Республикасында



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата18.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#118374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
20130214-03

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1.
 
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
1.1
 
«Кәсіпкерлік қызмет» ұғымының мәні және жүйесі 
Нарық - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның 
дамуының өзіндік бай тарихы бар. 
Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады. Нарық – тауар өндірісі және 
пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының 
жиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара 
байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы 
болып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, 
өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты 
тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай 
ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердің 
еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың 
жиынтығы деп айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да болсын 
өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретін 
механизм деген анықтама беріледі. 
Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси, 
П. Стейнер, Д. Первис айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатын 
қойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны қатысады: 
миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды, кандай мөлшерде сатып алуды 
шешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауап 
табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерін 
қарастырады. Нарық экономикалық дамудың маңызды, әрі тиімді жолдарын 
түсінуге және микро және макро деңгейдегі тиімділікті арттыруға арналған 
фундамент, негіз болады. Оның негізі барлық шаруашылық етуші 
субьектілерінің, адамдар мен жалпы қоғамның арасындағы тауар айырбасы 
қатынастарының жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің нарық айырбас 
саласында сатушы мен сатып алушы арасында арнайы экономикалық 
қатынастардың жүйесін құрайді деген пікірі толығымен расталған. Нарықтың 
сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастарға тигізетін 
әсері баға, сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, табыс және шығын, яғни 
«нарықтық механизм» ұғымына кіретін элементтердің барлығын қолдану 
арқылы қамтамасыздандырылады. Нарық нақты әлеуметтік-экономтикалық 
шарттармен өмір сүреді. Ол толығымен меншік институтына тәуелді болады. 
Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл кезеңдерінде - өндірісте, таратылуда, 
айырбас және тұтынуда аса маңызды рөлі бар.
Нарықтың пайда болып, қалыптасуы екі объективті жағдайға байланысты: 
біріншісі - қоғамдық еңбек бөлінісі, ал екіншісі - жеке меншік негізіне сүйенген 
тауар өндірушілердің экономикалық тұрғыдан оқшаулануы. Ал, «нарық» 
туралы әртүрлі көзқарастар бар. Мәселен, «Саяси экономия» оқулығында, 
нарық өндірістік қатынастар жүйесіне кіретін, меншік қатынасын қамтамасыз 



ететін, айырбас категориясы ретінде сипатталады. Ал, «Экономикалық теория 
негіздері» [3] курсында нарық - сатып алу және сату жиынтығы ретінде 
қарастырады. «Экономиксте» [4] нарық - бұл жеке тауарлар мен қызмет 
көрсету түрлерін байланыстыратын, сатып алушылар мен сатушылардың 
институты немесе механизмі.
Сонымен әртүрлі көзқарастарды еске ала отырып, қазіргі кезеңде былайша 
тұжырым жасауға болады: нарық - бұл тұтыну мен айырбас, бөлу және өндіріс 
үрдісінде пайда болатын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар 
жүйесі. Олай болса, нарық субъектілері өндіріс пен тұтыну сферасын 
жалғастырып, ұдайы өндіріс үрдісінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз 
етеді. Бұған қоса нарық ақпараттық қызмет атқарады: тауарлар бағасы мен 
қызмет ақыларының, несие және банк салымдарының үздіксіз өзгеріп отыруы 
арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар 
мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық 
қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады. 
Сонымен бірге нарық мынадай қызметтерді де атқарады: бәсеке күресінің 
жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады 
және керісінше олардың даму болашағына тиімді жағдай жасайды және 
еңбектің, тауардың қоғам үшін маңыздылығы осы нарықта анықталады, 
өндірістік шығындарды азайтуға ынталандырады. 
Осы аталған қызметтер тұрғысынан алсақ, нарықты әртүрлі тауар 
өндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстар 
мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға әбден болады.
Экономика адаммен бірге пайда болып бірге дамып келеді. Ол адами 
тұлғаның, ұжымның және қоғамның қалыптасуы мен дамуына тікелей әсер 
ететін фактор.
Экономика – өмір сүру қажеттіліктерін алу үшін адамның табиғатқа 
белсенді және саналы түрде әсер етуінің нәтижесі. Бұл тұрғыда экономиканы, 
өмірге қажетті игіліктер алу үшін адам мен табиғаттың өзара әрекет етуі 
түрінде қарастыруға болады. Адамдар өздерінің экономикалық әрекеттері 
процесінде табиғи және жасанды ортамен байланысқа түсіп, пайдаланады. 
Адам өндіріс процесінде өзін қоршаған ортаға әсер етеді. 
Адамның экономикалық қажеттіліктерін, атап айтқанда, тауарлар мен 
қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру – экономика қызметінің табиғи 
мақсаты болып татылады. Адамзат дамуының бастапқы кезеңінде адамдар өз 
қажеттіліктерін табиғаттың дайын өнімдері есебінен қанағаттандырды. 
қажеттіліктердің көпшілігі тауарлар мен қызметтер түрінде өндірілген 
игіліктердің есебінен, яғни, еңбек, табиғи, ғылыми және басқа да экономикалық 
ресурстар негізінде шығарылған өнімдердің есебінен қанағаттандыра бастады. 
Сонымен қатар қажеттіліктер де өсе бастады. Материалдық қажеттіліктермен 
қатар, экономикалық ресурстарды пайдалану арқылы қанағаттандырылатын 
рухани қажеттіліктер де өсіп отырады. Әрбір нақты тарихи кезеңде, қоғамның 
негізін құрайтын адамдар мен ұйымдар көптеген экономикалық қажеттіліктерді 



иеленеді. Олардың бірі адам өмірінің биологиялық жағдайларына, екіншісі 
қалыптасқан дағдылар мен салттарға байланысты пайда болады. 
Қажеттілік, мұқтаждық және жетіспеушілік тұлғаның, ағзаның, әлеуметтік 
топтың, жалпы қоғамның өмір сүруін қолдауға қажетті белсенділік 
қоздырғышы болып табылады. 
Экономикалық қажеттіліктер материалдық және рухани игіліктерді 
пайдалану арқылы қанағаттандырылады. Бұл жерде қоғамның экономикалық 
қызметінің табиғи мақсаты жүзеге асырылады. Адамдар өз еңбектерінің 
нәтижелерін пайдалану үшін шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастырып, 
оның қызметін қолдап отырады. Ұтымды пайдалану экономиканың жалпы 
тиімділігін де арттырады. Мысалы, материал сыйымдылығын кеміту қоғам 
қажеттілігін аз шығындармен қанағаттандыруға көмектеседі, әрі өндіріске 
жүктелетін тапсырмаларды жеңілдетеді. 
Қажеттіліктерді қанағаттандыру өндірістің әрі қарай дамуына ықпал етеді. 
Пайдаланылған өнімнің орнына жаңа өнім шығару қажеттілігі туады. 
Қанағаттандырылмаған қажеттілік жаңа сұраныстар туғызады. 
Саналы, мақсатты, пайдалы еңбекпен айналысатын адамдар белгілі бір 
жұмысты атқара отырып, өздеріне де, қоғамға да қажетті экономикалық 
өнімдрді қалыптастырады. Олар өмір сүруге қажетті материалдық және рухани 
құндылықтарды жасайды, экономикадағы өндірістің басты түйіні болып 
табылатын кәсіпорындарда барлық өндірістік процестер жүргізіледі әрі 
қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Адамдардың шаруашылық қызметі нақты ойын ережелері шеңберінде 
жүзеге асырылады, негізгісі – меншік қатынастары. Жеке меншік еркін 
бәсекелестікке жағдай жасайды және мүдделі, шығармашылық әрі одан да 
нәтижелі 
еңбекке 
жетелейді. 
Шаруашылық 
қызметтің 
шарттарына 
шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін белгілейтін, еңбек қызметі 
талаптарын реттейтін әртүрлі мемлекеттік ұйымдар елеулі әсер етеді. 
Нарықтық 
экономика 
деп 
нарықтық 
қатынастарға 
негізделген 
шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен 
шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар - бұл экономикалық 
қатынастар.
Экономикалық қатынас өзінің «қатынас» мағынасына сай қандай да бір 
заттың немесе адамдардың өзара қос әрекетін сипаттайды. Сондықтан 
экономикалық қатынас деп адамдардың қандай да бір затқа байланысты 
қатынасын айтамыз. Дәлірек айтқанда, экономикалық қатынас дегеніміз – 
экономика субъектілерінің қандай да бір зат жөніндегі қатынасы. 
Әрбір экономикалық агент үнемі және бірмезгілде бірнеше экономикалық 
қатынасқа түсіп отырады. Көп жағдайда адамдар экономикалық қатынасқа 
пайда табу мақсатында қатысады [2].
Біздің пікірімізше, экономикалық қатынас
 
дегеніміз – ұдайы өндіріс 
процесіндегі еңбек өнімін өндіру, иемдену, айырбастау және тұтыну жөніндегі 
адамдар арасындағы объективті қалыптасқан қатынас. 


10 
Экономикалық байланыстар өнімдерінің өндірушілерден тұтынушыларға 
қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар 
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады. 
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл 
бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-
бірінен 
оңашаландырады. 
Екіншіден, 
олардың 
арасында 
тұрақты 
функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің 
шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады
сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық 
негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік 
негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, 
жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының 
экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске 
айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, 
өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. 
Тауар-ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар 
формасын алады. 
Осы қатынастардың мазмұна неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа 
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып 
алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық 
әдебиетте жиі қолданылатын нарыққы анықтаманы француз экономисті 
А.Курно мен экономист А.Маршал береді. «Нарық заттар сатылатын және 
сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен 
сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген 
жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада 
теңеледі». Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі 
нарықтың басты критериі деп көрсетілген. 
Нарық жағдайындағы экономикалық байланыс пен қатынастарда тауарды 
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар, байланыстар 
анықталса, екіншіден, ол байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті 
объективті түрде алдын-ала анықтайды, үшіншіден, бұл байланыстарда өзара 
бәсекелес болады, өйткені онсыз нарық болуы мүмкін емес. Соның нәтижесінде 
экономикалық жағынан әлсіз шаруашылықтар бірліктерінен тазартады, ал 
тиімділігі жоғары, келешегі бар шаруашылық субъектілеріне жол ашылады. 
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және 
қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық 
қатынастардың жиынтығы. 
Нарық – тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын 
экономикалық қатынастар жиынтығы. 
Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып 
алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады [5]. 
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ 
мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе-ол 
нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың 


11 
субъектісі-өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып 
алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар–ақша, нарықтық байланыстар
сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс 
саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы 
керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын 
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын 
көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады. 
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның 
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы 
біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың 
дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу 
нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық 
қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. 
Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық 
механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 
жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-
жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі 
қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты 
өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да 
нарықтық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін 
жақсарту бағытында қызмет істей бастайды. 
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне 
орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы 
ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін 
арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті 
үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу 
ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен 
тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. 
Ағылшын экономисті А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек 
жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп 
саналады. Оның еңбегі «Халық байлығы» 1776 ж. жарық көрген. А.Смиттің 
досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін 
оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, 
аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде. 
А. Смиттің ойынша, ұлтың басты байлығы, өзге экономистердің 
түсінігінше, - алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз – 
еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым 
адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. 
Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде 
іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. 
А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель силығының 
лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі 
бойынша, нарық деген ұғым – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік 
тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде 


12 
бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты 
жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам 
мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді. 
А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі 
және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық 
мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі. 
Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық 
экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян.
Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін 
тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі 
олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-
қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана 
өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі 
тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды. 
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б 
тән нәрсе – олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл 
феномен шамасы «ресурстар Заңы» деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен 
молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе 
ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты 
көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз 
еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және 
бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің 
зерттеген «көрінбейтін» қол деген теориясына назар аударайық. Бұл теория 
бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі 
біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол 
саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда 
келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек қана өз мүддесін ойлайды және оның 
басты мақсаты – өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол 
оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол 
жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекет 
жасайды. 
Алайда, қандайда бір өнімді тұтыну үшін, адамдар оны алдын-ала 
меншіктеп немесе иеленіп алуы керек. Меншіктеусіз өндіріс те жоқ. Кез-келген 
өндіріс, К.Маркстың ойынша - бұл индивидуумның (жеке адамның) табиғи 
заттарды белгілі бір қоғамдық түрдің шеңберінде иеленуі. Бұл мағынада жеке 
меншік өндірістің шарты болып табылады. Сонымен өндіріс құралдарын 
иелену, адамдар арасындағы ерекше қоғамдық қатынастарды тудырады. 
Адамдардың мұндай қарым-қатынастары, олардың өндіріс құралдары мен 
еңбек нәтижелерінің өзінің немесе басқалардың қатынасына сәйкес келуі - 
меншіктік қатынас деп аталады. Көрсетілген қатынастар адамдардың 
қатысуымен өнімдерді тұтас өндіру мен оларды игілігіне жаратудағы қажетті 
шарт болып табылады. Меншіктік қатынас әрдайым заттармен, басқаша 
айтқанда амалдар мен еңбек құралдары, сондай-ақ еңбек нәтижесі - өнімімен 
байланысты. Яғни, меншіктік қатынас дегеніміз - зат арқылы адамның басқа 


13 
адамға қатынасы. Меншіктік қатынастар адамдардың бір-біріне, өндіріс 
үрдісіне объективті, материалды, экономикалық қатынастарын сипаттай келе, 
олардың өндіріс құралдары мен еңбек нәтижелеріне өзінің немесе бөтен 
біреудің қатынасын көрсетеді. Ф.Энгельс былай деген: «Саяси экономия - 
заттармен ғана емес, адамдар арасындағы қатынастармен айналысады, 
дегенмен бұл қатынастар әрдайым заттармен байланысты болады, ал белгілі бір 
шарттарда заттанған түрде де көрініс табады».
Меншіктік қатынастар өндірістік қатынастардың мәнін құрап, оларды 
өзіндік түрлерге бөледі. Егер бүкіл қоғам толығымен құралдарға, заттар мен 
еңбек нәтижелеріне өзінікі деп қараса, онда бұл қоғамдық меншіктің түрі 
болады. Егерде берілген қоғамдық өндірістің шарттарына (яғни заттар мен 
еңбек құралдарына) өзінікі деп, тек қоғамның бір бөлігі, жеке топтар немесе 
тіпті жеке тұлғалар қаралса, ал қалған бөлігі шын мәнінде өндіріс шарттарын 
иемденуден алынып тасталса, онда бұл жеке меншік болады. Жеке меншік 
индивидуальдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады.
Қазақстан экономикасында меншіктің көп түрі орын алады және олар 
экономикалық жүйелерді ұйымдастырудың үлгілері болып табылады. Оны 
мына кестеден көруге болады (Сурет 1). 
Сурет 1. Экономикалық жүйелерді ұйымдастырудың үлгілері 
Осыған байланысты экономикалық қатынастар негізінде өндіріс 
үрдісіндегі - өндіріс, бөлу, тұтыну, айырбастау қатынастарының ұштасу 
нәтижесінде қалыптасты. Шын мәнісінде экономикалық қатынастардың өзара 
даму себебі және құрылымы олардың арасындағы қарама-қайшылығымен 
жүзеге асады. Іс жүзінде бұл экономикалық қатынастардың дамуын зерттеу 
Республика-
лық меншік 
Жергілікті 
(муници-
палдық) меншік 
Аралас меншік 
Индивидуалды -
жеке меншік 
Республика 
меншігін–
дегі мемлекеттік (қазы 
налық) кәсіпорындар 
Мүліктерді жеке сатып 
алатын 
мемлекеттік 
арендалық кәсіпорындар 
Индивидуалдық - жеке 
кәсіпорындар 
Акционерлік 
қоғамдар 
Жауапкерші 
лігі шектел -
ген қоғамдар 
Еркін 
бірлестіктер 
Холдингтік 
бірлестіктер 
(қаржы 

өнеркәсіптік 
топтар) 


14 
бүкіл әлемдік тарихи үрдіс ретінде белгіленеді. Сонымен қатар, экономикалық 
қатынастардың мәні мынандай теорияларды зерттеумен байланыстырылады. 
Экономикалық қатынастар қоғамдық қатынастармен қоса өндірістік 
үрдістің өзінде құрылмайды, егерде ең қажетті жағдайда ғана барлық өндіріс 
қатынастарының жүйесінің бір жақ қыры болып табылғандықтан. Келешекте 
өндіріс үрдісіндегі ең қажетті қатынастарды объективті түрде адамдардың 
өндіріс шарттарымен бірігу тәсілін білдіреді. Өндірістік үрдісте адамдардың 
қарым-қатынасын (өндірістік қажеттілікпен) адамдар арасындағы іскерлікпен 
алмасу және басқа экономикалық қатынастар анықтайды.
Егерде қоғамда өндіріс қаражаттарының арқасында қоғамдық меншік 
орнаса, онда мұнда адамды адаммен жабдықтау жойылады, шаруашылық 
жоспарлы түрде дамиды, қоғамдық өндіріс адамдардың өскен сұраныстарын, 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға мәжбүр болады, еңбек қызметкерлерімен 
алмасу жолдастық қарым-қатынас және біріне-біріне көмек түрінде болады. 
Егер шешуші өндірістік қажеттіліктер түгелдей қоғамның қолында 
жинақталып, адамдар арасындағы жолдастық, өзара түсінушілік түрде іскерлік 
алмасу ағып жатса, онда құрылған материалдық жабдық осы қоғамға жатады. 
Бұл жағдайда олар барлық қоғамның қызығушылығына орнығып, мақсаты 
толық қажеттіліктермен қанағаттанып еңбекшінің (қызметкердің) жан-жақты 
дамуына әсер етеді. Егер өндіріс қажеттіліктер жеке адамдарға немесе топтарға 
берілуі керек болса, ал іскерлік алмасу адамды адаммен жабдықтау түрде болса, 
онда өндірістің нәтижесі осы адамдарға немесе топтарға беріледі, яғни оларды 
байыту мақсатында. Мұндай қоғамда күрт баю немесе күрт төмендеуі мүмкін, 
олардың өмірлік іскерліктерін қамтамасыз ету үшін, ең қажетті шарттарын 
көтермелеу үшін, қызметкерлер үнемі еңбек үстінде болуы шарт. Бұл қоғамда 
жеке тұлғалы еңбекшінің орны төмен. Іскерлік алмасудан өндіріске қатысты 
азық-түлікпен алмасуын айыру керек. Меншікті қатыстың байланыстылығы 
өндіріс қажеттілігіне алмасу жоспарлы немесе стихиялы сипатта болуы мүмкін.
Нарықтық механизмді қалыптасқан базистік қатынастарға – меншік 
қатынастарына араласусыз жүргізу экономикалық тұрғыдан аңғырт болып 
көрінеді. Нарық – бұл көп түрлі, өз экономикалық құқықтарын іске асырудағы 
тең меншік иелерінің өзара әрекеттесуі. Нарық дамыған қатынастар мен меншік 
формаларының әртүрлі болуынсыз мүмкін емес, себебі: 
-
біріншіден, нарықта ең алдымен капитал, өндіріс құралдары, мүлік, 
жұмыс күші, ақпараттық өнім меншігінің иелері арасындағы қатынастар 
дамиды; 
-
екіншіден, меншік қатынастары әр бір меншік иесі іс-әрекетінің жоғары 
экономикалық 
тиімділігін 
қамтамасыз 
ететін 
шаруашылық 
жүргізу 
нәтижелерінде шын мәнінде ынталы болу принципінде жатыр; 
-
үшіншіден, экономиканың дамуына өсіңкілік беретін экономикалық 
механизм қажет. Өзара бәсекелесетін меншік иелері мен меншік формаларының 
көп түрлілігі бар жерде туындайтын бәсеке осындай механизм болып 
табылады. 


15 
Меншіктің түрі мінез алмасу іскерлігімен және бұл алмасу сапалы түрде 
іске келтіріле ме, жоспарлы немесе стихиялы бола ма соны анықтайды. Осымен 
қоса ол азық-түліктің тікелей орнықтылуы да тауар алмасудың алғашқы не 
кейінгі түрінің көмегімен ажыратылады. 
Қоғамдық дамудың белгілі бір сатысында азық-түліктің алмасуы алып 
сатарлық жолмен жүзеге асады. Бірақ тауар алмасу мәңгі құбылыс. Марксизм-
лениннизм классиктері байқағандай, белгілі бір қоғамдық даму сатысында ол 
жойылады деген болатын. 
Сонымен қоғамдағы қатынастардың негізгі түрлерінің бірі болып тұтыну 
аймағындағы қатынас болып табылады. К.Маркс дәлелдеген өндіріс және 
тұтыну екеуі бір-біріне қарама-қарсы үрдіс болғанымен, бірін-бірі жоққа 
шығармайды, сонымен қатар өзара бір-біріне сіңісіп, бір-бірінсіз өмір сүре 
алмайды [5]. Әрине тұтыну биологиялық немесе технологиялық үрдіс сияқты 
әлеуметтік экономикамен қарастырылмайды. Бұл басқа ғылымдардың есебі. 
Бірақ тізбектілі тұтынудың өндірілуі экономикалық зерттеулердің қоршауына 
ене береді. Сонымен өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну өзара тығыз 
орнастырылған өндірістің бір тұтас үрдісін білдіреді. 
Адамдардың өндірістік үрдіске қатынасын қалған барлық экономикалық 
байланыстар және қоғамдағы қатынастар анықтайды. Қоғамдық өндірістің 
нәтижесінде қоғамдық өнім құрылады. Ол өзінің қозғалу барасындағы бір-
біріне байланысты бірқатар кезеңдерден өтеді: 
а) Өндірістік қатынастар әртүрлі жағынан өзінше біртұтастықты білдіреді, 
оның барлық бөлшегі бір жақты әсер етеді. Сонымен меншіктік қатынастар 
немесе жұмыс күшінің өндіріс қажеттілігімен бірігу тәсілі, айырбастау іскерлігі 
қатынасымен әсер етуін сезеді, кейінгілері қатаюына жол береді немесе 
берілген меншіктік қарым-қатынастың әлсіреуіне соқтырады. Мысалы: құл 
иеленушілік қоғамында өндірістік қатынастардың мақсаты ретінде тұтыну 
болатын. Ал, натуралды шаруашылықтарда тұтыну өндірістің мақсаты болып 
табылады. Бірақ та нарық шаруашылығының жүйесінде өндірістің мақсаты 
ретінде пайда табу болып табылады. Бұл нарық экономикасының жетістігі. 
Белгілі австрия экономисі Ф.Хайек «Пайдаға ұмтылу неғұрлым ресурстарды 
тиімді қолдануға мүмкіндік береді»- деген болатын [6]. 
Өндіріс қатынасы және бөлу өзара бір-біріне әсер етеді. Мысалы: бөлу 
айлық жалақы түрінде сыйлық және басқа төлемақы сияқты өндірістік еңбектің 
өнімі ретінде өндірілуін жоғарылатады. 
б) Бөлу қатынасы өндірістік қатынасқа әсер етіп қоймай, соған сіңіп кетеді. 
Бөлу жоғарыда көрсетілгендей, экономиканың тиянақты аясы болып табылады.
Келешекте зерттеу өндірісі, бөлу сол уақытта өзін-өзі өндірудің элементін 
құрайды. Ол үздіксіз меншікті өндірістің қажеттілігіне адамдар арасындағы 
әрекеттің тәсіліне айырбастайды. «Бөлуден бұрын азық-түлікті бөлу» қажет 
және ол бар деген К.Маркс [7]: 
Біріншіден, өндірістің бөлінуі; екіншіден ол әрі қарай сол қатынастың 
қоғамдық мүшелеріне әртүрлі өндірісте әсер етеді... Азық-түлікті бөлу, оны 
үйлестірудің нәтижесі ретінде ғана көрсетеді, яғни өндірістік қатынастың 


16 
мұндай жағы меншік қатынасына кіреді. Міне, саяси экономиканы меңгеру 
кезінде сол және басқа процесс құбылыстың бірінші орында болуы, сол меншік 
барлық экономикалық қатынастарды жалпы байланыстырады және қоғамдық 
қатардың сипатын анықтайды. 
Айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен нарықтық қатыныстар 
қалыптасты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезендерге 
бөлуге болады: 
1) нарық элементтерінің пайда болуы; 
2) натуралды айырбас кезеңінің нарығы
3) тауар баламасы кезеңінің нарығы; 
4) тауар емес балама кезеңінің нарығы; 
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады олар 
өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-
саттық көріністерде кездейсоқ болады. 
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2 
көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. 
Оның нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. 
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша 
Т1-Т2, балама-Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол 
ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып 
шығып қалып отырады. 
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы:Т1-тауар емес балама-
Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иеленушілері-
несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. 
Сонымен қатар нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - 
өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік, белгілі бір дәрежеде дамыған 
қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. 
ХХ ғасырда елдер арасындағы экономикалық қатынастар әрқилы болып 
дамыды, олар тек сауда ғана емес, өндірісте капитал айналымында, ғылыми 
зерттеулердің нәтижелерін айырбастауда да кездеседі. 
Бұл өндіріс үрдісін үнемі қозғалысқа келтіретін факторлар болады. Оларға 
өндірістің үш классикалық факторлары (жер, еңбек, капитал) және төртінші 
фактор (ұйымдастырушы), яғни кәсіпкерлік қабілет жатады. Бірінші болып, осы 
өндіріс факторларының төртінші факторын ұйымдастырушы деп атаған Андре 
Маршалл болған. Осыған орай кәсіпкерлік институтының мәні қарастырылып 
оның қызметтері зерттеліп, кеңейе түскен. 
Қорыта келгенде, нарықты экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие 
және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең секторлы қоғамдық 
қарым-қатынастарды қамтиды. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет тіршілігіміздің 
экономикалық жағдайларына да қатысты үлкен роль атқарады.
Сонымен бұл бөлімде жүргізілген талдауға былайша қорытынды жасауға 
болады: 

нарықтық қатынастар жүйесінің қалыптасуы қаралып, оның жеке 
элементтері талдауға алынды; 


17 

тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстар 
анықталды; 

бұл байланыстардың өзіндік ерекшеліктері: қайтарымдылықты, тепе-
теңдікті объективті түрде алдын-ала анықтайтыны көрсетілді; 

мұндағы байланыстардың басымдылықта болу себебі зерттеу 
нәтижесінде дәлелденді, демек, байланыстарда өзара бәсекелестік болуы 
нәтижесінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің серпінді жұмыс негізі 
қаланады; 

нарықты экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол 
әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең секторлы қоғамдық қарым-
қатынастарды қамтиды; 

бұған қоса қарастырылған қатынастар - бұл меншіктің, өндіру, бөлу, 
айырбастау және тұтыну араларын ұйымдастырып жүргізу үрдісіндегі 
ұйымдастырушы әлеуметтік-экономикалық байланыс. Олай болса, бұл 
қатынастар жүйесіндегі кәсіпкерлік қызмет жалпы қоғамның жедел дамуына 
елеулі әсер етеді.
Сондықтан да кәсіпкерліктің қалыптасуын, даму эволюциясын талдау, бұл 
мәселе түсінігін кеңейте түседі. Осы мәселе келесі бөлімде қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет