саяса- 
ты оларға икемделіп,  білім заң, басқа да салаларда аудармаларға сүйенеді ме, 
элде  мемлекеттік тілге  қоныс  аударушыларды  икемдеу  саясатын  бұлтаргпай 
үстанады ма?
Француз  қоғамының  басым  көпшілігі  мемлекеттік  тілді  қолдау  саяса- 
тын мақұлдап отыр.  Сондай-ақ француздар француз тілін білетін өз еліндегі 
француз  еместерді  жэне  шетелдіктерді  құрметтейді.  Біз  болсақ  мемлекет- 
тік тілді басқаларға сыйлатпай,  білуге ынталандырмай,  орысша сөйлесе бе- 
реміз.
Бүгінде  Қазақстандағы демографиялық баланс өзгерді.  Соңғы  10 жылда 
қазақгардың саны -  26,0%,  өзбектер -  23,2%, ұйғырлар -  6,8%-ға,  өскен.  Ал 
орыстар -   15,3%,  украиндар -  39,1%,  татарлар -   18,0%,  немістер -  45,5%-ға 
азайған.  Тілдерді  меңгеру  деңгейі  бойынша  ел  халқьшың  -   74,0%-ы  қазақ 
тілін түсінетіндерін,  62,0%-ы еркін жаза және оқи алатындарын айтқан.  Осы 
мәліметке сенуге бола ма?
Осы тұста көрші Ресейдің хальхқ санағын жүргізгендегі құйтырқы саяса- 
ты еске түседі. Көптеген автономиялық республикаларда  тіпті тілі шықпаған 
балаға дейін, ана тілін білмейтін, бірақ орысша сайрап тұрған балаларды  ана 
тілін меңгермеген татар, башқұрт, шуаштарды, басқаларды да « өзге этностар 
ана тілін біледі» деп тегіне қарай жаза берген. Көптеген ересектер  «ана тілімді 
білмеймін» деп мойындауға намыстанып, «білемін» депті. Бұл статистика Ре- 
сей  Федерациясының  «басқа  этностардың  тілін  дамытып  жатырмыз»  деген 
сыңайдағы тіл саясатын насихаттау үшін  керек.  Шындығында,  біздің халық 
санағы  астарында осындай көзбояушылық, жоқты  бар деп,  көрсетушілік жа- 
тьф.  Егер  елдің  74,0  %-ы  қазақ тілін  түсінсе,  басым  көпшілігі  жаза алатын 
жэне  оқи  алатын  болса,  қалған  азшылық  көпшілікке  бейімделмей  ме,  қазақ 
тіліне ыңғайланбай ма? Енді біз еліміздің төрттен бірі үшін қазақ тілін аудар- 
ма тіл ете береміз бе?
Депутаттық қызметке байланысты ТМД елдерінің тэжірибесіне сүйенейін 
деп,  олардың  заңдарын  іздегенім  бар.  Бірең-саран  қырғыз,  белорусь  сияқты 
мемлекеттер  болмаса,  басым  көпшілігі  өз  заңдарын  орыс  тіліне  аудармайды 
екен.  Себебі,  заң  жобалары  мемлекеттік  тілде  дайындалады,  Парламентте 
мемлекеттік тілде талқылынады. Ал біздің  заңнамадағы аударма мэселелерін 
мойындау, сараптама жүргізуді жаңа институт ретінде қабылдау элі де мемле- 
кеттік тілдің элсіздігінен, орыс тілінің үстемділігін сақтаудан туып отырғаны 
анық.  Біз  тіл  саясатында  әлі  де  басқа  тэуелсіздік  алған  мемлекеттер  сияқты 
шынайы өзгерістерге дайын бола алмай отырмыз. Бүгінгі азды-көпті қол жет- 
кен  табыстар  мемлекеттік  тіл  саясатынан  гөрі,  қазақ  ұлтының  ұпттық  сана- 
сезімінің өсуі, отаршылдық саясатының шектеулерінен,  кіріптарлықтан  ары-
23

лып,  азаттыққа  кол  жеткізуіне  байланысты  орын  алып  отыр.  Өкінішке  орай, 
осы патриоттық сана саясатта толық колдау таба алмауда. «Біз бүгін  толықтай 
қазақ тіліне орала аламыз ба», бұл — элі күдігі мол мэселе.  Экономикалық, са- 
яси жағынан тэуедсіздік алған мемлекеттердің тіл мэселесінде тәуелсіздік ала 
алмаған жағдайлары  бар.  Мысалы,  Ирландия.  Ал татар, башқүрт, яқут (саха) 
сияқты  Ресейдегі  түркітілдес  этностар  орыстанып  бара  жатыр,  олардың 
болашағы бұлыңғыр күйде қалып отыр.
Жалпы  мемлекеттік  тілде  сөилемеи,  аудармамен  өмір  сүріп  келе 
жатырған  Үкімет  қаншалықты  заңды?!  Біздің  билікке  сырттай  қарасаңыз, 
шетелден  немесе  Ресейден  келіп  басқарып  отырған  қазақ  диаспорасының 
өкілдері  сияқты.  Мемлекеттік тілді  меңгермеген  атқарушы,  заң шығарушы, 
сот  биліктерінің  өкілдері,  Премьер-министр,  министр,  депутат т.б.  Консти- 
туция 
т ұ р ғ ы с ы к а н  
каншалықты  өз  лауазымдарына  лайықты,  заңды,  леги- 
тимді?  Басқа  мемлекеттерде  мемлекеттің тілін  сыйламайтындарды  билікке 
жолатпайды. 
^
Осылайша, осыдан 20 жыл бұрынғы үмітіміз күдікке айналды. Ол күдікті 
де  бүгін  шыдамсыздыққа  балап,  «мәселе  күні  ертен  шешіледі»  деп,  жұбату 
айтатындар  да  кеп.  Ал  турасын  айтсақ,  бүгінгі  күнгі  қазақ  тілінің  ауыр 
жағдайын  енді  кеңестік  тіл  саясатының  салдарымен  ғана  түсіндіру  қиын. 
Себебі,  тэуелсіздік  алғанымызға  19  жыл  уақыт  өтті.  Кейде  мемлекеттік тіл- 
ді  қорғау,  қолдау  неге  керек,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақ  пен  қазақ 
қазақша сөйлессін деді ғой»  деп  айтушылар  бар.  Бұл -  қазақ халқына тиімді 
ақыл.  Дегенмен,  біз  цитатамен  емес,  заңмен  өмір  сүруіміз  керек.  Заң  тілді 
білуді міндеттейді. Оның талабы баршаға ортақ.
Сондықтан,  қазақ  тілін  * Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
тілі  ретінде  қолдану  маңызды  стратегиялық  міндет  болғанымен,  «аударма 
тактикалық,  уақытша,  грамматикалық  мәселе»  деп  өз-өзімізді  жұбатып  ке- 
леміз. 
*  -  '
Қазақ  этносы,  сонымен  қатар,  қазақстандық  қоғам  бүгінгі  күні  тілдік 
қағидат бойынша,  негізінен,  қазақгілді және  негізінен орыстілді  болып  екіге 
бөлінуде. Аударма тіл — қазақ тілі — осыдан туындап отыр.
Жағдайдың киындығын қазақтардың өз тілін жоғалтуы, орыс тіліне алма- 
суы,  олардың бір  бөлігінін ұлттық  сана-сезімі  бойынша қазақ болып сезініп, 
орыс тілін ұлтішілік, тұрмыстық қарым-қатынастарда қолдануы да көрсетеді. 
Қазақтардың ана тілін меңгермеуі басқа халықтардың казақтіліне деген ынта- 
сын одан әрі төмендететіп отыр.
Сонымен  қатар,  Қазақстан бүгінгі күні тек екі ғана емес, үш тілдің, яғни 
қазақ, орыс жэне ағылшын тілдерінің өзара әрекеттестік алаңына айналғанын 
атап өту қажет. 1с жүзінде, қазақ тілі екі элемдік тілмен бәсекелестік бәйгесіне 
түсті.  Бұл  бәсекелестік  күресте  қазақ  тілінің  аман  қалуы  қиын.  Сондықтан 
Қазақстан  қоғамы  казақ  тілінің  келешегіне  алаңдайды.  Осыған  байланысты
24

біздін елде, дүниежұзінің  көптеген  басқа да елдеріндегідей, тілдің  қорғаныс
тетікт^рін енгізу керек.
Сондай-ақ  қазақтардың  үлттық  сана-сезімінің  үдайы  өсуі  мен  қазақ
этносының  демографнялық  келешегін  де  ескеру  қажет.  Жақын  уақытга  ел 
халкының  70  пайызға  жуығын  қазақгар  құрайтын  болады.  Тәуелсіздіктің 
жиырма жылы аралығында қазақ жастарының 80 пайызы орта білімді қазақша 
алды.  Сол  секілді  қазақтың  жас үрпағының  60  пайызы  жоғары  білімді  қазақ 
тілінде  игерді.  Міне,  ендігі  өмір тізгіні  осы  буынның  қолында  болмақ.  Егер 
қазақтарға қызмет көрсететін Үкімет органдары жэне басқа да мекемелер мен 
үйымдар  оларға  ана тілінде  қызмет  жасамаса,  аудармаға  сүйене  берсе,  онда 
кейбір көріністері байқала бастаған күрделі мэселелердің ушығуы мүмкін.
Аудармаға  сүйену  -   тілді  мойындамаудың  бір  көрінісі.  Психологиялық 
жағьшан бүл мемлекеттік тілді  менсінбеуге итермелейді, «заңды мемлекеттік 
тілге аудара саламыз, орысша дайындай берейік» деген ой жетелейді.
Тілді 
таңдау 
адамдардың 
мүдделілігіне 
байланысты. 
Адамдар 
жүмысының, мансабының өсуін, тағы басқа талабын қамтамасыз ететін тідщ 
таңдайды.  Нарықгың,  соның  ішінде  тілдер  нарығының  талабы  да  осындай. 
Бірақ,  мемлекетгік тіл -  ерекше рухани  қүндыльшық.  Қазақ тілін  оның иесі, 
ежелгі қолдаушысы болып саналатын қазақтар меңгермесе, тілдің қайта түлеуі 
мүмкін  емес.  Биліктегі  қазақтар  бүгін  85  пайызды  қүрап  отыр.  Мемлекеттік 
тілде  заң жобасын  жасауға толық мүмкіндік бар.  Сол  себепті де,  аудармашы 
лауазымын  мемлекеттік  қызметке  енгізгеннен  гөрі,  барынша  қысқартқан
дүрыс.
*
25

Ш. М. Мәжитаева, 
Е.Бөкетов атындагы
Қараганды мемлекеттік
университетінің профессоры,
ф.г.д.
Ж Л . Кенжетаева, 
Рудный индустриалдық 
институтының ага оқытушысы
ЗАҢ ТЕРМИНДЕРШІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ
СӨЗДІКТЕРДЕ БЕРІЛУІ
Қазақ  әдеби  тіліндегі  функционалдық  стилдің  бір  тармағына  жататын 
ресми  іс  қағаздары  стилінде  заң тілі  маңызды  орын  алады.  Еліміз  егемендік 
алып,  тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болғалы заң тілін ұлттық эдеби тілде 
сөйлету қолға алынып келеді. 

Ғалымдардың  пікірінше,  ресми  стилдің  стилдік  тұрғыдан  тұрақты
қалыптасуы,  ресми  іс  қағаздары  стиліндегі  заң  тілінің  лексикалық  базасьш
толық  орнықтыру  үшін  жалпы  құқықтану  саласындағы  терминдерді  негіз-
деп,  бір  жүйеге  ендіру,  грамматикалық түлғаларды еркін де жатьіқ айқындау 
қажет. 
^
Заң терминдерінің мемлекеттік тілде қолданылуыньщ мэселелері өте көп. 
Ресми іс қағаздары, оның ішінде заңдар да, алғаш орысша жазылып, кейіннен 
қазақ тіліне  аударылады.  Яғни заң  актілері,  негізінен,  аударма материалдары 
болып  отыр.  Заң жобалары  мен  мәтіндерінің  аударылу  арқылы жасалуы  бұл 
мәселенің дұрыс  шешім таба алмай  жүргендігінің басты  себебі  болып табы-
лады. 

-
*
 
в
й
Ресми  құжаттардың  тіліне  қойылатын  талаптарға  заң  құжаттарының
логикалық  шындыққа  сай  жазылып,  екіұшты  пікір  тудырмайтындай  болуы
жатады.  Ресми  құжаттар  екі  тілде  (мемлекеттік  тілде  жэне  орыс  тілінде)
жасалатындықтан,  олардың  нұсқаларының  арасында  мазмұндық-мағыналық
жэне  стилдік  алшақтық  болмауы  тиіс.  Сонымен  қатар,  заң  мәтіндерінің  қай
түрінде болсын тілдің нормасына тэн тілдік құралдардың дұрыс қолданылуы
міндетті, яғни  заңгердің кәсіби біліктілігі (мемлекеттік тілді жетік меңгеруі) 
талапетіледі.
Зерттеушілердің  пікірінше,  ресми  стильде  заң  тілінің  терминдерін 
қалыптастырудың  үш  жолы  бар.  Біріншісіне  халықаралық терминдерді: 
ва- 
люта,  акт,  аффект,  баланс,  вердикт,  вотум,  геноцид,  дубликат,  кадастр

кворум,  кодекс,  нотариус,  коносамент,  конституция\
  екіншісіне  — аударма 
арқылы  енген  терминдерді: 
закон
  — 
заң,  законный
  — 
заңды,  законодательс
-
26

тво  -  нпзам,  юридимеский
  -  
заци,  государственное  право
  -  
мемлекеттік 
ңұқық;
  үшіншісіне  -   терминдік  сипаттағы  сөздер  ресми  стилде,  сонымен 
қатар  публицистикалық  стилде  қолданылып,  екінші  жағынан  мағыналық 
стилдік  реңкті  иеленетін,  бірінің  орнына  бірі  қолданылатын  терминдік  ата- 
уыш  сөздерді: 
законодательная  власть
  — 
низамшы  билік  (заң  шыгаругиы 
билік); законодателъство
 -  
низам,  заңдар;  индивидуальное наказание -  жа- 
заны даралау, жазасын дэлелдеу; претензия
 -  
тілек шагым,  талап-тілек
 т.б.
жатқызылады [1,96-97].
Заң мәтіндерінде тәмендегідей стандарт сөздер қолданылады: 
ашылмаган 
қылмыс,  талап-арыз  жолдау,  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  заңнама 
бойынша,  заң  бүзу  анықталды,  тексеріс  жүргізу,  бұрын  сотты  болгандар, 
қылмыстың  орын  алуы,  процессуалды  шешім,  заңсьіз  жүргізілген  тін- 
ту,  тәртіптік  жауапкершілікке  тартылу,  тергеуге  дейінгі  тексеру,  дене 
жарақатын  салу,  кримоногендік  жагдай,  қылымыс  туралы  арыз-өтінішті 
тіркеу,  қыпмыстылықтың  өсуі,  сотқа тартылу,  айып тагылу,  қылмыстың 
алдын алу жэне ашу, заңды бүзганы үшін жауапкершілікке тартылу,  норма- 
тивтік актілер, бас бостандыгынан айыру,
  т.б.
Жоғарыдағы  мысалдардан  көріп  отырғанымыздай,  дайын  тілдік  бірлік- 
тер  екі  түрлі  жолмен  жасалған:  біріншісі  -   қазақ  тіліндегі  дайын  пішіндер, 
екіншісі орыс тілінен енген сөздер. Олар тілде калыптанған, сондықган авто- 
маггы түрде қолданыста жиі кездеседі.
Кірме сөздердің өзімен бірге жаңа ұғымдарды ала келуі әр уақытта шарт 
емес;  кейде  олар  қабылдаушы тілде  бір тектес ұғымды  білдіретін  сөздермен 
бірге  өмір  сүреді.  Мұндай жағдайда  кірме  сөз  бен  төл  сөз  өзара  синонимдік 
қатынасқа  түседі.  Мысалы,  орыс  тіліндегі 
аргумент  -   доказателъство,  до- 
вод; моралъ -  нравственностъ; компромисс -  соглашение; натуралъный -  ес- 
тественный,  позитивный -   положителъный
  деген  синонимдік  қатарлардың 
әрқайсысының алдыңғы сыңарлары -   шет тілдік сөздер.
Орыс  тілінен  енген  кейбір  сөздердің  саны  тілімізде  Қазан  төңкерісінен 
кейін  тіл  саясатына  орай  көбейіп,  тіпті  пішінін  бұзбай 
кабылданып,
қолданылғаны  белгілі.
' Қазіргі  қазақ  әдеби  тіліндегі  заң  терминдерін  зерттеген  А.Исанованың 
анықтауынша,  заң  терминдері  тек  төл  сөздерден  ғана  емес,  оның  құрамы 
араб,  парсы,  орыс  кірме  сөздерінен  де тұрады.  Тіпті  төл  сөз  болып  санала- 
тын 
«заң»
  сөзі  қазақ тіліне  қытай тілінен  ауысса, 
виндикация,  виза,  браконъ- 
ер,  аудиенция,  атташе,  аттестация,  арбитр,  баланс,  миссия,  рекламация, 
репатриация,  регламент
  т.б.  орыс  тілінен  не  орыс  тілі  арқылы  баска  батыс 
европа тілдерінен ауысып келген терминдер. Енді бір топ заң терминдері араб, 
иран,  тілдерінен  ауысқан:  заңдық  ұғымды  білдіретін 
мизам,  жамигат,  куә, 
мүдде,мүрат,  арыз, мақсүт,  қарар, рәсім т.б.
  [2, 9].
Қазақ тіліндегі заң терминдерінің қалыптасуы мен дамуы, олардың жа-
27

салу  жолдары  сияқты  мәселелер  жүиелі  түрде  жан-жақты  зерттеуді  қажет 
етеді.
Заң  терминдерінің  сөздіктерінде  кірме  терминдердің  қолданылуына 
статистикалық  талдау  жасағанымызда,  оларда 
орыс  сөздері,  орыс  тілі 
арқылы кірген термин сөздердің үлес салмағы жылдан-жылға азая бастағаны 
байқалады.  Мәселен,  Астана  қаласында  жарық  көрген  «Қылмыстық  құқық 
терминдерінің  сөздігі.  Төрт  тілде»  (2000  ж.)  деген  сөздіктегі  терминдердін 
құрамына талдау жасағанымызда, ондағы 967 сөздің  64  (6,61%) сөзі  байырғы 
сөздермен аралас жұмсалған орыс тілінен енген кірме терминдер: 
алиби, гума- 
низм, диспозиция,  жарылыс қаупі бар объект, кассация,  кассациялъщ шагым, 
колония,  коррупция,  криминалистика,  криминология,  қылмыс  субъектісі, 
қылмыстық кодекс,  конвенция, медициналық көмек,  прокуратура, тергеу изо

ляторы
 т.б.
Талдау  көрсеткендей,  орыс  сөздері  аталған  сөздікте  аз  қолданылған. 
Орыс  тіліндегі  заң  терминдеріне  қазақ  тілінен  балама  барынша  ізделініп, 
қолданылғаны байқалады: 
айъш, қапас (камера), аярлық (афера), эділетуэзірі 
(министр юстиции),  дэйек (аргумент),  қоргаушы  (адвокат),  балама (альтер

натива), рақымшылық (амнистия),  шагъш-арыз (апелляция),  т.б.
Соңғы  жылдары  халықаралық терминдердің  кейбірі  қазакшалана баста- 
ды,  олардың  «халықаралық»  деп  аталуына  ғалымдар  күмән  келтіреді.  Про- 
фессор  Б.  Қалиевтің  пікірінше,  бұл  кірме  терминдерді  қабылдаудың  төрт 
жолы  бар:  1)  қазақ тіліндегі  баламасын  табу,  2)  аудару,  3)  жаңа сөз  жасау,  4) 
халықаралық терминдердің өзгертілген түрін алу [3, 75].
Бұл  мәселе  төңірегінде  профессор  Б.Қалиевтің  пікірімен  келіспейтін
ғалымдар да кездеседі. Дегенмен,  халықаралық  заң терминдерін қазакшалап
алу үрдісін байқауға болады.  Мысалы; 
коллегия -  алқа, министерство юсти- 
ции — эділет министрлігі,  приговор — үкім,  принцип права — құқық  қагидасы, 
юрист  -  зацгер,  зац  қызметкері,  функция -  уэзіп,  статъя
 — 
бап,  тарау,  су

дебно-медицинская  экспертиза  -   сот-медициналық  сараптама

амнистия
-  рақымшылық,  арбитраж
  -  
арабилік,  аппеляция
  -  
шагым-арыз,  конфис- 
кация  -  тэркілеу,  мораль
  -  
адамгершілік,  право  -  құқық,  гражданский  иск
-   азаматтық  талап,  гражданский  истец
  -  
азаматтық  талапкер,  судеб- 
ная  коллегия
  — 
сот  алқасы,  афера
  — 
алаяқтық,  камера  — қапас,  амнистия
— 
рақымшылық,  анонимно  —  жасырын,  арбитр
  — 
тәреші,  алътернатива
—  балама,  гипотеза  — болжал,  шантаж  —  бопса,  вердикт
  — 
ұйгарым/үкім
.
версия — жорамал,  деликт — анализ —  талдау, мораль — адамгершілік
 тәрізді
терминдерден,  халықаралық  терминдерді  қабылдаудың  20-30  жылдардағы
қағидаттары  ондаған-жүздеген  жылдар  өтсе  де,  бүгінде  өз  жалғасын  тауып, 
Қайта жаңарып отырғанын байқауға болады.
Сонымен бірге соңғы жылдары  әр түрлі сөздіктерде, баспасөз беттерінде 
шетелдік терминдерді жаппай  аудару бағыты байқалады. Мәселен: 
арбитр -

төреші/араби, бартер — баспа-бас,  брокер
 — 
делдал,  компетенция
 — 
қузырет, 
коэфициент -   еселік,  прогноз
 -  
болжам,  компенсация
 -  
өтем,  анализ -  са- 
ралау/талдау

баланс
  — 
тецдестік,  гарантия
 — 
кепілдік/ кепілдеме, устав
-   жаргы,  конвой -   айдауыл,  конституция
 -  
негізгі зац, Ата заң,  юридичес

кое лицо
 — 
заңды  тұлга/ұйым,  легализация — ресмилендіру,  тіринцип/позиция
-  ұстаным,  консенсус
 -  
бәтуә, мэміле, морсиіъ -   иман  т.б.
Дегенмен дер кезінде тосқауыл қойылмағандықтан, кейбір сәтсіз аударма
-   баламалардың,  жасанды  сөздердің  тілімізде  де,  тұрмысымызда да  орныға 
бастағанын  көреміз.  С.  Бизақовтың:  «Ала-құла  аудармадан  аяқ  алып  жүре 
алмай,  бұлыңғыр  баламалармен  былықтырмай  қалыптасып  қалған тілдік та- 
нымдарымыздан айырылмайық» деген сөзі  ойға қонымды.  Ғалым бұл тура- 
лы  айтқан пікірін келтірсек: «Модернизацияға да ара-тұра жаңарту, жаңғырту 
деп,  прогреске  бірде  өрлеу,  бірде  озық  деп  балама  іздеудеміз.  Жарғы  -   ко- 
Декс  пе,  устав  па?  Серпін — импульс  пе,  динамизм  бе?  Бас  сөзі главный  мен 
генеральныйдың қайсысына телініп алынған?» [4,  163].
Ғаламдану  үдерісінен  бері  тілімізде  кірме  сөздер,  интернационалдық 
терминдердің саны өсе бастағаны байқалады. Өйткені, кез келген ұлттарихтың 
қай кезеңінде болсын дүниежүзілік қоғамдық даму үдерісінен бөлек өмір сүре 
алмайтыны  белгілі.  Қай ұлттың тарихына үңілсек те ол  ажырау, тоғысу жол- 
дарынан,  басқа  ұлггармен  әлеуметтік-экономикалық  қарым-қатынас  жолда- 
рынан тұрады.  Ал  қарым-қатынаста  басты  құрал  болып тіл  қызмет ететінін 
білеміз.  Ұлтаралық қарым-қатынасқа келсек,  әр тілде  сөйлейтін адамдардың 
арасында дәнекер керекгігі өзінен-өзі белгілі.
Кез келген сала терминологиясының даму деңгейін анықгап, оның қазіргі 
жайына  оң  баға  беру  оңай  шаруа  емес.  Дегенмен,  бұл  сала  терминдерінің 
алдағы  даму  үрдісін  белгілеп,  терминжасамды  реттеп  отыруға  өте  қажетті 
жұмыс болып саналады. Сондықтан да  терминология мәселесіне сала маман- 
дары  мен  лингвистер  біріге  отырып,  айрықша  назар  аудару,  тиісті  шаралар 
жүргізу  қажеттігі  анық.  Әр  сала  мамандары  алдында  мемлекеттік  тілімізді 
халықаралық деңгейге көтеру проблемасы тұр.
Қазіргі  уақытта  әдеби  тіліміздің  орфографиясын  бір  ізге  салып,  терми- 
нологиясын бір жүйеге түсіріп, термин жасауда ғылыми негізді қағидаттарды 
белгілеу ғалымдардың, мамандардың алдында тұрған кезек күттірмес мәселе 
екені сөзсіз.
Қазіргі  уақыттағы  терминжасам  бойынша  мамандардың  арасында  бір- 
неше пікір орын алғаны белгілі. Бір топ ғалымдар «ана тіліміздің мүмкіндігін 
сарқа  пайдалану  керек»,  енді  бірі  «мүмкін  болғанынша  бұрынғы  термин- 
дерді,  жалпы  шетелдік  термин  емес  сөздерді  де  естілуінше,  айтылуынша 
жазу  керек»,  ал  үшінші  біреулері  «бұрыннан  тілімізде  қалыптасып  қалған 
жалпыхалықка  түсінікті  сөздерді  сол  қалпында  қалдырған  дұрыс»  деген 
пікірлер айтады.
29

Заң терминдері ресми стилдің басқа жанрларымен  салыстырғанда  ерек- 
шелігі бар екені сөзсіз.  Сөз тіркесінің кұрамындағы  сөздер бір-оірімен қалай 
болса  солай  қатарласа  бермейтіні  белгілі.  Олар  бір-бірімен  мағыналық және
синтаксистік  байланысып тұруы қажет.
Ресми  заң  тілінде  бір  компонентті  және  көп  компонентп,  яғни  бірлес-
кен  сөздер  тіркесінен  тұратын  заң терминдері  жиі  ұшырасады.  Бұл — ресми 
стильдің заңнамалық-құкықгық терминдермен толыққанына дәлел.
Термин  сөз  нақты,  қысқа,  дәл,  тұжьфымды,  бір  мағыналы  болу  керек- 
тігі  белгілі.  Бірақ бұл  шарттар үнемі  сақгала бермейтіндігін  заң терминдеріг 
нен  байқауға  болады.  Кейде  төрт,  бес  компонентті,  тіпті  көп  компоненттен 
түратын заң терминдерін кездестіруге болады.  Өйткені заң саласына қатысты 
ұғымдарды беру үшін бірнеше сөз тізбегінен тұратын тіркестер жасауға тура
келетін жағдайлар болады. 
\
Бір компонентті терминдерге: 
қылмыс,  заң,  куэ,  куэгер,  арандатушы,  са

рапиіы,  сезікті,  эділдік,  қашық,  жаза,  жала,  тергеу
 т.б.;  орыс  тілінен  енген 
терминдер: 
алиби,  адвокат,  прокурор,  габитоскопия,  дактилоскопия,  детек

тив,  диверсия,  тергеу изоляторы,  колония,  криминалист,  кінэсіздік презумп
-
циясы,  сот сарабының актісі,  цессия,
  т.б.
Екі компонентті терминдер

азаматтық  кодекс,  айыптау сөзі,  айгақ 
адам, ақтау үкімі, алдамшы эрекет, арпалыс іздері, атқару мерзімі, ақталган 
қылмыс,  аяқталмаган  қастандық,  эскери  қылмыскер,  баламалы  жаза,  эдіч 
сот,  экімшілік  құқық,  балама  қасақаналық,  болымсыз  жорамал,  бүзақылық 
пигыл,  домалақ  арыз,  жалган  айып,  жеке  дэлелдеме,  жеке  қүпия,  жеке 
шагым,  жеке қүқық,  заң жобасы,  заң  баптары,  кепіл  беруші,  қылмыс ниеті, 
бүзақылық  ниет,  дене  зақымы,  дербес  қылмыс,  жабық  сот,  заңды  мүдде, 
қылмысқа  қатысу,  жазаның  бүлтартпастыгы-  неотвратимость  наказа- 
ния,  қасқой  қылмыскер
  -  
злостный  преступник,  сенімсіздік  білдіру -   вотум 
недоверия
  т.б. 
#  ^  ^  %
Ресми  стилде  жазылған  мәтіндерде  үш  жэне  төрт,  бес  компонентті  заң 
терминдері де кездесіп отырады:
Үш  компонетті  терминдер

жогаргы  соттың  төрагасы,  заңга 
қайшы  эрекет,  заң  шыгарушы  орган,  өкімет  беделін  түсіру,  парақорлыққа 
делдал болу,  қылмыс жасалган жер,  сауда ережелерін бүзу,  сот ісін жүргізу, 
соттагы  азаматтық  талап,  сот  қарауына  жататындық  (подсудностъ), 
криминалистік  компоненттерді  топтастыру,  мемлекеттің  заң  қүзыреті, 
куэ  мен  жэбірленуші  хаттамасы,  күш  қолданып  тонау,  қажетті  қоргану 
қүқы
,  т.б.
Көп 
компонентті  терминдер:  келтірілген  зиянның  орнын  толтыруга 
міндеттеу,  жазадан  мерзімінен  бүрын  шартты  түрде  босату,  есірткі 
заттарды  дэрігердің  рүқсатынсыз  түтыну,  жерге  заңсыз  билік  жүргізу, 
жэбірленушінің қазасына экеп соққан ауыр дэрежедегі дене зақымы, мүлікті
30

сақтауга қылмысты түрде немқұрайды қарау,  қатыгездік пен күіи қолдануга 
бас  ұруды  насихаттайтын  туындыларды  зацсыз  тарату,  мәжбүрлі 
еңбекке  тыйым  салу,  азаматтық  заңдармен  реттелетін  қатынастардың 
қатысушылары,  ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылу /быть ос- 
вобожденным под подписку о невыезде
/,  т.б.
2000  және  2007  жылдардағы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
жанындағы  Мемлекеттік терминология  комиссиясының  мәжілісінде  бекітіл- 
ген  терминдер  мен  «Қылмыстық құқық терминдерінің  сөздігі.  Төрт тілде»  / 
Астана: Фолиант, 2000. Құраст. Н.О.Дулатбеков, Ш.Мажитаева,т.б./ сөздіктегі 
терминдердің  аударылуын  салыстырғанда,  мынандай  айырмашылықтарды 
байқадық:
«Қылмыстық құқық терминдерінің 
сөздігі. Төрттілде». Астана, 2000
Мемлекеттік терминологиялық 
комиссия бекіткен терминдер 2000-
2007 жж.
шантажировать  — шантаж жасау; 
бопсалау
шантажировать  -   бопсалау
подсудность -  сот қарауына 
жататындық 
!
подсудность — соттылық,
гуманизм  -гуманизм 
і
гуманизм -  ізгілік
арбитраж В арабилік
арбитражный суд -  төрелік  сот
дубликат -  көшірме, қосалқы дана
дубликат -  төлнұсқа
вымогателство -  қорқьітып 
алушылық
вымогательство -  құнерездік
принцип -  қағида
принцип -  қағидат
заведемо ложное -  эдейі жалған
заведемо ложное -  көрінеу жалған
законодательный орган — заң 
шығаратын орган
законодательные акты  — заңнамалық 
кесімдер
депутатский запрос -   депутаттық 
сұрау салу
! депутатский запрос -  депутаттық 
сауал
1 вотум -  вотум (тоқгам)
вотум доверия -  сенім білдіру
Енді  С.  Оразалинов,  М.  Айымбетовтердің  «Заң  терминдерінің  сөздігі», 
М.  Ізьмұлының «Заң терминдердің түсіндірме сөздігі» мен  2000-2007 жылда- 
ры  Мемлекеттік  терминологиялық  комиссия  бекіткен  терминдерді  салысты- 
рып көрейік:

Оразалинов С., Айым- 
бетов Заң терминдерінің 
сөздігі, -Алматы, 2004.
-656 б.
Ізімұлы 
М. 
Заңи 
терминдердің  түсін-дір- 
ме  сөздігі. 
-Алматы, 
2 0 0 5 .-3 1 2  6.___________
Мемлекеттік  термино- 
ло-гиялық 
комиссия 
бекіткен 
терминдер
2000-2007 жж.________
арбитр -  арбитр
арбитр  -   арбитр;  ар- 
битражное 
решение 
-  арбитраждық шешім
арбитражный 
суд  -  
төрелік сот
Шантаж  -   шантаж,  боп- 
са
қоқан-лоқы -  шантаж
бопсалауш ылық-вымо-
гательство
шантаж -  бопса
сыбайлас 
жемқорлық 
-  коррупция
коррупция -  коррупция
сыбайлас  жемқорлық- 
коррупция
Қамаудағы адам -  заклю- 
ченный
қамалушы  -   заключен- 
ный
қамауға  алынған  адам 
-  заключенный
куэгер -  понятой
куэгер -  свидетель
куэ -свидетель 
куэгер -  понятой
үкім-вердикт
вердикт -  вердикт
мекеме,  ұйым  -   зедомс- 
тво
идара-ведомство
Кейбір  терминдердің  қазақша  аудармаларында  олқылықтар  да 
жоқ  емес.  Мысалы:  особо  тяжкое  преступление  -   аса  ауыр  қылмыс 
(ерекше  ауыр  қылмыс  деп  аударылса,  дұрыс  болар  еді  -   М.Ш .,  Ж .К.), 
шантаж  -   бопса  (дұрысы:  болсалау),  бесхозяйственность  -   иесіздік 
(дұрысы:  күтімсіз ұсталған; Азаматтық кодексте:  безхозный -  иесіз  деп 
аударылған) т.б.
Сөздіктерде  «айғақ адам -  понятой»,  айғақшы -понятой деп беріледі,  ал 
қылмыстық істер жүргізу  кодексінің  /ҚІЖК/  86-бабында понятой -  куэгер; 
свидетель  -   куэ  деп  берілген;  эділ  сот -   правосудие;  эділ  сот,  сот  эділдігі  -  
правосудие  /ҚІЖК  11, 21-бап/.
Әр  түрлі  сөздіктерден  жинаған  тілдік  материалды  талдау  барысында  эр 
автордың заң атауларын өз бетінше аударып беретінін, бірізділіктің жоқтығын 
төмендегі мысалдардан көруге болады:
Зац  фактілері
 -  юридические  факты  /М.Қ.Жақыпов, Ә.Ә.Сапарбаев.  Іс 
қағаздарында жиі  колданылатын сөз тіркестері. Астана, 2000 /;
Зацды 
атац 
-
  юридический 
факт  /А.Қ.Құсайынов. 
Қазақша- 
орысша,орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Заңтану. Алматы, 2005/;
Заци деректер
 -  факты юридические /Ізімұлы Мақсат. Заңи терминдерінің 
түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005/.
32

Бұл мысалдардан «факт» деген сөздің  «факт, айғақ, дерек» деп үш түрлі 
аударьілғаньш байқауға болады.
Сснымен,  аударма  құжаттардағы,  екі,  үш,  төрт  тілді  сөздіктердегі  заң 
терминдерін қарастыру кезінде көптеген атаулардың қолданылуында әр түрлі 
варианттылықтың, кейбір терминдердің әлі де болсатұрақганбауын байқадық. 
Ғылым тілі қашан да дэлдікті талап ететіні белгілі,  заң терминдерінің тұрақты 
жүйесін  қалыптастыру, эрине, қазіргі кезде жедел түрде шешуді қажет ететін 
мэселе.
Біздің  ойымызша,  әр  түрлі  ғылым  саласындағы  терминдердің 
ала- 
құлалығынан  құтылу  үшін  Тіл  комитеті  білікті  мамандардың  көмегімен 
сала-сала бойынша бір орталықтан терминологиялық сөздіктер құрастырып 
жарыққа  шығаруды  қолға  алғаны  дұрыс.  Әр  жерде,  әр  түрлі  авторлардың 
сөздіктер  құрастыруына  тыйым  салу  қажет  сияқты.  Сонда  ғана  эр  ғылым 
саласы  бойынша  атаулар  нормаға түсіп,  қалыптанары  (кодификациялануы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет