32
әлеуметтік
педагог баланың және оның отбасының әлеуметтік
қолдау
саласындағы қажеттілігін анықтайды, баланың мектепке бейімделуіне көмек
көрсету бағыттарын анықтайды. Әлеуметтік педагог мектеп мамандарының
тобы үшін "сыртқы" ресурстар туралы барлық ақпаратты жинайды, инклюзия
жөніндегі үйлестірушімен бірге психологиялық
-
педагогикалық қолдау
саласындағы серіктес ұйымдармен, сондай
-
ақ халықты әлеуметтік қорғау
қызметімен, қоғамдық ұйымдармен, қосымша білім беру ұйымдарымен өзара
іс
-
әрекет
жасайды. Әлеуметтік педагог қызметінің маңызды саласы мектеп
қоғамдастығына,
басқа ата
-
аналар ортасына бейімделуде АСА бар баланың
ата
-
аналарына көмек көрсету. Мұндай маман "ата
-
аналар клубын" құруға,
мектеп сайтында инклюзияға арналған бет жасауға, қажетті ақпаратты
іздеуге көмектеседі
[1, 23].
Аутистік бұзылулары бар баланы әлеуметтік
және білімдік бейімдеуге
бағытталған мектепті психологиялық
-
педагогикалық сүйемелдеу қызметінің
барлық мамандарының қызметі барынша келісілген болуы тиіс. Мамандар
қызметінің
бағыттары баланы психологиялық
-
педагогикалық сүйемелдеудің
жеке бағдарламасында
ұсынылуы
және міндетті түрде оның ата
-
аналарымен
келісілуі, мектептің педагогикалық кеңесімен бекітілуі тиіс.
Жоғарыда көрсетілген мамандар қызметінің
бағыттары мен мазмұны
АСА бар балалардың әлеуметтік
-
эмоционалдық және білімдік бейімделуіне
бағытталған және әр бала үшін ұзақ уақыт бойы көпфункциялығымен және
қажеттілігімен
сипатталады.